2010–2019
«Мен сенен бас тартып, тастап кетпеймін»
Қазан 2013


“Мен сенен бас тартып, тастап кетпеймін”

Көктегі Әкеміз …біз өтуге тиісті сынақтарды кездестіріп аман қалған кезімізде, біз оқып, өсіп және мықты болатынымызды біледі.

Бүгін кешке өз күнделігімде мен: « Бұл қандай да, бір мен қатысқан Бас Конференциялардың ең шабытандырар сессиясы болды» деп, жазамын. Бұның барлығы табиғи және руханилық керемет болды.

Бауырлар мен әпкелер алты ай бұрын біздің барлығымызға ортақ конференцияда кездескен кезде, менің сүйікті әйелім Фрэнсис бірнеше күн бұрын құлап, жарақат алып ауруханада жатқан болатын. Мамыр айында бір апта бойы ерлік көрсетіп, жарақатты жеңіп шығуға тырысып, ол мәңгілікке кіріп кетті. Оның кеткені маған ауыр тиді. Ол екеуіміз 7 қазан айында 1948 жылы Солт-Лейк-Ситидегі ғибадатханада үйлендік. Ертең біздің үйленгенімізге 65 жыл толар еді. Ол менің өмірлік махабатым, сенімді де менің ең жақын досым болды. Оны сағындым деп, айтсам терең жатқан менің сезімімді жеткізбейді.

Мен Он екілік Апостолдар Кворумына Президент Дэвид О. Маккэймен шақырылғаныма бұл конференцияға 50 жыл толды. Осы жылдар бойы, менің сүйікті серіктесімнің толық қолдауынан басқа сезім көрген емеспін. Мен өз міндетімді атқаруым үшін, оның жасаған құрбандығына сан жоқ. Кейде мен жиі одан және біздің балаларымыздан бір күнге немесе апта бойы алыста болуға мәжбүр болатынмын, сонда оның наразы болғанын ешқашан естіген емеспін. Ол шынымен періште болатын.

Мен Фрэнсис кеткеннен кейін бізге келген отбасымдағы адамдардың берген үлкен сүйіспеншілігі үшін, ризашылығымды білдіремін. Әлемнің түпкір-түпкірінен біздің отбасылық қайғымызға ортақ болып, оған тәнті болып жазған мыңдаған ашық хат пен хаттар жіберілді. Біз көптеген әдемі әрлендірген гүлдерді алдық. Шіркеудің жалпы Миссионерлік қорға оның атына жіберілген көптеген құрбандықтарыңыз үшін, рақмет. Сіздердің ізгі ниеттеріңіз үшін, оның артынан қалған отбасы мүшелерінен шын жүректен ризашылығымды білдіремін.

Осы қоштасудың қиын кезеңінде, мен үшін Иса Мәсіхтің Інжілінен алған білімнің арқасында менің қымбатты Фрэнсисім әлі де, тірі екені туралы куәгерлік болды. Мен білемін, бұл айырылысу мәігілік емес. Біз көкте және жерде байланыстырып, билігі жүретін Құдайдың үйінде бекітім алдық. Мен білемін, бір күндері біз қайтадан қауышып, ешқашан айырылыспаймыз. Нақты осы білім қазір маған қолдауын көрсетеді.

Бауырлар мен әпкелер, сеніммен айтса болады, бірде бір адам ештеме туралы өкініп, қайғырмайтындай ешқашан өмір сүрген жоқ және ретсіздік пен қайғыдан толығымен еркін болған адамзаттың тарихындағанда уақыт болған емес.

Біздің өмірдегі жолда қатты соққы кездескен кезде, «Неге мен?» деген сұрақ қою арбауына елігеміз. Кейде сол үңгірдің түбінде жарық көрінбейтін сияқты болып, қараңғының түнегін тарататын күннің нұры да, жоқ болып көрінеді. Біз орындалмаған арман үшін көңіліміз қалып, орындалмаған үміттен де үмітімізді үземіз. Біз де Киелі кітаптағы дұғаны жоғары көтере бастаймыз «Гилеадта емдік май жоқ па?» 1 Біз өзімізді керексіз етіп сезінеміз, жалғысырап жүрегіміз жараланады. Біз көктегі ізгі ниет шыдамдылықты жиі ұмытып, бұрмалау сенімсіздікке бейімделіп, біз шыдамсыздық танытып, өз қиындықтарымыздың шешімін дереу іздей бастаймыз.

Пайда болған қиындықтар біздің шыдамдылығымыздың сынағы болып келеді. Біздің әрқайсысымызға: Жеңілемін бе, әлде жеңіп шығамын ба? деген сұраққа жауапты табу керек. Кейбіреуілерінің өз қиындықтарынан көтерілу қиынға түскенін түсініп, жеңіледі. Жеңіске жету үшін, өмірінің ақыр соңына дейін бастан кешіруі керек.

