Неке: Қара және Үйрен

Аға Л. Уйтни Клейтон

Жетпістік Президенттігінен


Л. Уйтни Клейтон
Өмір үлгісін сақтап, бақытты да, қасиетті неке қарымқатынас мүмкіндігін туғызғанның барлығына Құдайдың батасы беріледі.

Бір күні, осыдан бірнеше жыл бұрын, әйелім екеуіміз бір ұлымыздың отбасылық кешкі асына бардық. Ол кішкене балалары бар қарапайым отбасына сай, онда көптеген шу мен мол сүйіспеншілік болды. Түскі астан соң, менің төрт жасар немерем Анна екеуіміз үстелдің басында қалдық. Менің назарымды байқап, ол орындыққа тік тұрып, маған қарады. Назарымды соған қарай аударғанымды көріп, ол маған салтанатты түрде, «қара және үйрен» деп, бұйырды. Содан соң, ол маған билеп, өлең айтып берді.

Оның «қара да, үйрен» деген нұсқауы, баланың аузынан айтылған ақылды сөз болып естілді. Біз бір нәрсені көріп немесе сезіп, бақылай отырып, көптеген нәрсені білеаламыз. Осы рухани қалпымда, сіздермен өзім көрген және тамаша да, адал некедегі адамдардың өмірін байқап және қарап мен үйренген, бірнеше ұстанымдармен бөлісуге рұқсат етіңіздер. Бұл ұстанымдар, көктегі ұстанымдарға сәйкес келетін мықты және қанағаттандырарлық неке құруға көмектеседі. Мен сіздерді менімен бірге қарап және үйренуге шақырамын.

Біріншіден, мен байқаған ең бақытты некедегі еркек пен әйелдің екеуі де, өз ара қарымқатынастарын інжу мен мәңгілік баға жетпес қазынасы ретінде көреді. Олардың екеуі де, өздерінің ата-анасын қалдырып, мәңгілік өркендейтін некені бірге құрады. Олар құдайшылдық дайын жолға түскенін түсінеді. Олар ешбір өзге қандай да, қарымқатынас оларды осынша бақытты қылып, көптеген жақсылық жасап, адамды жетілдіре алмайтынын біледі. Қара және үйрен: барлық некедегі тамаша жұптар өзінің некесін баға жетпес құнды нәрсе деп, ойлайды.

Келесі, ол сенім: бақытты некелер Құдай Иса Мәсіхтің іргетасында құрылып, Оның ілімдерін ұстанады.1Менің байқағаным, өз некесіндегі құндылықты білетін ерлі-зайыптылар өз сеніміне адал. Олар әр апта сайын діни антын қабылдап, өзге де, кездесулерге қатысады және отбасылық үй кешін өткізіп, бірге және жеке киелі кітаптарды оқып, мінажат етеді және ондықты адал төлейді. Олардың өзаралық іздеуі, ол мойынсұнып жақсы болу. Олар өсиеттерге тек қызықтыратын ұсыныстарды ғана қабыл алатын швециялық үстеліне ұқсас көрмейді.

Сенім, ол некені біріктіретін әр ізгі ниеттің негізі болып табылады. Ешбір өзге некенің негізі осындай баға жетпес нәтижені бермейді. Сондықтан, сенімді нығайта, сіз некені де нығайтасыз. Біз өсиеттерді ұстанған сайын сеніміміз де, өседі. Күйеу мен әйел екеуінің үйлесімділігі, олардың некелік күші мен қуанышында. Сондықтан, өсиеттерді ұстанып, орындауы мықты неке құрудың негізі болып табылады. Қара және үйрен: Құдай Иса Мәсіхке деген сенім, мәңгілік бақытты некенің негізі.

Үшіншіден, ол тәубеге келу. Бақытты некелер тәубеге келу тартуында негізделеді. Бұл әрбір мықты отбасылық одақтың негізгі құндылығы. Әр ерлі-зайыпты жұп арасындағы қатынаста тәубеге келу, маңызды қажеттілік болып табылады. Өзін-өзі жиі адал тексеріп, дереу қажет шараны қолданып, тәубеге келіп жетілген жұптар өздерінің некесінде, шипалы майдың емін сезінеді.Тәубеге келу отбасында тыныштық пен татулықты орнатуға көмектеседі.

