2010–2019
Құдай нұрының үміті
Сәуір 2013


Құдай нұрының үміті

Біз Құдайға деген сүйіспеншілігімізді өсіріп, қасымыздағыларды жақсы көретін болсақ, Інжіл нұры бізді қоршап, биікке көтеретін болады.

Білімдікке жол ашу

Менің жұмыс бөлмемде, білімділікке жол ашудеген ежелгі сурет бар. Оны менің досым Даниядағы Копенгаген қаласындағы қазық Президенті, даниялық балалар суретшісі Йохан Бентин салған болатын.

Суретте, қараңғы бөлмеде ашық есіктен нұрдың түскен кескіні салынған. Мені қызықтыратыны, есіктен түскен нұр бөлмені емес, тек есіктің айналасын ғана жарық қылып тұр.

Мен үшін, бұл суреттегі түнек пен нұрдың өмірлік метафорасы болып табылады. Пенде жаны болған соң, кейде біздің айналамызды түнек қоршап алған сияқты көрінетін, жағдайымыздың бір бөлігі. Мүмкін біз жақын адамымыздан айырылған шығармыз, мүмкін балаңыз адасып, тыныштығыңызды бұзған медициналық қортындысын алып немесе біз жұмыс саласында қиындықтарға тап болып, уайым мен қорқыныш сезім қиындықтары туындауы мүмкін болып немесе өзіміз жалғызсырап, ешкімге керек болмай қалған сезімі де, келуі мүмкін.

Біз өзіміздің қазіргі жағдайымыздың арасында абыржыған сезімін сезінгендей болсақ та, Құдай бізге оның нұрына үміт уәдесін береді және Ол алдын ала біздің жолды ашып, түнектен шығу жолын көрсетіп береді.

Түнекке толы бөлме

Түнекке толы бөлмеде өскен бір әйел туралы айтып бергім келеді. Мен оны Джейн деп, атайын.

Сол кезде, Джейн үш жасар бала болатын, оны бірнеше рет ұрып, мазақ қылып, қорлайтын. Оны қорқытып, кемсітетін. Әрдайым, таңертең оянған сайын ертеңгі күнге дейін тірі қаларын, не қалмасын білмейтін. Оны қорғайтын адамдар оған қиянат жасауын жалғастыра берді.

Джейн өзін қорғау үшін, сезімін тоқтатуды үйренді. Оның құтқарылуға үміті қалмаған соң, сол шынайы өмірде қорқынышқа қарсы өзін шынықтырды. Оның әлемінде ешқандай нұр көрінбеді, сондықтан ол сол түнекке көнді. Бір демде, әрдайым тек қатыгез жауыздықты көрген ол, оның әр уақыты соңғы күн, ықтимал шындығына айналатынына көзі жетті.

Джейн 18 жасқа толған кезде, ол Иса Мәсіхтің Соңғы Замандағы Әулиелер Шіркеуінің есігін ашты. Оның жүрегіне қайта қалпына келтірілген Інжілдің қуанышы мен үміті кіріп, су рәсімін өтуге шақыруды қабыл алды. Алғашқы рет оның өміріне жарық кіріп, оған келген жарқын нұрдың жолын көрді. Ол өзінің түнектегі өмірінен шығып, оны ренжіткен адамнан алыс қашықтықтағы мектепке барам деп, шешім қабылдады. Ақырында, ол өзінің айналасындағы түнек пен жамандықтан еркін болғанын сезініп, Құтқарушының тәтті әлемі мен ғажайып емінен ләззат алды.

Жылдар өте, оны ренжіткен адам өлгеннен кейін, Джейн қайтадан өзінің жас өміріндегі сұмдық оқиғалармен мазасы кетті. Ол Інжілде тапқан ғажайып нұрына, оның терең қайғысы мен ашуы қауып төндірді. Егер, ол сол түнекке өзін пайдалануға жол берсе, азаптаушы оны жеңіп шығатынын түсінді.

