2010–2019
Бұл сен үшін әлі де керемет пе?
сәуір 2015


Бұл сен үшін әлі де керемет пе?

Інжілдің ғажайыптарына таңдану сенімнің белгісі. Ол біздің өміріміз бен айналамыздағының барлығында Иенің қолын тану болып табылады.

Менің әйелім екеуіміз керемет Париж қаласының қасында бақытты ғұмыр кешіп, бес баланы тәрбиелеп жеткіздік. Сол жылдары біз оларға осы әлемнің керемет нәрселерінің молшылығын мүмкіндігінше, өз көздерімен көргенін қаладық. Әр жазғы мерзімде, Еуропаның белгілі тарихи жерлерін көру үшін, отбасымызбен бірге ұзақ сапарға шығатынбыз. Ақырында, Париж ауданында 22 жыл тұрған соң, біз көшуге даяр болдық. Менің балаларым маған келіп; «Әке, бұл тіпті ұят! Біз өмір бойы осы жерде тұрып, бірде-бір рет Ейфел мұнарасында болып көрмеппіз» деп, айтқан сол күн әлі де, есімде.

Бұл әлем ғажайыптарға толы. Соған қарамастан, кейде олар біздің көзімізге жиі түсетін болғандықтан, оған біз мән беруді қоямыз. Біз қарап тұрып, көрмейміз; естіп тұрып, шынымен тыңдамаймыз.

Мәсіх жер бетіндегі қызметінде, Өз шәкірттеріне айтқан сөзі;

«Сендер көріп жүрген керемет нәрселерді көріп жүргендерің үшін бақыттысыңдар:

«Сендерге айтамын: көптеген пайғамбарлар мен патшалар сендердің көріп жүргендеріңді көргілері келеді, бірақ көре алмады, сендер естіп жүрген сөздерді естігілері келді, бірақ ести алмады».1

Егер біз Құтқарушының заманында өмір сүрген болсақ, не болар еді деген сұрақты жиі қоямын. Сіз өзіңізді Оның аяғының қасында отырғаныңызды елестете аласыз ба? Оның құшағын сезініп? Оның басқа адамдарға істеген қызметінің куәгері болып? Сонда да, Оны кездестірген көптеген адам, олардың арасында Құдайдың Ұлы өмір сүргенін – «көре тұра» - мойындағысы келмейді.

Біздің де, ерекше уақытта өмір сүру мүмкіндігіміз болды. Көне заманның пайғамбарлары қайта қалпына келтіру жұмысын көрді «керемет жұмыс ..., иә керемет және ғажайып жұмыс».2Алғашқы құрылым болмай тұрып, көптеген миссионерлер шақырылды, сондықтан көптеген елдің есігі ашылып, дүниежүзінде көптеген ғибадатханалар тұрғызылды.

Соңғы Замандағы Әулиелер ретінде, біздің өміріміз де ғажайыптарға толы. Ол жеке өз басымыздың өзгерістері мен біздің мінажатымызға келген жауаптар және күн сайын бізге аққан судай келіп жатқан Құдайдың берген баталары.

Інжілдің ғажайыптарына таңдану, ол сенімнің белгісі. Ол біздің өміріміз бен айналамыздағының барлығында Иенің қолын тану болып табылады. Біздің таңдануымыз рухани күшпен де қамтиды. Біз өз сенімімізге адал болып, құтқарылу жұмысындағы борышымызды орындауымыз үшін, күш-қуат береді.

Бірақ абай болайық. Біздің таңдану қабілетіміз тым осал. Ұзақ уақыттың болашағында, өсиеттерді немқұрайлы ұстанып, енжарлық танытып немесе шаршаған болсақ, ол Інжілдің керемет ғажайыптарын, тіпті көптеген белгілерін көру сезімін төмендетеді.

Мормон кітабында біздің уақытқа ұқсас мерзім келтірілген, онда Мессейдің Америка континентіне келетіні туралы алдын ала айтылған. Аяқ асты Оның туылуы туралы белгілер көкте пайда болды. Адамдар соншалықты таңдана оны түсініп, бойсұнды және көпшілік өзгерді. Дегенмен, аз дегенде төрт жыл өтіп, «адамдар естіген сол белгілер мен ғажайыптарды ұмыта бастады және олардың көктен келген қандай да бір белгілер мен ғажайыптарға деген таңдануы төмендей түсті ... сонда олар айналасында көргеннің, естігеннің барлығына сене бастады».3

Менің бауырларым мен әпкелерім, Інжіл әлі де сіздер үшін керемет пе? Сіздер әлі де көріп, естіп, сезіп және таңдана аласыздар ма? Әлде, сіздердің рухани құрылғыларыңыз күтім мерзіміне көшті ме? Біздің жеке басымыздың жағдайына қарамастан, біз ақылға сай үш нәрсені істеуге тиістіміз.

Біріншіден, ешқашан шаршамай Інжілдің ақиқатын жаңадан ашу. Жазушы Марсел Пруст: «жаңа есіктің жолы жаңа көріністі іздеп табуда емес, жаңа көзқараста»4 деген. Сіздің бірінші рет киелі жазбадағы өлеңді оқып, Иенің жеке өзіңізбен сөйлескен сезім сәттері есіңізде ме? Сіз Киелі Рухтың келген тәтті әсерін, мүмкін, Киелі Рух екенін түсінер алдындағы сезімді есіңізге түсіре аласыз ба? Қасиетті, арнайы сәттер міне, осы емес пе?

