2010–2019
Басқа Құдайлар жоқ
Қазан 2013


Басқа Құдайлар жоқ

Қалайша, біз құдайларға және басымдылықтарға бойсұнып қызмет ете, біз Құдайдың алдында мойынсұнып, ғибадат етеміз?

Христиандық пен иудей сеніміне негізгі Он өсиет кіреді. Құдай Мұса арқылы Исраил балаларына берген сол өсиеттердің бірінші екеуі біздің құрметіміз бен артықшылығымызды анықтайды. Біріншісінде Иеміз «Сенің Менен басқа ешқандай тәңірлерің болмасын» (Мысырдан көшіп шығу) деп, өсиет еткен. Жылдар өтіп, Исаға «Ұстаз Киелі кітаптағы ең үлкен өсиет қайсысы? деп, сұрақ қойған кезде. Ол «Иең Құдайды шын жүректен, бүкіл жан дүниеңмен, барлық ақыл-ойыңмен сүй! (Матай 22:36–37) деп, жауап қатты.

Он Өсиеттің екіншісінде сенде өзге Құдайларың болмауы керек және біз өмірде Құдайдың балалары екенімізді негізгі артықшылығымызды анықтайды. «Аспанда, жерде не суда бар нәрселердің ешқайсысынан табынар бейнені өзіңе жасама» (Мысырдан көшіп шығу 20:4). Содан соң екінші өсиетте косымша, «Сондайларға бас иіп табынып, құлшылық етпе» (Мысырдан көшіп шығу 20:5). Барлық уақыт үшін, бұл физикалық пұттарға алдымен ең маңызды мақсат екенін хабардар етеді. Құдай «Мен - сенің Құдай Иеңмін, Өзімнен басқа табынар бейнелеріңнің болуына төзбеймін. Мені менсінбейтіндердің немерелері мен шөберелеріне дейін жазалаймын, ал Өзімді сүйіп, өсиеттерімді ұстанғандарға мыңыншы ұрпағына дейін рақымымды төгемін» (Мысырдан көшіп шығу 20:5–6). Қызғаныш мағынасында көрсетілген. Бұл Еврейлік жаратылысында «терең сезім мен әсерлі иегерлікті» білдіреді. (Мысырдан көшіп шығу 20:5(, сілтеме б). Бізде бірінші басымдылық бола тұрып, біз басқа Құдайларға «сыйынып» немесе «қызмет ететін» болсақ, біз Құдайға тіл тигіземіз. 1

I.

Біздің заманда тұлғаларға және діни адамдарға «сыйыну» немесе «қызмет етудің» қазіргі уақыттағы «басқа басымдылықтар» қандай? Біздің әлемде барлық тараған сол мүмкіндіктерді қарастырайық:

  • Мәдени және отбасылық салттар

  • Саясат әдептіліктер

  • Мансап ұмтылыстар

  • Материалды құндылықтар

  • Ойын-сауық құмарлықтар

  • Күш, танымалдық пен бедел

Егер осы үлгілердің біреуі біреуімізге қатысты болмаса, біз басқа адамдарға не істеу керектігін ұсына алатын шығармыз. Жеке үлгілерден көре, ұстаным маңыздырақ. Мысалы, бізде басқа ұстанымдардың барлығында емес. Мәселе, «біздің жоғарғы мақсатымыз неде?» деген өсиеттің қойған екінші сұрағында. Қалайша, біз құдайларға және басымдылықтарға бойсұнып қызмет ете, біз Құдайдың алдында мойынсұнып, ғибадат етеміз? Әлде, Құтқарушының сендер мені сүйсеңдер, өсиеттерімді орындаңдар деп, оқытқанын біз ұмыттық па? (Жохан 14:15 қара). Егер солай болса, біздің басылымдықтар бастан аяқ рухани енжарлықта төңкеріліп, осы күні біздің тәртіпсіз тойымсыздығымыз шеттен тым асқаны.

II.

Ұлы Құтқарылу Жоспары - Соңғы Замандағы Әулиелер үшін, Оның балаларына Құдайдың өсиеттері тірек және Құдайдың жоспарынан бөлінбейді. Бұл жоспарды кей кезде «ұлы жоспар бақыты» деп, атайды (Алма 42:8(), Құдайдың баласы ретінде біздің тағдырымыз бен жаратылысымызды түсіндіреді – біздің қайдан келгенімізді, қайда барамыз және неге осындамыз. Бұл жаратылыстың мақсатын және өлім шартын түсіндіреді, соған қоса Құдайдың өсиеттерін, Құтқарушының қажеттілігі мен өлім мен отбасылардың мәңгі өмірлік маңызды рөлін. Егер біз осы білімдерді алған Соңғы Замандағы Әулиелер бола тұрып, осы жоспарға сәйкес біздің басымдылықтарымызды белгілеуіміз керек, біз басқа құдайларға қызмет ету қауіпті жолына түсіп кетуіміз мүмкін.

