2010–2019
Кернейдің үні дауысты естілсін
Қазан 2015


Кернейдің үні дауысты естілсін

Бүгінгі әлем інжілдің жолдауын анық және шын жүректен жеткізе білетін Мәсіхтің шәкірттерін қажет етеді.

Өткен жазда, ата-анасы қазықтағы пионерлік сапар шарасында қатысқан кезде, әйелім екеуіміз бізбен бірге тұрып жатқан екі жас немере ұлымызбен бірге болдық. Біздің қызымыз ұлдары алыста жүрседе де пианинода ойнап, жаттығып жатқанына көзін жеткізгісі келді. Бірнеше күн өтісімен олар апасы мен атасының қасында жүріп, жаттығуды ұмыту сәл-пәл оңайға түсетінін білетін. Бір күні менің 13 жасар Эндрю немере ұлымның қасына отырып, оның ойнағанын естігім келді.

Бұл бала өте жігерлі, даланы жақсы көреді. Ол өз уақытын аңшылық пен балық аулауға оңай жұмсайды. Пианинода жаттықан кезінде, ол жақын арадағы өзенде балық аулауды таңдар еді деп, айтар едім. Оған таныс әндердің әрбір аккордын басып ойнағанын тыңдадым. Ол әуеннің әр нотасын баса ойнаған кезде, әуеннің анығына жету қиынға соқты. Мен оның қасындағы орындыққа отырып, әуен пернесіне сәл көбірек және әуенді сүйемелдейтін ноталарды сәл аздап қана басу маңызды екенідігін түсіндірдім. Біз пианиноның еріксіз қозғалысындағы ғажайыпынан да басқа молшылығы туралы көп сөйлестік. Ол оның жеке өз дауысы мен сезімінің жалғасын тауып, тығыз байланысының керемет аспабы болуы мүмкін. Ол адам сөйлескен кезде, бір сөзден келесі сөзге бір қалыпты көшкенге ұқсас әуен ағымы да, біз бір нотадан келесі нотаға көшкен сияқты ілеседі.

Ол қайта қайта тырысып ойнаған сайын біз қосыла бірге күлдік. Алдыңғы жабайы дыбыстардың теріміне қарағанда, таныс әуендер пайда бола бастаған кезде, оның күлгендегі бет шұңқыры үлкейе бастады. Хабар анығырақ келе бастады: «Мен Құдайдың баласымын, Ол мені осында жіберді».1 Мен Эндрюден: «Хабардың айырмашылығын сезе алдың ба?» деп сұрадым. Ол, «Иә, ата, мен оны сездім!» деп жауап берді.

Апостол Пауыл бізді музыкалық аспаптардың байланыс айырмашылығы туралы Қорынтықтарда жазып оқытты:

«Жансыз күй аспаптары – сыбызғы не жетіген анық дыбыс шығармаса, қандай күйдің ойналғанын қайдан білеміз?»

«Егер керней белгілі бір әуенді тартпаса, кім шайқасқа дайындалмақ?»2

Егер күндердің күнінде, бүгінгі әлем інжілдің жолдауын анық және шын жүректен жеткізе білетін Мәсіхтің шәкірттерін қажет етер кез болар болса, ол қазір. Біз кернейдің дауыстап шақырған үнін қажет етеміз.

Әрине Мәсіх біз үшін ең үздік үлгі болып табылады. Ол дұрыс жолда тұрғанын қорғау үшін, әрдайым ерлік көрсете білді. Оның сөздері ғасырлар бойы жаңғырықтай бізді Құдайды және айналаңдағыны сүйе білуді ұмытпа, Құдайдың барлық өсиетін сақта, әлемде шыраққа ұқсас өмір сүр деп шақырады. Ол жердегі ірі мемлекеттерде немесе оның заманындағы әміршілерге, тіпті Оған Оның Көктегі Әкесі берген Оның миссиясына қарсылық қөрген кезде де, сөйлеуге қорыққан жоқ. Оның сөздері адамды жаңылтуға емес, жібітуге арналған. Ол Өз Әкесінің еркін, Оның барлық айтқаны мен жасағанын нақты білді.

Елшілікке дүние жүзінен келген ер адамдармен кездескен кезде Петір ерлік көрсете білді, маған оның сол үлгісін де ұнатамын. Сол күні көптеген елден келген көпшілік алғашқы Әулиелерді сынға алады, өйткені олар ішімдікке тойып естігенін оларға айтып, тіл тигізеді. Рухани өскен жанды Петір тұрып, Шіркеуді және оның мүшелерін қорғайды. Ол былай деп: «Уа, халайық, яһудилер және Иерусалимде тұрып жатқан сендердің барлығың! Сендерге бұның мәнісін түсіндірейін, сөзіме құлақ түріңдер» деді куәгерлігінде.3

Содан ол киелі жазбалардан Мәсіхтің пайғамбарлығы туралы дәйек сөз келтіріп, мына қарапайым куәргерлігін айтып бөліседі: «Сондықтан бүкіл Исраил халқы мынаны анық білсін: Құдай сендер айқышқа шегелеткен осы Исаны «Иеміз» және «Мәсіх» етіп тағайындады!»4

Көпшілік оның сөзіне құлақ түріп Рухтың соңынан ерді, және 3,000 жан алғашқы Шіркеудің қатарына қосылды. Әлем қарама-қарсы бағытына жылжыған секілді көрінген кезде, куәгерлік етуге дайын бір ер адам немесе әйел болсын өзгесін көрсете алады.

