Өмір жарысы

Президент Томас  С. Монсон


Президент Томас  С. Монсон
Біз қайдан келдік? Неге біз осы жердеміз? Осы өмір аяқталған соң біз қайда барамыз? Енді бұл жауапсыз қалатын жан-жақты сұрақтардың қажеті жоқ.

Қымбатты бауырлар мен әпкелер, бүгінгі таңда Мен сіздерге мәңгілік ақиқат туралы айтқым келеді – біздің өмірімізді жақсартып үйге жетелейтін мәңгіліктің шындығын.

Барлық жердегі адамдар асығыстың үстінде. Реактивті ұшақтың жылдамдығы секілді олардың қымбат адамзаттық жүгі үлкен континенттің үстінде және кең мұхитта орасаң зор, кездесуге міндет ететін іскерлік кездесулерде, қатысу мүмкіндігінде, демалысты пайдаланып отбасылармен қатынасуында. Күллі жолдар мен көлік жолдары, күре жолдары және магистралды жолдар миллиондаған адамдарды көптеген жұмыс бабымен шексіз ағымда, біз әбігерге түскен секілді күнделікті іс сапарымызда, жолаушыларды тасымалдайды.

Осындай қарбалас өмірдің қарқынында, біз мәңгіліктің шындығын ойлауға да, ешқашан біраз уақытқа да, кідірмейтін шығармыз?

Мәңгілік шындығымен салыстырған кезде, күнделікті өмірдің сұрақтары расында да, болмашы нәрсе. Түскі асқа не бар? Қонақ бөлмені қандай түске бояймыз? Джонниді футболға жазу керек пе? Қиындықтардың кезі келіп, жақындарың қайғы-қасірет жұтып жараланған кезде, сау үйге ауру келгенде немесе өмір шырағы сөніп түнек қауіпі төндірген кезде, осындай сұрақтар мен өзгеде де көптеген сұрақтардың мәні жоғалып жайына қалады. Біздің ойымыз тез өзгеріп ненің шынайы маңызды, ал ненің біз үшін жәй ғана бос нәрсе екенін оңайлықпен анықтаймыз.

Мен жақын арада, екі жыл бойы өміріне қауіпі бар аурумен ауыратын әйелге барып шықтым. Ол ауырғанға дейінгі өмірінде, оның өз үйін ретке келтіріп тазалап, әдемі және қымбат жиһазбен толтыруымен айналысқанын айтқан болатын. Ол бірнеше күн дәлізге арналған тамаша кілем және қонақ үйдегі жұмсақ жиһаздың үстінен іліп қоятын әдемі айна іздегені туралы айтты. Ол шаштаразға аптасына бір немесе екі-үш рет баратын және көптеген киімдерге уақыты мен ақшасын жұмсайтын. Ол немерелерін анда-санда ғана шақыратын, өйткені оның қымбат жиһазы бүлініп немесе олар кішкентай салақ қолдарымен кірлетіп қояды ма деп, әрдайым уайымдайтын.

Содан соң, ол оның жердегі өміріне қауіп төнгенін және де, оның аз ғана уақыты қалғаны туралы жағымсыз хабар естіді. Ол дәрігерлердің шығарған үкімін естіп, оның өмірі бақылауға алынған кезде, ол қалған күндерін өз отбасымен, достарымен және өз өмірін негізгі Інжілмен өткізетінін тез түсінді. Ол оның өміріндегі ең құндысы болып табылды.

Бұндай айқындық сәттері баршамызға тек қана ауыр жағдайдың көмегімен ғана емес, түрлі мезеттерде келеді. Біз оның не екенін, біздің өмірде ненің шынайы маңызды екенін және қалай өмір сүру керектігін анық көреміз.

Құтқарушы айтқан:

«Жер бетінде өздеріңе дүние-байлық жинамаңдар, оларды күйе жеп, тот басады немесе ұры бұзып кіріп, ұрлап кетеді:

«Бірақ, қайта өздеріңе байлықты көкте жинаңдар! Сол жерде оны күйе жемейді, не тот та баспайды, ұры да бұзып кіріп, ұрлап кетпейді:

«Байлықтарың қайда болса да, жүректерің де сонда.»1

Осы заманның терең толғанысы мен аса зор мұқтаждылықта, адамның жаны көкке жетіп, көптеген өмірлік сұрақтарға жауап іздеп, Құдайға бет бұрып: Біз қайдан келдік? Неге біз осындамыз? Біз өмірден қайтқан кезде қайда барамыз?

Бұл сұрақтардың жауабын ғылыми кітаптың бетінде немесе интернетті төңкере іздеп жауабын таппайсыздар. Ол сұрақтар өлімнен де, басымды. Олар мәңгілікті қамтып алады.

