2010–2019
Мейірбандар мейірімге бөленеді
Сәуір 2012


Мейірбандар мейірімге бөленеді

Біздің жүрегіміз Құдайға деген сүйіспеншілімізге толы болса, «біз бір-бірімізге мейірімді болып, аяушылық білдіреміз.»

Қымбатты бауырлар мен әпкелер, жақын арада, мен қатты алаңдап уайымдаған анадан хат алдым. Ол осы конференцияның тақырыбын нақты өзінің екі баласына арнап, айтуымды өтінді. Олардың ара-қатынастары үзіліп, бір-бірімен хабарласуды қойды. Ал олардың анасы қатты күйзеліске ұшырады. Жазған хатында, ол маған осы тақырып барлығына ортақ басты конференцияда айтылса, оның балаларын татуластырып, барлығы жақсы болады деп, сендірді.

Ол шынайы мейірімді әпкенің өтініші соңғы айларда, өсіп келе жатқан қиындық жалғыз ананың ғана күйзелісі емес, ол Шіркеуді, көпшілікті алаңдататын әлем шындығы, осыны бүгін мен бір ауыз сөз айтуға тиісті көпшіліктің бірден бір тілегі болатын.

Ортақ конференцияда айтылған сөздер оның балаларының қарым-қатынасын жақсартатынына сенім білдіріп, өз ұлдарын жақсы көретін ана, маған әсер етті. Мен сенімдімін, оның сенімі оның сөз шешендігінде емес, ол «Құдайдың күшімен айтылған сөзде», басқа нәрселерге қарағанда, адамдардың ақыл-ойына әсерлеу болып келеді. 1 Қымбатты әпкей, сіздің балаларыңыздың жүрегін Рух түртіп, сезімге шақырсын деп, мінажат етем.

Қарым-қатынас үзілген кезде

Қиын, бұзылған қарым-қатынас адамзаттың өзі секілді ескі. Көне замандағы Қабыл бірінші болып, жүрегін ашуға салып, зұлым ойға батырған болатын. Ол жерді өңдеп, егінші болды, бірақ оның жанын қызғаныш пен жек көрушілік жаулап алып, өзінің жалғыз бауырын өлтіруден тайынбай, шайтанның арбауына 2түсіп, әкесін алдады.

Сол күннен бері қызғаныш пен өшпенділік тарихта қалған қайғылы оқиғаларға әкелді. Солай, Самуил Дәуітке қарсы, Жақыптың ұлы Жозеф бауырына қарсы, Ламан мен Лемуил Нефийге қарсы, ал Амалики Моронийге қарсы шықты.

Менің ойымша, жер бетіндегі әр адам сәл болса да, өшпенділік, ренжіс, өш алу секілді рухани бүліністен жапа шегеді. Мүмкін, біздің ол рухтың барын тани білетін әлі де, уақытымыз бар шығар. Бізде, жан күйігі, ашу немесе қызғаныш сезімі пайда болған кезде, ол өзге адамдарға тез үкім шығарып, өзіңнің ренжіс сезімдерін ақтағысы келіп, арам істерге итермелейді.

Ілім

Әрине, ол дұрыс емес екенін біз білеміз. Ілімде анық түсінік берілген. Біз барлығымыз Құтқарушыға бағыныштымыз, Олсыз ешкімнің де, аман қалуының мүмкіндігі жоқ. Исаның өтелуі шексіз және мәңгілік. Біздіңкүнәміздің кешірімі шартпен бірге келеді. Біз күнәміздан арылып, басқаларға кешірімді болуымыз керек. Исаның айтқаны: «Басқаларға үкім шығармаңдар, сонда сендерге де, үкім шығарылмайды» 3 және «айыптамаңдар, әйтпесе өздерің де, айыпталасыңдар, кешіріңдер, сонда сендер де, кешірілесіңдер.» 4

Әрине, бұл сөздерді өзге біреулерге пайдаланған кезде, ұғымды болып көрінеді. Басқабіреулерайыптап, ренжіген болса, біз оны нақты тез байқай аламыз. Бізге әрине, адамдардың бізге шығарған үкімі ұнамайды.

