Бұл ғажайып

Аға Нейл Л. Андерсен

Он екілік Апостолдар Кворумынан


Нейл Л Андерсен
Егер сіз толық күннің миссионері болмасаңыз және сіздің киіміңізге миссионерлік белгі тағылмаған болса, онда дәл қазір сол белгіні өз жүрегіңізде белгілеп, Пауылдың айтқан сөзі сияқты, «Қара сиямен емес, Тірі Құдайдың Рухымен» жазыңыздар.

Иса Мәсіхтің жер бетіндегі өмірі ғажайыпқа толы болған: тәні таза ана, жаңа жұлдыздар, малшыларға періштенің көрінуі, соқырлардың ажары ашылып, ақсақ жүріп, Гетсимандағы періштелер және мазары мен Оның керемет даңқы қайта тірілгені.

Ғалилей тауында, он бір Апостолдан тұратын сахнаны елестете аласыздар ма, сонда Құдай қайта тіріліп, оларға келіп былай деді: «Сондықтан, күллі халық арасына барыңдар! Оларды Менің шәкірттерім етіп, Құдай Әкенің, Рухани Ұлының және Киелі Рухтың 1атымен су рәсімінен өткізіңдер. Күллі жер бетіндегі барлық адамдарға барып, Ізгі хабарды жеткізіңдер!»2

«Барлық ұлт? Бұкіл әлем? Әр тірі жан? Мүмкін бе бұл? Әмбе, Иса сендіріп ақ, айтқан болса да, олар Інжілді уағыздап жеткізген кезде, ғажайыптар қатарлас жүре ме, деген олардың өз іштерінде, күмән тудыратын сезім болған шығар.3

Сенім Петірдің күмәнін таратып, ол тіл қатты:

«Иерусалимде тұратын барлық тұрғындар,...құлақ салыңдар маған:...

«Назареттен келген Иса, … (кім) алып, заңсыз қолына шеге қадап, өлтіргендер:…

«Ол Иса ... Құдай (шынайы) қайта тірілді, (және) біз соның куәгеріміз.4

Сол күні руханилық құйылып, 3000 жан су рәсімінен өткен болатын. Иса уәде еткендей, келесі белгі мен ғажайыптар, сенушілердің сенімінде болды.

Иса Мәсіхтің Шіркеуі 183 жыл бұрын қайтып қалпына келтірілді, Құдайдың қолдауымен Оның азғана топтан тұратын шәкірттері Оның сөздерін мәңгілік айтып келе жатыр: «Ізгі хабардың дауысы күллі адамға берілетін болады». 5«Өйткені, шынайы, әуен алға жүруі керек… күллі әлемге, жер бетіндегі түпкір-түпкіріне дейін».6

«Күллі адамдар»? «Бүкіл әлем»? «Жердің түбіне дейін»? Мүмкін бе бұл?

Құтқарушы Өзінің Соңғы Күнгі Әулиелерін сендірді,7 бірақ олар осындай ғажайып жұмыстың көлемін алдын ала болжап, білді ме? Мүмкін олар, Інжілді таратқан кезде, ғажайыптар бірге жүретініне шынайы сенген шығар.

Қайтадан, сенім күмәнді жеңіп, мыңдаған адам су рәсімінен өтті. Англияда аға Уилфорд Вудраф, оны күткен көптеген қоғамдарды кездестірді. Ол Бенбоу фермасында болған кезде, оларға Құдайдың рухы құйылып, 45 уағыздаушы мен жүздеген адамды су рәсімінен өткізді.8

Осы күннің еш айырмашылығы жоқ. Осыдан 40 жыл бұрын аға Давид А.Беднар екеуіміз, миссионер болған кезімізде, (менің сіздерге айтарым, біз қайтып оралған осы кызыл орындықта отырған жалғыз ақсақал миссионер емеспіз) 16 мың миссионер болған. Қазіргі кезде 65,000 – бұрыңғыдан да, көп. Ол кезде, 562 қазық болған. Қазіргі саны 3000 –ға жұық. Сол кезде, біздің кіші жиналыс үйлері мен тармақтар 59 елде болған еді. Осы күні әлем аумағындағы 224 елдің 189 елінде қауым бар. Нефий айтқан болжамы сияқты, біздің санымыз әлі де, аз. 9Бірақ, сол мезетте, біз Данийлдың пайғамбарлық сөзіне куәгер болдық: «тас....кесік...қолсыз...күллі жерді (толтырады)». 10