Біз қайдан келдік? Егер де, бұны әр адам айтпаса да, ойланатын сұрақ.

Апостол Пауыл Ареопаг төбесінде «Біз Құдайдың ұрпағы боламыз.» 2 Өйткені, бір кісіден бүкіл адамзат тарады, сондықтан біз өмірдің мәнін іздеп табуымыз керек деді Пауыл. Құдай «рух пен тән біртұтас адамның жаны»,3 деп жария етті. Яки, рух Құдайдың ұрпағы болып табылады. Еврейлерге жазған жазбасында, Оны «рухтардың Әкесі», 4 деп жазған. Күллі адамдардың рухтары дәлме-дәл Оның «ұлдары мен қыздары» болып келеді.5

Бізге белгілі шабыттағы ақындар осы тақырып бойынша, толқындыратын жазбаларды хабарлап, керемет ойларды жазды. Уильям Вордсворфтың жазғаны:

Біз дүниеге келеміз, бірақ ұйықтап ұмытамыз:
Бізбен бірге көтерілген Жан, өміріміздің Жұлдызы,
Оның бағыты басқа бір жерде.
Және алыстан келді:
Жоқ, барлығы ұмытылмайды,
Және мүлде жалаңаш емес,
Бірақ бұлттардың даңқты жолымен біз келеміз
Біздің үйдегі, Құдай Иемізден:
Нәрестелік кезіміз секілді көктегі үй жақын арада жатыр!6

Ата-ана өз балаларын бағыттап, рухтандырып, оқытқанда өздерінің жауапкершілігі туралы ойланулары керек. Ата-ана ойдың үстінде жүрген кезде, балалар мен жасөспірімдер әдетте, «неге біз осындамыз?», деп өткір сұрақты қоя бастайды. Әдетте, «Неге Мен осындамын?» деп, ол білдіртпей ішкі жан дүниесімен айтатын.

Біз даналық Құтқарушымызға, осы жерді біз үшін жасап, біздің бұрыңғы өмірімізді ұмыттырып, осы жерді белгілегені үшін ризашылығымызды білдіргеніміз жөн. Осында, Құдайдың бізге дайындап қойғанның барлығына құқылы болу үшін, біз Өзімізді іздеп, берілген сынақ мерзімінен өтуіміз үшін жасалған.

Анығы, біздің жер бетіндегі тіршілігіміздің негізгі мақсаты, ол тән мен сүйектен тұратын денеге ие болу болып табылады. Біз тағы сыйлық ретінде таңдау жолын алдық. Мыңдаған жолдың ішінен өз қалағанымызды таңдап алу сияқты артықшылығымыз бар. Бұл жерде біз қадағалаушының қатты қолын танып білеміз. Біз жақсы мен жаманды ажырата білеміз. Біз тағы тәтті мен ашщының айырмашылығын танимыз. Біз істеген істеріміздің салдарына жауап беретінімізді білеміз.

Біздің Құдайдың өсиеттеріне мойынсұнғанымызға қарай Исаның айтқан «үйде» бізге орын көп, Оның жария еткен кезінде айтқаны: «Көктегі Әкемнің үйінде орын көп. ... Мен сол жерге сендер үшін орын дайындауға бара жатырмын... Өзім болатын жерде, сонымен қатар сендер де, боласыңдар.»7

Біз пенделік өмірге келсек те, «бұлттардың соңынан» өмір жылдамдықта жалғаса береді. Балалық шақтың соңынан жастық шақ келеді, содан соң қалай есейіп кеткенімізді де, білмей қаламыз. Аспанға жету үшін көмек керек екенін біздің зымыраған жолымыздың тәжірибесінен білеміз.

Құдай, біздің Әкеміз, Иса Мәсіх және Иеміз жетілу жолын белгілеп берді. Олар Өздері секілді мүлтіксіз болуы үшін, бізді мәңгілік ақиқатқа тартып, мінсіз болуға шақырады. 8

Апостол Пауыл өмірдегі жарысты нақты бір белгілі мақсатпен салыстырды. Еврейлерді шақырып, ол «Сондықтан да, бізге бөгет болатынның барлығын, әсіресе тез шырмап алатын әрбір күнәдан арылып, алдымыздағы «жарысты» қажырлылықпен аяқтайық!» 9

Біздің ұмтылыста, даналық Уағыздаушының айтқан сөзін ұмытпайық: «ұшқыр жүрек пысықтарға тиесілі болмайды, ер жүректерге- жеңістің.» 10 Шындап келгенде, жүлдені аяғына дейін шыдамдылық танытқан ғана алады.

