2010–2019
Заңға бағыну, ол еркіндік болып табылады
Сәуір 2013


Заңға бағыну, ол еркіндік болып табылады

Ерлер мен әйелдер өз еркіндіктерін Құдайдың берген сыйы ретінде алады, бірақ олардың еркіндігі мен мәңгілік бақыты Оның заңына мойынсұну арқылы келеді.

Мен соңғы Рождествода арнайы сыйлыққа ие болдым, ол көптеген естеліктерді есіме түсірді. Оны маған немере жиенім берді. Ол мен үйленіп қоныс аударған кезімде, біздің отбасымыздың ескі үйінде қалдырған заттың бірі болатын. Ол сыйлық менің қолымдағы кішкене ғана қоңыр кітап болатын. Ол кітап Екінші Дүниежүзілік Соғысы кезінде, әскери қатарына қосылған СКӘ әскери қызметшілеріне берілген болатын. Мен оны Президент Хебер Дж. Грант және оның кеңесшісі кіші Дж. Рубен Кларк пен Дэвид О. Маккейдің сыйлығы ретінде, қабылдаған болатынмын.

Осы Құдайдың пайғамбарлары кітаптың алғы бетінде: «Қару күштері бізге әрдайым сендердің жеке өздеріңмен байланыс орнату мүмкіндігін бермейді. Біздің келесі мақсатымыз сендердің қолдарыңа мына осы күні берілген аян мен Інжілдің ұстанымдарын түсіндіретін бөлімін ұстату, ол сендер қай жерде болсаңдар да, сендердің жандарыңа тыныштық пен жайлылық және сенім мен үмітті жеткізеді»1деп, жазған.

Бүгін біз әлемнің өзге соғысындамыз. Осы жолы бұл қару күші емес. Ол ой, сөздер мен істер. Бұл күнәнің өзімен соғыс және осыны біз еске салып, өсиеттерді мұқият орындауымыз керек. Мен үшін, біздің рухани таумен кездескендей, қаражат тауы туралы естігеніміз аса ауыр болып, немесе аса қорқынышты болып келмейді. Бүгінгі заман әдептері әдетке айналып, көптеген діншілік пен тәжірибе Құдайдың Өзі балаларының игілігіне берген тәртібіне қарама-қайшы болып келеді.

Кішкене қоңыр кітапта, Бастапқы Президенттігінің хатынан кейін әскер қызметіндегі ер адамдарға арналған«Заңға бағыну, ол еркіндіктің өзі болып табылады» деген мәліметтер бар. Жазылған сөздер әскери борышын орындап жүргеннің барлығы үшін, игі әскери заңы мен құдайшыл заңның арасындағы қатарластықты жүргізеді.

Онда, «Әлемде, Құдайдың командасында, әмбебап заңы мен мәңгілік заң бар – белгілі баталар мен өзгеріссіз жазалар».

Хаттың соңғы сөздері Құдайдың заңына бағыну керек делінген: «Егер сендер кеуделеріңді тік ұстап, жақсы көретін адамдарыңа қайтып оралғыларың келсе, егер сендер ер жігіт болып, мүлтіксіз өмір сүргілерің келсе – онда Құдайдың заңымен жүріңдер. Сол барлық күшіңді салып, құнды еркіндікті сақтау үшін, өзге - өзіне басқа заңдардың барлығын бағындыратын күнәдан аулақ еркін болып, шынайы ақиқат «заңға бағыну, ол еркіндік болып табылады».2

Неге бұл «заңға бағыну, ол еркіндік болып табылады» деген сөзі мен үшін ақиқат болып естіледі? Неге қазір бұл баршамызға сондай шынайы болып естіледі?

Мүмкін, бұл біздің жер бетіне келерге дейінгі тарихымыз бізге белгілі болғандықтан шығар. Біз білеміз, Құдай, Мәңігілік Әке өз жоспарын бізге паш еткен кезде, алдымен Ібіліс оны өзгерткісі келді. Ібілістің жоспары, күллі адамзатты өтеп алғысы келді. Бірде бір жанды жоғалтпай, Ібіліс Өз жоспарын іске асыратынына сенімді болды. Бірақ, онда қабылдауға болмайтын бағалы нәрсе болды, ол Құдайдың берген тартуы - адамзат еркіндігінің бұзылуы. (Мұса 4: 1–3) қара). Президент Гарольд Б. Ли бұл тарту туралы былай деген: «Өмірдің өзінен кейін, ол Құдайдың адамзатқа берген ұлы тартуы – еркіндік».3Сондықтан, Ібілістің адамзат еркіндігін ескермегені аз шаруа болған жоқ. Шындап келгенде, осының кесірінен соғыс басталып, Көктегі өмірді шайқас алаңына айналдырды. Көктегі шайқас алаңында еркіндік жеңіп шықты.

