2010–2019
Толғанып тұрмын мен
Қазан 2015


Толғанып тұрмын мен

Менің Иса Мәсіх туралы куәгерлігім, Оның әрқайсысымызға берген үлкен сүйіспеншілігін білу үшін келген кезімде, көптеген ерекше оқиғалар арқылы құрылған болатын.

Күллі дүние жүзіндегі құрметті бауырлар мен әпкелер, мен осы Демалыс күні бойсұнар өз куәгерлігімді әкелу үшін, шақырған Бас Президентігіне шексіз ризашылығымды білдіремін. Менің қазіргі уақыттағы сезімімді Соңғы Замандағы Әулиелер Шіркеуінің әнұраны жеткізе алады:

Құдайдың сүйіспеншілігіне толғанып тұрмын мен,

Оның маған ұсынған рақымшылығынан қысылып, …

Оның әлем бетіне мәңгілік өмірден келуі ғажайып,

Менің өр көкірекке толы жанымды құтқару үшін,

Маған ұқсас біреуге де Ол Өз сүйіспеншілігін берер,

Күнәмізді өтеп, кешірім етер қайтадан. …

Аһ, бұл ғажайып, мен үшін ғажайып!1

Бірнеше күн бұрын, Бас Президенттігімен кездесіп, осы шақырылымды біздің құрметті Пайғамбар Президент Томас С. Монсоннан алу кұрметіне ие болдым. Мен Президент Томас С. Монсонның маған: «Бұл шақырылым Иеміз Иса Мәсіхтен келеді» деп, айтқан кездегі мен сезінген оның күші мен сүйіспеншілігі туралы куәгерлік еткім келеді.

Біздің сүйікті пайғамбардың сондай мейірімділікпен айтқан осы сөздердің мағынасы мен маңыздылығы туралы ойлаған кезде, мені жан толғанысы толқытып, жүрегімнің түбінен алады. Президент Монсон, Президент Айринг, Президент Ухдорф мен сіздерді жақсы көремін және Иеміз бен сіздердің баршаңызға бар күшімді салып, шын жүректен, ақыл-ойыммен және батылдықта қызмет етемін.

Аһ, мен Президент Бойд К Пэккер және Аға. Л. Том Перри мен Ричард Г. Скотты сондай жақсы көрдім. Мен оларды қатты сағындым. Мен осы бауырларымыздан тәлім алу мүмкіндігінің батасын алдым. Мен олардың орнын басуға лайық емеспін, бірақ Иемізге қызмет ету жұмысын жалғастыру үшін, солардың арқасында оқтай болып өсу құрметіне ие болдым.

Менің осы болмысымда маған тірек болған адамдар туралы ойласам, мен өзімнің мәңгілік қайсарлы серіктесім Меланиды ойлаймын. Жылдар бойы ол мені Иса Мәсіхтің жетілген шәкіртіне жақындата, қыш-құмыраны балшықтан жасап шығарғанға ұқсас құрастырып, көмектесті. Оның сүйіспеншілігі мен біздің 5 баламыз бен олардың жары және біздің 24 немереміздің сүйіспеншілігі де маған қолдау көрсетеді. Менің қымбатты отбасым, мен сендерді жақсы көремін.

Өткен ғасырдағы Нефай сияқты мен Інжіл жолымен өмір сүрген жақсы ата-анадан туылдым, ал олар өз кезегінде басқа алты ұрпақтың жақсы ата-анасының отбасында. Шіркеуге қосылған менің бірінші арғы аталарымның шыққан тегі Ұлыбритания мен Даниядан болатын. Сол алғашқы жол салушылар өздері білген Иса Мәсіхтің Інжілін өз ұрпағына мұра ретінде қалдырды. Мен сол Соңғы Замандағы Әулиелер отбасында жалғасын тапқан талай ұрпаққа ризашылығымды білдіремін. Мен білемін, баршамызға осыған ұмтылу керек, бұл соған тұрарлық мақсат.

