2010–2019
Иса Мәсіхтің Өтелуі арқылы берілген жеке күш
Қазан 2013


Иса Мәсіхтің Өтелуі арқылы берілген жеке күш

Иса Мәсіхтің Өтелуі арқылы әрқайсысымыз тазарып, мойынсұнбаушылық жүгімізден жеңілдеп қаламыз.

Соңғы кездері, Айдаходан келген әсер қалдырар жастар тобын қанағаттандыру үшін, бата алған болатынмын. Шеберлігі асқан бір қыз менен осы заманда, олардың өмірінде істеуге міндетті ең маңызды нәрсе сіздің сезіміңіз бойынша, не болуы мүмкін деп, сұрақ қойды. Мен оларға өздеріңнің өмірілеріңде Иса Мәсіхтің Өтелуінің күшін танып біліңдер деп, кеңес бердім. Бүгін мен сіздерге Иса Мәсіхтің Өтелуі арқылы ала алатын жеке күштің билігі туралы бір көріністі баяндаймын.

Мормон кітабында біз Аммон мен оның бауырлары «жабайы да қатты және қатігез болған адамдарды» Иса Мәсіхтің Інжіліне оқытқаны туралы оқимыз. 1 Сол адамдардың көбісі өзгеріп, күнәқарлық істерін артқа тастауды қалады. Олардың толық өзгерістерінде, олар өздерінің қаруын жерлеп, Құдайдың өсиетіне сәйкес оны ешқашан қайтып қолға алмаймыз деді.2

Кейін бауырлар арасында ілімді қабыл алмаған кейбіреуі келіп, оларға шабуыл жасады. Дұрыс жолын таңдаған адамдар қаруды қолдарына ұстап, өздерінің рухани өмірлерімен тәуекел еткісі келмей құрбандыққа барды. Олардың адал үлгісі көптеген адамдарға әсер беріп, қаруларын тастатып, оң жолға өзгертті.3

Аммон арқылы, Иеміз оларды Нефийліктердің арасына алып келді, сонда олар Аммон халқы ретінде танымал болды. 4 Нефийліктер оларды көптеген жылдар бойы қорғап келді, бірақ Нефийліктердің әскері бара-бара ескіре бастап, оларға қосымша күш керек болды. 5

Аммондықтар өздерінің рухани өмірлерінде, күйзеліс кезіне түсті. Олар қаруды енді ешқашан қолға алмаспыз деп, берген өсиетіне адал болды. Бірақ олардың әкелері олардың отбасыларының қорғанысына жауапкершілік алғанын түсінетін.6 Осы қажеттілік өсиетті қайтадан қарастыруға жеткілікті болған сияқты көрінеді.7

Олардың ақылды әулиеліктің жетекшісі Геламан Құдаймен отырған өсиеттің бұзылғаны ақталмайтынын түсінетін. Ол шабыттанып баламалы шешімді ұсынды. Ол оларға олардың ұлдары олардың жасаған күнәсіна жауапты емес екенін естеріне салды және де, оларға жасаған сол өсиетті ұстанудың керегі жоқ деді. 8 Олардың ұлдары тым жас болғанымен олар өте мықты, ең маңыздысы, олар асқан шебер және адал адамдар болатын. Олардың ұлдары анасының сенімді қолдауына ие болды. 9 Өздерінің пайғамбар – жетекшілерінің жетекшілігімен, олар өз әкелерінің орнын басып, отбасыларын қорғау үшін келеді. 10

Осы маңызды шешімге байланысты оқиға Иса Мәсіхтің Өтелуі Құдайдың балаларының өмірі үшін, әрқайсысына жеке күш бергенін көрсетеді. Сол әкелердің жан толғаныс сезімін қарастырайық. Олар өздерінің бұрынғы бүлік іс әрекеттерінің кесірінен өз әйелдерін және балаларын осы қажет болған уақытта қорғай алмайтынын білген кезде, олар қандай сезімде болуы керек еді. Қазіргі уақытта олардың ұлдарына қандай жауыздықпен кездескенін біліп, олар тығылып отырып жылаған шығар. Балалар емес әкелер өз отбасыларын қорғауы керек! 11 Олардың қайғысы жүрекке батарлық.

Олардың жетекшісі қаруды қолға алып көтеру «неліктен ... оларды рухтан айыруы?»12мүмкін деп, қорықты. Құдайдың жарлығы бойынша: «Кімде-кім өз күнәсі үшін өкініп тәубеге келетін болса, оған кешірім беріледі және Мен Құдай оны ешқашан есіме алмаймын» делінген.13 Бұл сеніміне адал әкелер әлде қашан өздерінің күнәлары үшін, өкініп тәубеге келген және Иса Мәсіхтің Өтелуі арқылы тазаланды, ал неге оларға өз отбасыларыңды қорғамаңдар деген кеңес берілді?

