2010–2019
Аян жалғасуда
қазан 2014


Аян жалғасуда

Өмірлік ең маңызды сұрақтарға жауап алу үшін, адамзаттың пікірі мен қисынды ойы жеткіліксіз. Бізге Құдайдың аяны керек.

Менің бүгінгі үмітім, ол барлығымыз Құдайдың нұры мен сүйіспеншілігін сезіне алатындығымыз. Бүгін біздің сүйікті Көктегі Әкеміздің осы жеке өз басымызға қажет бүгінгі батасын осы күні көптеген айтылған сөзден сезіп отырсыздар.

Миссия Президенттері үшін, қүрестегі миссионерлерге қайтып дем бере аламыз деген, өтініп сұраған дұға болуы мүмкін. Әке мен ана үшін, әлемнің соғыстың кесірінен қираған жерінде сол отырған орнында қалудың немесе отбасын қауіпсіз жерге көшіру керектігін білу қажет болады. Жүздеген қазық президенттері мен епископтар өлген қойларын қайтып құтқарып алу керектігі туралы білу үшін, мінажат етуде бүгін. Пайғамбар үшін осы бей-берекет кезінде, шіркеуде ол Құдайдың қалауын біліп айтады.

Өмірлік ең маңызды сұрақтарға жауап алу үшін, адамзаттың пікірі мен қисынды ойы жеткіліксіз екенін біз жақсы білеміз. Бізге Құдайдың аяны керек. Күйзеліс кезінде бізге жалғыз аян емес, бізге жаңарып тұратын ағым керек болады. Бізге жалғыз шамның тұтану жарығы мен жайлылығы ғана емес, бізге Құдаймен жалғаса беретін байланыс қажет.

Шіркеудің болмысы шындықты білген баладан басталды. Жас Жозеф Смит өзінің қай шіркеуге қосыларын білген жоқ болатын. Сондықтан, Жақыптың кітабында айтылғандай, ол Құдайдан сұрады. Құдай Әке мен Оның Сүйікті Ұлы шағын орманда көрінді. Олар Жозеф іздеп таба алмаған сұраққа жауап берді.

Және Құдай оны Иса Мәсіхтің ақиқат Шіркеуін құруға шақырды және Құдайдың аяны үздіксіз жалғасын тауып, Киелі Рух арқылы билік қайта қалпына келтіріліп, оның қолына берілді.

Президент Бойд К. Пэкер шынайы Шіркеудің айрықша белгілері туралы айтты: «Шіркеуде аян жалғасуда; пайғамбар оны шіркеу үшін алады; Президент оның қазығы, миссиясы немесе оның кворумы үшін алады; епископ үлкен тармақ үшін; әке өз отбасы үшін; жеке өзі үшін алады».1

Бұл керемет аян барысы, біз жеке өзіміздің аянды алған сияқты басталады, аяқталады және жалғасады. Біздің үлгіге ұқсас Легийдің ұлы батыл Нефийді алыңыздар. Оның әкесі түс көреді. Нефийдің отбасы Легийдің түсін жанның қиналысы ретінде көреді. Ол түсте, Легийдің ұлдары қауіпті жағдайда Иерусалимге барып, Құдайдың сөзі жазылған тілімшелерді қайтарып алып, арман еткен жерге ала барулары керек деп, өсиет етілген болатын.

Нефийдің әкесі Иерусалимге оралуын сұраған кездегі Нефийдің айтқан батыл сөздерін жиі келтіреміз. Сіздер ол сөздерді білесіздер: «Мен барамын да, Құдайдың өсиет еткенін орындаймын».2

Легий, ұлы Нефийдің айтқан сөзін естіген кезде, «қатты қуанды».3 Оның қуанғаны, оның түсі Құдайдан келген шынайы байланыс екенін Нефийдің алған батасы куәгерлік етеді. Нефий: «Мен барып, әкемнің айтқанын жасаймын» деген жоқ. Ол: «Мен барып Құдайдың өсиет еткенін жасаймын» деді.

Сіздер Легий неге «қатты қуанғаны» туралы өз отбасыларыңыздағы тәжірибеден де, білесіздер. Ол Нефийдің аянды растағанын біліп, қуанды.