Ал енді өзіміздің ырым-жырым өкпемізге келгенде, біз өз ашуымызды дұрыс деп, айыптауымызды тұрарлық деп, жиі ақталамыз. Бізге бөтен біреудің жүрегін біз көре алмаймыз, біз оның ниеті жаман деп, санаймыз және оның сырт келбетіне қарап, нашар деп үкім шығарамыз. Ал өзіміздің жеке күйінішімізге келгенде, біз оны еркешелейміз, өйткені біздің жағдайда, өзге адамды масқара етуге бізде барлық керек мәліметтер бар деп, санаймыз.

Апостол Пауыл өзінің Римдіктерге арналған жолдауында, басқаларды айыптаған «кешірілмес» деген. Басқаны айыптапған кезде, біз өзіміз душар боламыз, деп түсіндірді, өйткені күнәсіз ешкім жоқ. 5Кешірім жасаудан бас тарту, ол ауыр күнәға бату деп, Құтқарушымыз ескерткен болатын. Исаның шәкірттері «бір-біріне қарсы сылтау іздеп, жүректері суып, олар бірін-бірі кешірмеді және сол үшін олар азап шегіп, қатты жазаланды.»6

Біздің Құтқарушымыз осы тақырыпты ашып, нақты айтқан болатын. Сондықтан жеке түрде оны анықтайтын мүмкіндіктің орны аз. «Мен, Құдаймын, кімді кешірсем, соны кешірем», деді сонда Ол, «ал сендербарлық адамдардыкешіругетиістісіңдер»,7деді.

Мен осы жерде түсіндірме қоссам бола ма? Құдайдың бізден барлық адамдарды кешіре біліңдер деген талабына, біз өз-өзімізді кешіре білгенімізді де, қосқаны. Кейде, жер шарындағы барша адамдар, кімді кешіруге қиын болып, немесе біздің кешірімімізді қатты қажетсініп жүрген кісі, бізге бұрылып, айнаға қарағандай болады.

Түпкі жол

Өзгелерді айыптау тақырыбы шындап келгенде, екі уағыз сөзімен оқытылады. Жағдай ушығып, жек көру, өсек, көңіл аудармау, келекету, ренжу орны алып, зиян келтіргісі келетін сезім пайда болған кезде, мынаны пайдаланыңыз:

Оны тоқтат!

Оны істеу оңай. Біз басқаларды айыптағанды тоқтатуымыз керек және ол айыптайтын ойымызды өзгертіп, Жаратқан Иеміз бен Оның балаларына сүйіспеншілік сезімін шын жүрегімізбен білдірейік. Құдай біздің Әкеміз. Біз Оның балаларымыз. Барлығымыз бауырлар мен әпкелерміз. Өзгелерді ділмарлықта, құмарлықпен айыптамауғакөндіріп, ұстанымды болудың көзқарас пікірімнің қисыныннақты келтіре алмай тұрмын. Мен жазбаның үзіндісін келтіріп айта алам, Мен ілімдерді айтып бере алам және Мен жуырда ғана көзіме түскен бамперге жапсырылған жапсырмадағы жазылғанды да, келтіріп айтып бере алам. Ол көліктің артқы бөлігіне жапсырылған болатын, ал көліктің иесі қырларына сәл дөрекілеу болған секілді, бірақ жапсырмада өткір сөздер сабағы келтірілген. Онда, «Менің күнәм сендердікіне қарағанда, өзгеше болғандықтан мені айыптамаңдар.» - делінген.

Біз барлығымыз пенде екенімізді мойындауымыз керек, Құдайдың алдында біз бейшарамыз. Баршамыз, кейбір жағдайда бойсұнып, мейірімді болуын өтініп, сұрамадық па? Әлде біз барлық рухани күшімізбен жасаған қателігіміз бен істеген күнәмізді рақымшылық етіп, кешіргенін қаламадық па?