Көптеген басқа адамдар да менің өмірімді осы жаңа шақырылымға дайын болу үшін көмектесті. Олардың арасында менің жас кезімдегі достарым, туған-туысқандарым, ата-анам мен менің бала кезімдегі және бүкіл өмірімдегі мұғалімдер. Олардың арасына тағы менің Шығыс Штатындағы бірінші миссиямның қатысушылары мен Нью-Иорк Штатындағы солтүстік миссиядағы менің сүйікті миссионерлерімді де, қосып айтпаса болмайды.

Мен Жетпістіктегі бауырларымның арасындағы қызметімді сүйіспеншілікпен еске аламын. Мен 15 жыл бойы керемет кворумның бірінде және Шіркеудегі сүйіспеншілікке толы бауырларымның арасында болдым. Қызметтегі менің қымбатты серіктестерім, сіздерге үлкен рақмет. Бүгінгі күні мен жаңа кворумның өміріне қатысуды асыға күтудемін. Президент Рассел М. Нелсон менің сізге және Он Екі Апостол Кворумы мүшесінің әрқайсысына деген сүйіспеншілігім өте терең.

Біз Разбанд әпке екеуіміз дүние жүзіндегі миссияларда және қоғамдарда қатысып, тапсырма барысында талай келушілермен кездесу батасын алдық. Біз барлық жердегі Соңғы Замандағы Әулиелерді жақсы көреміз. Сіздердің сенімдеріңіз біздің сенімді қосымша үлкейтті; сіздердің куәгерліктеріңіз біздің куәгерлігімізді өсіруге көмектесті.

Қазір, егер мен бір қысқа хабарламаны сіздерге қалдырар болсам, ол осындай болар еді - Иенің айтқаны: «Мен өздеріңді сүйгендей, сендер де бір-біріңді сүйіңдер!»2 Мен сенімдімін, сіздің немесе басқа біреудің өмірінде пайда болған қандай да бір шешім, күнә немесе қателік Оның сізге немесе өзгеге деген сүйіспеншілігін өзгерпейді. Мен сенімдімін, бұл күнәқар мінез-құлқыңды ақтап немесе кешірім етеді дегенді білдірмейді - әрине жоқ – бірақ бұл айналаңдағы адамдарға сүйіспеншілікпен қарап, оларды шақырып, көзін жеткізіп, қызмет етіп, құтқару дегенді білдіреді. Иса Мәсіх адамдардың ұлтына, дәрежесіне немесе жағдайына қарамастан оларды осы керемет ақиқатта үйретті.

Менен талай рет куәгерлігіңізді қалай алдыңыз деп сұраған болатын.

Менің Көктегі Әкеміз бен Иса Мәсіхке сенбеген сәттердің болғанын есіме түсіре алмаймын. Менің періште анамның тізесінде отырып, оның маған оқыған Інжіл әңгімелері мен киелі жазбалардан Олар туралы білгелі Оларды жақсы көремін. Сол жас кезімдегі сенім біздің мінажатымызды естіп оған жауап беретін Көктегі Әкенің сүйіспеншілігі туралы білім мен куәгерлікте өсті. Менің Иса Мәсіх туралы куәгерлігім, Оның әрқайсысымызға берген үлкен сүйіспеншілігін білу үшін келген кезімде, көптеген ерекше оқиғалар арқылы құрылған болатын.

Мен біздің Құтқарушының Өтелуіне ризашылығымды білдіремін және Алма секілді Құдайдың сөзін дауыстап айтқым келеді.3 Мен білемін, Жозеф Смит қайта қалпына келтірген Құдайдың пайғамбары және Мормон кітабы Құдайдың сөзі. Мен білемін, Президент Томас С. Монсон бүгін жер бетіндегі Құдайдың шынайы пайғамбары.

Біздің пайғамбардың соңынан еріп, айналамыздағы адамдарға деген мейірімділігімізді шын жүректен сезейік деп мінажат етемін. Біз өз куәгерлігімізді әкеліп, Мәсіхтің бізге берген сүйіспеншілігіне баршамыз таңырқап тұралық. Бұл біз бен сізге керемет ғажайып болсын. Иса Мәсіхтің атына, әумин.