Мойынсұнғанға Құдайдың батасы қонады

Президент Томас С. Монсон


Томас С Монсон
Ақиқаттың білімі мен ұлы сұрақтарымыздың жауаптары біз Құдайға мойынсұнып, бағынған кезде ғана келеді.

Менің сүйікті бауырларым мен әпкелерім, бүгінгі таңда сіздермен бірге болғаныма сондай қуаныштымын. Мен, сіздердің сенімдеріңіз бен мінажаттарыңыздың арқасында, сіздердің алдарыңызда тұрып, сөз айту мен үшін үлкен құрмет.

Ғасырлар бойы, ерлер мен әйелдер өздерінің пенделік тіршілігін және жаратылысының бағыты мен әлем және бақыт жолына қатысты білім алып, түсінгісі келуге ұмтылады. Әрқайсысымыз осы іздеудің жолындамыз.

Бұл білім мен түсінік күллі адамзат үшін, қол жетімді. Олар мәңгілік болып келетін ақиқатта берілген. Ілім мен Өсиеттердің 1 бөліміндегі 39-шы өлеңінде, оқимыз: «Міне, ия, Иеміз Құдайдың Өзі және Рух куәгерлік етеді, бұл куәгерлік ақиқат және ақиқат, мәңгілік болып табылады».

Ақынның жазғаны:

Жер құрып, Көк келсін
Бірақ ұлы ақиқат, болмыс жиыны
Мәңгілікке созылсын. 1

Біреулер былай деп, сұрауы мүмкін: «Осындай ақиқатты қайдан іздеп табуға болады және біз оны қалай тани аламыз?» Огайо штатының Киртланд қаласында, мамырдың 1833 жылы Пайғамбар Жозеф Смит арқылы берілген аяндағы Құдайдың жарлығы:

«Ақиқат ол заттардың сол күйіндегі білімі, олар қандай болып және олар әлі де, қандай болады. …»

«Рухани ақиқат – Құдайдан...

«Оның өсиеттерін орындамаған бірде бір адам, оны ала алмайды.

«Кім (Құдайдың) өсиеттерін сақтаса, бәрін біліп және ақиқатта даңқы жайылғанша, оған ақиқат пен нұр төгіледі».2

Қандай керемет уәде! «Кім (Құдайдың) өсиеттерін сақтаса, бәрін біліп және ақиқатта даңқы жайылғанша, оған ақиқат пен нұр төгіледі».

Осы біздің білімді ғасырда, толық Інжіл қайтып қалпына келтірілген кезінде, ақиқатты табу үшін, белгісіз теңіздермен жүзіп немесе тану белгілері жоқ жолмен саяхатқа баруға, не мен үшін, не сіздер үшін керегі жоқ. Сүйікті Көктегі Әкеміз, жетекшіліктің өзгеріссіз шартында - мойынсұнуда, біздің бағытымызды салған. Біз Құдайдың өсиеттеріне мойынсұнған кезде ғана, ақиқат білімі және біздің ұлы сұрақтарымыздың жауабы келеді.

Біз өмір бойы мойынсұнып, бағынуды үйреніп келеміз. Біз балғын бала кезімізде, сол біздің өміріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жауап беру үшін, осы келтірілген ұстанымдар мен ережелерді белгіледі. Егер біз осындай ережелерге толық мойынсұнсақ, біздің өмір жеңіл болар еді. Бірақ көпшілік өз тәжірибесінде, дұрысты таңдап, үйренеді.

Бала кезімде, менің отбасым шілденің басынан бастап, қырқүйектің басына дейін Юта штатындағы, Прово арнасының Вивиан саябағында орналасқан біздің үйіде орнығатын.

Сол күндері, сол арнада, менің ең жақын досымның бірі Дени Ларсенның отбасы да, сол жерде орналасатын. Біз сол бала кезімізде, өзеннің бойында балық аулап, тастар мен басқа да қазыналарды жинап, сапар құрып немесе таудың басына шығып, жай ғана, әр күннің әр уақытында, сол жұмақтағы өмірдің рақатын табатынбыз.