Мойынсұну, ол тәубеге келудің мәнісі. Мойынсұнған адам өзімшіл емес қайсар, ол өз дегенін талап етіп немесе басымдылық көрсетпейді. Оның орнына ол ақтамайды, мойынсұна білетін адам жауабын үнсіз2және бар ықыласымен тыңдайды. Мойынсұнған адам, ешкім ешқашан өзге адамды өзгерте алмайтынын мойындайды, бірақ сенімі бар адам бола тұра, Құдайдың көмегімен, біз жеке өзіміздіңжүрегіміздегі көптеген өзгерістерді өте аламыз.3Бастан кешірген жүрегіміздегі үлкен өзгерістер, бізді басқа адамдарға, әсіресе, өз жарымызға деген көз қарасымызды өзгертіп, жұмсартады.4Мойынсұну деген, ол әр уақытта өздерінің серіктестігін бірінші орынға қойып, күйеу мен әйел екеуі бірге бата алуға ұмтылып, бір-біріне көмектесіп қолдайтын болады. Қарап және үйреніңдер: бақытты некелер тәубеге келу мен мойынсұнудың негізінде құрылады.

Төртіншіден, ол құрмет тұту. Менің байқағаным, тамаша және бақытты некедегі күйеу мен әйел бір-бірін құрметтей біледі. Олар бір-біріне деген қарым-қатынасында теңдікті сақтап, олардың қасиетті ортақ жауапкершілігінде, бір-біріне көмектеседі. Әр жерде, әр уақытта әйеліне басымдылық көрсеткен күйеу болса немесе осындай тәжірибе болса, бұл Құдайдың заңына сәйкес келмейтін болмашы некеге жатады, сондықтан олар дұрыс ұстанымдар мен үлгілерге өзгертілуі тиіс.

Бақытты некедегі ерлі-зайыптылар шешімдердің барлығын, бірігіп қабылдайды және жұптың әрқайсысы сол жұмыс барысында тең құқығын сақтап қатысады.5Бұл жұптар ең алдымен назарын отбасына бағыттап, өмірлік міндеттерде бір-біріне көмектеседі.6Олардың некелік күші қарсыластықта емес, ынтымақтастықта. Олардың түскі асы мен отбасылық уақыттары, барлық назары мен олардың барлық күшін алатын орын болуы керек. Олар үй шаруасының көмекшісі болуы үшін, тоқты өшіріп жеке өзінің түрлі алданышынан бас тартуы тиіс. Мүмкіндігінше, олар әрдайым түнде өз балаларымен бірге кітап оқып, бірге балаларды төсекке жатқызуға сәл болса да, көмектесуі керек. Олар үйықтауға да, бірге барады. Егер, олардың жағдайы болып, міндеттерінің мүмкіндігі туса, күйеу мен әйел бір-біріне тірек болып, жер бетіндегі ең маңызды жұмысты орындайды - ол өз үйімізде істетейтін жұмыс.

Құрмет бар жерде, ашықтық бар, ол бақытты некенің маңызды белгісі болып табылады. Құрмет пен ашықтықтың негізінде, некедегі тиісті сұрақтарда ешбір құпиялық жоқ. Күйеу мен әйел қаражатқа байланысты шешімдердің барлығын бірге қабылдап, барлық ақпаратта екеуі де, хабардар.

Адалдық, құрметтің үлгісі болып табылады. Пайғамбарлар әрдайым, некедегі жетілген жұптар бір-біріне «сенімінде адал» деп, оқытады.7Олар өздерінің әлеуметтік ақпаратына ұстамды болып, оны барлық жағынан абыройымен пайдаланады. Олар интернет тәжірибесін құпиялықта сақтамайды. Олар бір-бірімен әлеуметтік ғаламтор кілтімен де, еркін бөліседі. Олар ерлі-зайыптылардың қасиетті сенімін әшкерлейтін бөтен адамдардың виртуалды бейне қорын қарамайды. Олар ешқашан әдепсіздіктің шын мәнісінде немесе физиқалық түрде пайда болуына жақындататынды істеп немесе ол туралы әңгіме қозғамайды. Қара және үйрен: ең тамаша некелер, бір-біріне деген құрметке толы, ашық және адал.