Мен өмірдің жарысы туралы ойланған кезімде, менің бала кезімдегі жарыстың бірі есіме түсті. Мен 10 жаста болған кезімде, менің достарымның қалтасында ағаштан жасалған кішкентай ойыншық қайықтар болатын. Матадан жасалған үш бұрышты желкені бар болатын, Прово өзенінде әркімнің кәсіби жарысы басталатын. Біз өзеннің жағалауымен жүріп кішкентай қайықтың қатты ағымнан жүзіп өткенін, не басқа уақытта жайлап тереңге кетіп жүзгенін бақылайтынбыз.

Бұндай жарыс кезінде, біз белгілегендей, бір қайық қалған барлығын белгілеген мәреге жеткізеді. Аяқ асты иірім суы тым жақын жерде пайда болып, сонда қайықтың бір жағы ауырлап төңкерілетін. Айналып, айналып өзінің негізгі ағымына қайтып орала алмай қалады.Соңында, жағалаудағы оның айналасын қоршаған сынық қалтықтардың арасына судың ағымымен итеріліп жасыл мүктерге тірелетін.

Балалық шақтың ойыншық қайықтары тұрақтылықты ұстайтын кил емес, жетекшілік ететін меңгерік емес және биліктің көзі емес. Олардың бағыты ағымның төмен жағында өзгеруі мүмкін емес – ол қарсы тұрудың ең кем жолы.

Ойыншық қайықтарға қарағанда, Құдай біздің сапарымызда жетекшілік етуге еркін таңдау жолын берді. Біз бұл өмірге өмір ағымында сапар шегу үшін келген жоқпыз, біз ойланып, пайымдап, күш жігерлікпен мақсатқа жету үшін келдік.

Егер де, біз Одан алған жетекшілік нұсқауларды алып, өзіміздің қайтып оралуымыздың қауіпсіздік жолдарын қамтамасыз етіп дәлелдемегенімізше, Көктегі Әкеміз бізді мәңгілік сапарына жібермейді. Менің айтарым мінажат етіңдер. Мен әлі де, жұмсақ, жай ғана дауыспен айтам және де, Құдайдың сөзі мен бізді мәреге сәтті жеткізу үшін көмекке келген пайғамбарлардың сөздері жазылған киелі жазбалары әрдайым менің қасымда.

Біздің жер бетіндегі өміріміздің мезгілінде, кідірмелі қадам пайда болады, - ол күлкі, аурудың ауырғаны немесе күздің өшуі, қыстың суығы мен біз өлім деп атайтын тәжірибесі де.

Сана-сезімі бар әр адам өзіне ескі жұмыста жақсы қалыптасқан сұрақтарды қояды: «Адам өлсе, қайта тіріле ме?»11 Бұл сұрақты қалай қойсақ болады ойланыңызшы, ол әрдайым қайтып оралады. Өлім күллі адамзатқа келеді. Аяғын кідірмелі басқан кезде, жасқа толады. Жиі оның шақырған дауысын өмір жолының жартысын өткендер естиді, ал кішкентай балалардың күлкісіне ол үн қатпайды.

Бірақ өлімнен кейінгі тіршілік қандай? Өлім барлық нәрсенің мәресі ма? Роберт Блэтчфорд өзінің «Құдай және Менің Көршім» деген кітабында, Христиан дініндегі Құдайға сыйыну, Мәсіх, мінажат пен мәңгілік өмір деген христиандық сенімдерге қатты шабуылдады. Ол нақты сенімінде, тіршіліктің өмірі аяқталған соң өлім келеді, басқаша оны ешкім дәлелдей алмайды деді. Сонда бір ғажайып нәрсе болды. Аяқ асты оның шүбәланып сенбей қарайтын кедергі қабырғасының күлі көкке ұшты. Ол әлсіз болып, қорғана алмай қалды. Уақыт өте келе, ол өзінің сенімге деген жолын күлкіге айналдырып жалғыз қалғанын сезінді. Оның дүниеге деген көзқарасын терең өзгеріске әкелді ме? Оның әйелі қайтыс болды. Оның денесі жатқан бөлмеге қайғы жұтып кірді. Ол қатты жақсы көрген бетке қайта қарады. Шығып бара жатып, ол досына: « Ол сол, бірақ бұл ол емес. Бәрі өзгерді. Болғанның барлығын алып кетті. Ол бұрыңғы өзі емес. Неге Рух болмаса, бәрі жоғалады?»деді.

