2010–2019
Үлгі көрсетіп жарық бол
Қазан 2015


Үлгі көрсетіп жарық бол

Біз Құтқарушының үлгісіне еріп, мүмкіндігімізше басқа адамдардың өмірінде жарық болайық.

Бауырлар мен әпкелер, қайтадан сіздермен бірге болу қандай керемет. Сіздерге мәлім, сәуір айында бізбен бірге болған сүйікті үш бірдей Апостолдан айырылып қалғанымыз қайғылы – Президент Бойд К Пеккер, Аға Л. Том Пэрри мен Аға Ричард Г. Скот. Олар көктегі үйге қайтып оралды. Біз оларды сағындық. Олар баршамызға қалдырған Мәсіхке деген тән сүйіспеншілік үлгісі мен шабыттандырарлық оқытулары үшін ризашылығымызды білдіреміз.

Біз шын жүректен біздің жаңа Апостолдар, Аға Роналд А. Разбанд, Аға Гэри Э. Стивенсон мен Аға Деил Г. Ренландқа шын жүректен қош келдіңіздер дейміз. Бұл кісілер Құдайдың жұмысына арналған. Олар шақырылған маңызды қызмет орнын толтыру үшін, олардың жоғарғы біліктілігі жеткілікті.

Соңғы кездері мен киелі жазбаларды оқып көп ойландым, екі шумақ жеке түрде менің есімде. Екеуі де бізге белгілі. Біріншісі Таудағы уағыз: «Сол сияқты, сендердегі «нұр» адамдарға сәулесін төксін және осылай олар игі істеріңді көріп, Көктегі Әкелеріңді мадақтап дәріптесін».1 Екіншісі менің ойыма, мен біріншінің мағынасы туралы ойланған кезде, келген жазбаның бірі болатын. Апостол Пауылдың Тимотеге жазған хатында: «Сенушілерге сөйлеген сөзің, әңгімеңде, сүйіспеншілігің мен рухың, сенімің және пәктігіңмен үлгі бол»2 делінген.

Менің ойымша, екінші киелі жазба біріншіні қалай аяқтау керектігін түсіндіретін сияқты. Біз Иса Мәсіхтің Інжіліндегі сөзімен, әңгімесімен, сүйіспеншілігімен, сенім және пәк өмір сұріп, сенушілерге үлгі бола аламыз. Біз соны істесек, біздегі нұр басқалардың көзін ашу үшін жарқырайды.

Біздің әрқайсысымыз жер бетіне Мәсіхтің жарығын ала келдік. Біз Құтқарушының үлгісіне еріп, Оның өміріне ұқсас өмір сүріп, Ол оқытқандай біздегі жарық оттай жанып, басқаның жолын нұрландырады.

Апостол Пауыл сенушінің алты ерекшелігін атап шықты - ол біздің отымыздың жарқырауына көмектесетін ерекшеліктер. Ал, енді соның әрқайсысын қарап шығайық.

Мен айтып кеттім, бірінші екі ерекшелік бірге – сөзде және қарым-қатынаста үлгі болу. Біз пайдаланатын сөздер шабыттандырып көтермелейді немесе зиян келтіріп қорлайды. Бүгінгі әлем әдепсіз сөздерге толы, оны біз айналамызда күнде кездестіреміз. Тәңірім деген сөзді жиі ойланбай, кездейсоқ айтылғанын естиміз. Дөрекі түсініктеме телеарнадағы филімдердің, кітап пен музыканың негізіне айналғанға ұқсас. Әр түрлі әңгімелерде жала айтылған сөздер мен мазмұны жоқ ашулы көпірме сөздер. Басқа адамдармен сүйспеншілік пен құрмет тұтып сөйлесейік және өз тілімізді тазалықта сақтап, біреуге зиян келтіріп немесе қорлайтын түсініктемелер мен сөздерден аулақ болайық. Біз Оның барлық қызмет кезінде шыдамдылық пен мейірімділік танытып сөйлеген Құтқарушының үлгісіне еріп жүре алар ма екенбіз.

Келесі ерекшелікте Пауыл қайырымдылық туралы ескертеді, ол «Мәсіхтің пәк сүйіспеншілігі»3 ретінде анықтайды. Сенімдімін, біздің айналамызда жалғызсыраған, ауырған немесе сары уайымға салынған адамдардың әсері баршылық. Біз мүмкіндігінше, оларға жәрдем беріп, рухын көтеруіміз керек. Құтқарушы үмітін үзгендерге үміт және әлсіздерге күш берді. Ол ауырғандарды сауықтырыпі: аяғынан ақсағандар жүре бастады, соқырдың көзі ашылып көре бастады, құлағы естімейтіннің құлағы ашылды. Ол өлгенді де тірілтіп өмірге қайтарды. Егер біз Оның үлгісіне еретін болсақ, басқалардың өміріне бата береміз, оның ішінде өз өмірімізге де.

