2010–2019
Әпкелеріме үндеу
Қазан 2015


Әпкелеріме үндеу

Бізге сіздің қайратты болғаныңыз, сіздің өзгерісіңіз, сіздің адалдығыңыз, сіздің жетекшілік өнеріңіз, сіздің даналығыңыз бен сіздің дауысыңыз керек.

Қадірлі Аға Разбанд, Стивенсон және Ренланд біз, сіздердің Бауырларыңызбыз, Он Екілік Апостолдар Кворумына қош келдіңіздер. Пайғамбар, Президент Томас С. Монсонға берген аяны үшін, Құдайға рақмет.

Бауырлар мен әпкелер, алты ай бұрын бас конференцияда кездескен кезде, біздің ешбіріміз күллі Шіркеуді терең сезімге әкелетін өзгерістерді күткен жоқ едік. Аға Л. Том Перри Құдайдың жоспарындағы неке мен отбасындағы таптырмайтын рөл туралы зор хабарды жеткізген болатын. Бірнеше күн өтісімен ол қатерлі ісік аурудың кесірінен сапарға аттанар алдында тұрғанын білген кезде, қатты есеңгіреп қалдық.

Президент Бойд К Пеккердің денсаулығы мүшкіл болса да, ол «сарбаз» ретінде Құдайдың жұмысын жалғастыра берді. Соңғы ақпан айында оның денсаулығы нашарлай түсті, бірақ оның демі біткенше, ол өз куәгерлігін жария етіп, сеніміне адал болды. Сол кезде Аға Перри о дүниеге аттанғанына 34 күн өтіп үлгерген жоқ, Президент Пеккер де оның соңынан ере, дүние салды.

Біз соңғы жалпы бас конференцияда Аға Ричард Г. Скоттан айырылып қалдық, бірақ өткен талай конференцияларда оның Құтқарушы туралы біз ойланарлық айтқан зор куәгерлігін естідік. Осыдан 12 күн бұрын ғана ол үйге шақырылып, өзінің сүйікті жары Дженинге қосылды.

Мен осы барлық бауырымыздың аттанар соңғы күнінде қастарында болу құрметіне ие болдым және де, олар о дүниеге аттанар күнінде Президент Пеккердің отбасы мен Аға Скоттың жақын туған туысқандары жиналған кезде де, оларға қосылдым. Бұған сену маған қиын болды, Құдайдың үш керемет қызметшісі, үш ардақты досым кетіп қалды. Мен оларды қаншалықты сағынғанымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын.

Осы күтпеген жерден орын алған оқиғада менің байқағаным, ол жалғызсырап қалған екі әйелдің бейнесі қатты әсер қалдырды. Менің ойымша, олардың күйеулері жатқан төсектің басындағы Донна Смис Пеккер әпке мен Барбара Дайтон Перри әпке сабырлықтың бейнесі болып табылады және осы екі әйел бірдей сүйіспеншілікке толы, шынайы және сеніміне адал.

Пеккер әпке күйеуінің соңғы уақытын сана сезімге жетпес мейірім нұрына толтырды.1 Оның 70 жасқа толар толмас сүйікті серіктесі жақын арада дүние саларын түсінсе де, сабырлық сақтап өз сенімін білдірді. Ол мына суретте олардың Бригам қаласындағы ғибадатханада өткен арнау рәсіміндегі періштеге ұқсас көрінді.

Кескін
Президент және Пеккер әпке Юта Бригам қаласындағы ғибадатханада

Сол сүйіспеншілік пен сенім Перри әпкенің де бейнесінен нұр төгілгенін көрдім. Оның күйеуіне және Құдайға деген адалдығы анық көрініп тұрды және бұл менің жаныма қатты әсер етті.

Кескін
Аға Перри мен Перри әпке

Олар күйеулерінің соңғы сағатында және осы күні де, әрдайым өсиет ұстанымындағы әйел кейпін осы қажымас екі әйел қайраттылық пен ерлік көрсетті.2 Ондай әйелдер тек отбасында ғана емес, олар тағы Иенің Шіркеуінде, әйелдері ретінде, аналары және әжелері; әпкелері мен апалары; мұғалімдері мен жетекшілері; әсіресе ерекше үлгі мен адал ұстанымының қорғанышы ретінде баршылық.3

Ол Адам мен Хауаның кезінен бері інжілдің әр құрылымында ақиқат болып табылады. Дегенмен, осы құрылымның әйелдері кез келгеннен өзгеше, өйткені бұл құрылым басқадан ерекше.4 Бұл ерекшелік артықшылық пен міндетті бірдей алып жүреді.