Негізгі ақиқатта біз Иса Мәсіхтің Өтелуі арқылы тазарамыз және біз мейірімді де таза бола аламыз деп, айтылған. Бірақ, кейде біздің қате жасаған таңдауымыз ұзаққа созылатын салдарға әкеп соғады. Толығымен Өтелу жолындағы маңызды қадамның бірі, ол ұзаққа созылған және қысқа уақытқа болсын, өзіміздің бұрыңғы істеген күнәміз үшін, жауап беру. Аммонитяндық әкелердің бұрынғы таңдауы қайтадан оралып, оларды пенделік ұмтылысқа тәуелді қылып әлсіздікке ұшыраған кезде, Ібіліс оларды пайдалануға тырысар еді.

Ібіліс қайтадан бізді өз арбауына алу үшін, біздің бұрынғы кінәмізді пайдалануға тырысады. Оның арбауын айналып өту үшін, әрдайым мұқият болу керек. Дәл осы сол адал Амморитяндық әкелердің болған жағдайы. Көптеген жылдар өткен соң да, ең маңыздысы, олар өздерін бұрынғы істеген күнәларынан сақтап қалу үшін, руханилық қорғаныс керек болды.

Көптеген ұрыстың арасында Бас қолбасшы Мороний ең осал деген қалаларды бекіту үшін, басқарды. Ол бөренеден жасалған қорғанысты жардың ішкі жағынан салуды бұйырды; олар сол жардан бөренені айнала қойып, топырақ лақтырды ... солай олар қаланың айналасын ағаш пен жерден тұрғызған биік қорғаныс салды.14 Бас қолбасшы Мороний осал жерлерді бекітіп, қорғаныс жасау керектігін түсінді.15

Дәл осы сол Аммонитяндық әкелерге де қатысты. Оларға өткен жалған істер мен адал өмірлерінің арасын бөлетін биік те кең бекітім керек болды. Олардың ұлдары дұрыс салттармен бата алып, сол арбауларға олар осал болған жоқ. Олар өздерінің рухани амандығын қауып-қатерге салмай адал өз отбасыларын қорғай алды.

Өткен өмірдегі қабыл алып, қате жасалған шешімнің салдарынан құтылғысы келгендерге қаунышты хабар бар, Құдай бой ұсынбағанға қарағанда әлсіздікке өзгеше қарайды. 16 Иеміз ескертеді, бой ұсынбаған артынан өз жазасын алады, ал Иеміз әлсіздік туралы, әрдайым аяушылық 17білдіріп айтады.

Күмәнсіз, мүмкін Аммонитяндық әкелерді олардың ата-бабаларының жалған салттарымен оқытқан шығар, бірақ Көктегі Әкеміздің барлық балалары пенделік өмірге Мәсіхтің Жарығын алып келеді. Күнәқар істердің салдары қандай болмасын, нәтижесінде олар рухани осал болғандықтан Ібіліс соны пайдаланып кетер еді.

Бақытқа орай, оларды Інжілге оқытты және тәубеге келіп, олар Иса Мәсіхтің Өтелуі арқылы, Ібілістің арбауларына қарағанда, олардың руханилық күші ұлғая түсті. Мүмкін олар өздерінің қатыгез өткен өміріне қайтып оралу сезімі болған жоқ шығар, бірақ олар өздерінің пайғамбар-жетекшісіне құлақ асып, Ібіліске оларды ақырындап тозаққа түсіріп, (жанын) алдауға мүмкіндік берген жоқ. 18 Құтқарушының Өтелуі оларды күнәдан тазартты және әулиеліктің жетекшісіне бойсұнудың арқасында, Құтқарушы оларды осалдықтан сақтап, бекітті. Өзінің өмірлік міндеттемесінде олар мойынсұнып, күнәні артта қалдырып өз отбасыларын қорғады, әмбе олар ұрыс алаңында болғаннан көре өз отбасыларына әлдеқайда көп жақсылық жасай алды. Мойынсұнушылық оларды батадан айырған жоқ. Бұл оларды мықты қылып, олардың көптеген келешек ұрпағына бата берді.

