2010–2019
Киелі Рух сенің серіктесің секілді
Қазан 2015


Киелі Рух сенің серіктесің секілді

Біз істей аламыз, егер біз соған лайық болып өмір сүретін болсақ, Рухтың батасы бізбен бірге тек бүгін емес, әрдайым бірге болады.

Менің құрметті бауырларым мен әпкелерім, осы Демалыс күні Иенің Шіркеуіндегі бас конференцияда сіздермен бірге болғаным үшін ризашылығымды білдіремін. Біз айтылғанды естіп, сіздердің Рух, Киелі Рух шынайы сөздерді куәгерлік еткенін мен сездім.

Бүгінгі менің мақсатым, ол біз су рәсімін қабылдаған кезде, біздің әр қайсысымызға уәде етілген қабілеттілікті талап етуге, сіздің батылдығыңыз бен қалауыңызды көтеру болып табылады. Біз бекітім алған кезімізде, «Киелі рухты қабыл ал»1 деген сөздерді естіген болатынбыз. Сол сәттен бастап біздің өмір мәңгі өзгерді.

Біз істей аламыз, егер біз осы күні және әрқашан соған лайық өмір сүретін болсақ, Рухтың батасы тек осы бүгінгі керемет тәжірибемізде ғана емес, әрқашан бізбен бірге болады. Сіз діни анты дұғасында айтылғандай уәденің орындалғанын білесіз: «О Құдай, Мәңгілік Әке, біз Сенің Ұлың Иса Мәсіхтің атынан дәм алатын бүкіл жандар үшін осы нанға батаңды беріп, нұрыңды төге гөр, олар Сенің Ұлыңның тән денесін естеріне алып, Сенің алдыңда куәгер етеді, О Құдай, Мәңгілік Әке, олар өздері Сенің Ұлыңның атын алып, әрдайым оны есте сақтап, Ол оларға берген өсиеттерді орындауға және Оның Рухы әрқашан олармен бірге болуы үшін дайын».

Содан соң керемет уәде келеді: «Оның Рухы олармен әрдайым бірге болсын» (І мен Ө 20:77; алынған).

Біздің күнделікті өмірде Киелі Рухтың жетекшілігі мен бағытына ие болу үшін, әрдайым Рухани күйде болу керек. Мысалы біз, жамандықтың арбауындағы опаcыздықтаң аулақ болуымыз үшін, Рухани сақтана білу керек.

Тек осы себептен, Иенің қызметшілері біздің діни анты жиналысымызда Құдайға сыйыну ынтамызды неліктен үлкейтуге тырысатынын түсінуге болады. Егер біз діни антын адал қабыл алатын болсақ, Киелі Рух бізді және біз жақсы көретін адамдарымызды осы күні жылдамдықта өніп өсіп келе жатқан арбаулардан қорғай алатын күйде болады.

Киелі Рухтың серіктестігі жақсылыққа тартарлықтай баулап, жамандыққа деген қызығушылықтан алыстатады. Біздің батылдығымыз өсіп, Рухтың серіктестігі әрдайым бізбен бірге болу үшін, осының өзі де жеткілікті болуы тиіс.

Киелі Рух бізді жамандыққа қарсы тұруға бекіткендей, Ол бізге шындықты жалғаннан ажырата білу үшін де күш береді. Ең маңыздысы Құдайдың берген аяны арқылы ғана бекітіледі. Біздің адамзаттық негіздеріміз бен физикалық сезіміміздің пайдалануы жеткіліксіз. Біз даналы адамның өзіне шындықты айлакер жалғаннан ажырата білу қиынға соғатын заманда өмір сүреміз.

Құтқарушының Қайта тірілгеніне физикалық дәлел іздеп, Оның бүйірінен ұстап көрген Апостол Томаны Құдай оқытып, бұл аян қауіпсіз дәлел: Иса, оған Тома, сен Мені көргендіктен Маған сеніп тұрсың. Ал Мені көрмесе де сенетіндерің бақытты!- деп жауап берді. (Жохан 20:29).

Құдайдың үйіне апаратын ақиқат жол белгілері Киелі Рух арқылы бекітіледі. Біз шағын орманға барып Әкені және Оның Ұлын көріп, жас Жозеф Смитпен сөйлесе алмаймыз. Ешбір заттық дәлел, бір де бір қисынды аргумент Ілиястың берген уәдесіне сәйкес келіп, осы уақытта тірі пайғамбар Томас С. Монсонның іске асырып, өткізіп жатқан әулиелік кілттерін тарту етіп бекіте алмайды.