Құдайдың балаларына берген жоспары туралы білім Соңғы Замандағы Әулиелерге неке мен отбасыға деген керемет көзқарасты береді. Шіркеу кіндігінің отбасы ретінде біздегі білім дұрыс. Біз басынан бастап, Көктегі ата-анамыздың батасын аламыз және біздің жоғарғы мақсатымыз, ол біз білетін тек қана отбасылық қарым-қатынаста болатын толығымен мәңігілік көкке көтеріліп жету болып табылады. Біз білеміз, Құдайдың жоспарын орындау үшін, еркек пен әйел арасында болатын неке қажет. Өлімнен туып және отбасы мүшелерінің мәңгілік өмірге деген дайындығындағы бекітілген орынға осы неке ғана қамтамасыз етеді. Біз отбасыны, осы дүниеге келу мен балаларға тәрбие беруді Құдай жоспарының бір бөлігі деп қараймыз және осыған қатысты болу үшін, соған билік күші берілген адамдардың қасиетті міндеті. Бұл біздің балаларымыз бен ұрпағымыз үшін, жер бетіндегі және көктегі соңғы қазына деп, ойлаймыз.

III.

Біз мәңгілік отбасының құдіретін түсінгендіктен, көптеген батыс қауымдарында христиан мен еврейлердің тарихи мәдениетінде бала туу мен неке құру тым төмендей бастағанына қатты қайғырамыз. Жауапты дерекнамалардың баяндамасы келесі:

  • Құрама Штаты өз тарихындағы қазіргі уақытында бала туу орны төменгі сатыда, 2 көптеген,2 батыс Европа Одағында және басқа да дамыған елдерде, бала туу деңгейі популяцияны ұстап тұратын қажет деңгейінен де, төмен.3Бұл мәдениетке және халықтардың тірі қалуына қауіпті жағдай туғызады.

  • Америкада неке құрған жас адамдардың жасы 19 бен 29 аралығында, олардың саны 1960 жылы 59 пайызға азайды, ал 20104 жылы 20 пайызға. Бірінші некеге тұрғанның орташа жасы қазіргі тарихта ең жоғарғы деңгейде: 26 жас әйелдер және шамамен ер адамдар5үшін, 29 жас болып келеді.

  • Көптеген елдерде және (1) мәдениетте дәстүрлі некедегі ана мен әке және балалары бар отбасы мәдениеті тәртіп емес ерекшелікке жатады, (2) ал көптеген жас әйелдердің таңдауы неке құру мен бала туу емес, мансап жетістігіне жету болып келеді және әкеліктің қажеттік түсінігі мен (3) рөлі азайды.

Осы бізге қатысты ілгері басқан қызған кезеңде, Құдайдың жоспары Оның барлық балалары үшін екенін және барлық дүние жүзіндегі балаларын Құдай жақсы көретінін жете түсінеміз. Мормон кітабының6бірінші тарауында, Құдайдың «билігі және жақсылығы мен ізгілігі жердегі мекендегеннің барлығына» (1  Нефий 1:14) деп, жазылған. Келесі тарауда Ол (Оның құтқаруы) барлық адамдар үшін тегін және барлық адамдардың біріне артықшылықтары болғандай басқасына да бар, ешкімге тыйым салынған емес» (2  Нефий 26: 27–28). Сондықтан, біз барлық адамдарға аяушылық білдіріп, қайырымдылық (сүйіспешілік) көрсетуіміз керек, бізді жазбалар соған біз жауапты екенімізді үйретеді (1  Салоникалықтар 3:12; ; 1 Жохан 3:17; ; І мен Ө 121:45).

IV.

Біз тағы барлық адамдардың діни сенімдеріне және барлық көптеген адамдардың көпшілігі Құдай сенімін ешқашан таратпайтын адамдарға да, құрметпен қараймыз. Біз білеміз Құдайдың берген таңдау құқында көптеген адамдардың ұстанған сенімдері біздікіне қарама-қайшылық, бірақ басқалар біздің діни сенімімізді тең дәрежеде құрметтейді деп, сенеміз және басқаларға қарағанда біздің сеніміміздің кейбір таңдаулары мен тәртібі өзгеше екенін түсінеміз. Мысалы, біз Оның құтқару жоспары ажыратылмайтын бір бөлігінде Құдай мәңгілік үлгіқалыпты орнатты, ол жыныстық қатынас тек қана некедегі әйел мен еркектің арасындағы қарым-қатынаста ғана болады деп, есептейміз.