Ол өзі үшін жақсы емнің жолын ұғып, қабыл алу керектігін және түнек бар, бірақ онымен өмір сүрудің қажеті жоқ екенін, кеңес пен медициналық көмек іздеп, түсіне бастады. Енді оның білгені - нұр бар және ол сонда қалам, деп нақты шешімге келді.

Оның бұрыңғы түнектегі өмірін ескерсек, Джейн жеңіл кек алып немесе улы зорлыққа баратын еді. Бірақ ол оны істеген жоқ. Ол түнекті таратудан аулақ болып, ашу мен реніш және арсыздыққа қарсы тұрды. Оның орнына, ол Құдайдың күшімен ем алатынына сенімді болып, үмітін жоғалтпады. Ол нұр шашып, өзінің барлық өмірін басқа адамдарға арнауды таңдады. Оның осы шешімі өткен өмірді артта қалдырып, жарқын болашаққа аттауға мүмкіндік берді.

Ол мектеп мұғалімі, жылдар өтіп бүгін оның сүйіспеншілігі көптеген балалардың өміріне әсер етіп, оларға маңызды құндылықтарды білуге көмектесті. Ол әлсіздердің, азап тартқандардың, абыржып қалғандардың қажымас қорғаушысы болды. Ол айналасындағыларды мықты қылып, рухтандырды.

Джейн нұрға сенім артып, соған ұмтыла түнектен алыстаған кезде, біз емделетінімізді түсінді. Ол тәжірибеде сенім, үміт пен сүйіспеншілікті пайдаланып, ол өз өмірін ғана емес басқа да, мәңгілік батасын алған көптеген адамдардың да, өмірін өзгертті.

Нұрдың көзі Нұр

Онда түнек басымдылық еткен сезімінде сіздердің кейбіреуіңіз де, болуыңыз мүмкін. Сіздер өздеріңізге ауыртпалық, қорқыныш немесе күмән түскенін сезіне аласыздар. Сіздер мен біздер үшін, ғажайып ақиқатты қайталаймын: Құдайдың Нұры шындық болып табылады. Ол барлығына да, қол жетімді! Ол барлық нәрсеге өмір сыйлайды.1 Оның ең ауыр жараның бізгегін де, жұмсартуға барлық құқыққа ие. Ол біздің жалғыздығымыздың, жанымыздың жарасын емдейтін шипалы майы болуы мүмкін. Үміт үзілген қүйзелісте, ол жарқын үміт тұқымдарын себе алады. Ол ең терең жатқан қайғыға да, нұрын төге алады. Ол біздің жолымызға нұр төгіп, ең түннің түнегімен жүргізіп, жаңа таң сәрісін үәде ете алады.

Ол осы дүниеге келер әр адамға нұр беретін «Иса Мәсіхтің Рухы».2

Дегенмен, жарықтың рухын күтіп, жай ғана түнекте отырған адамға рухани жарық өте сирек келіп жетеді. Бұл біздің көзімізді Мәсіхтің жарығына ашу үшін, бізден сенім әрекетін талап етеді. Пенденің көзі рухани жарықты ажырата білмейді. Иса Мәсіхтің Өзі: «Мен түнектегі жарқыраған Нұрмын, ал түнек Нұрды жеңе алған емес»3 деп, оқытқан. «Өз еркімен жүретін адам Құдайдың Рухынан келгенді қабылдамайды,оны ұқпай, ақымақтық деп, ойлайды».4

Дегенмен, Құдай нұрының үмітіне біздің көзімізді қалай ашамыз?

Біріншіден, сол тұрған орныңыздан бастаңыз.

Бұл біздің Көктегі Әкеміздің тартуы мен баталарын сезіну үшін, біздің мүлтіксіз емес еркіндігімізді білу ғажайып емес пе? Құдайдың батасын алып, мәреге жетуіміз үшін, күтіп отырмайық. Шындап келгенде, біз жарыққа алғашқы қадам басқан кезден, көктің батасы бізге молынан төгіле бастайды.