Біз әрдайым рухани білімнен кейін нәр татпай, аңсауымыз керек. Ол жеке өз тәжірибеңізден табылған білім, медитациялау мен мінажат. Кейде бізге: «Маған бүгін киелі жазбаларды оқудың керегі жоқ; «Мен оны бұрында оқыдым» немесе «Маған бүгін Шіркеуге барудың керегі жоқ; онда ешқандай жаңалық жоқ» деген ой келеді.

Бірақ Інжіл, ол аққан судың біліміндей ешқашан таусылмайды. Онда әр жексенбі сайын, әр жиналыста, әр киелі жазбаның өлеңінде бір нәрсені әрдайым жаңадан танып білесіз. Сенімде біз уәдемізде тұрып, егер «іздесек, сонда табамыз».5

Екіншіден, өз сенімімізде Інжілдің түсінікті және қарапайым ақиқаттарын бекіту. Біздің таңдануымыз біздің сеніміміз негізгі ұстанымдарында, біздің өсиеттер мен арнау рәсімдердің тазалығында және біздің ең қарапайым мойынсұну ісіміздің негізінде кұрылуы тиіс.

Бір миссионер әпке Африкада өткен аумақ конференциясында кездестірген үш ер адамның оқиғасын айтып берді. Олар Шіркеу орнатылмаған, бірақ 15 адал мүшесі және шамамен 20 ерушілері бар алыс қашықтағы ауылдан келген болатын. Екі апта бойы сол адамдар, сол кездегі жаңбырлы балшық жолды кешіп, 300 шақырым (480 км) жерді жаяу жүріп келді, солай, олар конференцияда қатысып, сол жердегі адамдардың ондығын алып келе алды. Олар келесі демалыстың діни анты жиналысына қатысу мүмкіндігін пайдалану үшін, бір апта бойы қалуды жоспарлап, қайтар кезде өз ауылындағы адамдарға Мормон кітабын беру үшін, олар кітапқа толған жәшіктерді бастарына қойып, алып қайтамыз деп үміттенді.

Миссионер куәгерлігінде, ол үшін әрдайым қол жетімді болған затты алу үшін, сол бауырларымыз шынайы құрбандыққа барғандығы, оны шын жүректен таңқалдырды.

Оны қызықтырғаны: «Егер мен Аризона штатында жексенбінің таңында тұрып, көлігім жүрмей қалса, мен Шіркеуге тек бірнеше үйден өтсем болды Шіркеуге жетер емес пе едім? Немесе ол үйімнен алыс орналасқан себептен немесе далада жаңбыр жауғанның кесірінен үйде қалып қояр ма едім?»6 Бұл ойланарлықтай, әркімге қойылатын жақсы сұрақ.

Соңында, Киелі Рухпен қарым-қатынас іздеп, қастерлеңдер деп шақырамын. Көптеген білім мен Інжілдің ғажайыптары біздің табиғи сезімімізде қабылдануы мүмкін емес. Олар «көз көріп, құлақ естімеген, адам ойына ешқашан келмеген игіліктерді Құдай Өзін сүйетіндерге дайындап қойған»7нәрсе болып табылады.

Біздің рухани күйде, біздің рухани сезіміміз бен есіміз ынтыға бастайды, сондықтан, өзіміз куә болған ғажайыптар есімізде сақталып қалады. Мүмкін, соны білгендіктен Иса оларды қалдырып кеткісі келген шығар. Оның Нефайлық шәкірттері жан тәнімен мінажат етіп, «олар көптен бірді қалады; иә олар Киелі Рухтың келгенін қалады».8

Олар Құтқарушыны өз көздерімен көріп, Оның жарасын өз қолдарымен ұстап көрсе де, Құдай Рухының күші әрдайым жаңарып тұрмаса, олардың куәгерлігі төмендей түсетінін білді. Менің бауырларым мен әпкелерім, ешқашан ештеңе жасамай, сіздер сол қымбатты да ғажайып сыйлықты – Киелі Рухтың серіктестігін жоғалтып алуларыңыз мүмкін. Оны шын жүректен мінажат етіп, адал өмір сүріп, іздеп табасыңдар.

Мен куәгерлік етемін, біз жасап жатқан жұмыс «ұлы да ғажайып». Біз Иса Мәсіхтің соңынан ерген кезде, Құдай Өзінің құдіретін көрсетіп, «түрлі таңғаларлық кереметтер мен ғажайып істер жасау арқылы және Киелі Рухтың өз еркіне сай әркімге үлестіріп берген түрлі рухани қабілеттілік арқылы да, осы Ізгі хабарды»9 растады. Осы ерекше күні, мен куәгерлік етемін, Інжілдің ғажайыптары мен таңқаларлық кереметтер, ол Құдайдың берген сыйлықтарының арасындағы ұлы сыйлық – Құтқарушының Өтелуі. Ол сүйіспеншіліктің керемет сыйлығы, Әке мен Ұл бір мақсатта бірігіп, әрқайсысымызға ұсынды. Сенің қасыңда «мен тұрып, Мәісіхтің маған ұсынған сүйіспеншілігіне таңдана, ... О, бұл керемет, мен үшін керемет!»10

Бізде әрдайым көретін көз, еститін құлақ Інжілдің керемет ғажайыптарын қабыл алатын жүректің болуы үшін, Иса Мәсіхтің атына мінажат етемін, әумин.