Мәсіхтің Ілімдері

Аға Тод Д. Кристоферсон

Он Екілік Апостолдар Кворумынан


Аға Тод Д. Кристоферсон
Шіркеуде бүгінгі күні де, көне заманда секілді, Мәсіхтің ілімдері реттеліп немесе ілімдердің өзгерістері - рухани ашылымдардың деректері.

Біз Бек әпкемізге, Оллред әпкемізге, Томпсон әпкемізге және де, Мейірімділік Қоғамына үлкен ризашылығымыз бен сүйіспеншілігімізді білдіреміз.

Соңғы күндері біз Иса Мәсіхтің Соңғы Замандағы Әулиелер Шіркеуіне деген көпшіліктің қызығушылығын байқадық. Бұны біз құптаймыз, өйткені ақыр соңына дейінгі біздің негізгі міндетіміз Иса Мәсіхтің Інжілі мен Оның ілімдерін әлемге таратып уағыздау болып табылады.( Матай 28:19–20қара; І мен Ө 112:28). Бірақ, осы күнге дейін біздің ілімдер мен оның жаратылысына қатысты кейбір түсінбеушілік сақталып келе жатқанын біз мойындауымыз керек. Бүгін осы мәселені көтеріп айтқым келеді.

Құтқарушы Өз Ілімдерін қиын кезеңде оқытты, ал Оның Апостолдары тоқтаусыз жауған жалған дәстүр мен философиядан Оның ілімдерін сақтап қалуы үшін күресті. Жаңа Өсиеттегі жазбаларда жанжалға баға көрсетіліп берілген, онда Апостолдар арасында да, шынайы кеңінен тараған жолдан тайғандық байқалды.1

Келесі жолдан тайған түні жарық түсіп 19 ғасырда інжіл сәулесі тарап жарқын таң сәрісі жерді қайта қалпына келтіріп, Мәсіхтің інжілін жер бетіне толығымен қайта әкелді.Осы айтулы жарықтың нұры түсіп, (Жозеф Смиттің оқиғасы 1:16() күн сәулесіндей жарқын Құдай Әке және Оның Сүйікті Ұлы, Иса Мәсіх, жас Жозеф Смитке келіп, Құдайдың күші мен билігіне байланысты аянды айтып жеткізді.

Осы Соңғы Замандағы аяндарды, біз Иса Мәсіхтің жер бетінде қалпына келтірген негізі ілімдері деп, білеміз. Исаның өзі осы Мормон кітабындағы жазылған ілім сөздерін: Иса Мәсіхтің Өзге Куәгерлігі: деп белгіледі.

«Бұл менің ілімім, және ол Маған Менің Әкем берген ілім, Мен Әкем туралы куәгерлік етем, Әкем Мен туралы куәгерлік етеді, ал Киелі Рух Әкем және Мен туралы куәгерлік етеді, және де Мен Әкемнің барлық жердегі күллі адамзатқа тәубеге келіп, маған сенуін өсиет еткенін жазба түрде жеткіздім.

«Маған сенім артып су рәсімінен өткендер құтқарылады, олар Құдайдың патшалығына ие болатындар.

«Ал маған сенбей, су рәсімінен өтпегендерге үкім шығарылады.

«... Маған сенген Әкеме де сенгені, оған Әкем мен туралы куәгерлік етеді, я ол оған Киелі Рух және от арқылы келеді. …

«Шындықты, шындықты, Менің сендерге айтарым, бұл Менің ілімім, соның үстінде тұрған Менің тірегімнің үстінде тұрғаны, тозақ қақпасы жеңе алмайды оны.» (3  Нефий 11:31–35, 38–39).

Біз тұрғызатын тастың үсті, іргетас және Шіркеудегі тағы басқасы, бұл біздің жолдауымыз. Өзге де, Көктегі Әкемізден және Оның сүйікті Ұлынан келгеннің барлығы бала да тез ұғатын таза, анық ілімдер. Оны қуана шын жүректен қабыл алыңдар деп, шақырамыз.

