Киелі жазбалар
2‑ші Нефи 26


26‑шы тарау

Мәсіх Нефиліктерге қызмет етеді. Нефи өз халқының болашақта жойылатынын алдын ала көреді. Олар топырақтан сөйлейді. Өзге Ұлттар жалған шіркеулер мен жасырын одақтар құрады. Жаратқан Ие адамдарға діни қызметкерлердің айла‑амалымен айналысуға тыйым салады. Шамамен 559–545 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Міне Мәсіх өлгеннен қайта тірілгеннен кейін, ол өзін сендерге, менің балаларым және сүйікті бауырларыма, көрсетеді; және оның сендерге айтатын сөздері сендер орындайтын заң болады.

2 Міне енді, мен сендерге айтамын: мен қанша ұрпақтар өтіп, халқымның арасында үлкен соғыстар мен қақтығыстар болатынын көрдім.

3 Міне Мәсіх келгеннен кейін, халқыма оның дүниеге келуі, өлімі мен қайта тірілуіне қатысты белгілер көрсетіледі; және бұл күн зұлымдар үшін үлкен және қорқынышты болады, өйткені олар жойылады; және олар пайғамбарлар мен әулиелерді қуып, таспен ұрып, өлтіргені үшін өледі; сондықтан әулиелердің қанының айқайлары оларға қарсы жерден Құдайға көтеріледі.

4 Сондықтан келер күн тәкаппарлар мен зұлымдарды өртеп жібереді дейді Әскербасы Иесі, өйткені олар сабан сияқты болады.

5 Ал пайғамбарлар мен әулиелерді өлтіргендер, жер қойнауы оларды жұтады, дейді Әскербасы Иесі; және таулар оларды жауып, құйындар оларды ұшырып, ғимараттар олардың үстіне құлап, оларды бөлшектеп, ұнтаққа айналдырады.

6 Міне оларға күн күркіреп, найзағай, жер сілкінісі және түрлі апаттар түседі, өйткені Жаратқан Иенің қаһары оларға қарсы болады, олар сабан тәрізді болып, оларды келер күні күлге айналдырады, дейді Әскербасы Иесі.

7 Уа, халқымның қазасы үшін жанымның ауырсынуы мен азабы! Өйткені мен, Нефи, мұны көрдім және бұл мені Жаратқан Иенің алдында мені құртып кете жаздады; бірақ мен Құдайыма жалбарынуым керек: Сенің жолдарың әділ.

8 Бірақ міне, пайғамбарлардың сөздеріне құлақ асып, оларды жоймайтын, бірақ барлық қуғын – сүргінге қарамастан Мәсіхтен берілген белгілерді табандылықпен күтетін әділдер – міне, бұлар жойылмайтындар.

9 Бірақ оларға Әділдік Ұлы көрініп, оларды сауықтырып, үш ұрпақ өткенше, олар онымен тату‑тәтті өмір сүреді, төртінші ұрпақтың көпшілігі әділдікпен өмір сүріп, өледі.

10 Міне осының бәрі біткенде, менің халқым тез жойылады; өйткені, жаным қиналса да, мен оны көрдім; сондықтан мен оның орындалатынын білемін; және олар өздерін бекер сатады; өйткені олар тәкаппарлығы мен ақымақтығы үшін сый ретінде жойылатын болады; өйткені олар шайтанға мойынсұнып, жарықтан гөрі, қараңғылық істерін таңдағандықтан, олар тозаққа түсуі керек.

11 Өйткені Иенің Рухы әрқашан адамға әсер ете бермейді. Ал Рух адамға әсер етуді тоқтатқанда, тез жойылу келеді және бұл менің жанымды ауыртады.

12 Міне мен Яһудилердің Исаның нақты Мәсіх екеніне сендіру туралы айтқанымдай, Өзге Ұлттар да Исаның Мәсіх, Мәңгілік Құдай екеніне көз жеткізуі керек;

13 Міне ол Қасиетті Рухтың күшімен өзіне сенетіндердің барлығына өзін көрсетеді; иә, әр ұлтқа, туыстық, тілге және халыққа сенімдеріне сәйкес адам баласының арасында құдіретті мұғжизалар, белгілер мен керемет істер жасайды.

14 Бірақ міне, мен сендерге соңғы күндер туралы, Құдай Ие осының бәрін адам балаларына орнататын күндер туралы пайғамбарлық етемін.

15 Менің ұрпақтарым мен бауырларымның ұрпақтары имансыз күйде болып, өзге ұлттардың соққысына ұшыраған соң; иә, Құдай Ие олардың айналасына қос тігіп, оларға қарсы қорғандармен қоршау орнатып, оларға қарсы бекіністер орнатқаннан кейін; және олар топыраққа түсірілгеннен кейін, тіпті олар жойылып кетсе де, әділдердің сөздері жазылады, және адалдардың дұғалары естіледі және имансыз күйде болғандардың бәрі ұмытылмайды.

16 Өйткені жойылғандар оларға жерден сөйлейді, ал олардың топырақтан сөйлейтін сөздері тұнық, дауыстары рухтарды шақыратын адамның дауысындай болады; өйткені Құдай Ие оған олар туралы жерден шыққандай сыбырлауға күш‑қуат беріп, олардың сөздері топырақтың астынан сыбырлайды.