Біздің әрқайсысымызды күтетін нәрселер туралы ойланып, біз бұрынғы Иово мен бірге: «Адам қайғы-қасірет үшін туылады» деп, айта аламыз. 2 Иов таза, Құдайдан қорқатын және жамандықты айналып жүретін адам болған. 3 Өз әрекетінде адал, істеріне сәтті Иовоға қандай да бір адамның өмірін құртуға қабілеті бар сынақ түсті. Өзінің мүлігінен айрылған, достарының күлкісіне айналған, өзінің қайғы-қасіретімен езілген, өзінің жақын адамдарынан айырылып рухы түскен, ол бар дауысын сала «Құдайды қарғап, өлгісі келді». 4 Ол сол арбауға қарсыласып, бар жанын салып жария етті:

«Бүгінгі таңда, көктегі менің куәгерім, менің жоғарғы қорғанышым».5

«Мен білемін менің өтелушім тірі».6

Иов өз сенімін сақтап қалды, ал біз сынақтармен кездескен кезде, солай сақтай алармыз ба?

Әрдайым біз өмірдің соқтығысымен кездескен кезде астында қалудағы ниетімізде, біз бұл басқа адамдармен болғанын және олар бастан кешіріп, шыдамдылық танытқанын есте сақтайық.

Осы заманның толық уақыттарында Шіркеудің тарихы қиындықтың барлығына қарсы тұрып, өмір сүйіспеншілігін сақтап қалған адамдардың оқиғасымен толы. Неге? Олар Иса Мәсіхтің Інжілін өздерінің өмірінде басты басымдылыққа айналдырды. Міне, осы бізге біздің өмірлік жолымыздағы қиындықтарды жеңіп шығуға көмектесетін болады. Бізді бәрібір де сынақтар күтетін болады, бірақ біз кеудемізді жоғары үстап, оларды қарсы аламыз да, жеңімпаз боламыз.

Өлім төсегінен біз көз жасымызды жастығымызға төгіп, бізді құдайшыл сенімі мен құнды уәдесінде көкке көтерілдік: «Мен сенен бас тартып, қалдырып кетпеймін».7 Бұл сөздер жұбанышты да, құнды.

Өзімнің шақырылған міндетімді орындай отырып, мен бұл әлемді басынан аяқ айналып шығып, көпті білдім. Мен келіп көп нәрселерді білдім – бұл барлық адамдар қайғы-қасіретпен кездесетіні соңғы орында емес. Мен куәгер болған қайғы мен азап өлшемге жатпайды, мен қатынасқан адамдардың қайғысы бар, ажырасуды ауыр көтергендер, ұлы мен қызының бірбеткейлігімен күрескендер немесе күнәнің салдарынан қиналғандар. Бұл тізімді ұзақ жалғастыра беруге болады, әмбе бізбен болуы мүмкін сансыз қиындықтар жеткілікті. Солардың арасынан бір мысал келтіріп айту өте қиын, бірақ дегенмен, мен қиындықтар туралы ойлаған кезде, менің ойыма бала кезімдегі жексенбілік мұғалімі аға Бремс келеді. Ол шіркеуге адал, жүрегі алтын адам болған. Ол және оның әйелі Сэди екеуі сегіз балалы еді және олардың көбісі біздің отбасымыздағы балалармен жасты болатын.

Кейін Фрэнсис екеуіміз үйленіп, басқа тармаққа қоныс аударған соң, біз Бремс аға мен әпкені және олардың отбасымен тойларда, қоштасу рәсімдерінде және тармақ кездесулерінде жиі көріп тұрдық.

1968 жылы аға Бремс өзінің әйелі Сэдимен қоштасты. Жылдар өте оның сегіз баласының екуі де, қайтыс болды.

Бір күні 13 жыл бұрын аға Бремстың үлкен немере қызы маған қоңырау соғып, ол 105 жасқа толады деп, айтты. «Ол қарттарға арналған шағын үйде тұрады, бірақ жексенбі сайын біздің барлығымызбен кездесіп, Інжіл туралы сабақ жүргізеді» деп, түсіндірді. Ол алдыңғы жексенбіде атамыз бізге «Қымбаттыларым менің, осы аптада мен өлемін, өтінемін Томи Монсонға қоңырау соғыңдаршы. Ол не істеу керектігін біледі» деп, атасының сөзін жеткізді.