Бұл керемет ғажайыптар уақыты. Алты ай бұрын рухани сезімі құйылып, Президент Монсон миссияда қызмет еткісі келген жас ер балалар мен қыздар үшін, миссияға барар жастың өзгертуі туралы хабарлаған болатын. Сенім күмәнді жеңіп, жас ер балалар мен жас қыздар алға ұмтылды. Келесі бейсенбіде өткен Конференцияда, маған Бастапқы Президенттігіне миссионерлік шақыруды кеңес етуді тапсырды. Мен 18-жасар ер балалар мен 19-жасар жас қыздар өз жоспарының бағытын дұрыстап, өз дәрігерлерінің қабылдауында болып, қазық епископтары мен президенттерінің қабылдауында болып, бес күннің ішінде, өздерінің миссионерлік мәлімдемелерін толығымен жинап әкеліп бергенде, таң қалдым. Мыңдаған адам оларға қосылды. Бұл ғажайып.

Біз әпкелеріміздің күш қуатына ризашылығымызды білдіреміз, бүкіл дүние жүзінен көптеген миссионерлер мен жұптар қызмет етуге даяр. Елу сегіз жаңа миссия жарияланды және Проводағы лық толған оқыту миссионерлік орталығы өзіне Мехикода керемет жаңа серіктесін тапты.

Президент Томас С. Монсон айтқан: «Біз Құтқарушының ең шынайы өкілеттігін алып отырмыз…» «Сондықтан, күллі халықтарға барыңдар! Оларды менің шәкірттерім етіп, Құдай Әкенің, Рухани Ұлының және Киелі Рухтың атымен су рәсімінен өткізіңдер».11«Бұл … өйткені…жалғасып алға жүреді және өмірге батасын береді. …Құдайдың жұмысын тоқтататын күш жоқ».12

Біз Құдайдың істеген ғажайыптарының куәгеріміз және Оның інжілі күллі әлемде таратылып жатыр.

Бауырлар мен әпкелер, Құдай миссионерлерді қызмет етуге рухтандырған сияқты, ол көптеген жақсы және адал адамдардың жүрегін ашып, Оның миссионерлерін қабыл алу үшін, санасын оятады. Сіздер шынайы оларды білесіздер немесе білетін боласыздар. Олар сіздердің жанұяңызда және сол аумақта өмір сүреді. Олар көшеде сіздің жаныңыздан өтеді, сіздің мектепте отыр немесе ғаламтор арқылы сізбен байланысады. Сіз де, осы ғажайып құбылыстың маңызды бір бөлігісіз.

Егер сіз толық күннің миссионері болмасаңыз және сіздің киіміңізге миссионерлік белгі тағылмаған болса, онда дәл қазір сол белгіні өз жүрегіңізде белгілеп, Пауылдың сөзі сияқты, «Қара сиямен емес, Тірі Құдайдың Рухымен» белгі жазып қойыңыздар. 13 Және қайтып оралған миссионерлер, бұрыңғы миссионерлердің белгісін табыңдар. Оны тақпаңдар, бірақ оны ашық көрінетін орынға қойыңдар. Дәл қазігрі уақытта сіздер Құдайдың қызметшісі ретінде, қызметін орындауға Оған керексіздер. Сіздер еңбек етіп, осы ғажайыпқа өз үлестеріңізді қоса аласыздар.

Шіркеудің адал әр мүшесі Інжілмен қалай бөліссем деп, ойланады. Кейбір адамдар Ігжілмен табиғи түрде бөліседі және олардан көп нәрсеге үйренуге болады.14 Кейбіреулер күресіп және қалай жақсы жасағанына таңдана, кейде өзімізді кінәлі сезімінде, өзге тағы бір жерді іздеп тапқысы келеді.

Інжілмен бөліскіміз келіп, барлығымыз тізе бүгіп мойынсұнамыз және бұны істеуге тиістіміз. Өйткені, Құдайдың көмегін біз қажет етеміз.

Президент Монсон бізден «Інжілді еркін жеткізуге құқығымыз бен біздің әрекетіміз жүрмейтін аумақтар» үшін, мінажат етуімізді сұрады. 15 Біз шынайы бірігіп, біздің Көктегі Әкеміз, Құдайға жалбарынсақ, бізге маңызды есіктерді ашып беретіні хақ.