Кескін
Президент Кимбалдың суреті

Отыз алты жыл бұрын 1979 жылы Президент Спенсер Б. Кимбал осы өсиет-ұстанымы болашақта Иенің Шіркеуіндегі әйелдерге қолдауын береді деп, терең пайғамбарлық жасаған болатын. Ол: «Шіркеудің соңғы заманында алда келе жатқан негізгі өсімнің айтарлықтай бөлігі әлі де болады, өйткені әлемдегі көптеген жақсы әйел ... сансыз көлемде Шіркеуге келіп қосылады. Шіркеудегі әйелдердің өмірлік дәрежесі шамамен анық және адалдықтың бейнесі, сондықтан, Шіркеудің әйелдері ерекше және өзгеше ретінде карастырылады – әлемдегі әйелдерден - бақытты жол кешуде» деп, пайғамбарлық етті.5

Құрметті әпкелер, сіздер осы айналмалы жолда біздің өмірлік серіктесімізсіздер, Президент Кимбал осы күнді күні бұрын айтқан болатын. Сіздер ол болжаған әйелсіздер! Сіздердің мейірімділігіңіз, жарықтығыңыз, сүйіспеншіліктеріңіз, білімдеріңіз, батылдықтарыңыз, мінез құлұқтарыңыз, сенімдеріңіз бен адал өмірлеріңіз әлемдегі жақсы әйелдердің назарын аударады, оларды отбасымен бірге Шіркеуге сансыз көлемде әкеледі!6

Біз, сіздің бауырыңызбыз, сіздің қайратты болғаныңыз, сіздің өзгерісіңіз, сіздің адалдығыңыз, сіздің жетекшілік өнеріңіз, сіздің даналығыңыз бен сіздің дауысыңыз керек. Құдайдың билігімен және Оның күшімен сөйлей алатын, қасиетті өсиеттерді орындап, оларды сақтай білетін әйелсіз Кұдайдың патшалығы толық болуы мүмкін емес!7

Президент Пеккердің айтқаны:

«Бізге осындай жинақы бола алатын әйел және ұйымдастыра білетін әйел керек. Бізге атқарушы қабілеттігі бар әйелдер керек; ол жоспар құрып, тік жетекшілік ете алатын; оқыта алатын әйелдер, сөйлей алатын әйелдер. …

Бізге көреген қабілеттілігі бар әйелдер керек, ол әлемнің беталысының үстін қарастырып, танымал не ұсақ-түйек не қауіпті боларын ажырата білетін».8

Бүгін маған айтуға рұқсат етіңіздер, бізге өз сенімінде маңызды нәрсені қалай жасау керектігін білетін, осы жалған әлемде адамгершілік пен отбасының қорғанысы болар мықты әйелдер керек. Бізге балаларды өсиет жолында жеткізіп, рухани көтеретін; өзінің жеке куәгерлігін ала білетін әйелдер, ғибадатхананың ақтық киім рәсімінің жаны мен күшін түсінетін, отбасы мен балаларын қорғау үшін көктің күшін шақыруды білетін әйелдер; батыл жүректе оқытатын әйелдер керек.

Мен өмірлік жолымда осындай әйелдердің қасында болудың батасын алдым. Менің дүние салған әйелім Дантзел осындай әйел болды. Мен әрқашан өмірлік өзгерістерге ризашылығымды білдіремін, ол менің барлық өмірлік жолымдағы сәттерде қатысты және де мен бірінші рет жүрекке ашық ота жасау үшін, бар күшімді салған кезімде де.

Менен елу сегіз жыл бұрын тумысынан ауыр жүрек ақауы бар кішкене қызға ота жасауды өтінген болатын. Оның үлкен бауыры соған ұқсас аурудан қайтыс болған еді. Оның ата-анасы көмек сұрап жалынды. Мен сенімді болған жоқ болатынмын, бірақ оны құтқарып қалу үшін бар күшімді саламын деп, уәде бердім. Мен бар күшімді салғаныма қарамастан бала қайтыс болды. Біраз уақыт өте сол ата-ана тағы бір қызын алып келді, ол да тумысынан жүрек ақауына ұшыраған 16 айлық сәби болатын. Мен қайтадан олардың сұрауы бойынша балаға ота жасадым. Ол бала да өліп кетті. Бұл бір отбасыда үш бірдей жан түршіктірер орын алған оқиға менің жанымды қатты қинады.