17 Өйткені Құдай Ие мынаны айтады: Олар өздерінің арасында не болатынын жазады, және мұның бәрі кітапта жазылып, мөрленеді, ал сенімдерін жоғалтқандар оларға ие болмайды, өйткені олар Құдайдың істерін жоюға тырысады.

18 Сондықтан жойылғандар тез жойылды; ал олардың зұлымдардың көпшілігі жойылып бара жатқан саман сияқты болады – иә, Құдай Ие былай дейді: Бұл кенеттен, әп‑сәтте болады.

19 Міне дәл солай болады, бірте‑бірте имансыз күйде болғандар өзге ұлттардың қолымен жазаланатын болады.

20 Ал өзге ұлттар өздерінің тәкаппар көздерімен жоғары көтеріліп, сүріндіретін кедергі тастарының ауырлығынан сүрінді, сондықтан олар көптеген шіркеулер құрды; соған қарамастан, олар Құдайдың құдіреті мен мұғжизаларын менсінбей, және пайда іздеп, кедейлердің бетін қайтару үшін өздерінің даналығы мен білімдерін өздеріне уағыздады.

21 Міне, көреалмаушылық, және дау‑дамай, және ашу‑ыза тудыратын көптеген шіркеулер құрылуда.

22 Ал сондай‑ақ жасырын бірлестіктер де бар, дәл осы ежелгі дәуірдегідей, шайтанның одақтары сияқты, өйткені ол барлық нәрсенің негізін қалаушы; иә, кісі өлтіру мен қараңғылық істерінің негізін салушы; иә, ол оларды өзінің күшті арқандарымен мәңгілікке байлап қойғанша, зығыр арқанмен мойыннан тартады.

23 Міне енді, сүйікті бауырларым, мен сендерге айтамын, Құдай Ие қараңғылықта әрекет етпейді.

24 Ол дүниенің игілігі үшін жақсылықтан басқа ешнәрсе істемейді; өйткені ол әлемді жақсы көретіні соншалық, тіпті барлық адамдарды өзіне тарту үшін өз өмірін береді. Сондықтан ол ешкімге оның құтқаруынан дәм татпауды бұйырмайды.

25 Міне, ол кез келгенге: Менен аулақ жүр, деп жалбарына ма? Міне, мен сендерге айтамын: Жоқ; бірақ ол: Уа, жердің түпкір‑түпкірінен барлықтарың маған келіңдер, сүт пен балды ақшасыз және ақысыз сатып алыңдар – дейді.

26 Міне, ол біреуге синагогалардан немесе табыну үйлерінен шығуды бұйырады ма? Міне, мен саған айтамын: Жоқ.

27 Ол ешкімге оның құтқаруынан дәм татпауды бұйырады ма? Міне, мен сендерге айтамын: Жоқ; бірақ ол оны барлық адамдарға тегін береді; және ол өз халқына барлық адамдарды тәубе етуге шақыруды бұйырады.

28 Міне Жаратқан Ие ешкімге оның құтқаруынан дәм татпауды бұйырады ма? Міне, мен сендерге айтамын: Жоқ; бірақ барлық адамдар артықшылыққа ие, біреуі де, екіншісі де, және ешқайсысына тыйым салынбаған.

29 Дін қызметкерлерінің айла‑амалдары болмауын бұйырады; өйткені міне, діни қызметкерлер – дүниенің игілігі мен мақтауын алу үшін уағыздап, өздерін әлемнің нұры ретінде көрсету үшін; бірақ олар Сионның әл‑ауқатын іздемейді.

30 Міне Жаратқан Ие бұндай нәрсеге тыйым салды; сондықтан Құдай Ие барлық адамдарда қайырымдылық болу керек деп өсиет берді, бұл қайырымдылық сүйіспеншілік болып табылады. Ал егер оларда қайырымдылық болмаса, олар ештеңе болмас еді. Сондықтан, егер олар қайырымдылыққае ие болса, Сиондағы жұмысшының қырылуына жол бермейді.

31 Бірақ Сиондағы еңбекші Сион үшін еңбек етеді; өйткені олар ақша үшін жұмыс істесе, олар құрып кетеді.

32 Алайда Құдай Ие адамдарды өлтірмеуді, олар өтірік айтпауды; ұрлық жасамауды; олар өздерінің Құдайлары Жаратқан Иенің есімін бекер аузына алмауды; олар қызғанбауды; оларда зұлымдық болмауды; олардың бір‑бірімен таласпауды; азғындық жасамауды және бұлардың ешқайсысын жасамауды бұйырды; өйткені мұны істегендердің бәрі жойылады.

33 Өйткені бұл заңсыздықтардың ешқайсысы Жаратқан Иеден келген емес; өйткені ол адам балаларының арасында жақсылық жасайды; сондай‑ақ ол адам балаларына түсінікті нәрседен басқа ешнәрсе істемейді; әркімді өзіне келуге және оның жақсылығын татуға шақырады; және ол өзіне келген кез келген адамнан бас тартпайды: ақтан және қарадан, күңнен және еркіннен, еркектен және әйелден; және ол пұтқа табынушыларды да еске алады; және Құдай үшін бәрі бірдей — яһудилер де, өзге ұлттар да.