Өлім өмірін жаратқан күш Құдайдың Өз балаларына берген ең жоғарғы билік. Ол Адам мен Хауаға қарастырылған Құдайдың пайдаланған бірінші өсиеті болған (Жаратылыс 1:28 қара), бірақ пайдалануға тыйым салынған басқа да, маңызды өсиеттер де берілген болатын (Мысырдан көшіп шығу 20:14; 1 Салоникалықтар 4:3). Негізгі назарды пәктік заңына қоямыз, ол Құдайдың жоспарын жүзеге асырудағы біздің ұрпақ әкелу күшіміздің мақсатын түсіндіреді. Неке құрмаған еркек пен әйел арасындағы байланыс және Құдайдың жоспары мен Оның балаларының көкке көтерілуіне қарама-қайшы болып келетін біздің ұрпақ өсіруіміздің барлық басқа пайдаланған күштің түрі күнәқарлыққа жатады.

Біз пәктік заңына назарымызды аса қатты аударамыз, өйткені, ол Құдайдың үлгісі ретінде Адам мен Хауа кезінде басталып, ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан Оның ұлдары мен қыздарының арасындағы қарым-қатынаста ұрпақ жалғастырылып, Оның балаларына тәрбие беру үшін, неке үлгісіне біз шынайы берілеміз. Бақытымызға орай, басқа конфессиямен байланысты көптеген адамдар немесе қауымдардың кейбіреуі діни ілімдердің негізін алып, ал басқасы қоғам үшін жақсысы болғанын ойлап, некенің маңызды екендігімен келіседі.

Оның балаларына7 арналған Құдайдың жоспарын біз білгендіктен, некесіз туылған балалар көбейіп келеді деп, біз неге қатты қайғырамыз – қазіргі уақытта Құрама Штатында8барлық туу ағымының пайызы 41 – ал некесіз бірге тұрып жатқан жұптың саны өткен жарты ғасырда күрт өсті. Бес жыл бұрын тек қана аздаған адамдар некесіз бірге тұра бастады. Қазір некесіз бірге тұрып жатқандар 60 пайызды құрайды9. Бұл әсіресе жасөспірімдер арасында қатты тараған. Жақынарада жасалған зерттеулердің қортындысы бойынша, жасөспрімдердің 50 пайызы «некесіз өмірде» 10 балалы болғаны анықталды.

V.

Заңдық пен саясаттық өзгерістер үшін, бекітілген тәртіп көптеген саясаттық және әлеуметтік басымдылықтары бар жерде сексуалды адамгершілік пен табиғи мәңгілік, неке мақсаты мен бала туу Құдайдың өсиетіне қарама-қайшы. Бұл басымдылық әр түрлі Мемлекеттер мен елдерде бір жынысты некеге де, рұқсат берілді. Құдайдың жоспарындағы үлкен бақытына жету үшін, керекті басқа басымдылықтар жыныстарды шатыстырды және әйелдер мен еркектер арасындағы осы айырмашылықты гомоген етіп жасады.

Құдайдың жоспарындағы біздің түсінігіміз бен Оның ілімдері бізге мәңгілік келешекті береді және бұрыс тәртіптерге келіспеуге немесе оларға мүмкіндік беретін заңның ақталуына жол бермейді. Өз саясатын және ұстанымдарын өзгерте алатын басқа ұйымдарға қарағанда, біздің саясат Құдайдың ақиқаты өзгеріссіз деп, жария етеді.

Біздің он екінші сенім рәмізінде біздің сенім азаматтық билігіне және «заңды ұстанып, сақтап, құрмет тұтады» деп, айтылған. Бірақ, адамның адамгершілікке жатқызатын жат қылық заңдарын, Құдай адамгершілікке жатқыза алмайды. Біздің жоғарғы міндетіміз – Құдайға қызмет етіп, сүю – біздің тәртібіміздің үлгісі Оның заңына қарағанымызды талап етеді. Мысалы, әлі де біз өмір сүретін Мемлекеттің заңына сәйкес, ол істер қылмыс болып саналмаса да, біз Құдайдың өсиеттеріне бағынып, зинақорлық жасамаймыз және теріс жолға түспейміз. Бұдан басқа, «бір жынысты» аталатын ресми түрде заңды болса да, Құдайдың бізге берген некелік заңы немесе Оның өсиеттері және соған қатысты біздің үлгіміз өзгертілмейді. Біз сол қалыпты Құдайды сүйіп, Оның өсиеттерін орындаймыз және біз басқа құдайлар мен артықшылықтарға ұстамдылық сақтап, бас имейміз және нақты осы заман мен осы жерде кеңінен таратылған болса да.