Мен үйге қатты қайғыда оралдым. Мен қонақ бөлмедегі еденге құлап түні бойы жылап шықтым. Дантзел менің қасымда отырып, мен енді ешқашан жүрекке ота жасамаймын дегенімді неше қайтара естіген болатын. Содан соң таңғы сағат 5:00-те, Дантзел маған сүйіспеншілікпен қарап, «Жылап болдыңыз ба? деп сұрады. Онда киініңіз де. Зертханаға қайтып оралыңыз. Жұмысқа барыңыз. Сізге көп нәрсені үйрену керек. Егер қазір тоқтатсаңыз, сіз әлдеқашан білетінді басқалардың білуіне қиынға түседі» деді.

Сол кезде маған әйелімнің көріпкелдігі, төзімділігі мен сүйіспеншілігі қаншалықты қажет болды! Мен қайтып оралып, көпті үйрендім. Егер Дантзелдің шабыттандырарлық қолдауы болмағанда, мен жүрекке ашық ота жасамас едім және 1972 жылы Президент Спенсер Б. Кимбалдың өмірін сақтап қалған отаға дайын болмас едім.9

Әпкелер, сіздер бұл заттың барлығы сіздің жүрек пен ақыл ойыңызға рухтың сілтеуімен келетінін айтқан кезіңіздегі, өзіңіздің кең және өріс әсеріңізді түсінесіз бе? Керемет қазық президенті маған қиынға түскен міндетпен күрескен кездегі қазық жиналысы туралы айтқан болатын. Бір сәтте ол қазықтың Бастапқы президенті сөйлемей отырғанын байқап, сіздің қандай да бір ойыңыз бар ма? деп сұрады. «Иә, ол өз сөзін алып ойымен бөлісті және сол жиналыстың барлық бағытын өзгертті. Қазық президенті жалғастырып, Ол әйел сөйлеген кезде, Рух маған куәгерлік етіп, біздің кеңесте сол біз іздеген аянды жеткізді» деді.

Менің құрметті әпкелерім, сіздің шақырылымдарыңыз бен сіздің қандай да бір жағдайыңызға қарамастан бізге сіздің пікіріңіз, сіздің ойыңыз бен шабытыңыз қажет. Бізге сіздің қазық пен тармақ жиналыстарында сөз алып, айтарыңыз болса айтқаныңыз керек. Бізге тұрмыс құрған әр әпкенің отбасы жетекшілігінде күйеуіне қосылып, « өз үлесін қосып және толық құқылы серіктес»10 ретінде сөйлегені қажет. Тұрмыс құрған немесе жалғыз басты болсын, сіздер, әпкелер, сіздерде Құдайдан сыйлық ретінде берілген ерекше де, арнайы ішкі түйсік сезім мүмкіндігіне иесіздер. Біз бауырлар сіздердің керемет әсер сезімін қайталап істей алмаймыз.

Біз осы бүкіл жаратылыстың шарықтау шегінде әйел туындысы болғанын білеміз! Бізге сіздің батыл болғаныңыз керек!11

Шіркеуге қарсы шабуылдар, оның ілімдері және біздің өмір салтымыз өсіп жалғасын табуда. Сондықтан біз әйелдерді қажет етеміз, олар Мәсіх берген ілімдердің мәнін түсініп, сол түсінікті күнәда тұрақтап қалған ұрпақты көтеруге көмектесіп, оқыту үшін пайдаланады.12 Бізге өтірікті барлық түрінде тани білетін әйелдер керек. Бізге Құдайдың қол жетерлік еткен өсиетін ұстану үшін және қайырымдылык пен сенімге адал болып, билікке қол жеткізе білетін әйел қажет. Бізге Хауа анамыздың батылдығы мен көріпкелдігі бар әйел керек.

Менің құрметті әпкелерім, сіздің мәңгілік өміріңізде сіздің жеке өзгерісіңізден артық маңызды еш нәрсе жоқ. Діни өзгерісін алғанның өмірде және өсиеттерді сақтай білетін әйелдер – оның ішінде менің қымбатты әйелім Винди сияқты әйелдер – осы ыдырап бара жатқан әлемде, өзінің адал өмірімен өзгеше көрінетін болады және дәл осы әйелдер таң қалдырарлық бақыт жолымен ерекешелене түседі.

Сондықтан бүгін, мен Иса Мәсіхтің Соңғы Замандағы Әулиелер Шіркеуіндегі әпкелерді алға жүріңдер деп өтінемін! Бұрынғыдан да артық - үйлеріңде, қоғамдарың мен Құдай патшалығында өздеріңнің заңды және қажетті орындарыңды алыңдар. Президент Кимбалдың пайғамбарлығын орындаңыздар деп, өтінемін. Мен Иса Мәсіхтің атынан уәде етемін, осыны істесеңіздер, Киелі Рухтың теңсіз әсерін кеңінен аласыздар!

