2010–2019
Ғибадатханалық баталар
сәуір 2015


Ғибадатханалық баталар

Біз ғибадатханаға барған кезде, бізге рухани өзгерістер мен тыныштық сезімі келуі мүмкін.

Менің сүйікті бауырларым мен әпкелерім, осы керемет Пасха күні біз әлемнің Құтқарушысын ойлаған күні сіздермен болғаным үшін, ризашылығымды білдіремін. Мен сіздерге өз сүйіспеншілігімді білдіремін және әрқайсысыңды құттықтай отырып, Көктегі Әке менің айтар сөздерімді рухтандыра көр деп, мінажат етемін.

Осы Конференцияда мен Шіркеу Президенті ретінде қолдау алғаныма жеті жыл өтті. Ол жылдар көптеген қиындықтарға да және көптеген баталарға да толы, жұмысы бастан асарлық жылдар болды. Сол баталардың арасындағы қасиетті көңіл сүйсіндірерліктің бірі, ол ғибадатханаларды ашу және кейбірін жөндеуден өткізу мүмкіндігі болды.

Жақын арада, осы өткен қараша айында, мен керемет жаңа Феникс Аризона Ғибадатханасын ашуға ерекше құқылы болдым. Мен Президент Дитер Ф. Ухтдорфпен, аға Даллин Х. Оукспен, аға Ричард Дж Майнеспен, аға Линн Г. Роббинспен және аға Кент Ф. Ричардтпен бірге болғаныма қуаныштымын. Ашылымға дейін ғажайып мәдениет кеші өтті, онда ғибадатханалық аумақтан келген біздің 4000 аса жастарымыз керемет орындауды көрсетті. Келесі күні ғибадатхананың ашылымы үш қасиетті және шабыттандырарлық сессияда өтті.

Шіркеу өсіп келе жатқанын ғибадатханалардың құрылысы анық куәгерлік етеді. Қазіргі уақытта бүкіл дүниежүзіндегі қолданыста 144 ғибадатхана бар, олардың ішінде 5-і жөндеуден өтті және тағы 13-ші құрылыс кезеңінде. Одан басқа, бұрында жария етілген 13 ғибадатхана құрылыс басталғанға дейін дайындықтың түрлі кезеңінде. Осы жылы біз 2 ғибадатхананы ашамыз деген ойдамыз және жоспар бойынша аяқталатын 5 ғибадатхананы ашамыз.

Соңғы екі жыл бойы біз бұрында жария еткен ғибадатханаларды аяқтау үшін, бар күшімізді жинақтадық және де, біз қосымша ғибадатханаларды салу жоспарын да қарастырдық. Осы таңда, алайда, Мен жаңа үш ғибадатхананы жария етуге қуаныштымын, олар Абиджан, Кот-Д’ивуар; Порт-о-Пренс, Гаити; және Бангкок пен Тайланд жерлерінде орналасатын болады. Шынымен, күллі дүние жүзінде ғибадатханалар орналсқан жердегі және осы жердегі біздің адал мүшелеріміз үшін, қанадай ғажайып бата.

Қосымша ғибадатханаларды тұрғызу үшін қажетті орындарды іздеу барысындамыз, өйткені біз барлық шіркеу мүшелері үлкен шығын шығарып, уақыт тапшылығын құрбан етпей ғибадатханаға бара алатындай барлық мүмкіндігі болғанын қалаймыз. Біз сіздерді былтырғы жылы сияқты, осы салада шешім қабылдаған кезде, сіздерді әрдайым хабардар етіп тұрамыз.

Мен ғибадатхананы ойлаған кезде, менің ойыма сол жерде алған көптеген баталар келеді. Біз ғибадатханаға кірген кезде, есіктің артында бізді алаңдатып, шатастырған дүниені қалдырамыз. Сол қасиетті ғибадатхананың ішінде, біз кереметті және реттікті табамыз. Ол жерде біздің жанымыз тыныштықты табады және біз пенделік өмірімізден де демаламыз.

Біз ғибадатханаға барған кезде, бізге рухани өзгерістер мен тыныштық сезімі келуі мүмкін, олар адамның жүрегіне келетін қандай да бір өзге сезімнен де басымды. Біз Құтқарушының: «Мен сендерге амандық пен тыныштықты сыйлаймын, Өзімнің тыныштығымды беремін ... сондықтан көңілдерің қобалжып, қорықпаңдар»1 деп, айтқан сөздің шынайы мағынасын түсінеміз.

Ондай тыныштық әркімнің жүрегіне енуі мүмкін, - ол бақытсыздық көрген жүрек, ауыртпалық түскен жүрек, шатасқан сезімдегі жүрек, көмекке мұқтаж жүрек.

Жақын арада ғибадатханаға барып, шын жүректен көмек сұраған бір жас жігіт туралы білдім. Бірнеше ай бұрын ол Оңтүстік Африкадағы миссияда қызмет ету үшін шақырылған болатын. Бірақ оның визасы ұзақ уақытқа кейін қалдырылған соң, ол Құрама штатында қызмет етуге ауыстырылған болатын. Ол бірінші шақырылған жерінде қызмет ете алмағаны үшін уайымдаса да, жаңа орында шамасы келгенше өз міндетін жақсы атқаруға тырысты. Ол Інжілмен бөліскеннің орнына тек уақытты жақсы өткізгісі келген қасындағы миссионерлердің қылығынан көңілі қалады.

Бірнеше ай өтісімен, сол жас жігіттің денсаулығы нашарлай түсіп жартылай сал болып қалады, сондықтан емделу үшін оны үйіне қайтарады.

