2010–2019
Сенімге оралу
сәуір 2015


Сенімге оралу

Әр адам өзінің өмірлік жолында, Иса Мәсіхке деген сенімін арттырып, қуанышқа ие бола алады.

Осы Пасхалық таңда, Президент Монсон, біз тірі Пайғамбардың дауысын естігеніміз үшін, ризашылығымызды білдіреміз. Біз сіздің айтқан сөздеріңіз бен кеңесіңізді қатты бағалаймыз: «Жолыңда бақыт ізде»1 және «Болашақ сенің сенімің сияқты жарқын». 2

Осы жылы Бастапқы қоғамның балалары қуаныш пен Иса Мәсіхке деген жарқын сенімін, «Мен білемін Ол мені сүйеді» атты әнді айтып бөлісті. Олар ақиқат әнін айтып: «Мен білемін менің Құтқарушым тірі!» ... Менің жүрегім Онымен бірге».3 Бастапқы қоғамның балалары сияқты әр адам өзінің өмірлік жолында, Иса Мәсіхке деген сенімін арттырып, қуанышқа ие бола алады.

Жақын арада жексенбіде болған Мейірімділік қоғамының жиналысында, жас ана өзінің өмірлік жолында болған өзгерістерді айтып, бөлісті. Ол ата-анасының тәрбиесінде Інжіл тәлімін алып, Шіркеуде өсті. Ол Бастапқы қоғам мен Жас әйелдер қоғам ортасында болып, семинарға қатысты. Ол ақиқатты ашып, оқығанды жақсы көрді. Ол неге деген сұрақтың жауабын білгісі келіп, үнемі сол талпыныстың жолында болды. Аға Рассел М. Нелсон: «Ие тек іздеу жолындағыны оқыта алады» 4деген. Солай жас әйел оқу жолын кезді.

Мектепті аяқтап, ол Университетке түседі және миссиядан қайтып оралған соң Ғибадатханада бекітім алып, тамаша балаларды өмірге әкеледі.

Рухани іздеуде, сол ана өз сұрақтарына жауап іздеуді жалғастырады. Бірақ сұрақтар өскен сайын жауап та өседі. Кейде ешқандай жауап келмейтін – немесе тыныштық беретін де жауап келмейтін. Түбінде, ол жауап іздеген сайын, сұрақтар да көбейе бастады, сонда ол сенімнің негізін құрайтын сұрақтарға жауап іздей бастайды.

Осы қиын кезеңде оның айналасындағы біреу, «Жай менің сеніміме арқа сүйе» деді. Бірақ ол, «Болмайды. Сендер түсінбейсіңдер; сендер сол қиындықтармен күреспейсіңдер» деп ойлайды. «Әрине, мен мейірімді болуды жалғастырамын, егер олар маған деген мейірімділігін жалғастыратын болса» деп, түсіндірді. Иә, көпшіліктің істегенін.

Менің ата-анам менің жүрегімдегіні білетін және олар маған уақыт берді. Мен өз өмірімді түсінуге тырысқанда, олар мені жақсы көрді. Сол жас ананың епископы онымен жиі кездесіп, оның адал жан екенін айтады.

Ол өзін мүшелікте сезінуі үшін, тармақ мүшелері де өздерінің сүйіспеншілігін аямады. Оның тармағы тек жетілген адамды қабылдайтын орны емес, ол тәрбие орны.

«Бұл қызық болды» деп, есіне түсірді ол. «Сол уақытта мен дүние салған апам мен атаммен шынайы байланысты сездім. Олар мені қолдап, тырысуды жалғастыр деп, итермеледі. Олардың маған: «Назарыңды білетініңе аудар» деп, айтқанын сездім.

Қоғамның қолдауына қарамастан оның белсенділігі төмендей түседі. Ол: «Мен өзімді, менің тәрбием не рухани енжарлығым үшін немесе өсиетте өмір сүрмеу үшін, немесе басқа да сылтау іздеп, не жеңіл жолды іздей, Шіркеуден бөлген емеспін» деді. Мен «Мен шынымен неге сенемін?» деген сұрақтың жауабын қажет еткенімді сездім.

Шамамен сол уақытта, ол соның сезіміне ұқсас сезімді өткерген Тереза ананың шығармасын оқыған болатын. 1953 жылы Тереза ана: «Өтінемін, Оның жұмысына қырсығым тимеу үшін, және Иенің Өз қолдауын алатындай, мен үшін арнайы мінажат етулеріңді сұраймын – әлде барлығы өлгенге ұқсас, менің ішімде сұмдық қара түнек бар. Ол шамамен мен «жұмысты» бастағалы бері көбіне осы айтылғанға ұқсас болатын. Иемізден маған батылдық бер деп, сұраңдар» деп жазған болатын.