Бір күні Дени екеуіміз сол арнада алау жағып, сол кеште достарымызбен бірге соның қасында отырғымыз келді. Біз сол бірге жиналғымыз келген көршінің жеріндегі орынды тазалауымыз керек болды. Шілде айында даланы жаулап өсіп кеткен шөп, тым құрғақ болып тікенге айналып, біздің қойған мақсатымыздың алаңын жарамсыз қылды. Біз биік шөптерді жұлып, айналамызды біраз тазарта аламыз деп, ойладық. Біз барлық күшімізді салып шөпті жұлдық, бірақ біз аз ғана қырсық шөпті тазалай алдық. Бұған біздің бір күніміз түгел кететінін түсіндік, біздің белсенділік пен құлшыныс ептеп жоғала бастады.

Менің сегіз жасар ойыма, ақылды бір шешім келді. Мен Дениге: «Біз бар болғаны мына арам шөптерді өртеп жіберуіміз керек. Біз айналамыздағы шеңберді ғана өртейміз!» дедім. Ол келісе салды, ал мен сіріңкені алып келу үшін, үйге жүгіріп кеттім.

Сіздерді ойландырмау үшін, біздің сегіз жасымызға қарамастан, бізге сіріңкені пайдалануға рұқсат етілген, анығын айтқанда, Дени екеуміздің жасымызда, үлкеңдердің қарауысыз сіріңкені қолымызға ұстауға болмайтын. Ол екеуіміз де, өрттің кауіпі туралы талай рет ескертілген болатынбыз. Оған қарамастан, отбасым сіріңкені қай жерге қоятыны туралы хабардар едім және біз алаңды тазалауымыз керек болды. Көп ойланбастан, мені ешкім байқап қалмауын ескере, мен үйге келіп бірнеше сіріңкені алдым да, тез арада оны қалтамның біріне сала салдым.

Менің қалтамда қиындықтың шешімі бар деп, қуана Дениге қарай жүгірдім. Менің есімде, біз ойлаған жерде ғана от жанып, бір ғажайып күйде өзі сөніп қалады деп, шештім.

Мен сіріңкені жағып жіберіп, шілде айында кеуіп қалған шамалы шөпті өртедім. Оған бензин сіңіп қалғандай, лап ете қалды. Алғашқыда, арам шөптер жоғала бастағанда Дени екеуіміз мәз болдық, бірақ, біраз уақыт өте өрт басылып, сөңгісі келмейтіні айқын болды. Өртті тоқтату үшін, біз еш нәрсе істей алмайтынымызды түсінгенде, үрейіміз әбден кетті. Өрт арам шөппен төбешікке қарай жылжып, жолдағы қарағай мен басқа да, барлығына қауып төндіре бастады.

Бізге көмекке шақырудан басқа амал қалмады. Көп кешікпей, Вивиан саябағындағы барлық естіген ер адамдар мен әйелдер өртті сөндіру үшін, дорбаларды сулай ала жүгірді. Бірнеше сағаттан соң, қалған соңғы от сөндірілді. Өрт сөндірілген кезде, біз үйдің қасына да таяп қалған едік, ал жылдап тұрған қарағайлар сақталып қалды.

Дени екуімізге, сол күн біршама ауыр, бірақ өте маңызды сабақ болды – ол күн біз үшін құлақ асып, мойынсұнудың маңызды мәнінің соңы болған жоқ.

Сіздің физикалық қауіпсіздігіңізді сақтайтын бірнеше ереже мен заңдар бар. Бұдан басқа, Құдай тағы біздің рухымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, осы пенделік өмірдің сатқындығында, алған бағытымыздан таймай, түбінде, Көктегі Әкемізге қайтып оралуымыз үшін, бізге ұстанымдар мен өсиеттерді берді.