Біз шіркеу мүшелері ретінде Құдайдың ілімдері мен Оның Шіркеуінің мықты куәгері болуға шешім қабылдаған кезімізде, біздегі бір нәрсе өзгереді. Біз Оның кейіпіне бейімделеміз. Біз Оның Рухына жақындай түсеміз. Ол өз кезегінде бізден бұрын және [біздің] «оң жағымызда және сол жағымызда жүреді, және [Оның] Рухы біздің жүрегімізде болады, және бізді жетелеп, [Оның] періштелері әрдайым біздің айналамызда жүреді».5

Әлемнің қағидаларына ілімдер сәйкес келмеген кезде, Мәсіхтің адал шәкірттері ақталу жолын іздемейді. Паул мықты шәкірттің бірі болған, ол: «Мен Ізгі хабар үшін еш ұялмаймын, ол – Мәсіхке сенетін барлық адамдарды, алдымен яһудилерді, сондай-ақ басқа ұлт адамдардын да құтқаратын Құдайдың құдіреті!» деп, батыл сөздер айтты.6 Құдайдың адал шәкірттері қолайсыз сәттерінде де, Оның өкілі бола алады. Шынайы шәкірт адамдарды жай сендіргісі емес, олардың жүрегін шабыттандырғысы келеді.

Мәсіх үшін тұру жиі ыңғайсыз және қолайлы емес. Сенімдімін, бұл Пауылмен болған жайғдай, Агриппа патша оған өзін ақтап, өз оқиғасын айтып сөйлеуге шақырған. Сонда Пауыл қорықпай сенімінің бар күшін салып қорғау сөзін айтқанда бұл патшаның жанынан алып, мен «сәл болғанда» христиан болуыма сендірер едің деп, мойындады.

Пауылдың айтқан жауабы оның куәгерлік таңдауы, оның нақты айтқысы келгенді адамдар түсінуі керек болды. Оның Агрипа патшаға айтқан сөзінде, еркін баяндап тұрғанын білдірді және мені тыңдап тұрғанның барлығы «сәл ғана» христиан емес, тәрізі «жалпы» Мәсіхтің шәкірті боласыңдар деді.7 Бұны шындықты айқын айта білген жеткізе алады.

Жылдар бойы мен Мормон кітабындағы8 Лихайдың оқиғасын оқып келемін, сол үлкен және кең ғимаратта тек қана бүлікшілер тұратын жер деп ойлатынмын. Ғимарат темір таянышты ұстап тұрған, Құдайдың өкілдері және Құдайдың сүйіспеншілігін көрсететін өмір ағашына қарай бара жатқандарға саусақтарын сілтей көрсетіп, мазақ еткен адамдарға толы болды. Кейбірі халықтың мазағын көтере алмай құлап кетті. Басқалары сол үлкен ғимараттағыларға барып қосылды. Олардың әлем мазағы мен сынағына қорықпай қарсы тұрып, тіл қатуға батылы жетпейді ме?

Мен Құдайдан алыстап бара жатқан қазіргі заманға қарасам, бұл ғимарат өлшемінде өсіп келе жатыр деп, ойлаймын. Көпшілік бүгін де, сол ғимараттың үлкен және кең бөлмелерінде адасып жүр, шын мәнінде сол мәдениеттің тәрбиесіндегі бөлшектің біріне айналғандарын түсінбейді. Олар жиі қызығушылық пен хабарларға беріледі. Ақырында, бізді сынап немесе мазақ еткендерді және кемсітіп, сөз астына алғандарды кездестіреміз.

Жылдар бойы өз өмірімен өмір сүріп жатқан адал адамдарды мазақ үстіне алған адамдар туралы ойлаймын, бірақ бүгінгі күні ғимараттағы дауыс олардың үні мен көзқарасын өзгертті. Мазақ астына алғандар, Шіркеудің кейбір тарихи ұғымына шабуыл жасап немесе пайғамбарды не жетекшіні өткір сынаққа алып, інжілдің қарапайым жолдауын басып тастауға тырысады. Олар тағы жер Жаратылысы сәтінен бастап берілген біздің ілім жүрегінің кіндігіне және Құдайдың заңына да шабуыл жасайды. Біз, Иса Мәсіхтің шәкірттері және Оның Шіркеуінің мүшелері ретінде, ешқашан темір таяныштан ажырамауымыз керек. Біз кернейдің дауысты үнін өзіміздің ішкі жанымыздан шығаруымыз керек.

Қарапайым хабар, Құдай біздің Көктегі Әкеміз және Иса Мәсіх Оның Ұлы. Інжіл осы соңғы заманда тірі пайғамбарлар арқылы қайта қалпына келтіріледі және Мормон кітабы осының дәлелі болып табылады. Бақыт жолын Көктегі Әкеміздің көрсетіп, алғашқы рет ұйымдастырғанына сәйкес, жанұя арқылы табамыз. Бұл таныс хабардың әуенін көптеген адамдарға таныс болуы мүмкін, өйткені олар оны жер бетіне келерге дейінгі өмірінде естіген болатын.

Бұл біздің уақыт, Соңғы Замандағы Әулиелер ретінде, біз тұрып куәгерлік ететін уақыт келді. Әлемдегі шудың үстінен пайда болатын інжіл ноталары әуендететін уақыт. Мен әлемнің Құтқарушысы және Өтелушінің хабарына куәгерлігімді қосамын. Ол тірі! Оның өсиеттеріне сәйкес өмір сүріп, Оның жолын алып жүрсек қана, Оның інжілі қалпына қайта келтіріліп, осы өмірде бақыт пен бейбітшіліктің батасына ие бола аламыз. Бұл менің куәгерлігім Иса Мәсіхтің атына, аумин.