Көптеген ата-ана өзінің жасөспірім баласының үйге оралу уақытын белгілейді. Бірақ ата-ана баласының біреуі үйден бөлек кеткен кезде, тек өзіне ғана тәртіп орнатып қана қоймай, үйде үйреткендей, ол демалыс күнін сақтай білгенін де біліп, қуанады. Балада жалғасын тапқан ата-ананың аяны өзінің жеке аянында ұзаққа созылар әсерде қалады.

Менің анам аян ұстанымын білген болар. Жас жігіт ретінде мен үйге тым кеш келген кезде артқы есікті ақырындап жабатынмын. Өз бөлмеме өту үшін, мен анамның жатын бөлмесінінің қасынан ептеп жүріп өтуім керек болатынмын. Бірақ ақырын өтіп бара жатып, мен оның сәл ашық тұрған есігінің қасынан өте бара, оның; «Хал, бір сәтке кіріп кетші» деген өз атымды еститінмін.

Мен кіріп, төсектің бір бұрышына барып отыратынмын. Бөлме қараңғы болатын. Егер сіздер естісеңіздер, сіздер бұны тек жай ғана өмір туралы достық әңгіме деп, ойлар едіңіздер. Бірақ осы күнге дейін, сол күшті сезімде, мен өзімнің патриархалдық хатымды оқыған кезде, анамның айтқан сөзі ойыма қайтып оралады.

Менің сол түндері қайтып оралғанымды күтіп, ол өз мінажатында не сұрағанын білмеймін. Менің болжамым бойынша, менің қауіпсіз қайтып оралғаным болар. Бірақ, ол патриарх бата берер алдында жасайтындай, ол мінажат еткеніне мен сенімдімін. Ол оның сөздері алушыға оның емес, Құдайдың сөзі ретінде келгені туралы дұға қылады. Менің анамның мінажаттарының жауабы ретінде осы баталар менің басыма берілген. Міне анамның рухани әлемінде жүргеніне 40 жыл болды. Ол мінажат етіп сұрағандай Құдайдың өсиеттері мені қорғап, менің алған баталарым үшін қатты қуанғанына сенімдімін.

Мен қазық Президенттері мен Шіркеу епископтарының аянында кейбір ғажайыптар жалғасын тапқанын көрдім. Және, отбасы жетекшілердің аяны сияқты, аянның мағынасын растайтын аян алатын адамға байланысты.

Айдахода Титон бөгетінде 1976 жылы болған оқиғадан соң болған ғажайып аянды көрдім. Көпшілік сол оқиға туралы жақсы білесіздер. Бірақ сол кезде, қазық президенті арқылы жалғасын тапқан аян біздің барлығымызға батасын берді.

Мыңдаған адамның үйі судың астында қалып қойғандықтан көшірілген болатын. Көмек көрсету жұмысы сол жердегі фермер қазық президентіне жүктелді. Сол апаттан соң, мен Рикс мектебінің сыныбында болдым. Апат болған жердегі жетекші де, келіп жетті. Ол және оның негізгі көмекшілері, қазық президенті, епископтар мен кейбір басқа да дін жетекшілері үлкен бөлмеге келіп жиналды. Мен де сонда болдым, өйткені мен президент болған колледждің ғимаратында тірі қалған адамдар орналасқан болатын.

Кездесу басталған кезде, апат аймағының жетекшісі берілген билік дауысымен жасайтын нәрселердің тізімін айтып шықты. Тізімдегі әр бесінші немесе алты маңызды мақсатты тыңдаған соң, қазық президенті: «Біз ол істі тындырып қойдық» деп, жауап берді.

Біраз минуттан соң, апат аймағынан келген адам: «Менің ойымша, маған отырып, жай ғана қарап отыруым керек шығар» деді. Ол және оның көмекшілері, епископ пен ағалар президенттігінің кворумы, біз оны тындырып қойдық дегенді естіді. Олар өз жетекшілерінін соңынан еріп, қандай бағыт алғанын бейнелеп берді. Олар көптеген отбасыларды қираған үйдің астынан табу үшін, шабыт алғандары туралы айтты. Тым кеш еді. Олар өз сүйіспеншілігінен басқа жан толғанысын көрсетуге тым қатты шаршаған болатын.

