2010–2019
Әкелер
Сәуір 2016


Әкелер

Мен бүгін жай ғана сол күйеу мен әке – ер адамның ерге тән ең жоғарғы рөлді атқара алатынына назар аударғым келеді.

Мен бүгін әкелер туралы айтқым келеді. Шақырылымды жақсы атқарып жатқандарға дауысымды көтеріп мадақтағым келеді. Әке болуды және әкелерді мадақтау және ынталандыру ұят емес, ол ешкімді кемітпейді. Мен бүгін жай ғана сол күйеу мен әке – ер адамның ерге тән ең жоғарғы рөлді атқара алатынына назар аударғым келеді.

Дэвид Бланкенхорн, Америкадағы әкесі жоқ жетімдер, деген кітаптың авторынан: «Осы күндері Америкалық қоғамның әкелікке деген көз қарас негізінде екіге бөлінеді. Кейбір адамдар оны тіпті есіне де алмайды. Басқасы, оған ренжуде. Өзгесі, отбасы туралы зерттейтін ғалымдар және оған басқа да талай отбасын қосып алғанда, олар оны ескермейді де, не болмаса елемейді де. Талай өзге адамдардың оған қарсылығы жоқ, бірақ оған сондай берілгені тапшылық. Талай адамдар, оған қатысты әрекет қолданғысы да келеді, бірақ біздің қоғамның оны істеуге шамасы жетпейді, не болмаса оны істегісі Келмейді».1

Кескін
Біз әкелерге сенеміз.
Кескін
Әкелер сүйіспеншілік пен адалдықта төрағалық етеді.

Шіркеу ретінде, біз әкелерге сенеміз. Біз «өз отбасын бірінші орынға қоятын адам мұратына» сенеміз.2Біз сенеміз, «өз отбасындағы өмір қажеттілігін қамтамасыз етіп, оған қорғаныс болатын, құдайшыл ойына сәйкес, әке өз отбасында сүйіспеншілікте және жауапкершілікте адал төрағалық етеді».3 Біздің ойымызша, отбасылық міндеттерде, «әкелер мен аналар тең серіктес ретінде бір-біріне көмектесуі тиіс».4 Біздің ойымызша, әкелер таптырмас және бірегей болып табылатынын айту артық болмас.

Кескін
Ата-аналардың қосымша міндеттері бар.
Кескін
Әкелердің орны бөлек.

Кейбіреулер әке болуды әлеуметтік тұрғы жағынан қарайды, адамдарды өз ұрпақтарына міндеттейді, жақсы азамат болуға түрткі болып, басқалардың қажеттіліктерін ойлауға, ананың балаларға деген үлесін, әкенің балаларға деген үлесімен толықтырады. ... Қысқаша айтқанда, ер адамдар үшін маңыздысы әке болу. Балалар үшін маңыздысы, әкесінің болуы. Қоғам үшін маңыздысы, әкені құру».5Бұл түсінік дұрыс және маңызды болса да, біз білеміз, әке болу жәй ғана әлеуметтің құрылым мен даму өнімі емес, ол зор мағыналы. Әке рөлінің құдайшыл жаратылысы бар, ол Көктегі Әкеден және осы жер бетінде Адам әкеден басталады.

Мінсіз, құдайшыл әкеліктің белгісі ол біздің Көктегі Әкеміз. Оның табиғи мінезі мен ерекшелігін мол жақсылық пен мінсіз сүйіспеншілік қамтиды. Оның жұмысы мен даңқы, ол даму және бақыт пен Оның балаларының мәңгілік өмірі болып табылады.6 Осы құлдыраған әлемде, әкелер салыстырмалы көктегі Биік Мәртебеге үміттене алмайды, бірақ, олар оған ұқсас болуға тырысып, шынымен адал Оның жұмысында еңбек етеді.

Ер адам үшін, әкелік жолында біздің жеке басымыздың қажеттілігі мен әлсіздігін сынға алып өткізеді. Әке болу құрбандықты талап етеді. Тағы да, Өзінің рухани балаларын жақсы көретін және бізді құтқарып көкке көтеру үшін Өзінің Жалғыз Ұлын берген біздің Көктегі Әкеміздің соңғы үлгісі.7 Исаның айтқаны, «Адамның достарына көрсететін ең зор сүйіспеншілігі-олар үшін өмірін құрбан етуі».8 Әкелер күнделікті өмірінде өз отбасына сүйіспеншілікті көрсете қолдай отырып, қызмет етуі керек.