Архиепископ Периенің жауабы: «Қымбатты ана, Құдай сізді жетелейді; сендер ойлағандай қара түнекте көп уақыт болмайсыңдар. Алған сапар әрдайым түсінікті бола бермейді. Жарық болсын деп дұға қылыңдар, тез шешім қабылдамаңдар, басқа адамдардың айтқанына құлақ салыңдар, себептерін қарастырыңдар. Сендер әрдайым көмек болар бір нәрсені табасыңдар. ... Сеніммен, мінажатпен және сендерге жеткілікті адал ниетпен жетекшілік ету» деп жазған.5

Менің досым, егер Тереза ана өз дінінде барлық сұрақтарына жауапсыз қалып, барлық заттардың анығына жетпеген сезімінде өмір сүрген болса, мүмкін мен де өмір сүре алармын деп, ішінен ойлады. Ол сенімге деген қарапайым қадам басып – келесі қадамға көше алды. Ол ақиқатқа өз назарын аударып, сенім артты және сол ақиқат оның жүрегі мен ақыл-ойын толтырды.

Қайта оралып, ол, «Менің куәгерлігім бір үйін күлге айналды. Ол жанып кетті. Бар қалғаны, ол Иса Мәсіх». Ол сөзін жалғастырып, «Бірақ, сіздерде сұрақ пайда болған кезде, Ол сіздерді қалдырып кетпейді. Өсиет сақтаған әр адамға есік әрдайым ашық. Мінажат етіп, Киелі жазбаларды танып білу маңызды орынды алды» деді.

Ол өз сенімін қалпына келтіру үшін, Інжілдің негізгі ақиқатынан бастады. Ол бастапқы қоғамға арналған ән кітабын сатып алып, өлеңнің сөздерін оқи бастады. Ол үшін олар қымбат қазынаға айналды. Қиындықты көтеріп өту үшін, ол мінажат етті.

Оның білгені, оның жүрегіне күмән келіп, берілгенге қарсы шыққан кезде, ол «өзін тоқтата алып, суретті толығымен көз алдына келтіріп, Інжілге бет бұрды». Оның айтқаны, Мен «Осы алған жол маған және менің отбасыма дұрыс па?» деп, сұрақ қояр едім деді. Кейде мен «Мен балаларыма нені тілер едім?» деп, өзіме сұрақ қоямын. Мен түсінгенім, олар Ғибадатханада үйленіп бекітім алғанын тілеймін. Сол кезде менің сенімім жүрегіме қайтып оралды.»

Аға Джеффри Р. Холланд: «Бой ұсынушылық, сенім мен Киелі рухтың әсері әрдайым әр ақиқаттың іздеуіндегі жүйе болып табылады» 6деген.

Оның Мормон кітабы қалай пайда болды деген сұрағы болса да, ол ақиқатты теріске шығара алмады, ол Мормон кітабын жақсы танитын. Ол Құтқарушыны жақсы танып білу үшін, өз назарын Жаңа Өсиетті оқып шығуға аударды. Бірақ «түбінде», ол «Мен Мормон кітабына қайтып оралдым, өйткені мен Иса Мәсіх және Оның Өтелуі туралы оқыған кезде, сүйіспеншілікті сезіндім» деді.

Ол қорытындай келе, «Осы кітаптың ақиқатында сіздің жеке өз басыңыздың рухани тәжірибесі болуы керек», ол оны өз басынан өткерді. Ол: «Мен Мозаяны оқыған кезде, ол мені бағытқа салғанын сездім. «Құдайға сеніңіздер; Ол күллі дүниені жаратты және Ол тірі, осыған сеніңіздер ...  ; Ол барлық нәрседе даналы және көк пен жерде де, Оның күші бірдей; сеніңіздер, Иеге белгілінің барлығы адамға белгілі болуы мүмкін емес 7».

Шамамен осы уақытта ол Бастапқы қоғамның пианиношы қызметін атқаруға шақырылды. «Бұл маған жарады» деді ол. «Мен балаларымның осы Бастапқы қоғамда болғанын қалаймын және менің солардың қасында болғаным қажет. Мен әлі оқытуға дайын емес едім». Ол қызмет етті, ол айналасындағы адамдардан: «Келіңіз, қандай жағдайды кешіп жатқаныңызға қарамастан біз сізді күтіп аламыз. Бізге ұсынарыңыз болса, барлығын қабыл аламыз» деп, айналасындағы адамдардың қолдауын сезіп жүрді.