Өткен ғасырлар бойы, ата-бабалар малды құрбандыққа шалатын, сондағы Самуилдің жауабы мынау болды: «Мойынсұну Оған артық сый-тарту атаулыдан, Еркіне бағыну қошқар майынан ұнамды Оған!»3

Осы күндері, Иеміз Пайғамбар Жозеф Смитке, бізге қойған талабын ашты: «жүрекпен және талпына, мойынсұнып дайын болғандар осы соңғы күндері Сион жерінің нәрін татады». 4

Көне заман мен осы күндергі барлық пайғамбар құтқарылудың ең маңызды мәні мойынсұну екендігін білген. Нефий: «Құдай нені бұйырса мен барып соны орындаймын» 5 деді. Әлбетте, кейбір адамдар өз сенімі мен мойынсұнуында әлсіздік танытты, бірақ Нефий емес, одан Иеміздің барлық сұрағанын ол орындады. Соның нәтижесінде, көптеген ұрпақтар батасын алды.

Ыбырайым мен Ысқақтың мойынсұну оқиғасы жанды дүрліктіреді. Ыбырайым үшін, Құдайдың бұйрығына бағынып, өзінің сүйікті баласын Ысқақты алып, Мория жеріне құрбан ету үшін алып бару қандай қиын болған шығар. Біз Ыбрайымның жүрегі қандай қиын күйзелісте болғанын және қандай күйде ол сол белгіленген жерге кеткенін елестете алармыз ба? Ол мұңайып, ақыл ойы қиналып, оның Ысқақты құрбан шалатын жерге жатқызып байлап, оны өлтіргісі келіп пышақты қолына алғаны, ол үшін азап болды әрине. Ол Құдайға деген мүлтіксіз сенімін білдіріп, ол Құдайдың бұйрығына жауап берді. Көктен хош келдіңдер дегенге ұқсас: «Балаңа қол көтерме, оған тиіспе! Енді сенің Өзімді құрметтейтініңе көзім жетті, Менен өзіңнің жалғыз ұлыңды да аямадың» деген дауыс естілді.6

Ыбырайым сенім сынағынан өтті, сондықтан ол мойынсұнып сенгені үшін, Құдай оған осы керемет антын берді: «Мені құрметтегенің үшін, сенің ұрпақтарыңды сансыз етіп көбейтемін»7деді.

Біздің сенімімізді сынақтан өткізу үшін, бізден осындай қиындықты талап еткен емес, бірақ біз мойынсұнып бағынуымыз керек.

Президент Жозеф Ф. Смит қазан айының 1873 жылы берген жарлығында, «Көктің бірінші заңы, ол мойынсұну»8 деп, жазылған.

Бұл туралы Президент Гордон Б. Хинклидің айтқаны: «Соңғы Замандағы Әулиелерінің бақыты, Соңғы Замандағы Әулиелерінің тыныштығы, Соңғы Замандағы Әулиелерінің өркендеуі, Соңғы Замандағы Әулиелерінің жетістігі, мәңгілікке құтқарылуы мен осы халықтың өрлеуі … Құдайдың берген кеңесіне мойынсұнып бағыну болып табылады».9

Пайғамбарлар мойынсұнумен ерекшеленеді, ол ғасырлар бойы оларға күш пен білім берді. Біз сол күштің қайнары мен білімге де құқығымыз бар, соны білу біз үшін өте маңызды. Құдайдың заңдарына мойынсұнған кезімізде, бүгін ол әрқайсысымызға да қол жетімді болып келеді.

Мен көп жылдар бойы ерекше мойынсұнып, сенімі биік болған көптеген адамдарды танимын. Олардың үлгісі мені рухтандырып, бата алдым. Сіздерге екі адам туралы айтып беруге рұқсат етіңіздер.

Вальтер Краузер Шіркеудегі адал адамдардың бірі болған, ол отбасымен Ұлы Екінші Дүниежүзілік Соғысынан кейін, осы күні Шығыс Германия деп, белгіленген жерде тұрды. Краузер Құдайды сүйіп, Оған қызмет еткен адам болатын, бірақ сол кезде, ол қиындықтарға қарамастан сол әлемнің бөлігінде, ол еркіндікке қысым жасаған кезімен кездесті. Ол өзіне берген тапсырманың барлығын адал сеніммен орындады.