Мен Ие Иса Мәсіх және Оның өтелуі мен қасиетті билігі шынайы деп, куәгерлік етемін. Оның Апостолдарының бірі ретінде, менің қымбатты әпкелеріме ризашылығымды білдіремін, сіз жаратылысыңыздың көлемін толық орындап, биікке көтерілу үшін батамды бердім, ал біз осы қасиетті жұмыста қол ұстасып жүре берейік. Бірігіп, біз Иенің екінші келуінде әлемнің дайын болуына көмектесе аламыз. Осыны мен сіздердің бауырыңыз ретінде куәгерлік етемін, Иса Мәсіхтің атына, әумин.

Сілтемелер

  1. Філіпіліктер 4:7 қара.

  2. Оған көз жасы қосылады – біз жақсы көретін біреу дүние салған кезде, өсиетке сәйкес жоқтау (D&C 42:45 қара).

  3. Рабиғаның Ысқаққа және олардың ұлы Жақыпқа айтқаны Жаратылыс 27:46; 28:1–4.

  4. Джозеф Филдинг Смит, Інжіл сұрақтарына жауап, Джозеф Филдинг Смит Кіш., 5 тт. (1957–66), 4:166. Сілтеме: Барлық алғашқы құрылымдар әлемнің жарты бөлігімен шектелген болатын және жолдан таю тоқтатылды. Керісінше, бұл құрылым тұрған жерімен немесе уақытпен шектелмейді. Ол әлемді толтырып Иенің Екінші Келуімен ағып келіп қосылады.

  5. Шіркеу Президенттерінің оқытулары: Спенсер Б. Кимбалл (2006), 222–23.

  6. Мен туылған кезде, Шіркеу мүшелері 600,000-тан да аз болатын. Бүгінгі күні 15 миллионнан да астам. Осы сан әлі де өсу үстінде.

  7. Президент Джозеф Филдинг Смит Мейірімділік қоғамының Президентіне айтқан сөзінде, «Сіз билік арқылы сөйлей аласыз, өйткені Ие сізге билік берді». Ол тағы Мейірімділік қоғамы көп нәрсені атқара алу үшін, билік пен беделдік берілген деді. («Мейірімділік Қоғам—Әулиелік көмекшісі,» Мейірімділік Қоғам журналы (Қаңт. 1959, 4, 5). Осы дәйек сөздерді Аға Даллин келтірген болатын Х. Оакс конференцияда арнап, «Әулиеліктің билігі мен кілттері,» Лиахонa, Мам. 2014, 51.

  8. Бойд К. Пеккер, «Мейірімділік Қоғам», Белгі, Қар. 1978, 8; тағы қара М. Рассел Баллард, Біздің кеңесшілермен кеңесу: Шіркеу мен отбасыда бірігіп қызмет етуді үйрену (1997), 93.

  9. Спенсер Дж. Кондиді қара, Рассел М. Нелсон: Әке, Хирург, Апостол (2003), 153–56. Сілтеме: 1964 жылы Президент Кимбалл мені қазық президенті ретінде қойып, менің қолқа тетігіне алғашқы ота жасап бар күшімді салар болсам, өлім азаяды деп, батасын берді. Сол кезде, сегіз жыл өте мен Президент Кимбалға ота жасап, оның істемей қалған қолқа тетігін ауыстыратынымды, кім біліпті.

  10. «Біз серіктес ретінде неке туралы сөйлескенде, толық серіктес ретінде сөйлесейік онда. Біз осы мәңгілік бағытта біздің СЗӘ әйеліміз үндемес серіктес немесе шектелген серіктес болғанын қаламаймыз! Өтінеміз ынтымақтас және толық серіктес болыңыздар» (Спенсер В. Кимбалл, «Әпкелердің артықшылығы мен міндеттері», Белгі, Қар. 1978, 106).

  11. «Бұл әлемнің мақсаты және де бұл әлемде болғанның барлығы әйелсіз нөлге тең – әулиеліктің жаратылысындағы тастың бұрышы». (Рассел М. Нелсон, «Хауадан сабақ», Белгі, Қар. 1987, 87). «Хауа Құдайдың соңғы жаратылысы, барлық бұрын жаратқаннан да керемет жинақ жұмысы», (Гордон Б. Хинкли, «Біздің өмірдегі әйел», Лиахона, Қар. 2004, 83).

  12. Рассел M. Нелсон, “Өсиеттегі балалар,” Белгі, Maм. 1995, 33.