Иса Мәсіхтің Соңғы Замандағы Әулиелер Шіркеуінде: «Құдай ашқан барлық ашылымдарға, Оның қазіргі ашылымдарының бәріне біз сенеміз және Оның әлі де, Құдай Патшалығына қатысты талай ұлы және маңызды нәрселер ашатынына да, біз сенеміз» (Дін Рәміздері 1:9). Біз көп нәрсені танып білмеген немесе түсінбеген болсақ та, ақиқат пен ілімдерді біз алып жатырмыз және олар Құдайдың аяндарымен келіп, жалғасы бары айқын. Кейбір діни дәстүрінде, діни сөзін жеткізушілер дін сатындағы ілімдер мен өсиет сұрақтарының құқығы бірдей деп сендіреді, сол ағымдардың арасында пікір талас та, болуы мүмкін. Кейбіреулері орта ғасырдағы әлем соборлары мен дін ұстанымдарына жүгінеді. Ал, кейбіреуі Киелі кітапқа түсінік беру өнері мен түсіндірме секілді ғылыми зерттеулерге ерекше көңіл аударады. Тағы бізді ғылыми зерттеулер түсінігімізді толықтырады, бірақ бүгін де, Шіркеуде көне замандағы секілді Мәсіхтің ілімдерін немесе өсиеттерінің бұрмалауын түзету жұмыстарын Құдай Апостол билігін ұстаған адамдардың қолына берген.2

1954 жылы Президент Дж.  кіші Рубен Кларк , Бастапқы Президенттігінің кеңесшісімен бірге семинария мен мұғалімдер институтында, шіркеуде ілімнің қабылдануы туралы және Шіркеу Президентінің рөлінің маңыздылығын талқылады. Бастапқы Президенттігі мен Он екілік Апостолдар Кворумының мүшелеріне хабардар етіп, жария етті: Біз мынаған аса назар аударуымыз керек, кейбір Шіркеудің ең жоғарғы билік өкілдері арнайы шақырылған, өйткені оларға ерекше дарын берілген: олар тұрақты пайғамбарлар, көріпкерлер, аян көретіндер. Оларға адамдарды оқытып, үйрететін ерекше рухани дарын беріледі. Тек Шіркеу Президентінің өкілеттілігі мен билігінің барлық шарты бойынша, олардың Құдайдың ойы мен еркін өз халқына хабардар етуге құқысы мен билігінің күші бар. Басқа Шіркеудің ең жоғарғы билік өкілдеріне олардың оқытуларын жабатын бұл ерекше рухани дарын мен билік берілмеген. Олардың шектеулігінің нәтижесінде және олардың күші мен әрі басқа да, қызмет пен Шіркеу мүшесіне қатысты билігінің шек қойылғандығының нәтижесінде, олардың біреуіне де пайғамбар, көріпкел немесе аян алушы ретінде рухани дарыны берілмеген. Бұдан басқа, жоғарыда ескертілгендей, Шіркеу Президентіне ерекше рухани дарын берілген, өйткені ол бүкіл шіркеу үшін Пайғамбар, Көріпкел, Аян ұстаушы болып табылады.3

Құтқарушы Өзінің еркін және ілімдерін пайғамбарларға, көріпкерлер мен аян ұстаушыларға қалай білдіреді? Ол Өзі тұлға ретінде хабарын жеткізе алады. Ол өзінің дауысымен немесе Киелі Рухтың дауысымен айта алады, рухтан рухқа жеткен байланыс сөзбен беріледі, не сезім арқылы сөзсіз түсінік хабардар етіледі (1 Нефий 17:45; ; І мен Ө 9:8қара). Ол Өзін, Өзінің қызметшілеріне жеке түрде немесе кеңестегі күші бар адамға жеткізеді «3 нефий 27:1–8қара).