Тағы біз Інжілмен бөлісуге жеке өзіміздің мүмкіндігіміз туралы да, мінажат етеміз. Апостол Петір: «Іштеріңдегі бар үмітті сұраған кез келген адамға түсіндіріп, жауап беруге әрдайым дайын болыңдар.16

Осы қазіргі әлемнің түсінбестігі17 мен толқынында18, адамдар Құдайға сыйынатын жерлерге сирек баратындығы ешкімді таң қалдырмайды. Өмірдің маңызын түсіну үшін, олардың жауапсыз қалған сұрақтары болғандықтан көптеген адамдар Құдайға жақын болғысы келеді. Көбінің жүрегі ақиқатты қабыл алуға ашық, бірақ олар әрі-бері Құдайдың сөзін іздей жүріп, оны таба алмайды.19 Сіздер олардың сұрақтарына жауап бере аласыздар. Күнделікті кездесу әңгімелерде, Исаға деген өз сеніміңізді қосып, айта аласыз.20

Құтқарушы: «Нұрды көтеріңдер, ол әлем алдында жарқырасын. Мінеки, сендер биік ұстайтын, Мен сол Нұр».21

Мен уәде етемін, сіздер кіммен кездесіп, сөйлесу керектігі туралы мінажат етсеңіздер, оның аты мен бет жүзін санаңызда көре аласыздар. Сіздерге сөйлеу керек болған сәтте, сөздер келеді.22 Сіздерге мүмкіндіктер ашылады. Сенім күмәніңізді жеңіп, Құдай сіздің жеке өз ғажайыптарыңызға батасын береді.

Құтқарушы бізді Інжілмен қалай бөлісу керектігін оқытты. Маған Әндірдің айтқан оқиғасы ұнады: «Ұстазым! Сіз қайда тұрып жатырсыз?»23деп, сұрақ қойған. Иса тұратын жерін мүмкін айтатын еді. Бірақ. Оның орнына, ол Әндірге: «Келіңдер де, көріңдер» 24деп, жауап қатты. Құтқарушының айтқан сөзі туралы ойлаған ұнайды маған, Ол: «Келіңдер де, көріңдер» Менің тұратын жерімді ғана емес, қалай тұратынымды көріңдер. Келіңдер де, Менің кім екенімді көріңдер. Келіңдер де, рухтың әсерін сезініңдер». Біз сол күні болғанның барлығын білмейміз, бірақ Әндір өзінің ағасы Шимонды тапқан кезде, ол оған: «Біз Мәсіхтің Өзін таптық»25 деді.

Біздің айтып жеткізгенімізге қызыққан адам болса, біз Құтқарушының көрсеткен үлгісіне еріп, «келіңдер де, көріңдер» деп, шақырамыз. Біздің шақыруымызды бірі қабыл алып, бірі қабыл алмас. Біз «келіңдер де, көріңдер» деген шақыруды қабыл алғанша, кім қанша рет шақырылғанын білеміз. Әлбетте, бұрын бізбен бірге болып, кейіннен оларды тым сирек көретін болғандықтан, оларды тағы да келіп көріңдер деп, қайтадан шақырайық.

Біз әр адамның жасаған таңдауы мен уақытын құрметтейміз. Құдай: «Әр адам өз таңдауын жасасын»26деп, айтқан. Жеке тұлғаның қызықтырары жоқ болғанымен онымен біздің достық байланысымыз үзілмеуі керек. Егер де, басқаларды «келіңдер де, көріңдер» деп шақырып, шақыруыңыз қабылданбаса, сіздер Құдайдың бекітімін алып, сеніміңізді қатайта, көз қарасыңызды қайтадан жеткізіңіз.

Интернет пен оңтайлы ұялы телефоны бар адамдар үшін, «келіңдер де, көріңдер» деп, басқа адамдарды шақыратын жаңа тәсіл пайда болды. Біз сенім сайтын біздің күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналдырайық. LDS.org, Mormon.org, Facebook, Twitter – барлығы осы мүмкіндікті береді.

