2010–2019
Өзіңді ғибадатханада көру
Сәуір 2016


Өзіңді ғибадатханада көру

«Өзіңді Оның қасиетті ғибадатханасында көру» үшін, әрқайсысыңыз Құтқарушыға құрмет көрсетіп, өз өмірінде өзгерістер еңгізер деп мінажат етемін.

Өткен тоқсандағы Құдайдың құтқару жоспарын осы құрылымның толық уақытында түсіну мүмкін емес.1Оған үлгі ретінде берілген Томас С. Монсонның осы конференцияның сессиясында жария еткен жаңа 4 ғибадатханалар. Президент Монсон 1963 жылы Апостол ретінде шақырылған кезде, әлемдегі қолданыста 12 ғибадатхана тіркелген болатын. 2Прово қаласының орталығында ашылған ғибадатхананы қосып, қазіргі уақытта ғибадатханалардың саны 150 және барлық ғибадатханалар дәріптелген кезде 177-ге толады. Бұл біз үшін қуанатындай жақсы себеп.

Жүз сексен жыл бұрын, бүгінгі күні, 3-ші сәуір айының 1836-шы жылы Киртланд ғибадатханасында Пайғамбар Жозеф Смит пен Оливер Каудериге керемет көріс ашылған болатын. Ол ғибадатхананың ашылғанына бір апта өтісімен болған оқиға. Сол көрісте ғибадатхананың ортасында тұрған демеуіш үстел үстінде тұрған Құдайды көрді. Оның арасында Құтқарушы үн қатып:

«Осы үйді Менің атыма өз күшімен тұрғызған сендердің бауырларыңның жүрегі қуанышқа толсын және Менің барша халқымның жүрегі қуанышқа толсын.

Өйткені міне, Мен бұл үйді қабыл алдым және Менің атым осында болады; және Өз халқыма ізгі ниетпен осы үйге келемін».3

Осы қасиетті оқиға кезінде көне пайғамбарлар пайда болды, оның ішінде ғибадатханалық арнау рәсімдеріне қажет қасиетті кілттерді тарту еткен Ілияс та бар.

Осы Кито, Эквадор; Хараре, Зимбабве; Белем, Бразилия; және Лима мен Перу туралы қуанышты хабар бір жыл бұрын Тайландтағы Бангкок қаласында ғибадатхананың болатыны туралы жария етілген кездегі оқиғаға байланысты шіркеу мүшелері мен миссионерлерінің қуанатындай кей маңызы бар. Тайландтағы Банкок миссия президенті Аға Дэвидтің әйелі Шелли әпке санды пошта арқылы отбасы мен достарына, күйеуі екуі Президент Томас С. Монсон ғибадатхана туралы жария еткенін естіген соң, «12 сағат көздері жасқа толып, бақытты күйде» өткізгенін айтып бөлісті. Олар миссия көмекшілеріне сағат 11:30-да қоңырау шалып, оларды хабардар етті. Миссия көмекшілері өз кезегінде барлық миссионерлерге қоңырау шалды. Баяндама қайтып оралды, «ұйқыдан ояу бүкіл миссия түн ортасында төсек орындарында секіріп жатты». Сениор әпке, әзілдеп, отбасын және достарын «Миссионерлер басқармасына айтпаңыз!4 деп, көндірді».

Тайландтағы шіркеу мүшелерінің рухани сезім әсері сондай терең болды. Сол, қайта жария етілген ғибадатханалар болатын жерді жария еткен кезде, дайындалып жатқан Әулиелерге көктен келген рухани дайындық үйлерінде және олардың жүректерінде болғанына мен сенімдімін.

Кескін
Тайландағы жас әйелдердің «Ғибадатханада өзіңе қара» деп айтылған айнасы бар.

Тайландтағы үлкен миссионер әпкенің арнайы қол айнасы болатын, ол оны өзінің жеке оқытуындағы, әсіресе әпкелерді оқыту үшін пайланатын. Ол айнаны «Өзіңді ғибадатханада көру» деген жазу жазылған болатын. Адамдар айнаға қарағанда өздерін ғибадатханада көретін. Ерлі зайыпты миссионер шіркеу мүшелері мен ерушілерге өздерін ғибадатханада отырғанын елестетіп, өз өмірінде өзгерістер енгізіп, сол мақсатқа қол жеткізу үшін, рухани дайындықтан өтуді үйретеді.