Жаңа Өсиеттен екі үлгіні мысал қылып келтірейін. Бірінші аян Шіркеудің бас жетекшісіне берілді. Істер кітабының басында, Мәсіхтің Апостолдары інжілді еврей халқына ғана хабарлаған болатын (Матай 15:24 қара), бірақ қазір, Құдайдың кестесінде өзгерістердің уақыты келді. Петір Иоппии жерінде болған кезде, ол түсінде алуан түрлі көктен жерге қарай түсіп келе жатқан жануарларды және «төрт бұрышынан байланған үлкен матаны» көреді (Істер 10:11() және бір дауыс, «біреуін сойып же!», деп бұйырады (Істер 10:13(). Бірақ Петір жеуден бас тартты, өйткені кей жануар «арам» және Мұсаның заңына «ортақ» болғандықтан, Петір ешқашан өсиетті бұзып, ондайды жемейтін. Соған қарамастан, Петірдің түсінде: «Сен Құдай тазалағанды арам деп айтпа!» - деген дауысты естіді.( (Істер 10:15()

Бұл түстің мағынасы Корнел есімді жүзбасы жіберген үш жігіт Петірді үйіне іздеп келген кезде, түсінікті болды. Оны олардың қожайыны шақырғанын айтып, олармен бірге ілесіп жүруін өтінді. Корнел барлық туған-туысқандары мен жақын достарын үйіне шақырып, хабар аламыз деп, үміттене күтіп отыр екен, Петір оларға тіл қатып:

«Құдай маған ешбір адамға «қасиетсіз және арам» деп қарамау керек екенін білдірді. …

«... Құдай адамның бет-жүзіне қарамайды, соның шындығын білдім:

«Алайда, Ол әр ұлттың Өзін қастерлеп, әділетке сай әрекет ететіндерін қабылдайды» (Істер 10:28,34–35(; тағы 17–24қара.)

«Петір осы сөзді айтып тұрған кезде, сөзін тыңдап тұрғандардың бәріне Киелі Рух қонды.

«Және сүндеттелмеген болып саналатындар да, рухтың құйылғандығына қатты таңғалды...өйткені пұтқа табынушыларға да, Киелі Рухтың күші төгілді.

«...  Сонда Петір тіл қатты,

«Мына адамдарға су рәсімінен өтуге тиым салуға бола ма? Олар да, Киелі Рухты біз сияқты қабылдады емес пе?» - деп жауап берді. (Істер 10:44–47).

Петірдің осы тәжірибесі мен алған аяны арқылы, Құдай Шіркеудің іс-тәжірибесін өзгертіп, Өзінің шәкірттеріне құтқару ілімінің түсінігін толығымен көрсетті. Күллі адамзатты қамту үшін, Інжілдің дін өсиеті кеңейді.

Кейіннен Істер кітабында, біз басқа бірнеше байланыс бейнелеуді табамыз, осы жолы інжіл сұрақтарындағы аян кеңес орнына да, келетіні көрсетілген. Қызу айтыс басталды, Інжіл өсиеттері мен Мәсіхтің Шіркеуінде, Мұсаның дәстүрі бойынша сүндетке отырғызуды талап ету керек (Істер 15:1–5қара). «Сонда елшілер мен қауым жетекшілері осы мәселе жөнінде мәжіліске жиналды» (Істер 15:6). Бізде бұл кеңес туралы мәліметіміз жоқ, бірақ «Ұзақ талқылаудан» (Істер 15:7)кейін Петір орнынан тұрып, Киелі Рух оны құптады деді. Ол кеңеске Корнилийдің үйінде інжілді уағыздап айтқан кезде, сүндеттелгендермен бірге пұтқа табынушыларға да, Киелі Рухтың қонғанын естеріне салды. Оның айтқаны: «Құдай олардың жүректерін сенімдері арқылы тазартып, олар мен біздің арамызға ешбір айырма қоймады.

«Олай болса, неліктен сендер құдай тиым салған іс істеп еркінсіп, пұтқа табынушылардың мойындарына не біз, не ата-бабаларымыз көтере алмайтын ауыр жүк артасыңдар?