Қазық президенті епископтарға бірнеше бағыт беріп, келесі жиналыстың таңертең ерте болатыны туралы жеткізді.

Келесі таңда апат аумағының жетекшісі жиналыс басталарға дейін 20 минут ерте келіп жетті. Мен жақын арада тұрдым. Ол қазық президентіне сыбырлап: «Президент, менің тобымдағы адамдар және мен не істей аламыз?» деп, айтқанын естідім.

Ол адам нені көрді, мен күллі әлем бойынша сынақ пен қиын кезеңдерді көрген болатынмын. Президент Пэкердің айтқаны дұрыс. Оларды олардың даналығында және мүмкіндігінде жоғары көтеру үшін, қазық президенттеріне аян келіп жалғасуда. Және одан басқа, президент растайтын куәгерлікті жүргізіп, оның жетекшілігі жетілмеген адамға Киелі Рух арқылы келеді.

Менің өмірімде жетекшілердің соңынан еру үшін шақырылып, бата алдым. Жас кезімде мен ағалар Президенттік кворумының кеңесшісі болып шақырылдым. Өз кезегінде мен Шіркеу Президенттігінің епископы мен Он екілік Апостолдар Кворумының мүшесі, екі Шіркеу Президентінің кеңесшісі ретінде екі аудан президенттігінің кеңесшісі едім. Оларға берілген аянды көріп, олардың соңынан еруге бекіндім.

Бұған біз ұзақ уақыт жүріп, оңайшылықпен келмейтін жеке куәгерлік. Құдайдан куәгерлерді алу мүмкіндігі үшін, Ие осы үлгіні берді. Бұл нұсқау, біз баршамыз істеуге міндетті, жеке өз аянын іздеген адамға беріледі.

«Әрдайым құрсағың барша адамға мейрімділікке, сенімге толы болсын, және ізгілігің тоқтаусыз ниетіңді безендірсін; содан соң сенің сенімділігің Құдайдың қасында күшейе түседі; әулиелік ілімі сенің жаныңа көктен шық тамшысы сияқты төгіледі.

«Киелі Рух әрдайым сені қолдап отырады».4

Осыдан баршамыз үшін кеңес беремін. Құдайдың пайғамбарынан келген сүйіспеншілікті алған сезімге жеңілтек қарамаңыздар. Шіркеудің қай жерінде болса да, сол уақыттағы пайғамбардың қайсысы болса да, шіркеу мүшелері сұрақ қояды, «Сіз Шіркеудің Бас орнына оралған кезде, өтінемін, пайғамбарға біз оны қаншалықты жақсы көретінімізді айтар ма едіңіз?»

Бұл батырға бас иіп немесе кейде батыр адамға қайран қалатын сезімнен де зор. Бұл Құдайдың берген сыйлығы. Ол Құдайдың пайғамбары ретінде өз орнынан сөйлеген кезде, оның көмегімен сіздер растайтын куәгерлікті жеңіл аласыздар. Оның өкілі болып табылатын адамға деген Иенің сүйіспеншілігін сезінесіздер.

Оны әрдайым сезіну оңай емес, өйткені Ие Өз пайғамбарларынан адамның қабыл алуға қиынға түсетін кеңесті беруді сұрайды. Біздің жанымыздың жауы Құдайдың пайғамбарының шақырылымына күмән тудыртып, өкпемізді білдіруге итеріп тырысады.

Иса Мәсіхтің адал шәкіртін қорғап қалу үшін бекітілген аян арқылы, Киелі Рух жүректі жүмсартып, әсер еткенін көрдім.

Пайғамбар мені қашық жердегі кішкене қаладағы адамға әулиелік бекітім күшін беру үшін жіберді. Үлкен Апостол, Құдайдың Петірге берілген киелі күшті кім ала алатындығын, тек қана әулиелік кілті бар Құдайдың пайғамбары ғана шеше алады. Мен тек қана Шіркеу Президентінің бұйрығымен ғана, басқа адамға бекітім жасау үшін, осындай билікті алған болатынмын.