Келесі, біз рухани үлгі көрсетуіміз керек. Меніңше, бұл біздің өмірде мейірімді, игілікті, кешірімді және тілектес болуға ұмтылуымыз керек дегенді білдіреді. Осы қасиеттер біздің айналамыздағы адамдарға және солардың өміріне қатысты болатын рухпен бізді қамтамасыз етеді. Осындай рухқа ие сансыз адаммен көптеген жылдар бойы қарым-қатынаста болу мүмкіндігі туды маған. Біз олардың қасында болған кезде, өзімізді ерекше күйде сезінеміз, бұл бізді олармен сөйлесуге және олардың үлгісін алуға итермелейтін сезім. Олар Мәсіхтің жарық нұрын шашып, Оның бізге деген сүйіспеншілігін сезуге көмектеседі.

Пәк, сүйіспеншілікке толы рухтың жарығын басқа адамдардың қабыл алатынын сіздерге көрсету үшін, менің талай жыл бұрын болған тәжірибеммен бөлісейін.

Сол кезде, Иерусалимде, Орталық Шіркеу салынатын жердің жалға алу келісімін қарастыру үшін, шіркеудің жетекшілері Иерусалимнің арнайы адамдарымен кездескен болатын. Қажет келісімді алу үшін, орталықта орналасатын біздің шіркеу мүшелері дінге үгіттеу жұмысын жүргізбейді дегенге Шіркеу келісімін беруге мәжбүр болды. Келісім шарты жасалған соң, шіркеу мүшелерін және шіркеуді жақсы білетін Исраил шенеунігінің бірі байқап, Шіркеудің дінге үгіттеу келісімін сақтайтынын білді. Бірақ ол сол жердегі студенттерге: «Бізге олардың қөзіндегі жарықпен не істеуге болады?»4 деді. Мүмкін ішіміздегі арнайы жарықтың нұрын басқа адамдар қабыл алып, бағалар.

Сенімнің үлгісі болу, біз Құдайға және Оның сөзіне сенеміз дегенді білдіреді. Бұл біздің істеген ісіміз бен ойымызға көмектесетін біздің сеніміміздің баршылығын білдіреді. Біздің Ие Иса Мәсіхке және біздің Көктегі Әкемізге деген сенім, біздің істеген ісіміздің барлығына әсер етеді. Біздің түсініксіз жасымыздың арасында, арымыздың қақтығысында, күнделікті өмірдің қарбаласында біздің тұрақты сеніміміз өміріміздің зәкіріне айналады. Есте сақтаңыздар, сенім мен күмән бір түсінік пен бір уақытта бірге тіршілік ете алмайды, бірі өзгесін сырып тастайды. Мен қайталаймын, біз талай рет айтқан болатынбыз, сенімді сақтап оған ие болу үшін киелі жазбаларды оқып, танып, ойлануымыз қажет, ол маңызды. Мінажат арқылы біздің Көктегі Әкемізбен орнатқан байланыс өмірлік маңызы болып табылады. Біз осы заттарға мән бере алмаймыз, біздің жауымыз бен оның қожайыны біздің сауытымыздың тесігін аяусыз іздеуде, біздің сеніміміздің үзілісін. Иеміз: «Жігерлі іздеңдер, әрдайым мінажат етіңдер және сеніміңді жоғалтпа, сонда сенің игілігің үшін оның барлығы бірге жұмыс істейді»5 деді.

Соңында, біз пәк таза болуға тиістіміз; ол біздің денеміз, ойымыз, жанымыз таза болуы керек дегенді білдіреді. Біздің денеміз ғибадатхана секілді, сондықтан оны қадірлеп, құрмет тұту керек. Біздің ақыл-ойымыз ізгі ниет пен шабыттандырарлық ойға толтыру керек және тегін ластайтын заттардан аулақ болу керек. Киелі Рухтың серіктестігіне әрдайым ие болу үшін, біз оған лайық болуымыз керек. Бауырлар мен әпкелер, пәктік сіздерге тыныштық әкеледі және Құтқарушының уәдесіне ие болу үшін құқыңыз болады. Ол: «Жүректері пәк тазалар бақытты: олар Құдайды көретін болады»6 деді.

Біз сөзде, тіршілікте, сүйіспеншілікте, рухта, сенімде және пәктікте үлгі көрсетіп, әлемнің жарығы болу үшін талпынамыз.