«Бірақ біз Иеміз Исаның рақымымен дәл олар сияқты құтқарылғанымызға сенеміз. (Істер 15:9–11; тағы 8 қара.)

Содан соң Пауыл мен Барнабан, мүмкін өзгелері де, Петірді қолдап өз ойларын ортаға салды, ал Жақып болса, бұл шешімді Шіркеуге арналған хатқа жазып жіберуді ұсынды, кеңес бір ауыздан құптады (Істер 15:25; тағы 12–23қара). Хатта Апостолдар өз шешімдерін жрия етіп, былай деді: «Киелі рухтың білдіруімен» (Істер 15:28), немесе бұл шешім Құдайдың берген аянымен Киелі Рух арқылы қабылданды.

Сол үлгілер бүгін де, қайта қалпына келтірілген Иса Мәсіхтің шіркеуінде де ұстанады. Шіркеу Президенті оған берілген аян арқылы ілімдерді түсіндіріп немесе жария ете алады. (мысалы, І мен Ө 138 қара). Ілімнің түсіндірмесі Бірлескен Бастапқы Президенттігі мен Он Екілік Кворум Апостолдар кеңесі арқылы да, келуі мүмкін (мысалы, 2 Арнайы Декларациянықара). Қағидаға айналған киелі жазбалар мен аяндарды, Шіркеу жетекшілерінің ілімдерін, көне тәжірибесі мен оқиғаны әрдайым ақылға салып кеңесте талқылаймыз. Бірақ соңында, Шіркеудің Жаңа Өсиетіне сәйкес кеңестегі шіркеу мүшелерінің арасындағы келісімнің мақсаты ғана емес, Құдайдың берген аяны болып табылады. Бұл ақыл-ой мен сенімнің қатысуымен Құдайдың ойы мен еркін алудың процессы.4

Сонымен қатар естеріңізде болсын, көне мен осы замандағы Шіркеу жетекшінің әр айтқаны әрдайым ілім болып табылмайды. Әдетте, бұл Шіркеу көпшілігіне, жетекшілердің біреуінің айтқаны жеке өзінің ойы болып табылады, бірақ ойланып айтылған ой мен көзқарас бүкіл шіркеу үшін ресми немесе міндетті болмауы тиіс. Пайғамбар Жозеф Смиттің оқытқаны, «пайғамбар ішінде пайғамбар тек қазір іс-әркеттегі адам.5 «Президент Кларктың алғашқы айтқаныдай, айтқан:

«Осы күнге дейін менің әкемнің маған бала кезімде айтқан қарапайым оқиғасы жұмыс істейді. Неге екенін білмеймін, бірақ ол бір орынды бейнелейді. Оның оқиғасы Бригам бауырымыз таңғы отырыста халыққа уағыздап жатқан мезетте, Джонстонның әскері келіп ұрыс-керісті қоздырды, сонда ол оларға төтеп беріп, оларды кері қайтарам деп, ниет білдіріп жария етті. Түс қайта ол орнынан тұрып, Бригам Янг таңғы уақытта сөйлегісі келген, бірақ қазір Құдай сөйлеуге ниет білдірді, деді. Содан соң ол таңертең сөйлеген орынға қарама-қарсы тұрып сөз сөйледі. …

«… Киелі Рухтың күшімен Шіркеу мүшелері немесе бауырларымыз Киелі Рухтың шабытымен ойларын білдіретінін Шіркеу білетін болады, сонда өз кезегінде, білімдер пайда болатыны айқын.»6

