Біз айтатын сөздер

Розмари М. Уиксом

Бастапқы қоғамының Бас Президенті


Розмари М. Уиксом
Балаларымызбен сөйлесе білген әдетіміз бен біздің айтқан сөздеріміздің мәні, оларға қайрат күшін беріп қолдап, сенімін қатайтып, көтеріп, ынталандырады.

Жас әке жақын арада өзін екінші сыныпта оқытқан ерекше жанды мұғалімі қайтыс болғанын білді. Оның естелігіне ол: «Менің есімде, қалғаны барлық сезімдер мен алған әсерден, ойыма тек қана «жұбаныш» деген сөз жиірек келеді. Ол мені дұрыс жазуға, сауаттылыққа, математикаға оқытты, бірақ ең маңыздысы, ол мені бала кезімнен сүйіспеншілікке үйретті. Кейде, оның сабағында, байқаусызда сөзді қате жазып қоятынбыз: «Біз бұнымен жұмыс істейміз» дейтін ол кісі. Сия тамшысын төгіп немесе сызып, жыртып тастау деген нәрселер, оның сабағында орынды болатын: «Біз бұны түзеп немесе тазалап тастаймыз» деп, жауап беретін. Жақсылап созылып немесе армандап, тек қана баланы қуантатын кішкене оқиғалармен рақаттанып, ләззат алатын нәрселерді жасап көру, қалыпты жағдай болатын.

Бұл дүниеде, адамның ең үлкен әсерінің бірі, ол балаға ықпал ету. Осы жастағы баланың сеніміне тез кіріп, оның сана сезіміне әсер етуге болады. Менің айтқан сөзімді естіген әр адам, өз сөзімен баланың өзіне деген сенімін және Көктегі Әкеміз бен Иса Мәсіхке деген сенімін қатайта алады.

Геламанның 5-ші тарауында айтылған: «Ал енді, балаларым, әрқашан естеріңде болсын, тек Құдайдың Баласы Мәсіхтің, біздің Құтқарушымыздың тасында ғана, өз іргетасыңды көтере аласыңдар».1

Геламанның бұлсөздердіөзінің ұлдарына айтты--біз жалғастырып оқимыз: «Олар оның айтқан сөзінорындады және ... олар бүкіл халық арасында... Құдайдың сөзін таратты».2

Геламанның ұлдарын қудалап, абақтыға қамаса да, олар сол айтылған сөздерге сенімді болып қала берді. Оларды от айнала қорғап қалды. Содан соң, оларды қамаған адамдарға сөйлеген дауыс естілді:

«Тәубеге келіңдер, бұдан былай менің қызметшілерімді өлтіруге ұмтылмаңдар. ...

«… Ол күннің күркіреген дауысына ұқсас емес және керемет қатты шу емес, ол ақырын шыққан өте жұмсақ дауыс секілді, сыбырлап қана жанды тесіп шықты».3

Біз бұл көктен түскен дауысты тани аламыз. Бұл қатты шығатын айқай немесе кемсітетін дауыс емес, ол нақты бағытқа салып, үміт көзін беретін сондай жұмсақ дауыс.

Балаларымызбен сөйлесе білген әдетіміз бен біздің айтқан сөздеріміздің мәні, оларға қайрат күшін беріп қолдап, Көктегі Әкемізге апаратын жолда, олардың сенімін қатайтып, көтеріп, ынталандырады. Олар осы жер бетіне тыңдау үшін, дайын болып келеді.

Баланың құлақ асып, тыңдай білетіндігі туралы мысал келтірейін. Бұл оқиға мата сататын дүкеннің ішінде болды. Дүкеннің іші сатып алушыға толы болды, бір уақытта кішкентай ұлын жоғалтып алған ана үрей тудырды - бұл барлығына айқын болды. Басында, ол баласының атын Конор деп шақырып, дүкеннің ішін жүгіріп, шаралады. Уақыт өте, оның дауысы қатты шығып, есі шыға бастады. Дүкеннің қауіпсіздік қызметкерлерінің барлығы ескертіліп, дүкендегі адамдардың барлығы баланы іздеуге қосылды. Бірнеше минут өте, онымен кездесу мүмкіндігі сәтсіз болды. Конордың анасын минуттар өткен сайын ашу қыса бастады, ол оның атын қайта-қайта қатты айғайлай бастады.