Осы әлем жылжығанына ұқсас ұстанымдар мен бізге берген сүйікті Көктегі Әкеміздің жетекшілігінің ұстамдарынан алыстап бара жатқан сіздердің баршаңызға, әсіресе сіздер, жастарға айтуға рұқсат етіңіздер, біз қалың топтың арасында өзгеше көрінеміз, өйткені біз басқамыз. Біз тұрақтымыз, өйткені біз сыпайы киінеміз. Біз өзгеше көрінеміз, өйткені біз әдепсіз сөздерді қолданбаймыз және біздің денемізге зиян келтіретін заттарға қызықпаймыз. Біз өзгеше көрінеміз, өйткені біз әдеттегіден тыс түрлі-түсті қалжың мен кемсітетін ескертулерден аулақ жүреміз. Біз өзгеше көрінеміз, өйткені біздің өмірде және отбасымызда Рухты жоятын, біздің ақыл ойымызды Бұқаралық Ақпарат Құралдарының негізін құрайтын талғаулармен толтырмаймыз деп үйғардық. Әрине, Інжілдің үлгісі мен ұстанымдарын сақтайтын адамгершілік таңдауын жасаған кезде, біз өзегеше көрінеміз. Бізді өзге елден ерекше қылып көрсететін заттар, осы түнекке батып бара жатқан әлемде жарқырау үшін, бізге сол жарық пен сол рух беріледі.

Қалың топтың арасында жалғызсырап жиі өзгеше болу қиынға түседі. Әрине, басқалар не деп айтады, не деп ойлайды деп қорқасыз. Зәбур жырындағы жұбаныш сөзінде: «Жаратқан Ием, жарығымсың Сен, жартастай берік қорғанымсың Сен; кімнен қорқамын мен? Жаратқан Ием менің өмірлік күшім, кімнен қорқамын мен?»7 деп айтылған. Мәсіх біздің өмірдің маңызына айналған кезде, біздегі қорқыныш сезім сенім күшіне өзгереді.

Әркімнің өмірі бірдей тамаша бола бермейді, кейде бізге кездесетін түрлі қиындықтар басымды болуы мүмкін, нәтижесінде біздің жарық сөне бастайды. Дегенмен, Көктегі Әкенің қолдауымен және басқалардан келген көмектің арқасында, біздің жеке басымыздың жолына нұр шашатын және басқаларды қамтамасыз ететін жарыққа қайтадан ие бола аламыз.

Үлгі ретінде, көп жылдар бұрын мен бірінші рет оқыған сүйікті өлеңімнің әсерлі сөздерін сіздерге айтып, бөліскім келеді.

Мен бөтен бір адамды түнде кездестірдім.

Шамының жарығы сөніп қалған.

Мен тоқтап, оған жарық бердім.

Оның шамына мен.

Соңына таман боран соғып,

Әлемді дүркіретті.

Жел тоқтап қалған кезде,

Менің шамым сөніп қалды!

Бірақ бөтен адам қайтып оралды;

Оның шамы жанып тұрды!

Ол қымбат алауды ұстап,

менікін жақты!8

Менің бауырларым мен әпкелерім, біз қандай жағдайда болсақ та, айналамыздағы адамдарға күнделікті мүмкіндігімізше жарық беруіміз керек. Құтқарушының үлгісіне сай, басқа адамдарға, өз отбасымыздағы адам болсын, достар немесе қызметкер болсын немесе жай таныс, не болмаса бөтен адам болсын, біз мүмкіндігімізше олардың өмірлік жарығы болайық.

Әрқайсысыңа айтарым, сіз біздің Көктегі Әкеміздің ұлы мен қызысыз. Сіздер осы жер бетіндегі өмірді кешіп, Құтқарушының сүйіспеншілігі мен ілімдерінің үлгісі болып, баршаға жарықты алып жүру үшін, Оның қасынан осы жерге келдіңіздер. Жер бетіндегі маусым аяқталып, сіз өз міндетіңізді орындаған болсаңыз, даңқты батаға ие болып, Оның ұдайы қасына, мәңгілік өмір сүру үшін ораласыз.

Құтқарушының айтқан сөзі үміттендіреді: «Мен дүние үшін Нұрмын. Маған ерген кісі енді түнекте жүрмей, шынайы өмірдің нұрына ие болады».9 Мен Ол туралы куәгерлік етемін. Ол біздің Құтқарушымыз және Өтелушіміз, Әкемен біріккен біздің Қорғаушы. Ол біздің Үлгі мен біздің күшіміз. «Ол түнекте жарқырайтын нұр».10 Сіздердің әрқайсысыңыз менің айтқан дауысымды естіп, әлемнің жарық нұры болып, Оның соңынан еремін деп, уәде ете аласыз, Иса Мәсіхтің атына, әумин.