Бүгінгі таңда мен әркімді жердің қай бұрышында тұрып жатқанына қарамастан, ғибадатханада өзн көруге шақырамын. Президент Монсонның жарлығында: «Иенің үйіне кіріп, онда күтіп тұрған барлық батаны алмағанша, Шіркеудің берер мүмкіндігінің барлығын ала алмайсыз. Шіркеу мүшелігіндегі маңызды және некелік баталардың барлығы, біз Құдайдың ғибадатханаларында алатын баталар».5

Осы әділетсіз заманға қарамастан, біз қасиетті де киелі уақытта өмір сүреміз. Пайғамбарлар біздің өмірді талай жыл бойы сүйіспеншілікте және шын жүректен бейнелеп берді.6

Пайғамбар Жозеф Смит Көне Өсиеттегі7Абдиге және Жаңа Өсиеттегі 1-ші Петірге. 8сүйене Сион тауында бізге құтқарушы болуға мүмкіндік беретін және дүние салған адамдар үшін су рәсімін өтуді қамтамасыз етіп, Құдайдың ұлы мақсатын танып білді.9

Ие біздің халықты өркейтіп өсірді және біз ғибадатханаға қажырлы барып, тірі және дүние салған адамдар үшін міндетімізді орындауымыз үшін, пайғамбарлық нұсқаулар мен қорларды қамтамасыз етті.

Иса Мәсіхтің інжілі қайта қалпына келтірілгендіктен, біз өмірдің мақсатын және Әкенің Өз балаларына деген құтқарылу жоспары мен Құтқарушының өтелу құрбандығын және көкте құрылған отбасының негізгі рөлін түсінеміз.10

Ғибадатхананың және озық технологияның саны өсу үйлесімі біздің қасиетті міндетімізді орындап, арғы атамыздың отбасылық тарихын толтыру үшін, күллі тарихтың кезеңіндегі нағыз қолайлы уақыт. Мен біздің жастардың ерекше адалдығы үшін қуанамын, олар арғы аталарының тізімін іздестіріп, су рәсімін орындап, ғибадтханалық бекітімнен өткізіп жатыр. Дәлірек айтқанда, сіз де Сион тауындағы күні бұрын айтылған құтқарушылардың арасындасыз.

Біз ғибадатханаға қалай дайындаламыз?

Ғибадатханаға бару дайындығының құрамына адалдық пен қасиеттілік кіретінін біз білеміз.

Ілім мен Өсиеттің 97тарауында былай деп айтылған: «Егер Менің халқым Тәңір Иемнің атына Маған үй салып, онда оны қор қылатын еш арамдықтың кіруіне жол бермесе, Менің даңқым болады сол үйде».11

1891 жылға дейін Шіркеу Президенті ғибадатхананың қасиеттілігін қорғау үшін, әр ғибадатханаға жолдау хатын жіберген болатын. Кейін ол жауапты епископ пен тармақ президенттігіне жүктелген болатын.

Шіркеу мүшелері ғибадатханаға бару бекітіміне лайық өмір сүріңдер деген біздің сіздерге деген ізгі тілегіміз. Өтінеміз, ғибадатхананы алыс немесе қол жетпес мақсат ретінде қарамаңыз. Егер толығымен тәубеге келіп, анық шешім қабылдаған болсаңыз, өз епископыңызбен жұмыс істер болсаңыз, аз уақыттың ішінде көптеген шіркеу мүшелері адал талаптардың барлығына қол жеткізе алады. Оған біздің назарымызды өзіміздің жетілмегендігіміз бен күнәмізді кешірім етуге дайын болуымыз керектігі кіреді, сонда қасиетті ғибадатханаға кіру үшін еш кедергі болмайды.

Құтқарушының Өтеуі Құдайдың барлық балалары үшін жасалған. Оның өтелу құрбандығы шынайы жан тәнімен тәубеге келген барлық адамдар адал құрметіне сай қанағаттандырылады. Киелі жазбаларда бұл әдемі сөзбен келтірілген:

«Күнәларың алқызыл болса да, рақым етіп, сендерді қардай аппақ қылмақпын».12

«Жасаған күнәларыңды бұдан былай есіме алмаймын».13

Біз растаймыз, егер сіздер ұстанымдарға сай өмір сүретін болсаңыз, ол сіздің отбасыңызға бақыт пен тыныштық әкеледі.14Үлкен және жас шіркеу мүшелері, 15 ғибадатханаға барар кездегі бекітім қағазында қойылатын сұрақтарға жауап бергенде, өздерінің абыройын растауы керек. Маңызды талаптардың бірі, ол Құдай Әке; Оның Ұлы, Иса Мәсіх; және Киелі Рух қызметіндегі тәжірибесі мен Оның інжілінің қайта қалпына келуі туралы біздің куәгерлік.