Дүкенге келушілердің бірі, ішінен мінажат етіп, Конор осы дүкеннің ішінде, бірақ анасы оның атын қатты айғайлап айтқан дауысын естіп, қорқып қалған болуы мүмкін деген ой келді оған. Ол іздеуге қатысқан басқа әйелге айтып, тез арада олар жоспар құрды. Олар бірге маталар жатқан үстелдердің арасымен жүріп, «Конор егер менің дауысымды естісең, «Мен осындамын» деп, айт» деді. Сол сөздерді қайталап, олар дүкеннің артқы бөлігіне қарай жүре берген кезде, олар жасқаншақ «Мен осындамын» деген ақырын шыққан дауысты естіді. Конор оралған маталардың арасында тығылып отырған. Тек қана ақырын шыққан дауыс, Конордың жауап беруіне ынталандырды.

Баланың қажеттілігін білу үшін, мінажат етіңіздер

Баланың жүрегіне жол табу үшін, оның қажеттіліктерін білуіміз керек. Егер біз қажеттіліктерді білу үшін, мінажат ететін болсақ, біздің айтқан сөздеріміз оның жүрегінде өз орнын алады. Киелі Рухты дұрыс бағытқа салсақ, біздің мүмкіндігіміз күшейе түседі. Иеміздің айтқаны:

«Мен жүрегіңе салып берген ойыңды айтып, жеткіз ...

«Сізге сол сәтте, ия, сіз айтатын уақытта беріледі».4

«Өшіріңдер» және сүйіспеншілікте тыңдаңдар

Өкінішке орай, бұл әлемде, көңілді басқа жаққа аударатын факторлар көптеген баланың құлағын жауып, олардың өзіне деген көзқарасын қалыптастыру үшін, ынталандыратын сөздерді естуге мүмкіндік бермейді.

Дәрігер Нил Халфон Лос Анжелестегі Калифорния Университетіндегі орталықта балалар, отбасы, қоғам денсаулығына жетекшілік етеді, онда ол «ата-ана мен бала арасындағы қарымқатынасты» зерттейді. Сондай зерттеулердің бірінде, 18 айлық бала мен оның ата-анасының арасындағы бақылаудың қорытындысы келтірілген.

«Олардың баласы бақытты да белсенді болып көрініп, ата-анасымен бірге пицца жеген уақытпен рақаттанып отырды … кешкі ас аяқталған соң анасының жұмыстары болып, ол баланы әкесіне тапсырды».

«Әкесі … телефонға келген хаттарды оқи бастады, ал сол кезде, баласы пиццаның қабығын лақтырып, оның көңілін өзіне аударғысы келіп, барлық күшін салды. Сонда, әкесі қайтадан баласымен ойнай бастады. Көп кешікпей, ол анасы келгенше, баламен бірге телефондағы видеоны көруге ауыстырды».

«Дәріген Халфон баланың ішкі дүниесінің нұры сөне бастағанын байқады, ол ата-ана мен бала арасындағы байланыстың төмендеуі».5

Балаларымыздың қажеттілігін қалай қамтамасыз ету керек деген сұраққа, біздің мінажатымыздың жауабы, ол технологиялық құралдарды жиі сөндіру керек. Біз осындай заттарға көңілімізді аударған кезде, балаларымызбен сөйлесу, әңгімелесу сияқты құнды мүмкіндіктер жоғалады. Технологиялық затты сөндіріп, күн сайын бір уақыт тауып, бір-біріңмен бірге неге болмасқа? Жай ғана барлығын сөндіріп тастау. Сонда, соны істеген кезде, сіздің үй бірінші рет тынышталып қалған сияқты болып, сасқалақтап қалған сезімде, не істеп не айтарыңызды білмей қаласыз. Сонда, сіз барынша уақытыңызды молынан өз балаңызға бөліп, әңгімені бастап, бір-біріңізді тыңдап, рақаттанасыздар.