Бесіншісі, ол сүйіспеншілік. Тек қана бақытты некедегі күйеу мен әйел «сүйіспеншілікте бірге өмір сүру»8деген ең бақытты өсиеттің біріне бағынғанын көруге мүмкіндігім болды. Құдай күйеулерге өсиет етіп, «Өз әйеліңді шын жүректен сүй, сонымен біртұтас боласың, өзгесі жоқ»9деді. Шіркеу оқулығы «Біртұтас деген сөз, бір адамға толығымен адал болуды білдіреді. Ерлі-зайыптылар Құдаймен және бір-бірімен біртұтас болып, бір-біріне қызмет етіп және Құдайға, бір-біріне толық адал болып, өсиеттерді ұстанады»… [Күйеуі мен әйелі екеуі] өзінің жеке бас өмірін тастап, бірінші басымдылық ретінде, олар өздерінің маңызы зор некесін құрады. Олар өсиеттердің ұстанымына сәйкес Құдай алдында отырған шартын бұзуға ешкімге, ешнәрсеге жол бермейді. 10Қара және үйрен: бақытты жұптар бір-бірін сүйеді және бір-біріне барлық жан тәнімен адал.

Ойлағаны орындалмай қалған адамдар бар; ол бақытсыз неке құрғандар, ешқашан тұрмысқа шықпағандар, ажырасқандар немесе жесір ата-аналар мен кейбір себетептердің кесірінен неке құралмағандар. Бұндай жағдайлар қыйындықтар туғызып, қайғыға салады, бірақ олар мәңгілік жалғаса бермеуі керек. Сіз сол жағдайыңызда, «қайсарлық танытып, өмірдің қыйындықтарына» 11төтеп беру үшін, барлық мүмкіндікті жасап тырысқан адамдарға көктің батасы оларға молынан құйылсын. Мәңгілік тамаша неке құруға тырысып, бір-біріңе лайықты жар болуға ұмтылыңыздар. Өсиеттерді сақтаңыздар, Құдайға адал және Оның сіздерге деген қасиетті сүйіспеншілігіне сеніңіздер. Сонда, бір күндері сіздер барлық батаға ие бола аласыздар.12

Керемет Мормон кітабындағы өлеңнің бірінде, қарапайым айтылған сөздер жазылған: «Олар үйленіп, үйлендіріп, Құдайдың берген көптеген уәдесіне сәйкес батасын алады». 13Өмір үлгісін сақтап, бақытты да, қасиетті неке қарымқатынас мүмкіндігін туғызғанның барлығына Құдайдың батасы беріледі. Осындай баталар Иса Мәсіхтің Інжілімен адал өмір сүрудің керемет айқын нәтижесі болып табылады.

Мен өзімнің өмірлік сүйікті, тамаша әйелім Кетиге ризашылығымды білдіремін.

Неке, ол Құдайдың бізге берген тартуы, сондықтан, біздің сапалы некеміз Оған жасаған сыйымыз. Мен мәңгілік, керемет отбасылық қарым-қатынас мүмкіндігін ашқан біздің сүйікті Көктегі Әкеміздің ғажайып жоспары туралы күәгерлік етемін. Иса Мәсіхтің атына, аумин.

Show References

  1.  

    1. «Отбасы: Әлемге Үндеу», Ensign or Лиахонa, қараша. 2010, 129.

  2.  

    2. Нақыл сөздер 15:1қара.

  3.  

    3. Aлма 5:11–12, 26–31қара.

  4.  

    4.  Moроний 7:43–48; 8:25–26қара.

  5.  

    5. Ілім мен Өсиеттер 107:27–31қара.

  6.  

    6. «Отбасы: Әлемге Үндеу», 129 қара.

  7.  

    7. Tомас С. Монсон, “Әулиеліктің күші” Ensign немесе Лиахонa, Maмыр 2011,68; Гордон Б. Хинкли “Өмірдің міндеттері” Ensign, ақпан. 1999, 4; Лиахонa, мамыр 1999, 4.

  8.  

    8. Ілім мен Өсиеттер 42:45.

  9.  

    9. Ілім мен Өсиеттер 42:22.

  10.  

    10. Нұсқау кітабы 2: Шіркеу басқармасы (2010), 1.3.1.

  11.  

    11. Ілім мен Өсиеттер 123:17.

  12.  

    12. Hұсқау кітабы 2, 1.3.3.

  13.  

    13. 4 Нефий 1:11.