Бірақ, Ібіліс әлі де, соғысты аяқтаған жоқ. Оның жоспары бойынша еркек пен әйелді азғырып арбап, негізгі Құдайдың тартуын бізге айғақтау үшін, Адам мен Хауаның кезінде болғанды қайталағысы келді. Бұны іске асыру үшін, Ібілісті көптеген себептер итереді. Ең маңызды себептің бірі, ол өзі бақытсыз болғандықтан, еркек пен әйелдің де бақытсыз болғанын қалап, кек алғысы келеді. Жетістікке жетуіміз үшін, Ібілістің істеген ісін ешқайсысымыз елеусіз қалдырмауымыз керек. Құдайдың мәңгілік жоспарында Оның істері «барлық затта қарама-қайшылықты» (2 Нефий 2:11) жасап, бізді сынақтан өткізеді. Сіздер және мен жасаған әр таңдау біздің өткен сынақ, Құдайдың өсиеттеріне бағынамыз ба әлде бас тартамыз ба, ол шынайы «еркіндік пен мәңгілік өмір» мен «құлдық пен өлім» арасындағы жасаған өз таңдауымыз.

Осы негізгі оқу 2 Нефийдің, екінші бөлімінде берілген: «Сондықтан, күллі адамдар тән бітімінде еркін және адамзатқа барлық қажетті зат берілген. Олар күллі адамзаттың ара Бітістірушісі арқылы еркіндік пен мәңгілік өмірді немесе шайтанның құлдығы мен билігіне ұқсаса, құлдықты немесе өлімді таңдауға ерік, әлбетте, ол күллі адамзатты өзіне ұқсас бақытсыз еткісі келеді» (2 Нефий 2:27).

Көбінде, бұл әлем әрдайым соғыс үстінде. Сенемін, Бастапқы Президенттік маған осы менің кішкене қоңыр кітабымды жіберген кезде, оларды Екінші Дүниежүзілік Соғысы емес одан да, үлкен соғыс ойландырды. Меніңше, олар бұл кітап маған күнәға қарсы үлкен шайқаста ібіліс пен оның әскерінен қорған қалқаны болады және маған Құдайдың өсиеттерімен өмір сүруді еске салып қызмет етеді деп, үміттенді.

Өзімізді алдыңғы ата-бабаларымызбен салыстырып, дәрежелік мөлшерімізді өлшеп білудің тәсілі, ол адамға белгілі көне үлгілердің бірі, ол бәрімізге мәлім және жамандық пен жақсылықты айыратын тұрақты Он Өсиет болып табылады. Ұзақ жылдар бойы өркениет әлемінің басым бөлігінде, әсіресе, Иудей-Христиан әлемінде, Он Өсиет жақсылық пен жамандықтың шектеулі айырмашылығы кеңінен таратылып, тұрақты орын алған.

Менің ойымша, бүгін Он Өсиеттің төртеуі өте шынайы қабылданатын сияқты. Мәдениетті бола тұра, біз өлтіруге, ұрлыққа және өтірікке қарсы болып, айыптаймыз және біз әлі де, ата-ананың алдындағы балалардың жауаптылығына сенеміз.

Бірақ біртұтас қоғам ретінде, біз әрдайым қалған алты өсиеттен бас тартамыз:

  • Егер де, бір пенделік талаптар болса, әрине, біз шынайы Құдайдың алдына «өзге Құдайларды» қоямыз.

  • Біз танымал адамды немесе өмір бейнесін және байлықты, ия тағы, кейде бейнені немесе нысанды пұтқа айналдырып аламыз.

  • Біз Құдайдың атын пенделік өмірде барлық түрде пайдаланамыз, айғайымыз бен ұрысымызда да.

  • Біз Демалыс күнін сыйынудан тыс, үлкен ойындарға, біздің көптеген шынайы демалыстарға, біздің саудамызда және басқа да, барлық нәрседе қолданамыз.

  • Біз некесіз жыныстық қатынасты демалыс пен көңіл көтеру ретінде көреміз.

  • Және қызғаныш та, өмірдің ортақ бейнесіне айналды. (Мысырдан көшіп шығу 20:3–17қара.)

Барлық уақыттағы пайғамбарлардың барлығы әрдайым екі өсиет туралы алдын ала ескерткен болатын, ол өлтіру мен ойнас жасау. Мен осы маңызды екі өсиет үшін, ортақ тіректі көріп тұрмын, ол өмірдің өзі Құдайдың дәргейінде болып табылады. Сондықтан, біздің физиқалық денеміз, жердегі өмір Құдайдың орнатқан ғибадатханасы шегінде орындалуы тиіс. Құдайдың орнына адам өз ережесін қойса, бұл болжам өмірдің әр сәтінде, қателік пен ауыр күнә болып саналады.