Осы анықтамада бізді дұрыс түсінбеуі мүмкін және бізді тақуа деп те айыптауы мүмкін немесе біздің дін ұстанымымыздың еркіндігіне басып енгенін шыдап, кемсітушіліктен жапа шегуіміз мүмкін. Егер солай болса, біз өзіміздің бірінші міндетімізді есте сақтауымыз керек – ол Құдайға қызмет ету – біздің бірінші Пионер негізгі қалаушыларымыз сияқты, өз жеке арбаларымызды сол рухани күшпен қойылған күйде алға басып, итерейік.

Томас  С. Монсонның оқытулары осы жағдайларға келтірілген. Осы Конференцияда 27-ті жыл бұрын ол: «Осы пәтуаға төтеп беріп ұстанымды сақтау үшін, мықты болайық. Құдайдың риза болған мақұлын, мәміле келісімі емес, тек батылдық әкеледі. Егер адам әдептілікті сақтап өмір сүруді таңдап, ер жүректі болып өлуге дайын болса, батылдық - мықты да, тартымды күшке айналады. Адамгершілікті қорқақ адам, ол дұрыс нәрсені істеуді қорқатын адам, өйткені, басқалар онымен келіспейді немесе күлкіге айналдырады. Естеріңізде болсын, барлық адамдардың өз қорқынышы бар, бірақ кімде-кім өз қорқыныштарына төтеп берсе, мықты болғаны» деп, батыл сөздер айтқан болатын.11

Мен осы біздің пенделік өмірдегі уақытша келген қиындықтарға, біздің Жаратушымыз бен Құтқарушымыздан алған үлкен өсиеттерді мәжбүрлеп ұмыттыруға ерік бермеуіміз үшін, мінажат етемін. Біз мәңгілік өмірімізді көзден тыс қалдырып, пенделік өмірден келген пенде сый-сыйапатына(І мен Ө 121:35 қара) ұмтылып, дүниеден келген нәрселерге жүрегімізді жаулап алуына жол бермеуіміз керек. Біз Оның балаларына арналған Құдайың жоспарын білетіндер – өсиетті қабыл алып, қатысқандар – жауаптымыз. 12 Біз мәңгілік өмірге жетуіміз үшін, бірінші қалауымызды ешқашан ұмытпауымыз керек және біздің бірінші міндеттер – ол басқа ешқандай құдайлар болмауы тиіс, Құдай Әке мен Оның Ұлы біздің Құтқарушы Иса Мәсіхтен басқа қандай да бір өзге артықшылықтарға қызмет етпеуіміз керек.

Құдай осы ұстанымдарды бізге және басқа адамдарға түсінуге көмектеседі, өйткені, біз осы ақылды және сүйіспеншілік жолын алып ұмтылудамыз, Мен Иса Мәсіхтің атына мінажат етемін, әумин.

Сілтемелер

  1. Мысалы, Ілім мен Өсиеттер 124:84 қара.

  2. Джойсті қара A. Maртин және басқалары, “Дүниеге келу: қортынды көрсеткіш 2011,” Ұлттық Витал статистиқалық есеп беру, том 62, нөм. 1 (маусым 28, 2013), 4; Глория Гообале, “Behind a Looming Baby Bust,” Christian Science Monitor Weekly, ақпан. 4, 2013, 21, 23.

  3. Қара Population Reference Bureau, “2012 World Population Data Sheet,” www.prb.org/Publications/Datasheets/2012/world-population-data-sheet/data-sheet.aspx.

  4. Қара Д.Вера Кон жіне басқалар, “Barely Half of U.S. Adults Are Married—a Record Low,” Pew Research Center, Social and Demographic Trends, Dec. 14, 2011, available at www.pewsocialtrends.org/2011/12/14/barely-half-of-u-s-adults-are-married-a-record-low; “Rash Retreat from Marriage,” Christian Science Monitor, Қантар. 2 және 9, 2012, 34.

  5. АҚШ халық санағының бюросы, “Орта жастағылардың бірінші некесін бағалау: 1890 жылдан берілген,” available at www.census.gov/population/socdemo/hh-fam/ms2.xls.

  6. Даллин Х. Oaксты қара, “Барлық адамдар барлық жерде,” Ensign немесе Лиахонa, Mамыр 2006, 77–80.

  7. Даллин Х. Oaксты қара, “Бақытты болудың үлкен жоспары,” Ensign, Қараша. 1993, 72–75.

  8. Мартинді қара, “Дүниеге келу: Қортынды көрсеткіш 2011,” 4.

  9. Біздің Штаттардың жағдайы: Неке мен Американы,2012 (2012), 76 қара.

  10. Біздің Штаттардың жағдайы, 101, 102 соны қара.

  11. Tомас С. Moнсон, “Courage Counts,” Ensign, Қараша. 1986, 41.

  12. Даллин Х. Oaкс, “Арман,” Ensign or Лиахона, Mамыр 2011, 42–45.