Бастапқы қоғамда пианинода өлеңдерді ойнап, ол жиі өз ішінде ойға салынып: «Міне осы шындықтарды мен жақсы көремін. Мен әлі де куәгерлік ете аламын. Мен өзім білетін жай ғана қарапайым заттарды айтамын және сенім артамын. Бұл жеткілікті білім болуы мүмкін емес, бірақ бұл менің жасаған құрбандығым болсын. Мен өзімнің ішкі дүниемді жетіліп өсу бағытына салдым. Бұл Інжілдің негізіне қайтып оралып, анық сезімінде болу тамаша сезім».

Осы жексенбілік таңда, осы жас әпкенің бөліскен оқиғасын естіген кезде, мен іргетасты біздің Өтелушінің тасында қалап тұрғызуымыз керек деген сөздерін есіме түсірдім. 8 Мен тағы, біздің аға Джеффри Р. Холландтың айтқан: «Білетін біліміңе мықты бол және қосымша білімді алғанға дейін, білгеніңе бекем бол». 9 деген сөздерін де, есіме түсірдім.

Ол сабақ өтіп жатқан кезде, менің білгенім, біз шынайы бар ықыласымызбен ұмтылып, өсиетте өмір сүретін болсақ, біздің шын жүректен шыққан сұрағымызға берілген қызу жауаптарды біле аламыз. Біздің сенім ағымдағы себептің шегінен шығып кетуі мүмкін екенін еске салды.

Иә, аһ, осы жас ананың айналасында болып, сүйіспеншілік танытып, қолдау көрсете білген адамдарға лайық болғым келеді. Президент Дитер Ф. Ухтдорф айтқан: «Біздің баршамыз Құдайдың жарығын іздеген қажылықтағы адамдармыз, біз саяхат жолындағы оқушылықтамыз. Біз шамалы жарыққа ие немесе жарығы жоқ басқа адамдарды сынға алмаймыз, керісінше, жарқын және нақты жарық пен ақиқат өніп өскенше, оған барлық жарықты беріп, ынталандыра күтеміз». 10

Бастапқы қоғамның балалары «Сәби мінажаты» әнін айтқан кезде, олар «Көктегі Әке сен шынымен сондасың ба? Сен шынымен әр сәбидің мінажатын естіп, жауап бересің бе?» 11 деп, сұрақ қояды.

Біз де сол сұрақты қоя аламыз: «Расында, Көктегі Әке шынайы бар ма?» деп, тек қуанып – менің досым істеген сияқты – жауаптар жайлап, қарапайым сенімдікте келеді. Мен куәгерлік етемін, Оның еркі біздің еркімізге айналған кезде, осы қарапайым сенімдер келеді. Мен куәгерлік етемін, ақиқат жер бетінде бүгін және Оның Інжілі Иса Мәсіхтің Соңғы Замандағы Әулиелер Шіркеуінде. Иса Мәсіхтің атына айтамын, әумин.

Сілтемелер

  1. Томас С. Монсон, «Сапарда қуаныш іздеу», Белгі немесе Лиахона, Қар. 2008, 85.

  2. Томас С. Монсон, «Жақсы көңіл күйде болу» Белгі немесе Лиахона, Maм 2009, 92.

  3. «Мен білемін Менің Құтқарушым Мені Сүйеді»Мен білемін Менің Құтқарушым Тірі: 2015 Бөлісетін уақыт (2014), 29.

  4. Рассел M. Нелсон, M. Рассел Баллардтың, “Киртландтан келген не” (Бригам Янг Университетінде өткен кеш, Қар. 6, 1994); speeches.byu.edu.

  5. Тереза ана: Кел маған жарық; Сен Калкуттаның жеке жазбалары, ed. Брайан Колодехчек (2007), 149–50; тыныс белгілері.

  6. Джеффри Р. Холланд, «Қорықпау, тек Сену» (Аға Джеффри Р. Холландпен өткізген кеш, Ақп. 6, 2015); lds.org/broadcasts.

  7. Moзая 4:9.

  8. Геләман 5:12 қара.

  9. Джеффри Р. Холланд, «Ие, Мен сенемін», Белгі немесе Лиахона, Maм 2013, 94.

  10. Дитер Ф. Ухтдорф, «Жарық пен Ақиқат куәгерлігін қабылдау»,” Белгі немесе Лиахона, Қар. 2014, 22.

  11. «Сәби мінажаты», Балалардың ән кітабы, 12.