2010–2019
Иені іздеуде
сәуір 2015


Иені іздеуде

Біздің Құтқарушы туралы түсінігімізді тереңдеткен сайын, қуанышты өмір сүруді қалаймыз және қуанышта болу мүмкін екеніндігіне көзімізді жеткізе аламыз.

Менің құрметті бауырларым мен әпкелерім, мен осы жерде сіздердің алдарыңызда тұрып, осы Бас Конференцияда бірге болғанымыз үлкен қуаныш. Осы Бас Конференциядағы даналы сөздер мен кеңесті, жайлылық пен ескертулерді тыңдап, жылдар бойы Тейшер әпке мен біздің отбасымыз және мен шексіз батаға ие болдық.

Осы арнайы мерзім жылында, әсіресе осы Пасхалық демалыс күні, мен көмектесе алмаймын, бірақ Құтқарушы берген ілімдердің маңыздылығы мен Оның ізігілігі мен сүйіспеншілігі туралы ойлануға шақырамын.

Иса Мәсіхті терең танып білу біздің болашаққа үлкен үміт береді және біздің жетілмеген күйімізге қарамастан адал мақсатымызға жету үшін сенім арттырады. Бұл бізге тағы өз жақындарымызға қызмет етуге ынталандырады.

Иенің айтқаны: «Мені әрдайым өз ойыңнан ізде; күмәнің болмасын, қорықпа».1 Иені іздеп, күнделікті іздеудегі Оны сезіну, күш салуға тұрарлық.

Бауырлар мен әпкелер, қандай да бір басқа күнге қарағанда, бүгінгі күні Иса Мәсіхтің ілімдерін және Оның Өтелуін терең танып білуіміз үшін, біздің қолымыздағы ерекше мүмкіндіктер мен қорлар жеткілікті. Осы қорларды тиісті түрде пайдаланатын болсақ, бұл бізге қуанышқа толы құнарлы өмірде өмір сүруге көмектеседі.

Құтқарушы жүзім шағыны мен бұтақ туралы сөздерінде, Оның айтқаны: «Менімен тығыз байланыста тұрыңдар, сонда Мен өздеріңмен тығыз байланыста тұрамын. Сабақ өздігінен емес, тек бұтасымен байланыста тұрса ғана жеміс бере алады. Сол секілді сендер де, Менімен тығыз байланыста тұрмасаңдар, рухани өнім бере алмайсыңдар». 2

Біздің өмірде Мәсіхтің ерекше рөлін түсінген сайын біз қуанышқа бөлену үшін, осы жердегі пенделік өмірдегі мақсатымызға сана сезіммен келеміз. Бұл қуаныш бізге қиындықтар мен сынақтардан өтуге кедергі емес, кейбірі тіпті қиын да үлкен және солардың барлығы бізді, бұл жағдайда бақытты болу мүмкін емес, деген ойға әкеледі.

Мен жеке өзімнің тәжірибемнен білемін, пенделік өмірдегі қиындықтарға қарамастан, адал өмірдегі қуаныш пен Мәсіхтің жолындағы өмір өз жалғасын табады. Түбінде, сол қиындықтар бізді жетілдіріп, Иса Мәсіхтің Өтелуін және біздің осы жер бетіндегі тіршілікті терең түсінуге бағыттап отырады. Расында, толық қуанышқа Иса Мәсіх арқылы ғана жете аламыз. 3

Ол: «Мен «бұтамын», ал сендер «сабақтарымсыңдар» Менімен тығыз байланыстағылармен Өзім де тығыз байланыста тұрамын, сонда олар мол өнім бермек. Ал менен бөлініп сендер ешбір игілік істей алмайсыңдар» деді.4

Мен сенемін, Құтқарушы туралы түсінігіміз тереңдеген сайын, біз қуанышты өмір сүруге бар ынтамызды салып ұмтыламыз және қуанышты болу мүмкін екедігіне көзімізді жеткіземіз. Демек, қиын жағдайға қарамастан біз күнделікті өмірде Құдайдың берген өсиеттерін сақтай отырып, өмірді белсенді кешіп өту мүмкіндігіміз өседі.

Бүгін бітірер істі ертеңге қалдырмай істейік. Біз қазір Мәсіхке келуіміз керек, өйткені «біз Оған сенетін болсақ, біз бүгін аталған күні еңбек етеміз.5

Біз күнделікті Мәсіхтің ілімдерімен байланысты жиі қарастыруымыз керек. Кішігірім және қарапайым қимылдар мен істер күнделікті істелуде:

  1. Біздің өміріміздегі Иенің маңыздылығын терең түсіну, және

  2. Бізге осы түсіністікпен есейіп келе жатқан ұрпақпен бөлісуге көмектесіңіздер, әрине олар біздің Інжілге сәйкес шынайы өмірілік үлгімізді көрген кезде, Көктегі Әкеміз бен Оның Ұлы Иса Мәсіхтің сүйіспеншілігін сезеді.

Сонымен, Мәсіхтің және Оның миссиясы туралы куәгерлігімізді күшейту үшін, осы қазіргі замандағы біздің кейбір қарапайым мінез-құлығымыз біздің жанымызға майдай жағуы мүмкін бе?