Өйткені, біз баршамыз Құдайдың рақымшылығына тәуелдіміз, сондықтан да, біз неге өзіміз аңсап тілеген басқа да, берекелік шарадан бас тартуымыз керек? Қымбатты бауырлар мен әпкелер, өзімізді кешіргенін қалап, басқаны кешірмеуіміз керек пе?

Құдайдың сүйіспеншілігі

Оны істеу қиын ба?

Ия, қиын.

Өзіңді және басқаны кешіру оңай емес. Шындап келгенде, көпшіліктен ұстанымды, ойлануды, жүректің өзгерісін және салмақты өзгерістерді талап етеді. Бірақ жақсы жаңалық та бар. Сол біздің жүректегі «ұлы өзгерістер» 8үшін, Иса Мәсіхтің Інжілі нақты біздің өмірге арналған.

Ол қалай істелінеді? Құдайдың сүйіспеншілігі арқылы жол салу.

Біздің жүрегімізде, Құдайға деген сүйіспеншілігіміз толғанда, бізді бір мейірімді, таза сезім баурап алады. Біз Оның өсиеттерін ұстанамыз және Оның өсиеттері ауыр сезілмейді. Құдайдан туылған әр адам әлемді9 жеңіп шығады.

Құдайды біз жақсы көрген сайын, өз жанымыздың толғанысын және өз ақыл-ойымызды басқара алып, біздің Көктегі Әкемізге деген сүйіспеншілігіміз жүрегімізде өсе келе, бізге Мәсіхтің таза сүйіспеншілігімен өзгелерді жақсы көру жеңілдей түседі. Біз жүрегімізді ашқан бетте, Құдайға деген сүйіспеншілігіміздің таңғы жарығында, түнек, суық жаулық пен қызғаныш деген бірте-бірте жойылады.

Әрдайым, Иса бізге үлгі болып келеді. Ол өміріндегі Өз ілімдерімен, бізге жол ашып көрсетті. Ол күнәсі бар, өрескел, Оны өлтіргісі келген адамдарды жақсы көріп, кешірді.

Иса бізге, бізді жақсы көретінді жақсы көру оңай, бұны күнәқарадам да, істей алады деген. Бірақ Иса Мәсіх жоғары заңды оқытты. Оның сөздері ғасырларды өтіп, бізге бүгін де, мәнді болып келеді. Олар Оның шәкірті болғысы келген барша қауымға арналған. Олар сізге және маған арналған: «Барлық жауыңды жақсы көр, сені қарғап-сілегенге батаңды бер, сені жеккөргенге мейірімділік таныт, сені ренжітіп, қуған жан үшін мінажат ет.»10

Біздің жүрегіміз Құдайға деген сүйіспеншілігімізге толы болса, біз бір-бірімізге мейірімді болып, аяушылық білдіреміз, Құдай Мәсіхтің атына бізді кешіргендей,11бір-бірімізді кешірейік.

Мәсіхтің пәк сүйіспеншілігі көптеген наразылық пен ашуды біздің көзімізден алыстатып, Көктегі Әкеміз бізге көрсеткен өзге жолдарын көруге мүмкіндік береді: кемшілік пен күнәқар пенделердің мүмкіндігін біз елестете алатын қабілеттіліктен шеттен тыс жерде. Өйткені Құдай бізді шексіз жақсы көреді, біз де солай бір-бірімізге сүйіспеншілікпен қарап, кешірімді болуымыз керек.

Шәкірттің Жолы

Менің қымбатты бауырларым мен әпкелерім, өзіңізді тексеріп, келесі сұрақтарға қараңыздар:

Сіз біреуге кекшіл болып ашуландыңыз ба?

Сіздің айтқаныңыз шындыққа жатса да, сіз өсек тараттыңыз ба?

