2010–2019
Сенемін бе мен?
Сәуір 2016


Сенемін бе мен?

Егер ол заттар шынайы болса, онда бізде әлем білмеген үміттің жолдауы мен көмегіне иеміз.

30 наурызда, бір жыл бұрын, Ютадағы Американ Форкта кішкентай-екі-жасар Итан Карнесса, өкпенің талауруы және өкпенің айналасындағы сұйықтықпен ауруханаға жеткізілді. Екі күн өтісімен, оның халі қатты нашарлай түсті, оны Солт Лейк Ситидегі Кішкентай Балалар Ауруханасына тікұшақпен апару қажет болды. Оның анасы Мишель уайымдағандықтан, оған алдыңғы орынға отырып, баласымен бірге баруға рұқсат етілді. Тікұшақта басқалармен тілдесу мүмкіндігі болу үшін оған құлаққап берілді. Оның кішкентай ауру баласына медбикелер қызмет етіп жатқанын естіп отырды және өзі бала дәрігерінің медбикесі болғандықтан, Итанның жағдайы мүшкіл екенін түсіну үшін жеткілікті болды.

Кескін
Ethan Carnesecca while ill

Осы қиын жағдайда, Мишел Дрейпер Юта Ғибадатханасының үстімен ұшып бара жатқанын байқап қалды. Аспаннан, ол аңғар үстінен Иордан Ривер Ғибадатханасын, Окуер Маунтен Ғибадатханасын, тіпті алыстағы Солт Лейк Ғибадатханасын көре алды. Оның басына ой келіп: «Соған сенесің бе әлде жоқ па?»

Ол сол тәжірибесі туралы былай деді:

«Мен ғибадатхананың баталары мен «отбасылар мәңгілік бірге болатыны» туралы Бастапқы қоғам мен Жас әйелдер қоғамында оқып білдім. Мен миссияда жүрген кезде отбасылар туралы Мексикадағы жақсы адамдармен бөлістім. Мен менің мәңгілік серіктесіммен уақытша және мәңгілікке ғибадатханада бекітім жасадым. Жас Әйелдер қоғамының жетекшісі ретінде, мен отбасылар туралы сабақ өткіздім және отбасылық үй кешінде отбасылар мәңгілікке бірге деген оқиғаны балаларыма айтып бөлістім. Мен БІЛГЕН болатынмын оны, бірақ Мен СЕНДІМ БЕ оған? Сұрақ басымда пайда болған кезде, жауап та тез келіп түсті: Рух мен әлдеқашан білгенімді жүрегім мен ойымда растады - МЕН СЕНДІМ соған!

Сол сәтте Мен мінажат етіп Көктегі Әкеме жүрегімді төгіп салдым, отбасылар шынайы мәңгілік бірге болатыны туралы мендегі білім мен сенім болғаны үшін Оған ризашылығымды білдірдім. Мен Оны бізге барлық мүмкіндікті жасаған Оның Ұлы Иса Мәсіх үшін ризашылығымды білдірдім. Мен Оған менің ұлым үшін ризашылығымды білдіріп, Көктегі Әкеге егер Оған менің кішкентай Итанымды Оның көктегі үйіне алып кетуге қажет болса, барлығы жақсы болатынын білдірдім. Мен толығымен, Көктегі Әкеме сендім және Итанды қайтадан көре алатынымды білдім. Сол қиын сәтте, Мен інжіл шынайы екенін білгенім үшін және соған сенімді болғаным үшін ризашылығымды білдірдім. Менің жаным тыныштық тапты».1

Итан білікті медициналық көмек алып, ауруханада көп апта өткізді. Мінажаттар, ауыз бекіту және ағайындардың сенімі мен сол қамқорлықтың арқасында, отбасымен бірге болу үшін ауруханадан шығып, үйіне оралуға рұқсат берілді. Қазір оның дені сау және ол бүгін жақсы.

Кескін
Carnesecca family
Кескін
Ethan Carnesecca recovered

Бұл Мишел үшін маңызды сәт, оның бүкіл өмір бойы үйренгені жай сөзден артық болғанын дәлелдеді, бұл ақиқат.