Ақиқаттың дәлелі Киелі Рухты алу құқысы бекітлген Құдайдың ұлы мен қызына келеді. Бізге жалған ілімдер мен өтірік кез келген уақытта кездесуі мүмкін, күмән тудыратын сәттерден алыс болу үшін, біз әрдайым Ақиқат Рухының әсерінде болуымыз керек.

Он екілік Апостолдар Кворумының мүшесі Жордж К. Кэннон, Рухтың бізбен болуы үшін үздіксіз рухани ізденісте болыңдар деп шақырады. Ол уәде етті және мен де уәде беремін, «әрдайым білімнің ізденіс бағытында ұмтылатын болсақ», ақиқатта, «ешқашан күмән туып» не болмаса «қараңғылық баспайды және біздің сеніміміз нығайа түседі», [біздің] қуаныш … толады.2

Бізге Киелі Рух көмегінің серіктестігі әрдайым тағы бір себеп бойынша қажет. Сүйікті адамның өлімі аяқ асты келуі мүмкін. Бұл Көктегі Әкенің және қайта тірілген Құтқарушының шынайы сүйіспеншілігі мен Киелі Рухтан келген куәгерлігі біз жақсы көретін адамды жоғалтқан кезде, үміт пен жайлылық береді. Өлім келген кезде бұл куәгерлік жаңаруы тиіс.

Солай, көптеген себеп бойынша, бізге Киелі Рухтың серіктестігі әрдайым қажет. Біз оны қалаймыз, әлбетте оны сақтау оңайға түспейтінін біз тәжірибеден танып білеміз. Күнделікті өмірімізде әрқайсысымыз, ойланып, сөйлеп және Рухқа тіл тигізер істер жасаймыз. Құдай бізді біздің жүрегіміз «мейірімділікке толып», [өз ойымызды] үнемі «ізгі ниетке толтырған» кезде, Киелі Рухтың серіктестігіне әрдайым ие бола аламыз деп, оқытты (І мен Ө 121:45).

Рухтың жоғарғы үлгідегі қажет серіктестігінің сыйына ие болу үшін күрескен кімде кімге, мен мына қолдауды ұсынамын. Сіздердің Киелі Рух әсерін сезінген сәттеріңіз болды. Мүмкін оны сіз бүгін сезінген шығарсыз.

Алмада айылғандай, сенім дәніне ұқсас шабыттанар сәттерінде жүгіне ала аласыз. (Aлма 32:28 қара). Әрқайсысын отырғызып. Сіз оны сезіну үшін әрекет етіп шабыттандыра аласыз. Егер бұл ондықты төлеу болса, төлеңіз оны. Не болса да, істеңіз оны. Және соны істеуді жалғастыра беріңіз. Мойынсұнуға даяр екендігіңізді көрсеткен кезде, Құдайдың сізге жасағысы келгеніне Рух өз әсерін молынан береді.

Сіз мойынсұнған сайын, Рухтың әсері жиі келе бастап, серіктестіктің байланысы жақындай түседі. Сіздің оң жолды таңдай білген күшіңіз ұлғая түседі.

Оған деген істер әрекетіңіздің әсері сіздің еркіңізден емес, Рухтан келетінін біле аласыз. Құтқарушы және Оның тірі пайғамбарлары мен апостолдары айтқан сөзінде, сіз мойынсұнуды сенім артып таңдай аласыз деген. Сонда сіздің басы-қасыңызда болуы үшін, Ие Өз Рухын сізге жібереді.

Мысалы, сіз Демалыс күнді құрмет тұту үшін рухани әсер алған болсаңыз, әсіресе қиын болып көрінген кезде, Құдай қолдау көрсету үшін Өз Рухын жібереді.

Көп жылдар бұрын әкемнің жұмысы Аустралияға ауысқан кезде, сол көмек келді. Ол Демалыс күні жалғыз болса да, діни антын қабылдағысы келді. Соңғы замандағы әулиелер жиналысы туралы ол ешбір мәлімет таппады. Сөйтіп, ол жортып жүре береді. Ол жолдың әрбір қиылысында қай бағытта бұрылу керектігін білу үшін мінажат етті. Бір сағат бойы жүріп және бұрыла беріп, ол тағы мінажат ету үшін тоқтады. Ол төмендегі белгілі бір көшеге бұрылудың әсерін сезді. Көп ұзамай ол жақын арадағы ғимараттың бірінші қабатынан айтылып жатқан өлеңнің дауысын естіді. Ол терезеге қарағанда, ақ матамен жабылған және діни анты дайындығы бар үстелдің қасында отырған бірнеше адамды көрді.