Бәлкім, әкелік парыздың ең маңыздысы балаларының жүрегін Көктегі Әкеге қарату болып табылар. Егер әке осы күнделіктегі өмірде Құдайға деген сенімін сөзіне сай үлгісін көрсете білсе, ол өз балаларына осы өмірдегі әлемге және келер әлемнің мәңгілік өмірінің кілтін табыс етеді.9 Киелі жазбаны оқиды және балаларымен бірге оқитын әке оларға Иенің дауысымен таныстырады.10

Кескін
Әкелер киелі жазбаларды оқиды

Ата-ана өз балаларын оқытуы керек деп жазылған сөздерді киелі жазбадан неше қайтара тауып оқимыз:

«Тағы да, ата-ана Сионда немесе басқа да ұйымдастырылған қазықтарда, сегіз жасқа толған баласына тәубеге келудің ілімі және тірі Құдайдың Ұлы Мәсіхке деген сенім мен су рәсімі туралы және басына қол қойып Рухтың тартуы туралы түсінік бермеген болса, ата-ананың басына күнә жүктелетін болады. …

Олар тағы балаларын мінажат етуге және Құдайдың алдында адал болуды үйрететін болады».11

1833 жылы өз балаларын үйрету міндетін толық орындамағаны үшін Бірінші Президенттік мүшелерін Ие сөгіп салған болатын. Олардың біріне ол нақты, «Сен өз балаларыңды өсиет бойынша жарыққа және ақиқатқа үйретпедің; сайтан әлі де билік жүргізуде сендерге және сендердегі дерттің кесірі осы болып табылады».12

Әкелер Құдайдың заңын үйреніп, әр ұрпаққа қайтадан жұмыс істеу керек. Забур жыршысы айтқандай,

«Өйткені, ол Жақыпта куәгерлік, ал Исраилде заң орнатып, біздің әкелерімізге балалары білсін деп өсиет етті:

Осы келер ұрпақ оларды білуге тиіс, тіпті өмірге келетін балалар да; олар тұрып жария етеді өз балаларына:

Олар Құдайға деген үмітін үзбей, Құдайдың жұмысын ұмытпай жасап, оның өсиеттерін сақтайды».13

Кескін
Әке және оның қызы билейді

Әрине, інжілге үйрету әке мен ананың арасындағы ортақ міндет болып табылады, бірақ Ие әкеден жоғарғы басымдылықтағы жауапкершілікті күтеді. (Және оқытуға қатысты елементтерді бірге ойнау маңызды болып табылатынын еске түсірелік). Ие әкеден өз балаларына үлгі болып, оларға жетілуге көмектеседі деп күтеді. Балалар жақсы үлгі алғысы келеді және оны қажет етеді.

Кескін
Әке мен ұл жұмысты бірігіп істейді

Мен үлгілі әкенің батасына ие болдым. Мен 12 жасар бала болған кезімде, менің әкем біздің кішігірім қауымдастығының қалалық кеңесінің үміткері болғаны есімде. Ол үлкен сайлау науқанына қосылған жоқ болатын - әкем менің бауырларымды және мені алып, Паул Кристоферсонға дауыс беріңдер деген шақыру үнпарақ көшірмесін есіктен есікке таратқаны ғана есімде. Сол жерде мен үнпарақты қолына ұстатқан бірнеше үлкен кісі Паулдың жақсы және адал адам болғанын айтты және оған күмәнсіз дауыс беретінін білдірді. Менің жас балалық жүрегім әкем үшін, мақтанышқа толды. Бұл маған әкемнің жолын алып жүруге итеріп, сенімділік берді. Ол мүлтіксіз деп айта алмаймын - ешкім де мүлтіксіз емес – бірақ, ол ұлына жақсы үлгі болатындай адал және дұрыс жолдағы адам болды.

Тәртіп пен түзету үйретудің бір бөлігі, бірақ табысқа жету үшін олар Көктегі Әкеміздің құдайшыл өнегесімен жүрулері керек. Пауылдың сөзінде, «Құдай кімді жақсы көрсе, соны жазалайды».14 Әке түзетуге жағдай жасаған кезде оның ынтасы сүйіспеншілік, ал жетекшісі Киелі Рух болсын:

«Киелі Рух арқылы таңертең ерте жазғырып, содан кейін жазғырған адам сені жау ретінде қабылдамас үшін, сүйіспеншілікті молынан білдір;

Сіздің сенімділігіңіз өлім дәнекерінен де мықты екенін ол білетін болады».15

Құдайшылдықтың негізгі мәселесінің тәртібі жазалау емес, ол жақсы көретін адамға сабырлық сақтауға көмектесу.