Ғибадатхананың баталары сансыз.

Ғибадатхананың алғашқы баталары көкке көтерілудің арнау рәсімдері болып табылады. Көкке көтерілу туралы інжіл жоспарына Құдайдың қасиетті өсиеттерін ұстану және оны орындау кіреді. Су рәсімі мен бекітім жасау үшін, кей жағдайларды алмағанда, ол арнау рәсімдер мен өсиеттер тірі адамдар үшін жасалып бекітілген. Дүние салған адамдар үшін барлық құтқарылу арнау рәсімдер мен өсиеттер ғибадатханада қабылданады.

Бригам Янг оқытқан: «Ие адамзаттың отбасын құтқару үшін жасаған талай нәрсе баршылық; ... Оларды құтқару үшін орындар істің барлығын Құтқарушы әлдеқашан жасаған».16

Шіркеу жетекшілері қазықтарды, тармақтарды, кворумдарды, Шіркеудің қосалқы ұйымдарын, миссионерлерді және тағы басқаны, біздің капелланы және басқа ғимараттарды дайындап ұйымдастырады. Ие мәңгілік отбасыларды тек қана ғибадатханаларда дайындайды.

Нақтысы, шын жүректен рухани мойынсұнып, шынайы өз күнәсін мойындай өкініп келген адамдарды Құдай Өз үйінде қабыл алады.17 Біз білеміз, «Құдай бет жүзіңе қарап таңдамайды».18 Ғибадатханадағы мен жақсы көретін қадірлі нәрсе, ол сол жерге келген адамдар қандай да бір қызмет дәрежесіне немесе тұрмыс жағдайға, атаққа бөлінбейді. Құдай алдында барлығымыз бірдейміз. Ол жерде өзінің адалдығы мен тазалығын көрсету үшін, әр адам ақ киім киеді.19 Онда әркім сүйікті Көктегі Әкеміздің лайықты ұлдары мен қыздары болу үшін, барлығы іргелес отырып өз жүрегіндегіні тілейді.

Кескін
Ғибадатхананың бекітім бөлмесі

Ойлаңыздар, күллі әлем бойынша әйелдер мен ер адамдар «ғибадатханадағы қол жетімді қасиетті арнау рәсімдер мен өсиеттер арқылы ... Құдайдың ұдайы қасына қайта оралу мүмкіндігін алып .... мәңгілік бірге бола алады».20 Оны ғибадатханаға баруға лайық барлық адамдар қасиетті әдемі бекітім бөлмесінде орындай алады. Содан кейін олар сол өсиетті қабыл алған соң, «өздерін ғибадатханада» бір біріне қараған айнадан көре алады. «Ғибадатхананың әйналары бір қарағанда мәңгілікке созылып, артқы және алдыңғы кескіндемені бірге бейнелейді».21 Сол кескіндеме бейнелер біздің ата-анамызды, әжемізді, атамызды және барлық бұдан бұрынғы ұрпағымыз туралы ойлануға көмектеседі. Олар тарап келе жатқан барлық ұрпақтың байланысындағы қасиетті өсиетті көруге көмектеседі. Ол өте маңызды, әмбе ол «сіз өзіңізді ғибадатханада көрген» кезде басталады.

Кескін
Ғибадатхананың бекітім бөлмесіндегі айналар

Президент Ховард У. Хантер бізге берген кеңесінде: «Киртландтағы ұлы оқытудың үлкен мінажатындағы ғибадатхананың дәріптеу ашылуын қарастырайық, Пайғамбар Жозеф Смит оған мінажат арқылы аян келгенін айтты. Сол мінажат, біздің жеке өз басымызға, отбасы ретінде, халық ретінде әлі де жауап беруде, өйткені Құдай әулиелік күшін қасиетті ғибадатханаларда пайдалану үшін берді».22 БізІлім мен өсиеттеріндегі 109-ші тараудытанып білу қажет болар еді және Президент Хантер өз кеңесіне, «Иенің ғибадатханасын [біздің ] шіркеу мүшелегінің ұлы белгісі ретінде орнату керек»23 деген.

