2010–2019
Құдайдың көзімен
Қазан 2015


Құдайдың көзімен

Басқа адамдарға нәтижелі қызмет ету үшін, біз оларды ата-ананың және Көктегі Әкенің көзімен көруіміз керек.

Қымбатты бауырлар мен әпкелер, кеше мені Он екілік Апостолдар Кворумы мүшесі ретінде қолдау көрсеткендеріңіз үшін рақмет. Оның мен үшін қандай маңызды екенін айтып түсіндіру өте қиын. Әсіресе, мені қолдап дауысын берген өмірімдегі ең керемет екі әйелге ризашылығымды білдіремін, ол менің әйелім Руфи мен біздің қымбатты қызымыз Эшли.

Менің шақырылымым бір кездері осы құрылымда Иенің: «Менің толық інжілімді әлсіз және қарапайым адамдар әлемнің түпкір-түкпіріне жария етсін» деп айтылған жарлығындағы ақиқат сөздердің жарқын куәгерлігі болып табылады.1 Мен сол әлсіз бен қарапайым адамның бірімін. Талай жыл бұрын, мен Шығыс АҚШтың тармағында епископ болуға шақырылған кезде, менің үлкен және ақылды бауырым маған қоңырау шалды. Ол маған: «Сені Ие, сенің істеген істерің үшін шақырған жоқ, соны білуге тиіссің деді. Сенің жағдайыңда, бәлкім, оларға қарама қайшы шығар. Ие сені, сен арқылы Оған қажет істерді істеу үшін шақырды және сен соның барлығын Оның еркіне сай істер болсаң ғана, орындалады» деді. Менің үлкен ағамның айтқан ақылды сөздері бүгінгі күні де қолданыста.

Миссионер оның шақырылымының назары оның өзіне емес, ол Ие мен Оның жұмысына және Көктегі Әкеміздің балаларына аударылғанын түсінген кезде, миссионерлік қызметінде небір ғажайып болады. Бұл ұстаным Апостол үшін де дұрыс деген сезімдемін. Бұл шақырылымның назары менде емес. Оның назары Ие мен Оның жұмысына, және Көктегі Әкеміздің балаларына аударылған. Шіркеудің қандай да бір тапсырмасы немесе шақырылымы болсын, адал қызмет ету үшін, ол қызмет еткен адамның әрқайсысы «Көктегі ата-ананың рухани ұлы мен қызы, сондықтан баршаға құдайшыл мән және тағдыр даяр» екенін жете түсінуі керек.2

Бұрынғы мамандығым бойынша жүрек тамырының қысымы мен жүрек ауыстыру мамандырылған кардиологпын. Менің көптеген емделушілерім өте қиын жағдайда келіп түсетін болғандықтан, өлімді мен көп көрдім. Менің әйелім маған қалжыңдап, маған келіп түскен науқастың бірі болу, ол жаман белгінің бірі деп айтатын. Менің тәжірибемде үмітсіз жағдай туындаған кезде, осы күйдегі адамдардан кейбір жан толғанысымды өз ішімде ұстауға тырысатынмын. Солай мен қайғы мен түңілген күйімді жұмсартатынмын.

1986 жылы, Чад атты жас жігітің жүрек тамырының қысымы кедергі бола бастады, оған жүрек ауыстыру керек болды. Ол он бес жыл бойы өзін жақсы сезінді. Чад шамасы келгенше, денсаулығын күтіп, тұрақты өмір сүру үшін барлығын жасады. Ол миссияда қызмет етті, жұмыс істеді және өз ата-анасының адал ұлы болды. Бірақ соңғы жылдары оның өмірі қиындай түсіп, ауруханаха жиі түсетін болды.

Бір күні кешке, оны реанимацияға жүрегі тоқтап қалған күйде алып келді. Мен өзімнің көмекшіммен бірге ұзақ уақыт оның жүрегін қайтадан жұмыс істетуге тырыстым. Түбінде Чадты қайтып өмірге келтіру мүмкін емес екені түсінікті болды. Біз оның жанын өмірге қайтаруды тоқтатып, мен өлімді белгіледім. Дегенмен қайғырып, түңілген күйде болсам да, мен өзімнің кәсіби күйімде қалдым. Менің ойыма: «Чад жақсы күтім алды». Егер сол күтім болмағанда оның өмірі ұзаққа созылмас еді. Бірақ оның ата-анасы реанимация бөлмесіне кіріп зембілде жатқан баласын көрген кезде, сол жан толқыныстық кедергісі бұзылды. Алғаш рет Чадқа оның әкесі мен анасының көзімен қарадым. Олардың одан күткен үлкен үміт артқанын көрдім, оның тағы біраз уақыт өмір сүргенін және сәл болса да, жақсы болғанын қалады. Соны түсініп мен жылап жібердім. Тағдыр тәлкіге салып біздің рөліміз ауысып кетті және сол кездегі Чадтын ата-анасы маған мейірімділік танытып, жұбатқан сәтті ешқашан ұмытпаймын.