Оқиғаның соңы Құдайдың ізгілігін айқын түсіндіреді «Әлсізді мықтыға айналдырады». 19 Сол адал әкелер өз ұлдарын Геламанның қарауына жіберді. Әр ер жігіт ұрысқа қатысып, қандай да бір жарақат алса да, бірде-бір өмір жоғалған жоқ болатын. 20 Жас адамдар Нефийлықтардың әлсіреген армиясы үшін, өте маңызды өмірлік күш болды. Олар үйлеріне, сеніміне адал болды және рухани қатайып оралды. Олардың отбасы қорғалып, бекем болып, бата алды.21 Осы заманда Мормон кітабын оқыған көптеген жас адамдар осы адал да, таза ұлдардың үлгісінен өсиет алады.

Әрқайсысымыздың өмірімізде теріс шешім қабылдаған кездеріміз болды. Біз баршамыз Иса Мәсіхтің Өтелуінің емдеу күшін қажетсінеміз. Әрқайсысымыз өзіміздің бойсұнбаған барлық оқиғамызда өкініп тәубеге келуіміз керек. «Мен, Ие, күнәға қарай алмаймын, оған ешқандай жол бере алмаймын».22 Ол оны істей алмайды, өйткені, Ол сияқты болудың құнын Ол біледі.

Көптеген адамдар өз мінезінде осалдыққа жол береді. Аммонитяндықтар сияқты біз Иса Мәсіхтің Өтелуі арқылы Ібілістің пайдаланғысы келетін өткен өмірдің қателігі мен өзіміздің арамызда рухани бекітімді өсіре аламыз. Аммонитяндық әкелердің айналасындағы құрылған рухани қорғаныс олардың өзін, олардың отбасына, олардың еліне және келешек ұрпаққа батасын беріп, бекітті. Бұл ақиқат бізге де қатысты бола алады.

Сонымен, осы мәңгілік бекітімді қайтып орнатамыз? Бірінші қадам, ол бар жан тәніңмен шынайы тәубеге келу болуы керек. Иса Мәсіхтің Өтелуі арқылы әрқайсысымыз тазарып, мойынсұнбаушылық жүгімізден жеңілдеп қаламыз. Естеріңізде болсын, тәубеге келу, ол жаза емес. Ол даңқты болашақтың үміт жолы.

Көктегі Әкеміз бізге біздің осал жеріміз бен адалдығымызды бекіту үшін құралдар берді. Келесі ұсыныстар туралы ойланыңыздар:

  • Өздеріңіз үшін өсиет келісіміне отырып, арнау рәсімдерден өтіңіздер. Содан соң, бірте-бірте әрдайым өздеріңнің ата-бабаларың үшін ғибадатханада арнау рәсімдерді өткізіңіздер.

  • Басқа адамдармен және сирек келетін шіркеу мүшелеріне және достарыңызға інжіл туралы айтып, бөлісіңіздер. Осы ақиқаттармен бөлісе отырып, өз өміріңізде шынайы қуанышқа бөлене аласыз.

  • Шіркеудің барлық шақырылымында өз міндеттерңізді жақсы орындаңыз, әсіресе, үй мұғалімдігі мен әпкелердің қарым-қатынас қатысуында. Айына бір рет өз тапсырысыңызға он бес минут жұмсайтын үй мұғалімі немесе қарым-қатынас қатысу әпкесі болмаңыз. Оның орнына, отбасындағы әр мүшенің тілін табуып, олармен жеке танысыңыз. Шынайы дос болуға тырысыңыз. Өзіңіздің ісіңізбен олардың әрқайсысына қамқор бола алатыныңызды көрсетіңіз.

  • Ең маңыздысы, өз отбасыңыздағы адамдарға қызмет етіңіз. Сіздің басты тізіміңізде өз күйеуіңіз (әйеліңіз) бен балалрыңыздың рухани жетілуін бірінші орынға қойыңыз. Әр адамға көмектесу үшін, не істей алатыныңызға мұқият болыңыз. Өз уақытыңыз бен ықыласыңызды аямаңыз.

Осы тілектердің әрқайсысында жалпы бір тақырып бар: өз өміріңізді айналаңыздағы адамдарға қызмет етуге арнаңыз. Егер сіз өзіңізді Көктегі Әкеміздің балаларына арнасаңыз, 23Ібілістің арбауы сіздің өміріңізден жойылады.

Өйткені, Көктегі Әкеміз бізді сондай сүйеді, сондықтан Иса Мәсіхтің Өтелуі бізге соншалықты күш-қуатын береді. Бұл ғажап емес пе? Сіздердің кейбіреулеріңіз теріс таңдаудың ауыртпалығынан өттіңіздер және сіздердің әрқайсысыңыз Иеміздің кешірім еткен күшінің берекесі мен қорғанын өткере алдыңыздар. Мен осыны өткердім және мен куәгерлік етемін, бұл күш әркім үшін, қол жетімді. Иса Мәсіхтің атына, әумин.