Пайғамбар Жозеф Смит біздің ілімдегі Құтқарушының маңызды рөлін растап, соңғы үкім шығарды: Біздің дініміздің негізгі ұстанымдары, ол Апостолдар мен Пайғамбарлардың Иса Мәсіх туралы куәгерлік ету, Ол өліп, жерленіп, үшінші күні қайта тіріліп көкке көтерілгені, ал өзге де біздің дінге жататын нәрселер, ол оған қосымша болып келеді. 7 Жозеф Смиттің Мәсіх туралы куәгерлігі, Ол тірі, өйткені ол Оны көрді, «Құдайдың оң қолы жағынан көріп, Оның дауысын естіп, Әкеден туған жалғыз Ұлы екенін куәгерлік ететіні хақ» (І мен Ө 76:23; тағы 22 қара). Мен баршаңызға айтатыным, кімде-кім Иса Мәсіхтің өтелуі мен қайта тірілуін ненің куәгерлік ететінін естіп не мәлімдемені оқыған болсаңыз. Оның ілімдерінің ақиқаттығына Киелі Рухтың сізге үкім шығарғаны, онда, тәубеге келудің ілімін қабылдап, су рәсімінен өтіп, Киелі Рухтың сыйлығын мойындап, өз өмірлік ғұмырыңыздың заңы мен Иса Мәсіхтің інжіл өсиеттеріне сәйкес табандылық танытыңыз.

Біздің пасхаға деген көзқарасымызда, мен өз куәгерлігімізді жеткіземін, Назареттен келген Иса Құдайдың баласы екені хақ, Мәсіх көне заманның пайғамбарлығы. Айқыш ағашында өліп, жерленіп, үшінші күні қайта тірілген Мәсіх болып табылады. Ол қайта тірілді, Құдай тірілді, сол арқылы баршамыз қайта тірілеміз, әркім күнәдан азат етіліп, о дүниедегі Құдай патшалығындағы жұмаққа енеді. Бұл Иса Мәсіхтің алдыңғы берген барлық өсиеттері мен осы заманда қайта жария еткен өсиеттерін растайтын біздің ілімдер, Иса Мәсіхтің атына, аумин.

Сілтемелерді көрсету

  1.  

    1. Нил А. Максвелл, «Бастамасынан», Ensign. Nov.1993, 20). «Жақып шіркеудегі ұрыс-керісті айыптап, үкім шығарды (Жақып 4:1). Пауыл наразылығын білдіргені, Шіркеу «бөлшектеніп» «жауыз қасқырлар келіп, қойларды аямайды» (1 Қор. 11:18; Істер 20:29–31). Ол жолдан таятындарын біліп Ефестіктерге, Мәсіхтің келуі, тек «күнәқар болмысымыздың құмарлықтарына берілген» соң ғана орындалады деп жазған, содан соң «зұлым күштердің әміршісінде» деп хабарлаған (2  Қорын. 2:3, 7). «Соңында, Пауыл көпшіліктің күнәға бататыны туралы айтты: «Азия жерлерінде тіршілік ететіндер деді де, менен теріс бұрылды» (2 Тимотей 1:15). … «Апостолдарға сұрқия әдеттер мен азғындық туралы ескертулер (1  Қор. 5:9; Ефес. 5:3; Джуд 1:7). Жохан мен Пауыл да жалған елшілер туралы айтқаны (2  Қор. 11:13; Аян 2:2). Шіркеу қоршауда қалды. Кейбіреуі тура жолдан тайып қарсы шықты. Пауыл жалғыз өзі қалып «мені барлығы тастап кетті» деп қайғырды ((2 Тим. 4:16). Ол тағы «отбасыларды бұзып арамдататын» адамдарды айыптады (Тим. 1:11). «Кейбір қарсы шыққан басшылардың біреуі өр көкіректің жетекшілік етегінде қалып, өз бауырластарын қабылдаудан бас тартты (3  Жоқан 1:9–10). «Президент Бригам Янгтың айтқаны таңқалдырмас: «Әулиелік Шіркеуден алынды дейді, бірақ ол олай емес, әулиеліктен Шіркеу тарады» (Сұхбаттар журналы, 12:69). Уақыт өте келе аға Нил А. Максвелл айтқан болатын: «Гректің философиялық дәстүрі ақыл-еске басым болып, аян сенімін итеріп, нәтижесінде мүмкін христиандықтардың ізгі ниет сенімдерін осы күнгі мәдениетке әкелуін тездетті.» … «… Көпшілік араласып данышпандықпен мақұлдап ашқан құдайшылдығына абай болайық» (Ensign, Nov. 1993, 19–20)

  2.  