Ғибадатхана тағы баспана, ризашылық білдіру, оқыту, түсіну және жер бетіндегі барлық Құдай Патшалығына қатысты орын болып табылады. 24 Жер бетінде Құдайдың Патшалығына қатысты барлығы ... мүмкін [біз] жетілерміз. Өмір бойы ол мен үшін осы асып-сасқан әлем ішіндегі тыныштық пен жайлылық берер орынның бірі болып келеді.25 Пенделік өмірді есік артында қалдыру үшін, ол керемет қасиетті орын болып табылады.

Жиі ғибадатханада болып және отбасылық тарихты зерттеген кезде, біз Киелі Рухтан келген әсер мен ниет сезіміне бөленеміз.26 Кейде ғибадатханадағы шымылдырықтың артқы беті мен біздің арамыз жұқалай түседі. Сион тауындағы құтқарушы болу үшін, біздің күш салып істеген ісімізге қосымша көмек келеді.

Бірнеше жыл бұрын Орталық Америкадағы ғибадатханада, қазіргі уақытта, Жоғарғы биліктегі құрметті өкілдің әйелі, әкесінің және анасы мен балаларының көмегімен ғибадатханада, әйналар орналасқан бекітім бөлмесінде, қасиетті мәңгілік өсиетті алған болатын. Олар бекітім алып әйналарға қараған кезде, бөлмеде жоқ бейнені байқап қалады. Сол жерде анасынан сұрастырған кезде, ол қызының бірі дүние салғанын біледі. Содан соң сол өлген қыз сенімхат арқылы арнау рәсімге еңгізілген болатын.27 Ғибадатханадағы шымылдырықтың арғы бетінен келген көмекті әрдайым бағалай білу керек.

Біздің сіздерге деген шынайы тілегіміз, ғибадатханаға бару мүмкіндігін алу үшін, әркім қажет өзгерістерді еңгізіңіздер. Мінажат етіп, өз өміріңізге жаңа көзқараспен қараңыз және ғибадатханаға өзіңізді даяр ету үшін, епископпен сөйлесіп рухани жетекшілікті іздеңіз. Президент Томас С. Монсонның айтқан сөзінде: «Ғибадатхананың ішіне адал кіру жолындағы бағытта жұмыс істеуіміз керек, одан артық маңызды еш нәрсе жоқ» делінген.28

Құтқарушы мен Оның Шіркеуі біздің сеніміміздің негізгі жылжымас іргетасы

Екі ай бұрын мен Президент Б. Айрингпен бірге Сува Фиджи ғибадатханасының дәріптеу рәсімінде қатысуға зор құрметке ие болдым. Ол ерекше қасиетті күн болды. Президент Айрингтың батылдығы мен керемет күшті рухани әсері Оңтүстіктің жарты шарындағы бір кездері тіркелген циклонның ең нашар ауа райының жағдайында дәріптеу рәсімін атқарды. Физикалық және рухани қорғанысымен миссионер мен жастарға және шіркеу мүшелері қамтамасыз етілді. Иенің қолы айқын болды.29 Фиджи Сува ғибадатхананың дәріптеу рәсімі дауылдан қорғап қалған баспанаға айналды. Жиі, біз өмір дауылын бастан кешкен кезде, біздің мәңгілік қорғанысымызды қамтамасыз еткен Иенің қолын көре аламыз.

18-ші мауысым күні 2000 жылы Сува Фиджи ғибадатхананың алғашқы ашылуы ғажайып болды. Ғибадатхананың ашылуы аяқталар кезде, бір топ жауынгер парламент мүшелерін кепілге алды. Сува Фиджи қаласының орталығын тонап, өртеп жіберді. Әскери соғыс жағдайын жария етті.

Аудан Президенті ретінде мен Фиджидегі төрт қазық президентімен бірге Елизавета ханымның казармасына барып, әскери жетекшілерімен кездестім. Біз оларға дәріптеу рәсімі туралы түсіндірдік, олардың қолдауын алдық, бірақ олар Президент Гордон Б. Хинклидің қауіпсіздігіне алаңдады. Олар бізге ашылу салтанаттын қандай да бір оқиғасыз қысқа түрде, іргетас рәсімі ретінде, ғибадатхананың ішінде өткізуді ұсынды. Олар бізге ғибадатхананың сыртында қалған кімде кім зорлықтың нысанасы болуы мүмкін деп ескертті.

Біз іргетасты орнату рәсімін өткізу үшін далаға шыққан кезде, онда ешбір шіркеу мүшесі, ешқандай бала, бұқаралық ақпарат құралы немесе басқа да қатысушы көрінбеді. Бірақ сеніміне адал пайғамбар өзінің батылдығы мен Құтқарушыға шынайы берілген берік сенімін көрсете білді.