Кескін
Woman on a train with a cell phone illuminating her face.

2014 жылы Ұлттық Географиялық сурет сайысында 9200 астам кәсіби және белсенді фотографтардың жұмысы 150 елден астам әкеліп көрмеде қойылды. Онда пойыздағы жолаушылардың ортасында тұрған әйелдің суреті жеңіске иеленді. Оның ұялы телефонынан тараған жарық оның бетіне түсіп тұр. Ол басқа жолаушыларға нақты дабыл беріп тұр, бірақ соған қарамастан, ол сонда болғанымен, шынымен сол жерде ол жоқ.6

Мобилді ақпарат, смартфон мен әлеуметтік тор дүниедегі біздің өмірді айтарлықтай өзгертті және адамдарға деген біздің қарым-қатынасты да.

Бұл санды кезеңде, біз өтіп жатқан шара мен орындарды тез өзгертіп, біздің өмірдегі соңғы қуанышқа толы маңызы бар орыннан өзімізді тез алып тастаймыз.

Бұл тор өмір сүре береді, егер оны тоқтатып, біз танымайтын немесе ешқашан кездеспеген, нақты айтқанда, бізбен бірге өмір сүріп жатқан адамдарға бетімізді бұрып, қарым-қатынасымызды жаңғартсақ болмас па, екен – ол біздің жеке отбасымыз!

Басқа жағын алсақ, баршамызға белгілі, бізде керемет интернет-қорлар бар оның арасында Шіркеудің өңдеп шығарғаны да бар, мысалы, Киелі жазбалар мен Бас Конференцияның мәтіндері және аудио-нұсқалары, Иса Мәсіхтің ілімдері мен Оның өмірі туралы видео өнімдер және біздің отбасымыздың тарихи жазбаларына арналған үстемелер мен шабыттандыратын музыканы тыңдау мүмкіндігі.

Осы заманның сайтында біз жасаған таңдау мен басымдылық негізгі шешім болып табылады. Олар осы өмірде толық өмірмен өмір сүріп, қосқан үлесіміздің қалауын және біздің рухани жетілуіміз бен Інжілдегі өсуімізді анықтай алады.

Осы себептер бойынша, бүгін мен сіздерге үш әдетті естеріңізге салайын, олар пайдалы онлайн белсендігін тудырады. Көктегі Әкеміз бен Оның Ұлы Иса Мәсіхке жақын болу үшін, осы әдеттер күнделікті бізге қажет өз кескінін өңдейтін болады.

Нөмір 1-ші әдет: Шіркеу қорларының арнайы сайтына кіріңіз

Апта арасында қорларға кіріп тұрсаңыз, ненің маңызды екендігі туралы ойландырып, әрдайым Інжіл ілімдерін оқып, отбасымыз бен достарымызды ынталандыру үшін, көмектеседі.

Нөмір 2-ші әдет: Шіркеудің арнайы әлеуметтік торына жазылу

Бұл таңдау сіздің қалқандағы әйнекте Иені іздеп және Оның ілімдерін терең танып білуге, Інжіл туралы түсінігіңізді өсіріп бекітетін мазмұнды әкеледі. Ең маңыздысы, Мәсіх әрқайсысымыздан нені күтеді, соны есімізге түсіруге көмектеседі.

«Жақсы қожайынсыз топырақ та нашар» 7 дегенге ұқсас, біздің саусағымыз бен ақыл ойымызға қол жетерлік торда басынан бастап басымдылық болмаса, ол жерде де ешқандай өнім болмайды.

Нөмір 3-ші әдет: Уақыт тауып, ұялы құралдарыңызды қоя тұрыңыздар

Біздің санды құралымызды уақытша қоя тұрайық, оның орнына Киелі жазбалардың беттерін ақтарып немесе отбасыңызбен және достарыңызбен қатынасу үшін уақыт бөлетін болсақ, сергеп қаламыз. Әсіресе, демалыс күні ұялы телефонды ақтарып, қандай да бір жаңа хабарды қайта-қайта қарауға ұмтылмай, рухани сезімде болып діни ант жиналысына қатысайық.

Біраз уақытқа біздің ұялы құралымызды қоя тұрсақ, ол өмірге деген көзқарасымызды кеңейтеді, бұл өмір 10 сантиметірлік қалқан әйнекте шектелмейді.

Ие Иса Мәсіхтің айтқаны; «Әкем Мені қалай сүйсе, Мен де сендерді солай сүйемін. Сүйіспеншілігімді қабылдай беріңдер».8 Құдай бізге қуаныш тілейді және Оның сүйіспеншілігін қабыл алғанымызды қалайды. Мәсіх біздің әрқайсысымызға қуаныш мүмкіндігін тудырады. Оның Інжілімен өмір сүріп, Оны жақсы танып білу үшін, біздегі құрал жеткілікті.

Мен қуаныш туралы куәгерлік етемін, ол тек біз өсиеттерді ұстанып, мейірімділік пен қауіпсіздікті сезінген кезде және Көктегі Әкеміз бен Оның Ұлы, біздің Құтқарушының сүйіспеншілігінде өмір сүрген кезде ғана қолданылады. Иса Мәсіхтің атына айтамын, әумин.