Енді, бұл сізге соншалықты керемет болып көрінбейтін шығар, бірақ ол үшін бұл бір тамаша нәрсе болды. Ол діни анты дұғасында берілген уәденің орындалғанын білді: «Әрдайым оны есте сақтап, Ол оларға берген өсиеттерді орындап және Оның Рухы әрқашан олармен бірге болуы үшін». (І мен Ө 20:77).

Бұл ол мінажат етіп, содан соң Құдайдың еркін Рух оған жеткізіп орында дегенді, ол істеген жалғыз үлгінің бірі. Сіздер және мен істеп келе жатқандай, ол соны жылдар бойы сақтап келді. Ол ешқашан өзінің руханилығы туралы айтқан емес. Ол соны істеу үшін шақырылған болатын, сондықтан ол Құдай үшін аздаған істерді орындауды жалғастыра берді.

Әрдайым Соңғы замандағы әулиелердің қандай да бір тобы онымен сөйлесуді өтінген кезде, ол сөйлесетін. Егер ол 10 адам не болмаса 50 адам болып, немесе шаршап тұрғаны болсын, ол маңызды емес. Оны Рух істе деп шақырған кезде, ол Әке мен Ұлы және Киелі Рух пен пайғамбарлар туралы әрдайым өз куәгерлігін әкелді.

Оның Шіркеудегі ең жоғарғы шақырылымы Бонневил Қазығының жоғарғы кеңесі болатын, қазықтағы фермада шөпті жұлып, Жексенбілік мектепте сабақ жүргізді. Көп жылдар бойы, қажет болған кезде, оның серіктесі ретінде Киелі Рух әрдайым қасында болды.

Мен әкемнің қасында аурухананың бөлмесінде тұрдым. Менің анам, оның 41 жасар әйелі төсек тартып жатып қалды. Біз оған сағаттар бойы қарап тұрдық. Біз оның бетінен аурудың белгілері жоғалып бара жатқанын көрдік. Жұдырыққа жұмылған қолының саусақтары босай бастады. Оның қолдары екі жақта қимылсыз күйде қалды.

Он жыл бойы созылған қатерлі ісік тоқтады. Мен оның бетінде тыныштықты көрдім. Ол бірнеше қысқа дем алып, тағы дем алып, содан соң қозғалмай жатты. Біз сол жерде тұрып, басқа да демін көріп қалармыз деген үмітте күттік.

Соңында, Әкем ақырын ғана, «Кішкентай қыз үйіне қайтты» деді.

Ол көз жасын төккен жоқ. Өйткені Киелі Рух оған бұрынырақ оның кім болғанын, қайдан келгенін, және қайда бара жатқанын анық бейнелеп көрсетті. Рух оған сүйікті Көктегі Әке, өлімді жеңген Құтқарушы және өзінің әйелі мен отбасымен бөліскен ғибадатханалық бекітім шынайы екендігі туралы талай рет әрекет етіп куәгерлік етті.

Рух оның мейірімділігі мен сенім біліктілігінде көктегі үйге оралуға дайындықтан өткізді, ол жерде ол өзін уәде еткен тамаша сәби ретінде есте сақтап, құрметпен үйде қарсы алады деп сендірді.

Менің әкем үшін, ол күткен үмітінен де артық болды. Киелі Рух оны ол үшін шынайы етті.

Енді, кейбір адамдар оның сөздері және ойындағы суреттер көктегі үй тәтті көңіл-күй, сол күйеуінің жоғалтқан сәттегі бұлдыраған шешімі деп айтуы мүмкін. Бірақ, мәңгілік ақиқат, ол сіз танып біле алатын жолдың бірі ғана екенін ол білді.

Ол есейгелі өмір бойы физикалық әлемнің ақиқатын іздеген ғалым болатын. Ол бүкіл дүние жүзіндегі құрдастарынан қалыспау үшін ғылыми құралдарын пайдаланды. Оның химия саласында істеген көптеген жұмысында ол ішкі қөзқарасында малекуланың қозғалысын көрді және кейін көргенін зертханада жасаған тәжірибесі арқылы бекітті.

Бірақ, ол өзіне және әрқайсысымызға маңызды болып табылатын ақиқатты табу үшін, ол басқа жолды алып жүрді. Адамдар мен оқиғаларды тек Киелі Рух арқылы ғана, Құдай оларды қалай көрсе солай көре аламыз.

Сол сыйлық ауруханада әйелі қайтыс болғаннан кейін де жалғасын тапты. Біз анамның барлық заттарын үйге алып кету үшін жинастырдық. Әкем көлікке барар жолда кездескен әрбір медбике мен дәрігерге тоқтап алғысын білдірді. Мен біздің қайғыда бізге тыныштық берулері керек деп, аздап жаным жай таппаған сезім үстінде болғаным есімде.