Енді мен түсінемін, басқа адамдарға нәтижелі қызмет ету үшін, біз оларға ата-анасының және Көктегі Әкенің көзімен қарауымыз керек. Тек сонда ғана біз жанның шынайы бағасын түсінеміз. Тек сонда ғана, біз Көктегі Әкенің Өзінің барлық балаларына деген сүйіспеншілігін сезіне аламыз. Біз қайғырғанмен қайғырып және жұбанышқа мұқтажды жұбата алмаймыз, егер оны Құдайдың көзімен көре алмасақ, міндетімізді аяғына дейін орындай алмаймыз.3 Осы кеңінен келген көрініс олардың қорқынышын, ауыртпалығын және түңілген күйін сезу үшін, біздің жүрегімізді ашады. Бірақ осы талай жыл бұрын Чадтың ата-анасы реанимация бөлмесінде мені жұбатқанға ұқсас Көктегі Әке бізге көмектесіп, жұбатады. Бізге көретін көз керек, еститін құлақ керек және бізге Президент Томас С. Монсон осы туралы жиі ескертеді, біз құтқаруға және көмек көрсетуге дайын екенімізді сезіп, білетін жүрек керек.4

Адамдарға тек қана Көктегі Әкенің көзімен қарап, біз «Мәсіхтің пәк сүйіспеншілігінің» терең сезіміне бөленеміз.5 Біз күн сайын рақымшылық туралы мінажат етіп, Құдайдан сұрауымыз керек. Мормон жөн сілтеп: «Сондықтан менің сүйікті бауырларым, Оның Ұлы Иса Мәсіхке адал ерушілердің барлығына тарту еткен сол сүйіспеншілікке бөлену үшін, бар жан тәніңмен Әкеге мінажат етіңдер».6

Шын жүрегтен мен Иса Мәсіхтің адал ізбасары болғым келеді.7 Мен Оны жақсы көремін. Мен Оны қадірлеймін. Ол тірі мен соны куәгерлік етемін. Мен куәгерлік етемін, Ол Патша, Мессей. Мен Оның теңдесі жоқ қасиеті мен рақымдылығы және сүйіспеншілігі туралы куәгерлік етемін. Мен сол 2000 жылдары Апостолдардың айтқан «Иса Тірі Мәсіх, мәңгі ҚұдайдыңҰлы... Ол өмір шырағы және әлем үміті» жарлығындағы куәгерлігіне қосыламын.8

Қайта тірілген Ие және Құдай, біздің Көктегі Әке, сол күні, Жозеф Смиттің сөзі бойынша, Олар 1820 жылы Нью Йорк штатындағы шағын орманда пайғамбар Жозеф Смитке келіп көрінді. Құтқарылу арнау рәсімдерін өткізетін әулиелік кілттер осы күні жер бетінде. Мен оны білемін. Иса Мәсіхтің атына, әумин.

Сілтемелер

  1. Ілім мен Өсиеттер 1:23.

  2. «Отбасы: Әлемге үндеу», Лиахона, Қар. 2010, 129; Президент Гордон Б. Хинклидің жолдауының бір бөлігі ретінде оқылған, Мейірімділік қоғамының жиналысында Қыркүйек 23, 1995, Солт Лейк Сити, Юта.

  3. Мозая 18:8--10 қара.

  4. Мысалға, қара, Томас С. Монсон, «Құтқару үшін,» Лиахона, Шілде 2001, 57–60; «Құтқару (жұмысындағы)үшін біздің міндетіміз», Лиахона, Қар. 2013, 4--5. Президент Монсон Бас Шіркеудің ең жоғарғы билік өкіліне жолдауында Қыркүйектің 30, 2015, оқытқан ұғымдарды Шіркеудің ең жоғарғы билік өкіліне және аумақ жетпістігіне 2009 жылы сәуір айының бас конференциясындағы өткен оқу жиналысын еске алып, жиналған баршаға баса қайталады.

  5. Моронай 7:47.

  6. Moронай 7:48.

  7. Ілім мен Өсиеттер 18:27–28 қара:

    «Он екілік менің шәкірттерім болуы тиіс, және олар менің атымды алып жүруге (шын ниетпен қабылдауға) тиіс; және он екілік менің атымды шын жүректен алып жүруге қалайтындар.

    Егер олар өздеріне менің атымды шын жүректерімен алып жүретін болса, онда олар әлемнің барлық жеріндегі бүкіл тіршілікке Менің Інжілімді уағыздауға шақырылады».

  8. «Тірі Мәсіх: Апостолдардың Куәгерлігі» Лиахона, Сәу. 2000, 3. Мына жерде келтірілген дәйек сөзде, мен дәл сол Апостолдардың куәгерлігіне көрнекті түрде құжатқа қолымды қоямын.