Кескін
Әке жұмыста
Кескін
Өмірлік табыс табу

Иенің айтқан сөзінде, «барлық балалар белгілі бір жасқа дейін әке-шешенің күтімі мен қамқорлығына құқылы».16 Отбасына қамқор болу үшін табыс табу қасиетті қызмет. Отбасына жағдай жасау, дегенмен, әдеттегідей уақытты талап етсе де, отбасыдан алыс болғанмен әкелік парызын орындау керек - ол жақсы әке болудың мағынасын білдіреді. «Жұмыс пен отбасы бір-бірін қамтитын міндет».17 Бұл әрине, оның мансабы үшін отбасын ескермейтіндей немесе өз жауапкершілігін басқа біреуге итере салып, емін еркін жүретін мінез-құлық ер адамды ақтамайды. Патша Бенжамин өз сөзінде:

«Біз балаларымызға Құдайдың заңдарында күнәға батуына, бір-бірімен ұрысып тартысуға, ібіліске қызмет етуіне жол бермеуіміз керек. …

Бірақ, сіздер оларды ақылды және адал жолға салып үйретесіздер; оларды бір-біріне деген сүйіспеншілікте және бір-біріне қызмет етуге үйрететін боласыздар».18

Біз өз отбасына қажет қолдау көрсету амалын таппай жанталасып жүрген адамдарды түсінеміз. Осы сәтте барлық күшін салып тырысып, әкелік борышын толық орындай алмай жүргеннің еш ұяттығы жоқ. «Мүгедектік, өлім немесе басқа да жағдайлар бейімделудің жеке түрін қажет етеді. Жақын туыстары қажет болған жағдайда қолдау көрсетуі тиіс».19

Кескін
Ата-ананы жақсы көру
Кескін
Ата-ана билейді

Өз балаларының анасын жақсы көру - сол сүйіспеншілік - әкенің өз балаларына істей алатын екі ең жақсы заттың бірі. Осы отбасылық өмірдің қауіпсіздігі мен негізі болып табылады, сондықтан ол некені қайтадан бекітіп, нығайтады.

Кескін
Әке жасөспірім ұлдарымен бірге

Кейбір ер адамдар жалғыс басты әкелер, асыранды балалары бар немесе өгей әке болып келеді. Олардың көпшілігі жиі қиын болып келетін рөлді ерлік танытып қолынан келгеннің барлығын жасауға тырысады. Жеке басының және отбасының қажеттілігін қанағаттандыру үшін өзін құрбан етуге даяр және шыдамдылық танытып сүйіспеншілікте барлық мүмкіндікті жасайтын ер адамдарды құрмет тұтамыз. Құдайдың өзінің Жалғыз Сүйікті Ұлын асырап алған әкесіне сеніп, тапсырғанын ескерген жөн. Әрине, Жүсіптің де талай еңбегі сіңді, Иса есейгенше, «Оның ойы да, бойы да Құдай мен адамдарға ұнамдылығы арта түсті».20

Өкінішке орай, өлімнің салдарынан, бас тартқан немесе ажырасудың кесірінен кейбір балалар әкесіз өмір сүреді. Кейбіреудің әкесі бола тұра жан толғаныс сезімін білдірмейді немесе басқаша айтқанда, көңіл бөліп қолдау көрсетпейді. Біз әкелерге жақсылық жасауға және жақсы болуға шақырамыз. Біз бұқаралық ақпарат құралдарын, ойын-сауық орындарын күлдіргіш немесе қиындықты шақыратын жас балалар» туралы көрсеткеннің орнына бір рет болса да адал және қабілетті, әйелдерін шын жүрегімен сүйетін және балаларын ақыл оймен жетелейтін әкені бейнелеуге шақырамыз.

Отбасы жағдайы алаңдататын балаларға біздің айтарымыз, сол үшін өздеріңіз жаралғансыздар. Туындаған қиындықтар, Иенің сізге деген сенімін білдіреді. Ол сіз кездестірген мәселелерді шешу үшін, тікелей және басқа адамдар арқылы көмектесе алады. Сіз бақыт пен құдайшыл үлгідегі бірінші отбасының ұрпағы бола аласыз және Құдай шынайы отбасы болып айналған сіздің күллі ұрпағыңызды бағыштайды.