Венгриядан келген Иоганн Денндорфер деген басқа адам, Германиядағы шіркеуде орналасқан болатын, сол жерде 1911 жылы17 жасында су рәсімінен өтті. Кейін ол Венгрияға қайта оралды. Екінші Дүниежүзілік Соғыстан кейін өзінің отанындағы Дебрецен қаласында қамауға алынғандай болды. Венгрия халқы үшін еркіндікке жол берілмеді.

Валтер Краузе бауырымыз Дендорфе бауырымызбен таныс емес еді, бірақ ол үй мұғалімдігіне тапсырма алып, оған жиі баруы керек болды. Краузе бауырымыз өзінің үй мүғалімдігі серіктесіне қоңырау шалып: «Біз Иоганн Денндорфер бауырымызбен кездесуге тапсырма алдық. Сіз осы аптада менімен бірге кездесуге барып, Інжіл жазбаларын сол адамға беру үшін,уақытыңыз бола ма?» деді. Содан соң, ол: «Денндорфер бауырымыз Венгрияда тұрады» деп, қосты.

Оның таң қалған серіктесі: «Қашан барамыз?» деп, сұрады.

«Ертең» деп, жауап берді Краузе бауырымыз.

«Ал қашан біз қайтып ораламыз?» деп, сұрақ қойды серіктесі.

Краузе бауырымыз: «Бір апта өтісімен – егер бізоралсақ» деп, жауап берді.

Сөйтіп, екі серіктес Денндорфер бауырымызбен кездесу үшін пойызға отырып, содан соң автобуспен Солтүстік-шығыс Германиядан Венгриядағы Дебреценге бет алды, ол салмақты саяхатқа айналды. Соғыс кезіне дейін және соғыз кезінде де, Денндорфер бауырымыздың үй мұғалімідері болған жоқ еді. Енді, ол Құдайдың қызметіндегі адамдарды көріп, олардың келгеніне ризашылығын білдіріп, қатты толқыды. Алдымен, ол амандасудан бас тартты. Оның орнына, ол өзінің жатын бөлмесіне барып, жәшіктің ішінен көп жылдар бойы жинаған ондық салынған қорапты алды. Ол ондықты үй мұғалімдеріне беріп: «Енді мен Құдайдың бұйрығын орындадым» деді. Мінеки енді, мен Құдайдың қызметіндегі адамдардың қолынан ұстап, амандасуға лайықтымын. Краузе бауырымыз кейіннен маған, сол сәтті бейнелеп беру мүмкін емес, Шіркеумен байланысы ұзақ уақытқа үзілген, бірақ сенімі адал бауырымыз көп жылдар бойы өзінің тапшы жалақысынан мойынсұнып, ондықты төлеу үшін, әрдайым ондықты жинап отырғаны маған әсер етті. Ол ондықты төлейтін мүмкіндігі қашан боларын, не болмасын білмесе де, жинап отырған.

Краузе бауырымыз осыдан тоғыз жыл бұрын 94 жасында дүние салды. Өмір бойы ол мойынсұнып адал қызмет етті және оны білетін барлық адамдар үшін және мен үшін, рухтың қайнар көзі болатын. Оған бір нәрсені тапсырып, оның орындауын өтінген кезде, оның ешқашан күмәні болмайтын немесе наразылық білдіріп, не болмаса ақталып шықпайтын.