Өз балаларыңды қызықтыру үшін, оқиғалар жазыңдар

Біз балаларымызға жазып та, сөз арқылы әсер ете аламыз. Нефийдің жазғаны: «Біздің балаларымызды … Мәсіхке сеніп, Құдайға мойынсұнулары үшін, осы жазбаны жазып, бар күшімізді салып еңбек етіп жатырмыз».6

Президент Томас С. Монсон 1960 жылы Солтүстік Вьетнамда атып түсірілген ұшқыш Джей Гесстің оқиғасын айтқан болатын: «Екі жыл бойы оның отбасы, ол тірі не өлі екендігі туралы бейхабар болатын. Ол Ханояда ұсталып қалған болатын, бірақ әйтеуір, оған үйіне 25 сөзден тұратын хат жазуға рұқсат етті». Президент Монсон сұрақ қойды: «Отбасыларға айтарым, сіздер және мен екі жыл бойы көрмей немесе білмей, не болмаса оларды қайтып көрмеген жағдайға тап болсақ, жақын адамдарымызға не деп, жазар едік? Оның отбасы, бұл хат дәл өзінен жіберілгенін білдіру үшін тырысып, ол тағы оларға бағалы кеңес бергісі келіп (келесі сөздерді жазды): «Бұл маңызды нәрселер; ғибадатханалық неке, миссия, колледж. Алға ұмтылып, отбасы тарихын жазып, жылына екі рет суретке түсуді мақсат етіп қойыңдар».7

Сіздер қандай сөздерді жазар едіңіздер, егер сізге 25 сөзден артық жазу мүмкіндігі болмаса?

Мен басында айтып кеткендей, екінші сыныпта оқытқан мұғалімі туралы естелік жазған жас әке, қазіргі уақытта әдемі қызын тәрбиелеп отыр. Ол Құдайдың оған сеніп тапсырған үлкен сенімін түсінеді. Оның қызы өскен кезде, оның болашағы қандай болады? Оның жүрегіне жол табу үшін, ол қандай әрекет жасайды? Ол ақ жолда қалып, көтерілуі үшін, қандай сөздер оны ынталандырады? Егер ол оның құлағына «Сен Құдайдың баласысың» деген мағына, оны тура жолға салып, өзгерте ме? Оның әкесі оған әрдайым «Мен сендегінің барлығын жақсы көрем» деп, айтқан сөздерін, ол бір кездері есіне алама?

Сонда бұл, Көктегі Әкеміз Өзінің Ұлына және біздің баршамызға: «Бұл Менің Сүйікті Рухани Ұлым, Оған толықтай ризамын» деп, айтқанына ұқсас емес пе?8

Біз балаларымызға айтқан, жазған сөздеріміз тек біздің сезімді ғана көрсетіп қоймай, олар Көктегі Әкеміздің Өз Ұлына Иса Мәсіхке және біздің барлығымызға деген сүйіспеншілікті көрсетсін. Сонда, біз тоқтап, балаларымыздың ұлы және керемет айта білетін қабілеттіліктерін құлақ асып тыңдайық. Мен осыны Иса Мәсіхтің атына айтамын, аумин.

Show References

  1.  

    1. Геламан 5:12.

  2.  

    2. Геламан 5:14; аса маңызды.

  3.  

    3. Геламан 5:29–30.

  4.  

    4. Ілім мен Өсиеттер 100:5–6.

  5.  

    5. Лоис М. Коллинз, “Баланың ақыл-ойының жетілуіне ата-ананың сынақтары кесірін тигізеді,” Deseret News, маусым 4, 2012, deseretnews.com/article/print/865556895/Babys-development-potentially-harmed-by-parents-texting.html.

  6.  

    6. 2 Нефий 25:23.

  7.  

    7. Tомас С. Moнсон, “Саяхатта қуаныш табу,” Ensign немесе Лиахона, қар. 2008, 86.

  8.  

    8. Maтай 3:17.