Келесі кеште мен аға Бремске бардым. Мен ол кісіні ұзақ жылдар көрген жоқ болатынмын. Онымен сөйлесу мүмкін емес болды, өйткені оның құлағы естіми қалған. Мен оған ештеме жаза да алмадым, өйткені оның көзі нашар көретін. Маған оның туыстары оның оң қолының саусағымен сол қолына, келген адамның атын жазып сөйлеседі деп, айтты. Дәл солай қандай да бір хабарламаны жіберуге болатын. Мен де, сол тәсілмен оның сол қолының алақанына Т-О-М-М-И М-О-Н-С-О-Н деп, ол әрдайым мені танитын, атты жаздым. Аға Бремс қозғалып, менің қолымды алды да өзінің басына қойды. Ол әулиеліктің батасын алғысы келгенін мен түсіндім. Мені қарттар үйіне алып келген жүргізуші маған қосылып, біз қолымызды аға Бремстың басына қойып, оның күткен батасын бердік. Осыдан соң, оның көрмейтін көзінен жас төгіліп, менің қолымды ризалығын білдіріп қысты. Біз берген батаны ол естімесе де, рух өте күшті болды, ол рухтанып, сол күткен батасын алғанын білгеніне, мен сенемін. Осы керемет адам көру қабілетінен айырылды. Ол есту қабілетінен айырылды. Күндер мен түндерді ол қарттар үйіндегі кішкентай бөлмеде өткізетін. Оның күлген ажары мен оның айтқан сөздері менің жүрегіме тиді. «Рақмет саған» деді ол. «Менің Көктегі Әкем маған сондай мейірімді».

Сол аптада, аға Бремс болжағандай, қайтыс болды. Ол ешқашан өз назарын жетпеген нәрселерге аудармай, керісінше, ол көптеген өзінің баталарына үлкен ризашылығын білдіретін.

Біздің Көктегі Әкеміз біздің қуанышымыз үшін, көптеген сылтауларды тарту етеді және біз өтуге тиісті осы сынақтармен кездескен кезде, аман қалу үшін тырысатынымызды, үйренетінімізді, олармен күресіп мықты болатынымызды біледі. Біз білеміз, кейде біз қайғырған кезде және біздің рухымыз сынаққа алынған кезде, біздің жүрегіміз жарылып кете жаздайды. Бірақ, бұндай қиын жағдайлар өмірімізді өзгертуге мүмкіндік береді және Көктегі Әкеміздің ілімдеріне сәйкес біздің өмірді қалпына келтіріп; біз болғаннан да жақсы адам болуға, бұрынғыдан да түсінетін, бұрынғыдан да қайырымды болуға, бұрынғыдан да мықты куәгерлікке ие болып, тырысамыз.

Біздің мақсатымыз осындай болуы керек – табандылық танытып, ақыр соңына дейін бастан кешіріп, шуақ күндері мен бұлтты күндері де алға ұмтылып, рухани тазару керек. Егер біз төзімді болып, шешу керек болған сынақтар болмаса, біз мәңгілік өмірге жету мақсатымызға жетпей, сол бұрыңғы қалпымызда өрлеусіз қалар едік. Осыған ұқсас ойды ақын мына сөздермен келтірді:

Жақсы орман еңбек арқылы өседі,

Жел қатайған сайын тал қабығы күшейеді.

Аспан алыстаған сайын бұтақ ұзарады.

Боран соққан сайын тал қатайады.

Күн мен бұршақ және жаңбыр астында,

Біз сол орман секілді жақсы болып өсеміз.8

Тек қана Ұстаз біздің сынақтарымызды, қиындықтарымыз бен азабымызды біледі. Қиыншылық кезеңінде тек Ол ғана бізге мәіңгілік тыныштықты ұсынады. Тек Ол ғана біздің шаршаған жанымызды өзінің жұбаныш сөзімен қозғай алады:

«Менің қасыма келіңдер, барлық қиналып және қатты шаршап-шалдыққандар, рақатқа бөлеймін сендерді.

Жуас, кіші пейілмін шын жүректен, Тыныштық табады сонда жандарың.

Себебі ыңғайлы – билігім Менің. Әрі жеңіл – жүктейтін міндеттерім». 9

Ең жақсы да ең қиын кезеңде, Ол бізбен берге. Және бұл ешқашан өзгермейтінін Ол уәде етеді.

Бауырлар мен әпкелер, Көктегі Әкеміздің алдында ешқашан жылдар өтіп немесе біздің өмірдегі қиын кезеңдермен өшпейтін міндеттемелерді алайық. Оны есте сақтау үшін, міндетті түрде қиындықтар кезеңінен өту қажетті емес және Оған адал болып, сенім арту үшін, күш арқылы мойынсұну керек емес.

Көктегі Әкемізге жақын болуға ұмтылайық. Ол үшін біз күнделікті Оған мінажат етіп, тыңдауымыз керек. Ашық күнде болсын немесе жаңбырлы күн болсын, Ол бізге шынайы әр уақытта керек. Біздің ұранымыз Оның берген уәдесі болсын: «Мен сенен бас тартып, тастап кетпеймін».10

Барлық рухани күшіммен куәгерлік етемін, Құдай тірі, Оның Жалғыз Сүйікті Ұлы өмір сүріп біз үшін өлді, Иса Мәсіхтің Інжілі біздің өмірдегі түнекті жарқын қылатын нұр. Бұл осылай болғанына мен мінажат етемін. Қасиетті Иса Мәсіхтің атына, әумин.