Кейін Президент Хинкли Құтқарушы туралы айтқан сөзінде: «Онда Оған теңдес ешкім жоқ. Ешқашан болған емес. Ешқашан болмайды да. Бізге өмір сыйлаған Оның сүйікті Ұлының қасиеттілігі үшін Құдайға ризашылығым шексіз, Ол және Оның Шіркеуі біздің сеніміміздің негізгі жылжымас іргетасы болып табылады».30

Бауырлар мен әпкелер, «өзіңді Оның қасиетті ғибадатханасында көру» үшін, әрқайсысыңыз Құтқарушыға құрмет көрсетіп, өз өмірінде өзгерістер еңгізер деп мінажат етемін. Соны істей отырып, біз Оның қасиетті мақсатына жету мүмкіндікті тудырып, Оның Шіркеуі осы өмірде және мәңгілікте берген тартуын және Иенің барлық батасын алу үшін өзіміз бен өз отбасымызды дайындықтан өткізе аламыз. Мен сенімдімін, Құтқарушы тірі. Иса Мәсіхтің атына айтамын, Әумин.

Сілтемелер

  1. Ілім мен Өсиеттер 112:30–32

  2. 12-ші ғибадатхана, Англия Лондон ғибадатғанасы 7-ші қыркүйек айында 1958 жылы ашылды.

  3. Ілім мен Өсиеттер 110:6–7.

  4. Үлкен миссионер Шелли, санды пошта, 6-ші сәуір 2015.

  5. Томас С. Mонсон, «Киелі ғибадатхана—Әлем шамшырағы»,Лиахона, Maмыр 2011, 93.

  6. Ишая 2:2.

  7. Абди 1:21.

  8. 1 Петір 4:6

  9. Шіркеу Президенті Жозеф Смиттың оқытуын қара, 2007, 409

  10. Шіркеу Президенттігінің оқытуы: Уилфорд Вудрафф (2004), 177

  11. Ілім мен Өсиеттер 97:15; тағы нұсқау 17қара.

  12. Ишая 1:18.

  13. Еремия 31:34.

  14. Ілім мен Өсиеттерді 59:23 қара.

  15. Үлкендерге берген қосымша кеңесінде, адалдығына сай жастар мен ересектер шектеулі пайдалану ұсынысын алып, өлген адамдар үшін су рәсімін өткізе ала алады. Берілетін бекіту қағазының екуі де, алатын адамның лайықтығын растайтын қойылған қолды талап етеді. Ұсынылған шектеулі пайдалану бір жыл ішінде жарамды болып табылады және жыл сайын епископтық әрбір адамның соған сай екендігі туралы талқылау мүмкіндігін береді.

  16. Шіркеу Президенттігінң оқытулары: Бригам Янг (1997), 29.

  17. Ілім мен Өсиеттер 58:42 қара.

  18. Істер 10:34; тағы Mоронийді қара 8:12;Ілім мен Өсиеттер 1:35; 38:16.

  19. Ілім мен Өсиеттер 100:16

  20. “Отбасы: Әлемге арнау”; Лиахона,, қар. 2010, 129.

  21. Геррит В. Гун,Ғибадатхананың мәңгілік айналары: Отбасылық куәгерлік, Лиахона, Nov. 2010, 37

  22. Шіркеу Президенттігінің оқытулары: Говард У. Хантер(2015), 183.

  23. Оқытулар: Говард У. Хантер, 178.

  24. Ілім мен Өсиеттер 97:13–14.

  25. Ілім мен Өсиеттер 45:26–27.

  26. Біз оны Ишаяның рухы деп атаймыз. Президент Рассел М. Нельсон Ишаяның рухы «Құдайшыл табиғи отбасыны куәгерлігінің Киелі рухы» болып табылады («Жаңа егін уақыты», Белгі ,Мамыр 1998, 34)

  27. Шешіммен бөлісу

  28. Tомас С. Moнсон, «Киелі ғибадатхана — Әлем шамшырағы» 93.

  29. Аралдан келген миссионерлер мен жастар қауіпсіз шіркеу мектептерінде және шіркеу ғимараттарында орналастырылды және шіркеу ғимараттары ең нашар Уинстон циклонынан сақтанған болатын.

  30. Гордон Б. Хинкли, “Төрт іргетасты сенім, Лиахона, ақпан. 2004, 4–5.