2010–2019
Қарапайым және асыл ақиқаттар
Қазан 2015


Қарапайым және асыл ақиқаттар

Көктегі Әкеміздің бізге ауыртпалық өмір кезеңіндегі берген жомарт өтемақысы, бұл тағы өмірдің толық кезеңін білдіреді.

Қымбатты бауырлар мен әпкелер осы Бас Конференцияның бір сессиясында, осы жерде барлығы бірдей болып, Президент Бойд К Пеккер немесе Аға Л. Том Перри не болмаса Ричард Г. Скот тұрып сөз алып айтқанын талай жыл естіп келдік. Олар біздің естелікте мәңгілік қалады және оларды еске алу құрметіне қосыламын, олардың әрқайсысының өзіндік қасиеті бар, бірақ олардың барлығы Иса Мәсіх және Оның Өтелуі туралы куәгерлігінде үйлесімді.

Мен де сіздер сияқты Президент Томас С. Монсондағы күшті көремін және пайғамбар, көріпкел мен аян ұстанушы ретінде қолдаймын және мен оның 50 жыл бойы жалғасып келе жатқан Апостолдық адал қызметіне таңданамын.

Осы сейсенбінің таңында сағат 9-да Азия аймағындағы президенттігінің мүшелерімен епископтық жиналысы басталысымен, қазір олар осы конференцияда қатысуда, мені Президент Монсон мен оның кеңесшілерімен кездесуге шақырды. Мен сол ғимараттағы көршілес бөлмеге кірген сәттен бастап, үстел басында отырған кезімде мазасыз көрінген болармын, ол мені тыныштандыру үшін мейірімділік танытып сөйледі. Ол менің жасымды байқап, мен өзімнің жасымнан да жас көрінемін деді.

Содан соң Президент Монсон бірнеше минут ішінде, Иенің еркіне сәйкес мені Он Екілік Апостолдар Кворумына шақырыламын деп түсіндірді. Ол менен осы шақырылымды қабыл аласың ба деп сұрады, мен есеңгіреген күйімде әдептікті сақтай алмай күрсініп, жауабымды бекіттім. Содан соң, мен сол айтып жеткізе алмайтын цунами жан толғанысын білдіру мүмкіндігін алар алдында, негізінде сол шақырылымға лайық емес сезім, Президент Монсон сүйіспеншілікпен маған қарап, талай жыл бұрын Президент Дэвид О. Маккей оны Апостолдыққа шақырғанын және ол да, сол шақырылымға өзін лайық емеспін деп, сезінгені туралы айтты. Ол сабырлық сақтап, маған: «Епископ Стивенсон, Ие кімді шақырса, соны Ол оқытады» деп айтты. Сол күннен бастап күні-түні ұзақ уақытқа созылған ауыр дауылдың астында, өзімді өзім тексерген нәзік сезімнің қиын сәттерінде, Пайғамбардың айтқан сөздері мен үшін тыныштық пен жайлылықтың көзіне айналды.

Сол күні мен Ғибадатхана алаңындағы тыныш бұрыштың бірінде отырып, алдымызда Ғибадатхананың тарихи Табернакілдің тыныштығына толы, жаңа ғана айтқанымды менің сүйікті Лисама айттым. Біз сол күні болған оқиғаны ұғуға тырысып, біздің зәкіріміз Иса Мәсіхке сену және керемет құтқарылу жоспардың білімі болып табылатынын түсіндік. Сондықтан мен Лисаға өзімнің шексіз ризашылығымды білдіремін. Ол менің өмірімде күннің жарығына ұқсас және ол Құдайдың керемет қызы. Оның өмірі риясыз қызмет пен барлығына деген сүйіспеншілікке толы. Мен біздің бекітілген мәңгілік одаққа лайық болу батасын алуға ұмтыламын.

Мен біздің төрт ұлымызға және олардың отбасына өзімнің үлкен сүйіспеншілігімді білдіремін. Қазіргі уақытта үш ұлымыз өздерінің керемет әйелдерімен, біздің алты немереміздің аналары осы жерде және төртінші ұлыма Тайвандағы миссия үйінде миссия президенті мен оның әйелі екеуімен бірге түнгі уақытта, ұйықтамай осы болып жатқан оқиғаны көруге ерекше рұқсат берілді. Мен олардың әрқайсысын жақсы көремін және маған олардың Құтқарушы мен інжілді қаншалықты жақсы көретіні ұнайды.