Бірнеше ай өтіп, жас жігіт өзінің сал ауыруынан толық емделіп шығады. Оған қайтадан миссияда қызмет ете аласың деп хабардар етеді, сол үшін ол күнде мінажат еткен болатын. Бірақ ең жағымсыз жаңалықтың бірі, ол қасындағы миссионерлердің жақсы үлгілі жағынан көре, олардың жайсыз қылығы мен қарым-қатынасын көрген, өзі қызмет еткен жеріне қайтып оралатын болды.

Ол ғибадатханаға келіп, миссионер ретінде жақсы тәжірибе жинау мүмкіндігі болар деген үмітте құптау іздеп келеді. Оның ата-анасы да баласына уайымдап, оған қолдау көрсетіп ғибадатханада мінажат етеді.

Жас жігіт келесі сессияның Целестиал бөлмесіне кірісімен, орындыққа отырып Көктегі Әкенің жетекшілігін іздей, мінажат етеді.

Сәл кешірек сол Целестиал бөлмесіне басқа жас жігіт кіреді, оның аты Лондон. Кірісімен, ол орындықта қөзін жұмып, мінажат етіп отырғанға ұқсас, жас жігітке назарын аударады. Лондонға ол жігітпен сөйлесуім керек деген мүлтіксіз сезім келеді. Оның тыныштығын бөлгісі келмей, күте тұруды ұйғарады. Біраз уақыт өтеді, бірақ жас жігіт мінажатын тоқтатпайды. Лондон бұдан әрі күте алмады. Ол жас жігітке жақындап, ақырын оның иығынан түртеді. Жас жігіттің тыныштығы бұзылып, шошына көзін ашады. Лондон оған сыбырлап: «Сенімен сөйлесуім керектігін қатты сезіндім, неге екенін өзім де білмеймін» дейді.

Олар әңгімелескен кезде, сол жас жігіт өзінің миссиясына қандай да бір жұбаныш немесе көңілін көтеретін қолдау алармын деген үмітте, өзінің жағдайын түсіндіріп бар жанын Лондонға төгіп салады. Лондон сәтті миссиядан бір жыл бұрын оралған болатын, ол оған миссиядағы өз тәжірибесімен бөлісіп, онда кездестірген қиындықтар мен өзгерістерді келтіріп, Құдайға мінажат етіп, Оның қолдауы мен батасын қалай алғанын айтады. Оның айтқан сөздері жас жігітті жұбатып үміттендірді және оның миссиядағы жігерлігі өз әсерін береді. Ақырында, жас жігіттің қорқыныш сезімі тарап, тыныштық сезімі келеді. Оның мінажатына жауап келгенін түсініп, ол іштей ризашылығын білдіреді.

Екі жас жігіт бірге отырып мінажат етеді, содан соң Лондон оған келген рухтандыру сезімін естігені үшін қуанып, кетуге дайындалады. Ол орнынан тұрған кезде, жас жігіт одан, миссиядағы қызметіңді қай жерде атқардың деп, сұрайды. Сол сәтке дейін олар бір-бірінің миссияда қызмет еткен жерін атамапты. Лондон оған жауап беріп, қай жерде қызмет еткенін айтқан кезде, жас жігіттің көзіне жас келеді. Лондон сол жас жігіт қайтып оралатын жердегі миссияда қызмет еткен екен.

Жуырдағы, Лондонның маған жіберген хатында: «Көктегі Әкенің батасы келетініне мен сендім, бірақ маған көмек ретінде менің миссиямда қызмет еткен адамды жібереді деп, ешқашан ойламаппын. Мен білемін, енді барлығы жақсы болады»2 деген сол жігіттің айтқан сөзімен бөлісті. Оның шын жүректен мойынсұнып айтқан мінажатына жауап келді.

Менің бауырларым мен әпкелерім, біздің өмірде арбаулар жеткілікті, бізде сынақтар да өзгерістер де болады. Біз ғибадатханада болып, өсиеттерді ұстанып орындаған кезде, біздің қабілеттігіміз арта түседі сонда біз арбауларды жеңіп, қиындықтарды бастан кешіре аламыз.

Ғибадатханалық баталарға еш баға жетпейді. Мен өмірімде күнде ризашылығымды білдіретін бір нәрсе, ол менің сүйікті әйелім, Фрэнсис екеуіміз қасиетті мехраптың алдында тізерлеп тұрып, мәңгілік бірге болу үшін өсиетті орындаған күн. Онда менің әйелім екеуіміз қайта қауышатынымызды білемін, ол маған тыныштық пен жайлылық береді және мен үшін одан да қымбат бата жоқ.

Біз ғибадатханада рухани мойынсұнуымыз үшін, біз өсиеттерді сақтап өмір сүруіміз үшін, біздің Ие және Құтқарушы, Иса Мәсіхтің соңынан еруіміз үшін, біздің Көктегі Әкеміз батасын берсін. Ол Құдайдың Ұлы. Ол барлық балалары үшін, өзімен бірге мәңгілік өмірдің сыйлығын алып, Пасханың бірінші күні көрден шықты. Осы керемет күні, біз баршамыз осы ұлы күнді тойлаған кезде, біз Оның бізге жасаған ұлы да ғажайып сыйлықтары үшін мадақтап, мінажатымызда ризашылығымызды білдіре аламыз. Бұл солай болуы мүмкін, Мен басымды иіп, Оның қасиетті атына мінажат етемін, әумин.

Сілтемелер

  1. Жохан 14:27.

  2. Хат-хабары Томас С. Монсонның жеке меншігінде.