Бостон шіркеуіндегі жас шіркеу мүшелері Інжілді тарату үшін, бірнеше топтама бастады. 27Шіркеуге жаңадан қосылған адамдар сабақтарын онлайн арқылы бастап, кейіннен, сол онлайн арқылы миссионерлермен талқыға салып, жалғастырады. Бұл тәжірибе, жастарға өз күшіне сенуге мүмкіндік туғызып, Інжілді адамдарға еркін жеткізуге көмектесті. Олардың біреуі: «Бұл қарапайым миссионерлік жұмыс емес, бұл ... миссионерлік қуаныш»28 деді.

Біз барлығымыз осы жұмысқа қатысамыз. Біз тармақтағы басқа шіркеу мүшелері мен миссионерлер бірге жоспар құрып, мінажат етіп, бір-бірімізге көмек көресетеміз. Толық күндегі миссионерлерді ойларыңызға алып, мінажат етіңіздер. Оларға өз отбасыларың мен достарыңды сеніп, тапсырыңыздар. Құдай оларға сенім артты және оларды Оны іздеген адамды оқытып, бата беріңдер деп, шақырды.

Мозамбиктегі Мапуту миссиясындағы Президент Паулу Кретли қоғамдағы тәжірибені айтып, бөлісті: «Мозамбикте тұрмысқа шықпай қосылып, ерлі-зайыпты ретінде бірге өмір сүреді, өйткені африканың салты бойынша, үйлену үшін қымбат қалың мал төленуі керек. Оны барлық жұптардың қалтасы көтере бермейді».29

Шіркеу мүшелері мен миссионерлер осыған қалай көмектесуге болады деп, мінажат етті.

Олардың мінажатына жауап ретінде, пәктік заңы мен некенің маңыздылығы және мәңгілік отбасы туралы ерекше көңіл бөліп, айту болды. Олар ерлі-зайыптыларға тәубеге келіп, заңды некеге отыруға көмектесіп, Иса Мәсіхтің соңынан ерген ғана, бақытты бола алатыны туралы оқытып, үйретті.

Бұл жұптардың көрінісі Мозамбиктің екі әр түрлі қаласынан. Жұма күні үйленіп, олар сенбі күні өздерінің есейген балаларымен бірге су рәсімінен өтті.30Достары мен отбасы «келіңдер де, көріңдер» деп, шақырылды және жүздегені «келіңдер де, көріңдерге» келді.

Әпкенің бірі су рәсімін өткен соң: «Біз ата-бабаларымыздың салтымен жүреміз бе, әлде Иса Мәсіхтің соңынан ереміз бе. Біз Иса Мәсіхтің жолын таңдадық»31 деді.

Мозамбикте тұрудың қажеті жоқ, бірақ сіздің жеке өз салтыңызда, жеке өз жолыңызда, Иса Мәсіхтің қалпына келтірілген інжілімен бөлісе аласыз.

Өзіңнің Көктегі Әкеңе мінажат ет. Бұл Оның қасиетті жұмысы. Сіз өз ісіңізге жетекшілік етіңіз. Ол есіктерді ашып, кедергілерді жойып, қиындықтарды жеңіп шығуға көмектеседі. Құдай: «Күллі халыққа Менің шәкірттерім арқылы ескертулер айтылатын болады…ешкім оған қарсы тұра алмайды»32 деп, айтты.

Мен куәгерлік етемін, «Құдайдың сөзі жердің әр түпкірінде естілуі керек, естігісі келгендер, еститін болады».33Бұл ғажайып. Бұл шынайы ғажайып. Иса Мәсіхтің атына, аумин.

Show References

  1.  

    1. Mатай 28:19.

  2.  

    2. Maрқа 16:15.

  3.  

    3. Maтай 28:20Maрқа 16:17–18.

  4.  

    4. Істер 2:14, 22–23, 32.

  5.  

    5. Ілім мен Өсиеттер 1:4.

  6.  

    6. Ілім мен Өсиеттер 58:64.

  7.  

    7. Ілім мен Өсиеттер 1:5.

  8.  

    8.  Шіркеу Президенттерінің Сабақтары: Уилфорд Вудраф (2004), 89–92.

  9.  

    9. 1 Нефий 14:12.

  10.  

    10. Данийл 2:34–35.

  11.  

    11. Tомас С. Moнсон, “Конференцияға хош келдіңіздер,” Ensign немесе Лиахонa, Maмыр 2009, 5.

  12.  

    12. Tомас С. Moнсон, “Біз қайта жиналып қалдық,” Ensign немесе Лиахонa, мaмыр 2012, 4.

  13.  