Кейіннен ол жазады: «Өлім кейбір адамдар елестеткендей емес. Ол тек қана, басқа бөлмеге кіру секілді болып көрінеді. Сол бөлмеде біз жақсы көрген және жоғалтқан әйелдер мен ерлерді, сүйікті балаларымызды таба аламыз.» 12

Қымбатты бауырлар мен әпкелер, біз өлім өмірдің соңы емес екенін білеміз. Бұл ақиқат ғасырлар бойы пайғамбарлар арқылы оқытылып келген. Сонымен қатар біздің киелі жазбаларда табылған. Мормон кітабынан нақты және жұбанышты сөздерді оқимыз:

«Енді, өлім мен қайта тірілудің ортасындағы рухтың күйіне қатысты, періштенің маған айтқаны, адамзаттың рухтары жердегі тәнін қалдырған соң, сол күллі адамзаттың рухтары, мейірімдісі де зұлымы да, оларға өмір сыйлаған сол Құдайға, үйге қайтып оралады.»

«Онда былай болады, тура жолға түскен рухтар қуанышты күйде қабылданып, жұмақ деп аталатын демалыс орыны мен тыныштықтың жері, онда олар өздерінің барлық әурешіліктері мен шаруасынан демалатын болады.»13

Құтқарушы өлтірілген соң, Оның денесі үш күн мәйіттің ішінде жатқан соң, рух оған қайта қонып, тас ашылды да, қайта тірілген Құтқарушы тән мен сүйектен тұратын өлмес денесінде алға жүрді.

Иовтың «Егер адам өлсе, қайтадан өмір сүре ме?», деген сұрағына жауап, Мариям мен өзгелер мәйіттің қасына келіп, жарқын киім киген екі ер адамды көрген кезде келді. Олардың айтқаны: «Тіріні өлілердің арасынан неге іздедіңдер? Ол мұнда жоқ, қайта тіріліп кетті!» 14

Иса өлімді жеңіп шыққанының арқасында, біз қайтадан тірілеміз. Ол жанның өтелуі. Пауылдың жазғаны: «Жердегіден басқа аспандағылардың да денелері бар, бірақ бұлардың сұлулығы мен салтанаты жердегілердікінен өзгеше. 15

Ол көктегі даңқыға біз ұмтыламыз. Құдайдың ұдайы қасында өмір сүргіміз келеді. Мәңгілікке бір отбасы мүшелері болғымыз келіп талпынамыз. Ондай батаны өміріңде алуға лайық болу үшін, іздеп, тәубеге келіп сәттілікке ұмтылыу керек.

Біз қайдан келдік? Неге біз осындамыз? Осы өмірден соң біз қайда барамыз? Енді жауапсыз қалатын бұл жан-жақты сұрақтардың керегі жоқ. Жан тәнімен, мойынсұнып, куәгерлік етемін, мен айтқан нәрселердің барлығы шындық.

Көктегі Әкеміз Оның өсиеттерін орындаған адамдар үшін қуанады. Ол жоғалған бала, кешіккен жеткіншек немесе бірбеткей жастар мен қылмыскер ата-аналар үшін де, алаңдаушылық білдіреді. Бұны Ұстаз мейірімділік білдіріп барлығына айтқаны: «Қайтыңдар. Келіңдер үйге. Келіңдер маған.»

Бір апта бойы біз пасха мейрамын өткіземіз. Біздің ойымыз Құтқарушымыздың өмірі, Оның өлімі мен Оның қайта тірілгеніне аударылады. Мен Оның ерекше куәгері ретінде, сіздерге куәгерлік етемін, Ол тірі және де, Ол біздің салтанатты түрде қайтып оралуымызды күтуде. Біздің салтанатты қайтып оралуымыз орындалады, Мен бойсұнып Оның қасиетті Иса Мәсіхтің, біздің Құтқарушымыз, Өтелушіміздің атына мінажат етем, аумин.

Show References

  1.  

    1.  Матай 6:19–21.

  2.  

    2.  Істер 17:29.

  3.  

    3.  Ілім мен Өсиеттер 88:15.

  4.  

    4.  Еврейлерге 12:9.

  5.  

    5.  Ілім мен Өсиеттер 76:24.

  6.  

    6. Уильям Вордсворф, "Өлең: Балалық шақтың еске түсірулері мен мәңгі өмір туралы сілтемелер (1884), 23–24.

  7.  

    7.  Жохан 14:2–3.

  8.  

    8.  Матай 5:48 қара; 3 Нефий 12:48.

  9.  

    9.  Еврейлерге 12:1.

  10.  

    10.  Уағыздаушылар кітабы 9:11.

  11.  

    11.  Иов 14:14.

  12.  

    12. Роберт Блэтчфорд, Көктегі мен Жердің көп нәрсесі: жанды іздеу саяхатындағы оқиғалар (1925), 11.

  13.  

    13.  Алма 40:11–12.

  14.  

    14.  Лұқа 24:5–6.

  15.  

    15.  1 Қорынтықтар 15:40.