Жас ұланға, рөлді мойындай отырып, асыраушы және қорғаушы ретінде, біз сізге айтарымыз, мектепте белсенді оқып болашағыңды қазірден бастап жоспарлай біл. Білім, жоғарғы оқу, техникум, шәкірттік немесе оған ұқсас бағдарлама болсын, сізге қажет болар қабілеттіліктің даму кілті болып табылады. Мүмкіндіктерді пайдаланып, салауатты және пайдалы қарым-қатынасты орнатуды үйрену үшін түрлі жастағы адамдармен де жас балалармен де араласыңыздар. Бұл тек қана сіздің мәтіндік дағдыларыңызды өсірмей, адамдармен бетпе-бет сөйлесіп, кейде бір нәрселерді бірге істегенді білдіреді. Ер адам ретінде тазалықты өз некеңізге және өз балаларыңызға да әкелетіндей өмір сүру керек.

Барлық өсіп келе жатқан ұрпаққа айтарымыз, қай жерден болсын өз әкеңізді жақсы-өте жақсы-үздік көлемінде өткізсеңіз (және есейіп, ақылды болғанда рейтинг жоғарлайды деп, болжаймын), ойыңды оны және анаңды құрметтеуге өз өміріңмен жинақта. Әкенің аңсаған үміті Жохан арқылы жеткізілгенін еске түсіріңдер, «балаларымның дұрыс жолда жүргенін естуден асқан басқа бақыт жоқ».21 Сіздің шыншылдығыңыз, кез келген әке ала алатын аса үлкен құрмет.

Осы Шіркеудегі әкелер, менің бауырларыма, айтарым, мен білемін сіз неғұрлым тамаша әке болуды қалайсыз. Менің білерім мен де сондай болғанды тілеймін. Дегенмен, шектеулерге қарамастан, алға басайық. Асырылған жеке басымыздың дарашылдығы мен бүгінгі мәдениет дербестік ұғымын кейінге қалдырып, ең алдымен басқалардың бақыты мен амандығы туралы ойлайық. Әрине, біздің кемшіліктерімізге қарамастан, Көктегі Әкеміз бізді көтермелеп, біздің салған қарапайым еңбегіміз өз жемісін әкелер деп шақыруда. Мен Жаңа кезең журналындағы оқиға мені шабыттандырды, сол жылы мен Жоғарғы биліктің өкілі болдым. Автор келесіні айтып жеткізді:

«Мен жас кезімде, біздің кішкентай отбасымыз бір бөлмелі пәтердің екінші қабатында тұратын. Мен қонақ бөлмеде төсекте ұйықтайтынмын. …

Менің әкем болат қорытушы, күн сайын жұмысқа өте ерте үйден шығатын. Күнде таңертең ол... айналамдағы көрпені түзеп жауып, бір минутқа тоқтайтын. Мен әкемнің төсегімнің жанында тұрып, маған қарап тұрғанын сезген кезде, мен жартылай түс көріп жатқандай болатынмын. Мен ақырын оянған кезімде, әкемнің жанымда тұрғанын көріп ұялып қысылдым. Мен әлі ұйықтап жатқандай кейіп танытуға тырыстым. … Мен оны төсегімнің қасында тұрып, мен үшін бар назары мен күшін салып мінажат еткенін түсіндім.

Әр таңда менің әкем мен үшін мінажат етті. Ол менде жақсы күн болсын, қауіпсіздікте болып, үйреніп келешекке дайын болуым үшін мінажат етті. Ол кешке дейін менің қасымда болмағандықтан, ол мұғалімдер мен менімен бірге болатын достарым үшін де, мінажат етті. …

Алғашқыда, Мен әкемнің сол таңдары мен үшін мінажат еткенін шын мәнінде түсінбедім. Бірақ, есейе, мен оның сүйіспеншілігін және мен істеген барлық затқа, маған деген назарын сездім. Бұл менің сүйікті естеліктерімнің бірі. Бұл қөп жылға созылған жоқ, мен үйленгеннен кейін, өз балаларым пайда болған кезде, олар ұйықтап жатқан бөлмеге барып, олар үшін мінажат еткен кезде, әкемнің мен туралы қандай сезім күйінде болғанын толығымен түсіндім».22

Алма ұлына куәгерлік етті:

«Міне, Мен сендерге айтайын, бұл [Мәсіх] күмәнсіз әлемнің күнәсін алуға келеді… ; Иә, ол сендерге өз халқына құтқарылу ізгі хабарын жариялау үшін келеді.

Ал енді, ұлым, бұл ізгі хабарды осы халыққа жария етуге сіз шақырылған қызмет болды, олардың ақыл-ойын дайындауға; немесе керісінше.... олар өз балаларының ақыл-ойын ол келген уақытта сөз тыңдауға дайындау».23

Бүгін әкелердің қызмет ететін күні. Құдай батасын беріп оларды соған тең қылсын, Иса Мәсіхтің атына, аумин.