Сол тұрған орныңыздан бастасаңыз керемет болады. Сіз дайындығым жоқ деп, ойланып немесе өзгелерден тым алшақты қалып қойдым деген сезім пайда болуы мүмкін, ол маңызды емес. Дәл сол уақытта сіз Көктегі Әкемізді іздей бастайсыз, дәл сол кезде, Оған деген нұр үміті ояна бастап, жаныңызды рухтандырып, игілікке толтырады.5 Түнектен барлығын дереу тарата алмайды, бірақ түн әрдайым таңға айналған сияқты, нұр төгіледі.

Екіншіден, жүректеріңізді Иемізге бұрыңыздар.

Рухтарыңды көтеріп, Көктегі Әкемізге мінажат етіп, өз сезімдеріңізді түсіндіріңіздер. Өз кемшіліктеріңізді мойындаңыздар. Шын жүректен ризашылықтарыңызды білдіріңіздер. Қиындықтармен кездескендеріңізді, Ол білсін. Иса Мәсіхтің атына күш пен көмек сұрап, жалбарыныңыздар. Оның дауысын есту мүмкіндігін алу үшін, құлақтарыңызды ашып беруін сұраңыздар. Оның нұрын көру үшін, көздеріңіздің ашық болуын сұраңыздар.

Үшіншіден, қадамыңды нұрға бетте.

Көктегі Әкеміз сіз қателік жасайтыныңызды біледі. Мүмкін Ол, сол қателіктермен әлі де, талай рет кездесетініңізді білер. Бұл Оны қапаландырады, бірақ Ол сізді жақсы көреді. Ол сіздің рухыңызды бұзғысы келмейді. Керісінше, Ол сізге осы дүниеге келген мақсатыңызда өрлеп, жетілгеніңізді қалайды.

Осы мақсатта, жолымызда пайда болған бөгеттерді қауіпсіз айналып өтуді көрсетіп, жолымызға нұрды түсіру үшін, Ол Өзінің Ұлын жіберді. Ол бізге Оның ізбасарларының жолын оқытатын Інжілді берді. Ол бізді Оның нұрымен жүріп, Оның Сүйікті Ұлының ізін басып, біз нені біліп және нені істеу керектігімізді оқытады.

Нұр түнекті жеңеді.

Ия, қателіктер бізге бейім.

Ия, біз сүрінеміз.

Біз Құдайға деген сүйіспеншілігімізді өсіріп, қасымыздағыларды жақсы көретін болсақ, Інжіл нұры бізді қоршап, биікке көтеретін болады. Әрине, нұр бар жерден түнек жойылады. 6 Біз Құдайға жақындаған сайын, Ол да бізге жақындайды. Күннен-күнге Құдайдың нұрына деген үміт бізде өсе бастайды, «жарқырай тамаша күн келгенге дейін». 7

Өзін түнек ортасында сезінген адамдарға, мен Құтқарушының адамзатқа берген нақты уәдесіне сенім артуға шақырамын, Ол: «Мен дүние үшін, Нұрмын. Маған ерген кісі енді түнекте жүрмей, шынайы өмірдің Нұрына ие болады» деген. 8

Африкадағы Нұр

Бірнеше жыл бұрын, менің әйелім Харриет екеуіміз уәденің орындалған, ұмытпас тәжірибесіне куә болдық. Біз әлемнің әдемі жері батыс африкада болдық, ол жердегі Соңғы Әулиелер Шіркеуі тамаша өсіп келеді. Дегенмен, Батыс Африканың да, өзінің көптеген қиындықтары бар. Әсіресе, мен кедейшілікті көріп қайғырдым. Қалада жұмыссыздық тым биік және отбасылар өз қауіпсіздігі мен өздерінің күнделікті қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін, жиі өмір күресінде. Шіркеудегі көптеген мүшелері осындай қиын жағдайда тұрып жатқанын көрген кезімде, менің жүрегім қатты жараланды. Тағы, менің білгенім, шіркеудің тамаша мүшелері бір-біріне көмектесіп, ешкімді аш қалдырмауға тырысады.