Сіз олар бір нәрсені істегені үшін, алыстатып немесе өзгелерді жазалап, кедергі қоясыз ба?

Сіздің басқаларға деген жасырын қызғанышыңыз бар ма?

Сіз біреуге зиян келтіргіңіз келе ме?

Егер осы сұрақтардың барлығына нақты жауап берсеңіз, сіз жоғарыда айтылған екі сөзді пайдалана аласыз: тоқтат оны!

Айыптау мен жеккөрушілік әлемінде, жиналып тас лақтырған оп-оңай. Бірақ соны істер алдында, бізге Үлгі болған Ұстамыздың сөзін еске түсірейік: «Араларыңдағы күнәсіз адам бар болса, бірінші болып тас лақтырсын.»12- дегенін.

Бауырлар мен әпкелер, жүрегімізді жұмсартайық.

Мейірімді болайық.

Кешірімді болайық.

Бір-бірімізбен тіл табысайық.

Құдайға деген сүйіспеншілікте жүрегіміз толсын.

«Барша адамға13қайырымды болайық.»

Құтқарушымыз уәде берген: «Берсеңдер, сонда сендерге де беріледі: шайқап, нығыздап толтырып, тасып-төгілген мөлшерде салып беріледі. ... Әмбе, қандай өлшемде қолдансаңдар, Құдай сендерге де сонымен өлшеп14береді.»

Бұл мәлімдеме біздің күш-қуатымызды әрдайым бір жағымсыз мінез-құлық істерге бағыттамай, оны мейірімді істерге, кешірім мен қайырымдылыққа баса назар аударуға жалғыз бұл уәдеде тұру жеткіліксіз емес пе?

Иса Мәсіхтің шәкірттері секілді, жамандыққа жауапты мейірімділікпен қайтарайық.15 Кекті болмайық, ашуға салып көтерілмейік.

«Онда жазылған, Жаратқан Иенің: «Кек алу – Менің ісім, есесін Мен қайтарамын»

«Жауың ашықса, оны тамақтандыр, шөлдесе сусын бер! …

«Осылайша жамандықтан жеңілмей, оны жақсылықпен жеңіп шық!»16

Естерінде болсын: соңында, мейірімді адамға ғана рақымшылық жасалынады.17

Иса Мәсіхтің Соңғы Замандағы Әулиелер Шіркеуінің мүшелері ретінде, бір-бірін жақсы көретін18адамдарды атап айтайық.

Бір-біріңді жақсы көріңдер

Бауырлар мен әпкелер, бұл өмірде біз өзіміз танытқан қиқарлық, күйініш пен ренжістен де, басқа да қайғы-қасірет пен уайым жеткілікті.

Біз бәріміз жүрген пендеміз.

Айналамыздағы адамдар да, пенде.19 Адамдар ашуға-ызаға әкелетін нәрселерді жасайды, көңілдері қалып, ашуланады. Бұл пендешілік өмірдің жолы ол үшін сондай болады.

Соған қарамастан, біз өкпемізді басуымыз керек. Жер бетіндегі өмір бізді ондай нәрселерден азат болуды үйретеді. Бұл Құдайдың жолы.

Естеріңізде болсын, көктегілердің бәріне ортақ, ол: Олар кешірілді. Және олар кешіреді.

Ауртпашылықтарыңды Құтқарушыға тапсырыңдар. Үкім шығарма. Иса Мәсіхке жүрегіңді жарадан емдеп, өзгертуге ерік бер. Бір-біріңе сүйіспеншілікпен қараңдар. Бір-біріңді кешіре біліңдер.

Мейірбандар мейірімге бөленеді.

Бізді қатты жақсы көріп, біз үшін, Өзінің достары үшін, біздің орнымызды басып Өз өмірін құрбан еткен қасиетті Иса Мәсіхтің атына мен осыны куәгерлік етемін, аумин.