Иса Мәсіхтің Соңғы Замандағы Әулиелер Шіркеуінің мүшесі ретінде бізге берілген баталарға кейде соншалықты үйреншікті болып кеткендіктен бе, біз Иенің шынайы шіркеуіндегі шәкірттіктің ұлылығы мен ғажайыптарды толығымен түсіне алмайтын секілдіміз? Бізге осы өмірде берілген керемет қабілеттіліктерге масаттанғанымыз үшін, өзімізді кінәлі сезінеміз бе? Құтқарушы өзі оқытқандай, «Егер менің өсиеттерімді сақтап, ақыр соңына дейін бастан кешіре алсаңдар, Құдайдың барлық тартуының ішіндегі аса зор тартуы ретінде мәңгілік өмірге ие боласыңдар».2

Біздің ойымызша, бұл Шіркеу жексенбі күндері барып, білім алатын және жақсы адам болуды үйренетін орыннан да мол. Бұл адамгершілік қасиеттері бар адамдармен араласатын әсем әлеуметтік Христиан клубынан да зор. Бұл тек ата-аналар үйде балаларын жауапкершілігі мол және жақсы адам болу үшін оқытатын керемет ойдың жиынтығы ғана емес. Иса Мәсіхтің Соңғы Замандағы Әулиелер Шіркеуі сол барлық заттардан да шексіз зор мағынаны білдіреді.

Біз дін ретінде қоятын терең талаптар туралы бір сәтке ойланып көрелік. Біз Иса Мәсіхтің жер бетінде құрған сол Шіркеуі Құдайдың пайғамбары арқылы біздің заманымызда қайта қалпына келтірілді және көне замандағы Апостолдар жеткізгенді біздің жетекшілер Құдайдың атынан сол күш пен билікті ұстанады деп, сенеміз. Оны Құдайдың әулиелігі деп, атайды. Біз бұл қайта қалпына келтірілген билік арқылы, су рәсімі секілді құтқарылу арнау рәсімдері және бізбен әрдайым болатын Киелі Рухтың тазартатын және өңдеуші тартуына кенелетініне сенеміз. Бізде Шіркеуді әулие кілттері арқылы бағыттайтын және жетелейтін апостолдар мен пайғамбарлар бар және Құдай Өз балаларына осы пайғамбарлар арқылы сөзін жеткізеді деп, сенеміз.

Біз тағы, осы әулиелік күші бізге бекітім жасап, қасиетті ғибадатханаларда арнау рәсімдерді өтуге мүмкіндік береді және сол арқылы күндердің күнінде біз Құдайдың ұдайы қасына оралып, Оның қасында мәңгілік өмір сүру мүмкіндігін аламыз деп сенеміз. Біздің ойымызша, Құдайдың үйі болып саналатын осы қасиетті ғимаратта ерлі-зайыптылар осы күш арқылы жаңа және мәңгілік неке өсиетін алған кезде, отбасылар бір-бірімен бірге мәңгілік бола алатынына біз сенімдіміз. Біз бұл құтқарылу арнау рәсімдерін тек өзіміз үшін ғана алмай, сонымен бірге біздің жер бетінде өмір сүрген бұл қасиетті арнау рәсімдеріне қатыса алмаған арғы аталарымыз үшін де, өткізе аламыз. Біз сол ғибадатханаларда біздің арғы аталарымыз үшін сенімхат арқылы арнау рәсімдерін орындай аламыз.

Мәсіх әлемнің құтқарушысы деп айтылған Киелі кітапта куәгерлікті қосып, Пайғамбарлар мен Құдайдың күші арқылы біз қосымша жазбаларды алғанымызға біз сенеміз.

Біз Иса Мәсіхтің Соңғы Замандағы Әулиелер Шіркеуі Құдайдың патшалығы және жер бетіндегі жалғыз шынайы Шіркеуі екенін растаймыз. Ол Иса Мәсіхтің Соңғы Замандағы Әулиелер Шіркеуі деп аталады, өйткені Ол оның басында тұр; және барлық зат Оның өтелу құрбандығының арқасында мүмкін.

Біздің ойымызша, осы ерекшеліктерді жер бетінің ешбір жерінде немесе ұйымда табылмайды. Қандай да бір жақсы және шынайы шіркеу болсын, олардың ешқайсысында Иса Мәсіхтің Соңғы Замандағы Әулиелер Шіркеуінде бар құтқарылу арнау рәсімдерін қамтамасыз ететін билік жоқ.

Біз бұл заттар туралы білеміз,бірақ сенеміз бе біз? Егер ол заттар шынайы болса, онда бізде әлем білмеген үміттің жолдауы мен көмегіне иеміз. Оларға сену, ол біздің өзімізге және біз жақсы көретін адамдарға маңызы бар мәңгілік мәселе.