Үйлену ұғымының негізгі әсері өз құнынан айрылып, нәтижесінде отбасылық күші бізді ойландыратындай ақ, тез төмендей бастайды және қоғамға бұл үлкен залал келтіруде. Мен тікелей себеп-салдар байланысын көріп тұрмын. Біз некелес серігіміздің алдындағы міндеттеріміз бен адалдығымыздан бас тартқан кезімізде, біздің қоғамды біріктіретін байланысты жоямыз.

Өсиеттер туралы ойланудың ең тиімді жолының бірі, ол даналы, барлығын білетін Көктегі Әкемізден кеңес алу. Оның мақсаты бізді мәңгілік бақытты ету, ол бізге біздің бақытты болуымыздың жалғыз жолын көрсетіп, Оның қасына қайтып оралуымыз үшін, бізге өсиеттерді жол картасы ретінде берді. Үй мен отбасының мәңгілік бақытты болуы қаншалықты маңызды? Менің кішкене қоңыр кітабымның 141-ші бетінде, «Шындап келгенде, біздің көктегі өмір біздің мәңгілік үйдің бетсалымына қарағанда маңызды болып табылады».4

Жақын арада ғана «Отбасы: Әлемге Үндеу» бар күшін салып, онда нақты отбасы мен үй туралы айтылды. Онда отбасының мәңгілік табиғаты туралы хабардар етіліп, хибадатханадағы сыйыну байланысы түсіндірілген. Бұл заңда отбасының мәңгілік бақытының негізін «Күйеу мен әйелі ретінде, неке құрған еркек пен әйел арасында ғана балалы болудың қасиетті күші жұмыс істейді» деп, жария етілген. 5

Құдай Өз пайғамбарларына адамгершілік құндылықтарын көрсетті. Күнә әрдайым күнә болып қалады. Құдайдың өсиеттеріне мойынсұнбау әрқашан бізді Оның батасынан айыратын болады. Әлем әрдайым тез өзгеріп тұрады, бірақ Құдай, Оның өсиеттері мен уәде еткен баталары өзгермейді. Олар ешқашан өзгермейді. Ерлер мен әйелдер өз еркіндіктерін Құдайдың берген сыйы ретінде алады, бірақ олардың еркіндігі мен мәңгілік бақыты Оның заңына мойынсұну арқылы келеді. Алма өзінің жолдан тайған Кариантон баласына, «Арсыздықта ешқашан бақыт болған емес» деп, кеңес берген. (Алма 41:10).

Осы күні толық Інжілдің қайта қалпына келуінде, Құдай бізге Оның өсиеттеріне мойынсұн адамдарға, уәде еткен батасын қайтадан берді.

Інжіл мен Өсиеттердің 130-ын оқимыз:

Бұл заң, осы дүниенің негізі құрылғанға дейін көкте нақты орнатылған, сонымен барлық баталар анықталады -

«Сонда, біз Құдайдан қандай да бір бата алсақ, ол сол белгілі заңға мойынсұну арқылы келеді» (І мен Ө 130:20–21).

Әрине, киелі жазбада Құдайдың өзгермейтін өсиеттерінен басқа ешқандай ілім болуы мүмкін емес және біздің отбасылық бақытымыз ретінде, отбасы ретінде, қоғам мен жеке тұлға ретінде, біздің бақыт пен жетістіктеріміз олармен тығыз байланысты. Адамгершілік құндылықтар бар. Құдайдың өсиеттерінен бас тартсақ біз әрдайым Оның батасынан айырылатын боламыз. Бұл нәрселер өзгермейді.

Әлемде, қоғамның адамгершілік іркілісі болған жерлерде, қалпына келтірілген Иса Мәсіхтің Інжілі қазықта да, тармақта да, отбасында немесе шіркеудің жеке бір мүшесі болса да, ешқашан шайқалмауы тиіс. Біз өзіміз қалаған өсиеттерді саралап алмай, Құдайдың барлық өсиеттерін қабыл алуымыз керек. Құдайдың жолында біз аяғымызға нақты тұрып, мықты болып, Оның берген уәдесіне сеніміміз адал болуы керек.

Кәне, біз өзгермеген және өзгермейтін өсиеттерді орындап, әрдайым төбешікте тұрған жарықтың бірі болып жарқырайық. Мына соғыc кезінде СКӘ әскери қызметіндегілерге берілген кішкене кітапта жазылғандай, біз осы соңғы күндер соғысында, бүкіл жер бетінде Иеміздің батасын іздеген Құдайдың балаларына шамшырақ болайық. Осы туралы мен Иса Мәсіхтің атына куәгер етемін, аумин.

Сілтемелер

  1. Бастапқы Президенттігі, Інжілдің Негіздері (1943).

  2. Інжілдің Негіздері, v, vii, viii.

  3. Шіркеу Президенттерінің оқытуы: Харолд Б. Ли (2000), 4.

  4. Стивен Л. Ричард Інжіл Негіздері, 141.

  5. “Отбасы: Әлемге арнау,” Ensign or Лиахона, қараша. 2010, 129.