    2. Апостолдар мен Пайғамбарлар, Жозеф Смит секілді адам Құдайдың сөзін хабарлап жеткізе алады, бірақ біздің ойымызша, ер адамдар мен әйел адамдар және балалар да, Киелі жазбаларды оқып және мінажатына жауап алған кезде, сезім шабытына бейімделе көре білуді үйрене алады. Көне замандағы күндер сияқты Апостолдар мен Иса Мәсіхтің Шіркеуінің мүшелері Көктегі Әкемізбен әрдайым байланыста болып немесе жеке өзіне Оның жауабын алуды жеңілдету үшін, Киелі Рух сыйға тартылады (Істер 2:37–38). Сөйтіп, Шіркеудегі адамдардың денесі мүлтіксіз, рухани жетілген, сенімдері ашық, берілген хабарды көре алатын рухани бекітім алып өзгерді. Бұл Шіркеудің әр мүшесінің Шіркеу туралы айтуы керектігін немесе өз ілімдерін белгілеу дегенді білдірмейді, бірақ ол оның өмірінде немесе өз қиындықтарын шешуінде, әркім Құдайдың жетекшілігімен өмір сүре алатын мүмкіндігі барын көрсетеді.

  3.  

    3. Дж. кіші Рубен Кларк.,  “When Are Church Leaders’ Words Entitled to Claim of Scripture?” Шіркеу жаңалықтары, Шілде 31, 1954, 9–10; тағы Ілім мен Өсиеттер 28:1–2,6–7,11–13қара.

  4.  

    4. Дайындық пен кеңеске қатысушылардың дәрежелік талабына кіретіні, «әділдік, әулиелік ... шын жүрегімен сыпайы болу, шыдамдылық танытып мейірімді болу, ... ізгі ниетті болу, сену, білімді, біркелкі болу, табандылық таныта біліп, Құдайға сыйыну, бауырмал мен қайырымды болу; «Өйткені берілген уәде бар, Егер сол қасиеттер солармен болса, олар Құдайды тануда нәтижесіз қалмайды» (Ілім мен Өсиеттер 107:30–31).

  5.  

    5. Жозеф Смит, Шіркеу Тарихы, 5:265.

  6.  

    6. Кіші Дж.Рубен Кларк ., «Жаңа Өсиеттің Тілі мен Шіркеу Жетекшілерінің Сөздері Жазба секілді» (Мұғалімдер институты мен семинарлық дәріс, Бригам Янг Университеті, 7 шілде, 1954), 291–92; тағы Ілім мен Өсиеттері 28:1–2,6–7,11–13-ті қара. «Мен білмеймін, егер ондай жағдай орын алған болса, ол ұстанымдарды бейнелейді, әуелі Шіркеу Президентінің өзі де, кейде халыққа жолдау айтқан кезде, Киелі Рухтың шабытында болмайды. Ол діни оқытулардың айналасында пайда болған сұрақтар (әдетте олар алыпсатар түрінде) ондай кезде келесі Шіркеу Президенті өзі және халық, сөйлеген адам Киелі Рухтың шабытымен ілімдерді жария еткен жоқ деп, үкім шығарады. «Бұндай алыпсатар бауырларымыздың қауіпті ұстанымдары мен ілімдері жарғының талабына сәйкес келетінін және жария етуші «Киелі Рухтың шабытында екенін Шіркеу қайтып біледі? Шіркеу мүшелерінің денелеріндегі Киелі Рухтың куәгерлігімен, Киелі Рухтың шабытындағы бауырларымыз болса да, ол білімдер уақыт өтіп, белгілі болады. (Кіші Дж.Рубен Кларк., «Шіркеу жетекшілерінің Сөзі» 10)

  7.  

    7.  Шіркеу Президентігінің оқытулары: Жозеф Смит (2007), 49.