Әйтеуір, біз үлкен қаланың қасындағы жиналыс үйіне келіп жеттік. Бірақ түнектің тауқыметін көрген адамдардың орнына, біз бақыт нұрын төккен бақытты адамдарды кездестірдік. Олардың Інжілге төккен бақыттары бізге де әсер беріп, рухымызды көтерді. Бізге білдірген сүйіспеншіліктері, көніп және бойсұнған адамдардың сүйіспеншілігі болды. Олардың қуанышы шын жүректен, әсер етті.

Маған сол кезде, ғаламшардың бетінде осы адамдардан бақыттысы бар ма, деген ой келгені есімде. Осы құрметті Әулиелер өздерін қоршаған қиындықтарға қарамастан, олар нұрға толы.

Кездесу басталып, мен сөйлей бастадым. Бірақ, біраз уақыттан соң, ғимараттағы жарық сөніп, бізді басып қалған түнектің ортасында қалып қалдық.

Біраз уақыт мен қараңғыда жиналысқа келген адамдарды ажырата алмадым, бірақ мен біздің Әулиелердің әдемі де, жарқын күлімсірегенін көре алдым. Осы ғажайып адамдармен бірге болғанымды мен сондай ұнаттым!

Түнек ғимаратта жалғаса берді, сондықтан, мен әйелімнің қасында отырып, жарықтың қалпына келуін күттім. Біз күтіп отырған кезде, бір ғажайып нәрсе орын алды.

Бірнеше адам Қалпына келтіру тақырыбынан әнұранды айта бастады. Сонда басқалары да әнұранға қосылып, көбі айта бастады. Көп кешікпей, ғимаратты әдемі де басымды дауыстардың хоры толтырды.

Осындағы Шіркеу мүшелеріне әнұран кітабы қажет емес, олар әр әнұранның сөзін жатқа айтты. Олар бірінен соң бірін барлық рухани күшімен әнұрандарды айта берді, бұл менің жаныма қатты әсер етті.

Әйтеуір, бөлмеге жарық келіп, бөлме нұрға толды. Харриет екуіміз бір-бірімізге қарағанда, біздің бетіміз көз жасына толы болды.

Түнектің нағыз қызған кезінде, осы әсем және тамаша Әулиелері, шіркеудің ғимараты мен біздің жанымызды жарқын нұрға толтырды.

Мен үшін, бұл керемет толқытатын сәт – Харриет екеуіміз бұл сәтті ешқашан ұмытпаймыз.

Нұрға кел

Ия, кейде өмір бізді толғандырады немесе түнекке орап тастаған сияқты көрінеді. Кейде, айналамызды қоршаған түнек біздің еңсемізді басып, қапаландырып, қорқыныш сезімін тудырады.

Сіздер кездестіретін көптеген жалғыздық пен қалжырататын қорқыныш сияқты қиындықтарыңыз жүрегіме ауыр тиеді.

Әйтседе, куәгер етемін, біздің тірі үмітіміз Иса Мәсіхте! Ол құдайшылдық білімнің пәк және мықты жолы болып табылады.

Мен куәгерлік етемін, Исамен бірге болсақ, түнек өз мәресіне жете алмайды. Түнек Мәсіхтің нұрын жеңе алмайды.

Мен куәгерлік етемін, тірі Құдай Ұлының жарқын Нұрына түнек төтеп бере алмайды!

Мен сіздерді Оған бет бұрып, жүректеріңізді ашуға шақырамын. Оны оқу мен мінажат арқылы іздеңіздер. Оның шіркеуіне келіп, оның Інжілі мен Өзін танып біліңіздер, белсенді бір-біріңізге көмектесіп, шын жүректен біздің Құдайға қызмет етіңіздер.

Бауырлар мен әпкелер, түнгі ең қара түнектен соң да, әлемнің Құтқарушысы сіздерді сіздің ішкі дүниеңізде міндетті түрде, ептеп өсетін тәтті, жарқын Нұрға алып келеді.

Құдайдың Нұрына сеніп жүрсеңіздер, сүйікті Көктегі Әкеміздің қайғысын, сүйіспеншілігін және мейірімділігін байқайсыздар, онда ешқандай түнекке орын жоқ. 9 Осыны мен қасиетті Иса Мәсіхтің атына куәгерлік етемін, аумин.