Сену үшін, бізге ойымыздан інжілді жүрегімізге жеткізу қажет! Мүмкін бізге тірі інжіл қозғалысы арқылы өтіп, өйткені, ол күту күйінде немесе бұл біздің қалыптасқан мәдениет немесе ол жай әдетке айналған. Мүмкін кейбір адамдар, патша Бенжаминнің айтқан наным уағыздарын естіген халықтың сезімін бастан кешірген жоқ шығар: «Олардың барлығы бір дауыста: Иә, сіздің әрбір айтқан сөзіңізге сенеміз және біз ақиқатты білеміз және әрдайым жақсылық жасап, жамандықтан аулақ болуды үйретіп, біздің жүрегімізді және өзімізді үлкен өзгеріске әкелген Құдіретті Иенің Рухы арқылы олардың ақиқат екенін білеміз».3

Біз бұдан былай, әлемнің жолымен жүруге ниет етпей, бірақ Құдайдың көңілін табу үшін, бәріміз жүрегіміз бен табиғатымыздың өзін өзгертуге тырысуымыз керек. Шынайы өзгеріс белгілі бір уақытты талап етеді және сенім білдіруге дайындықты қамтиды. Бұл ғаламтордың орнына біз киелі жазбалардан ізденген кезде келеді. Біз Құдайдың өсиеттеріне мойынсұнған кезде келеді. Шынайы өзгеріс айналамыздағыларға қызмет еткенде келеді. Бұл біз шын жүректен мінажат еткенде, ұдайы ғибадатханаға барғанда және біздің Құдай берген міндеттерді адал орындаған кезде келеді. Бірізділік пен күнделіктегі күш салуды талап етеді.

Менен жиі сұрайтын сұрақ, «Осы күні біздің жастардың соқтығысатын ең үлкен мәселе неде?» Менің ойымша, ол олардың өміріндегі ұдайы болатын «ұлы және кең ғимараттың» әсері деп жауап бердім. 4 Егер Мормон кітабы арнайы біздің заман үшін жазылған болса, онда әрине, бізге қатысты хабарды, Лихайдың көрісіндегі өмір ағашы және сол саусақ көрсетіп, ұлы және кең ғимараттан мазақтаған адамдардың әсерін, әрине жай өткізе салмаймыз.

Мен үшін жан түршігерлігі ол, қараңғылықтан шығып, түзу және тар жолда, темір өзекті ұстап, өздерінің мақсатына жетті және мөлдір және өмір ағашынан тәтті жемістің дәмін татып бастады. Содан кейін, жазбада жақсы киінген ұлы және кең ғимараттағы адамдар сол келіп жемістің дәмін татқандарға саусақтарын көрсетіп, мазақ қылып тұрды деп, айтылған.

«Және жемістің дәмін тартып көргеннен кейін, олар ұялды өйткені оларға мысқылдап күлді және олар тыйым салынған жолға түсіп, жоғалып кетті».5

Бұл шумақтар біздің өмірімізде Иса Мәсіхтің інжілі әлдеқашан бар адамдарды сипаттайды. Не біз ода туылғанбыз немесе оны табу үшін жолымызда қараңғылықпен күресіп, біз осы жемістің дәмін татып, Құдайдың берген барлық тартуларының арасындағы «ең қымбат және ең сүйікті» 6 және бізге мәңгілік өмірді беру әлеуеті бар. Біз қуанышқа бөленуді жалғастырып біздің сенімізді мазақ қылатындарға немесе күмән тудырудан ляззат алатындар немесе Шіркеу жетекшілері және ілімдерінен кінә табатындарға мән бермеуіміз керек. Бұл күнделікті жасайтын таңдау- күмәннің үстінен сенімді іздеу. Аға М. Рассел Баллард бізді «қайықта қалып, суға батырмайтын желеткені пайдаланып және екі қолыңмен ұстан» деп шақырады.7

Иенің ақиқат Шіркеуінің мүшесі ретінде, біз әлдеқашан қайықтамыз. Бізге әлдеқашан біздегі бар жайлылық беретін, көмек және өмірдің сынақтарынан қауіпсіздікте өту үшін бағыт беретін ақиқатты әлемнің философиясы арқылы іздеудің қажеті жоқ. Итанның анасы секілді өзінің бұрынғы сенімін тексеріп, қиын сәтте, күмәнсіз «Мен сенемін» деп жария етті. Біз де сене аламыз!

Мен өз куәгерлігімде, Ие патшалығының мүшесі болу шексіз құндылықтың тартуы болып табылады деп айтамын. Мен куәгерлік етемін, баталарды және тыныштықты Құдай адамзаттың ақыл-ой ұғымынан да басым сенімі бар және мойынсұна білген адам үшін даяр етті.