Менің бауырларым мен әпкелелерім, бұл өмірдің ең үлкен сынағы – мойынсұну. «Олар Иеміз Құдайдың берген барлық бұйрықтарын орындағанын көру үшін, біз оларды сынақтан өткіземіз» деді Құдай.10

Құтқарушы: «Менің қолымнан бата алғысы келген барлық адамдар осы батаны алу үшін, әлем жаратылысына дейін бекітілген заңдарды мен оның шарттарын ұстанып, орындауы тиіс».11

Біздің Құтқарушысы сияқты басқа мойынсұнудың ұлы үлгісі болған емес. Пауыл Құтқарушы туралы былай деді:

«Ол Оның Ұлы бола тұра, ауыр азаптардың кезеңі Оны мойынсұнуға үйретті;

«Ол жетіліп, Оған мойынсұнғандардың барлығы үшін, мәңгілік әлемнің құтқарылуына жол ашты».12

Құтқарушы өзінің қасиетті миссиясының құрметіне, Ол пәк өмірімен Құдайға деген шынайы сүйспеншілігін көрсетті. Ол ешқашан тәкаппар болған емес. Оны өркөкіректік ешқашан жаулаған емес. Ол ешқашан Өз ұстанымдарынан айныған емес. Ол әрқашан қарапайым болған. Ол әрдайым адал болды. Ол әрқашан мойынсұнып, бағынатын.

Ол шайтанның сынағынан да өтті, Ол қырық күн, қырық түн ауыз бекітіп, әбден ашығып әлсіреген болса да, Ібіліс келіп Оны қаншалықты азғырса да, Ол құдайшыл адалдықтың үлгісін көрсетіп, Өзіне белгілі дұрыс жолдан тайған жоқ.13

Ол Гетсиман бағында ішкі қиналыспен кездесіп, жанталасып жатқанда, «Оның тері қан тамшыларына ұқсап жерге тамып жатты»14сонда, Ол адалдықтың үлгісін көрсетіп, «О, Әкем, егер Сен қаласаң, (қаһарыңа толы) мына тостағанды Маған жолатпай алып кете гөр. Бірақ Менің емес, Сенің еркің болсын!»15 деді.

Құтқарушы Өзінің Апостолдарын үйреткендей, Ол сіздер мен маған да, «Ер соңымнан» деп, оқытты. 16Біз мойынсұнуға дайынбыз ба?

Иеміздің өсиеттеріне еркін мойынсұнсақ, осы әлемнің жаңа өзгерістер құбылысындағы қиындықтарды жеңіп шығу үшін, біз іздеген білім, біздің алған жауаптар мен бүгін біз қалаған күш, біздікі болуы мүмкін. Мен Құдайдың айтқан сөздерін тағы келтірейін: «Кім Құдайдың өсиеттерін сақтаса, бәрін біліп және ақиқатта даңқы жайылғанша, оған ақиқат пен нұр төгіледі». 17

Біздің барлығымыз мойынсұнғанымыз үшін, үлкен батаға ие болуымыз үшін, мен мойынсұнып мінажат етемін, Біздің Иеміз бен Құтқарушымыз, Иса мәсіхтің атына, аумин.

Show References

  1.  

    1. «Айтшы, ақиқат неде?» Әнұрандар, 272 нөмір.

  2.  

    2. Ілім мен Өсиеттер 93:24, 26–28.

  3.  

    3. Патшалықтар туралы l-жазба 15:22.

  4.  

    4. Ілім мен Өсиеттер 64:34.

  5.  

    5. 1 Нефий 3:7.

  6.  

    6. Жаратылыс 22:12.

  7.  

    7. Жаратылыс 22:18.

  8.  

    8. Жозеф Ф. Смит, “Уағыз” Deseret News, қараша. 12, 1873, 644.

  9.  

    9. Гордон Б. Хинкли, “Егер сендер мойынсұнып және дайындалсаңдар” Ensign, желтоқсан. 1971, 125.

  10.  

    10. Ыбырайым 3:25.

  11.  

    11. Ілім мен Өсиеттер 132:5.

  12.  

    12. Еврейлерге 5:8–9.

  13.  

    13. Mатай 4:1–11.

  14.  

    14. Лұқа 22:44.

  15.  

    15. Лұқа 22:42.

  16.  

    16. Жохан 21:22.

  17.  

    17. Ілім мен Өсиеттер 93:28.