    13. 2 Қорынтықтар 3:3.

  14.  

    14. Клейтон М Кристенсен, Миссионерлердің күнделікті күші: Қайда және қалай Інжілді айтып жеткізу (2013).

  15.  

    15. Tомас С. Moнсон, “Конференцияға хош келдіңіздер,” Ensign немесе Лиахона, қараша. 2009, 6.

  16.  

    16. 1 Петір 3:15.

  17.  

    17. Олар көне шындықтарының болмысын қайтадан қарастырды немесе ескермеді; Ілім мен Өсиеттер 1:16; тағы Ілім мен Өсиеттер 132:8.

  18.  

    18.  Ілім мен Өсиеттер 45:26; 88:91.

  19.  

    19. Aмос 8:12.

  20.  

    20. Пайғамбар Жозеф Смит: «Пресвитериантарда өзге шындық па? Ия. Баптис пен методистерде және тағы басқасында өзге ақиқат па? Ия. Біз дүние жүзіндегі барлық жақсы және шынайы ұстанымдарды жинап, оларды бағалай білуіміз керек». (Шіркеудің тарихы 5:517,) Қандай да, бір халықты біз шақырып,...оларда бар жақсыны шауып тастау үшін емес,....біз тек қана молырақ алсын дейміз. Ал, егер әлем Інжілді білуге ұмтылса? Сонда, олардың көзі ашылып, барлық жан-тәнімен оны қалаған барлық адамға Құдайдың батасы төгілетін болады. (Шіркеу Президенттігінің сабақтары: Жозеф Смит  [2007], 155). Президент Гордон Б. Хинкли айтты: «Айтуға рұқсат етіңіздер, біз барлық шіркеудің ақиқаты мен жақсылығын бағалаймыз. Біз адамдарға, өздеріңізбен бірге барлық жақсылықты әкелесіздер, ал біз соған нені қоса алатынымызды көре аламыз. Бұл осы жұмыстың рухы. Біздің миссионерлік жұмыстың мәнісі осы». (“Президент Гордон Б. Хинклидің соңғы айтқан сөздерінен” Ensign, тамыз. 1998, 72; “Тірі Пайғамбардың сөздері,” Лиахона, сәуір. 1999, 19). Біз мейірімді адамдар болуымыз керек. Біз адамдардың барлық жақсы жағын қабылдауымыз керек. Біз өзге шіркеулерден жұлып алмауымыз керек. Біз жақсы жолға салып, жақсыны оқытып үйретеміз. Біз бөтен діндегі адамдарға: «Біз адамдарға, өздеріңізбен бірге барлық жақсылықты әкелесіздер, ал біз соған нені қоса алатынымызды көре аламыз». Бұл біздің миссионерлік бағдарламаның жұмыс мәнісі және ол өз нәтижесін әкеледі». (“Президент Гордон Б. Хинклидің рухтандыру хабарламасы,” Шіркеу жаңалықтары, Nov. 7, 1998, 2; қара ldschurchnews.com).

  21.  

    21. 3 Нефий 18:24.

  22.  

    22. Ілім мен Өсиеттер 84:85; 100:6.

  23.  

    23. Жохан 1:38.

  24.  

    24. Жохан 1:39.

  25.  

    25. Жохан 1:41.

  26.  

    26. Ілім мен Өсиеттер 37:4.

  27.  

    27. Мысалы, youngandmormon.com қара

  28.  

    28. 22 наурыздың 2013 жылы Джексон Хейттің телефон арқылы хабарласуы.

  29.  

    29. 2013 жылы, 6 наурызда Президент Пауыл В. Кретлидің жеке өзінің жіберген хаты.

  30.  

    30. Президент Пауыл В. Кретлидің суреттері. Бірінші топ Мапутудан; олар 30 қарашада, 2012 жылы үйленді және 1 желтоқсанның 2012 жылы су рәсімінен өтті. Екінші топ Бейерден, олар 1 наурыз 2013 жылы үйленіп, 2 наурызда 2013 жылы су рәсімінен өтті.

  31.  

    31. 2013 жылы, 6 наурызда Президент Пауыл В. Кретлидің жеке өзінің жіберген хаты.

  32.  

    32. Ілім мен Өсиеттер 1:4–5.

  33.  

    33. Ілім мен Өсиеттер 1:11.