Солт Лейк Ситидің қасындағы кішкене шіркеудің бөлмесінде, пайғамбар таңдаған адамның басына қолымды қойып, бекітім күшін бердім. Оның қолында жердің жұмысын жасаған қарапайым өмірлік белгілерін байқадым. Оның кішкентай әйелі қасында отырды. Оның да, жылдап ауыр жұмыс жасаған белгілері байқалды.

Мен пайғамбардың келтірілген сөздерін айттым. «Берілген өкілеттік пен жауапкершілікте» содан соң пайғамбардың атын атап, «Осы заманда, жер бетінде барлық кілттерге ие, қолымды қойып бекітім күшін беремін», және ол адамның атын атап, ол қызмет ететін ғибадатхананың атын айттым.

Оның беті көз жасына толды. Оның әйелінің де жылағанын көрдім. Мен олардың тынышталғанын күттім. Оның әйелі тұрып маған қарай жүрді. Ол жоғары маған қарап, жасқанып, бақытты болғанын және қапаланғанын айтты. Ол өзінің күйеуімен ғибадатханаға барғанды ұнататыны туралы айтты және енді, онымен бірге баралмайтынын да айтты, өйткені Құдай оны қасиетті іске таңдады деді. Сонда ол өз серіктесімен ғибадатханада болу үшін, оның сезімі талапқа толық жауап бермейтінін де айтты, өйткені ол не оқуды, не жазуды білмеген болатын.

Мен оған оның рухани күші кең болғандықтан оның күйеуі ғибадатханада оның серіктесі бола алатыны туралы сендірдім. Мен оған түсіндіруге тырысып, Құдай оған жерлік білімнен басқа нәрселерді ашқаны туралы айтып жеткіздім.

Оның сүйікті күйеуіне, Құдай Өзінің пайғамбары арқылы Рухани қабілеттілік беріп, құдайшыл сенім білдіргені туралы білді. Ол өз үшін, оның күйеуіне бекітім күшін берген адамды ешқашан көрмегенін және ол Құдайдың тірі пайғамбар екенін білді. Пайғамбар оның күйеуі туралы мінажат еткені туралы басқа тірі куәгерсіз де, білді. Құдай жауап бергенін өзі үшін білді.

Оның күйеуі жасайтын арнау рәсімдер адамдарды көктегі патшалықта мәңгілікке біріктіретінін білді. Ол өзінің ақыл ойында Құдайдың Петірге берген уәдесі әлі де, Шіркеуде жалғасын тауып жатқанын бекітті: «Жердегі байланыс көкте де жалғасады». 5 Ол оны Құдайдың берген аяны арқылы білді.

Енді бастапқы нүктеге оралайық. «Шіркеудегі аян жалғасуда; оны Шіркеу үшін пайғамбар алады; президент өзінің қазығы, миссиясы мен оның кворумы үшін алады; епископ үлкен тармақ үшін алады; әке өзінің отбасы үшін алады; өзінің жеке басы үшін алады» 6

Мен куәгерлік етемін, бұл шындық. Көктегі Әкеміз біздің мінажатымызды естиді, Ол бізді жақсы көреді және Ол біздің атымызды біледі, Иса Мәсіх Құдайдың Ұлы, Ол біздің Өтеуші. Ол сізді сіздің түсіну мүмкіндігіңіз үшін сүйеді.

Құдай Киелі рух арқылы Өз балаларына аянды төгеді. Ол осы күнгі Өзінің пайғамбары Томас С. Монсонға сөйлейді. Мен куәгерлік етемін, ол жер бетінде барлық әулиелік кілттерді ұстайды.

Сіздер осы конференцияда Құдай сөйлеуге шақырған адамдарға құлақ асқан сайын, сіздер аян бекітім алуларыңыз үшін, мен мінажат етемін. Сіздер отбасымен бірге бекітіліп, Оның ұдайы қасында болу үшін, үйге жетер өз жолыңызды табуыңыз керек. Иса Мәсіхтің қасиетті атына, әумин.