Оның көрген заттарын тек Киелі Рух қана көрсеткенін мен енді түсінемін. Сол періште адамдарды Құдай оның сүйіктісіне қамқор болу үшін жібергенін көре білді. Мүмкін олар өздерін денсаулық сақтау саласындағы кәсіпкер ретінде көретін шығар, бірақ Әкем олардң көрсеткен қызметіне Құтқарушының атынан оларға алғысын білдірді.

Менің ата-анамның үйіне келген кезде де Киелі Рухтың әсері өз жалғасын тапты. Біз қонақ бөлмеде біраз уақыт сөйлестік. Әкем кешірім сұрап, өзінің жатын бөлмесіне кетті.

Біраз уақыт өте, ол қонақ бөлмеге қайтып оралды. Ол сүйсіне күлімсіреді. Ол қасымызға келіп: «Мен Милдред Рухани өмірде жалғызсырап қалады ма деп уайымдап едім. Мүмкін ол жұрт арасында өзін адасқандай сезінер деп ойладым».

Содан соң ол жарқырап: «Мен осы жаңа ғана мінажат еттім. Милредтпен барлығы жақсы болады. Менің анам сол жерде болып, оны қарсы алды».

Оның күлімсіреп, әжемнің қысқа аяқтары асыға, келген келінін күтіп алып, оны құшағына алу үшін жұрттың арасына ұмтылғанын елестеттім деп айтқаны есімде.

Енді, барлық себептің бірі менің әкем тыныштықты сұрады және алды, өйткені, ол бала кезінен сеніммен мінажат ететін. Ол оның жүрегіне келген жайлылық пен бағытты беру үшін, жауап алуда пайдаланды. Мінажат етуді әдетке айналдырып, ол киелі жазбаларды және тірі пайғамбарлардың сөздерін де білетін. Солай, оған таныс Рухтың сыбырын таныды, мүмкін сіздер де бүгін оны сезіп отырған шығарсыздар.

Рухтың серіктестігі оған жайлылық пен жетекшіліктен де көп берді. Оны Иса Мәсіхтің Өтелуі арқылы өзгертті. Біз әрдайым Рухтың уәдесін қабылдаған кезде, Құтқарушы бізге мәңгілік өмірге қажет керемет сыйлықтың бірі, пәктікті бере алады. (І мен Ө 14:7 қара).

Құтқарушының сөздерін еске салса: «Бүгінгі таңда міне мына өсиет: Тәубеге келіңдер жер түбіндегі сендердің барлығың, Киелі Рухты қабылында дәріптеліп, соңғы күні Менің алдыма кіршіксіз келу үшін, Маған келіп, Менің атыма су рәсімін өтіңдер». (3 Нефай 27:20).

Сол өсиеттер Құдайдың берген уәдесімен бірге келеді:

«Бүгінгі таңда, шынайы шынайы айтамын Мен саған: ісіңде әдал болып, мойынсұна біліп, әділ үкім шығару үшін жақсы істерге апаратын Рухқа сенім арт; осы Менің Рухым болып табылады.

Шынайы шынайы айтамын Мен саған: Мен саған сенің ақыл-ойыңды ашамын және сенің жаныңды қуанышқа толтыратын Менің Рухымнан беремін».(І мен Ө 11:12–13).

Мен Құдай Әке тірі, қайта тірілген Иса Мәсіх Өзінің Шіркеуінде жетекшілік етеді, Томас С. Монсон әулиеліктің барлық кілттерін ұстайды және осы аян Киелі Рухпен жетекшілік етеді және Иса Мәсіхтің Соңғы Замандағы Әулиелер Шіркеуін және оның мүшелерін қолдайды деп, куәгерлік етемін.

Бұдан басқа, бүгін Ие Иса Мсәіхтің куәгері ретінде және Он екілік Апостолдар Кворумының мүшесі ретінде сөз сөйлеген осы керемет адамдарды Құдай шақырды деп, куәгерлік етемін. Мен білемін, оларды Президент Монсон Рух арқылы шақырды. Сіздер естіген олардың куәгерлігін, қазір ғана менің айтқанымдай, Киелі Рух бекітті. Оларды Құдай шақырды. Мен оларды қолдаймын және жақсы көремін, тағы Құдай олардың қызметінде қолдау көрсетіп, сүйіспеншілік танытанын білемін. Мен осыны Иса Мсәіхтің атына айтамын, әумин.

Сілтемелер

  1. 2-ші кітап: Шіркеудегі жетекшілік (2010), 20.3.10.

  2. Джорж К. Кэнон, in «Конференция хаттамасында», Мыңжылдық Star, Мам. 2, 1863, 275–76.