Мен сүйіспеншілігімді өз отбасымдағылардың әр мүшесіне білдіремін: өткен жылы қайтыс болған менің қымбатты анам мен әкеме, олар менің жас кезімнен есімде қалыптасып қалған куәгерлікті қондырды. Мен тағы өз ризашылығымды менің ағам мен әпкеме, олардың адал серіктестеріне және Лисаның жақын туған-туысқанына білдіремін, олардың көбі бүгін осында отыр. Мен осы ризашылығымның торын жалғастыра отырып, менің арғы туысқандарыма, достарыма, миссионерлерге, жетекшілерге және менің өмірлік мұғалімдеріме білдіремін.

Мен Он екілік Апостолдар Кворумымен және қосымша ұйымдардың Бас Президенттігімен жақын қарым-қатынаста болу батасына ие болдым. Бауырлар мен әпкелер мен өз сүйіспеншілігім мен құрметімді сіздердің әрқайсысыңызға білдіремін және біздің қарым-қатынасты жалғастыру үшін, лайық болуға тырысамын. Төрағалықтағы епископтық көктің бірлігінде ләззат алуда. Мен күнделіктегі қатынаста болған Епископ Джеральд Коссені, Епископ Дин М. Девисты және басқа да қызметтік құрамын сағынатын боламын.

Мен Иенің Ілім мен Өсиеттердің бірінші тарауында: «Менің толық Інжілім күллі дүние жүзі бойынша әлсіздер мен қарапайым адамдарға және патшалар мен билеушілерге жария етілсін»1 деп айтылған сөздің куәгері ретінде алдарыңызда тұрмын. Бұл сөздер Құдайдың үндеуінен Әкенің балаларына деген сүйіспеншілігін көрсетеді: «Сондықтан, мен Құдай, жер бетіндегі тұрғындардың душар болатын ауыртпалығын біле, Мен Өз қызметімдегі кіші Жозеф Смитті шақырдым және оған көктен сөйлеп өсиеттерді бердім».2

Біздің сүйікті Көктегі Әкеміз және Оның Ұлы, Иегова басының3 соңын Олар білгендіктен, келер ауыртпалыққа қарсы тұрар жаңа құрылым мен көкті ашты. Апостол Пауыл келер ауырпалықты «ауыр кезең»4 ретінде бейнеледі. Меніңше, бұл Көктегі Әкеміздің ауыртпалық өмір кезеңіндегі берген жомарт өтемақысы, бұл тағы өмірдің толық кезеңін білдіреді деп ойлаймын.

Осы апта бойы мен өзімнің осы шақырылымға лайық еместігім үшін қиналып, мені уайымға салып және жұбатқан нақты әсер алдым. Мен назарымды шамам келмейтін затқа емес, менің қолымнан келер нәрсеге аударуым керек. Мен інжілде анық айтылған бағалы сөздері туралы куәгерлік ете аламын.

Мен шіркеу мүшелігіндегі адамға да, мүшелігі жоқ адамға да, осы сөздерді талай рет айтып бөліскен болатынмын: «Құдай біздің Көктегі Әке. Біз Оның балаларымыз. ... Біз қиналған кезде Ол бізбен бірге жылайды, біз дұрыс жасаған кезде қуанады. Ол бізбен байланыс орнатқысы келеді және біз шынайы мінажат арқылы Онымен сөйлесе аламыз. …

«Көктегі Әке, бізге, Өзінің балаларына, Оның ұдайы қасында өмір сүру үшін, қайтып оралатын жолды дайындады. ... Біздің Көктегі Әкеміздің жоспарындағы негізгі орынды Иса Мәсіхтің Өтелуі алады».5

Көктегі Әке Өзінің Ұлын жер бетіне күллі адамзаттың күнәсін өтеп шығу үшін жіберді. Осы қарапайым және асыл ақиқатты келтіріп, мен Иса Мәсіхтің атына куәгерлік етемін, әумин.