Киелі жазбалар
Алма 6


6‑шы тарау

Зараһемладағы шіркеу тазартылып, ретке келтірілді. Алма уағыздау үшін Гедеонға барады. Шамамен 83 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Ал енді дәл солай болды Алма Зараһемла қаласында құрылған шіркеу халқымен сөйлесуді аяқтағаннан кейін, ол Құдайдың бұйрығына сәйкес діни қызметкерлер мен ағаларды шіркеуге жетекшілік етіп, бақылауға тағайындады.

2 Міне дәл солай болды шіркеуге жатпайтын, күнәларына өкінген әрбір адам тәубеге келу үшін су рәсімінен өтіп, шіркеуге қабылданды.

3 Міне сондай‑ақ дәл солай болды кімде‑кім Шіркеуге жататын болса, зұлымдығына өкінбей, Құдайдың алдында өзін кішіпейіл қылмаса – мен жүректерінің мақтанышында көтерілгендерді айтамын – олар қабылданбады және олардың есімдері өшірілді, олардың есімдері әділдлердің арасында саналмады.

4 Міне осылайша олар Зараһемла қаласындағы шіркеудің тәртібін орната бастады.

5 Енді мен Құдай сөзінің барлығына еркін екенін және Құдай сөзін тыңдау үшін бір жерге жиналу мәртебесінен ешкімнің айырылмағанын түсінулеріңді қалаймын.

6 Соған қарамастан Құдайдың балаларына жиі жиналып, Құдайды білмейтіндердің жандарының игілігі үшін ораза мен құдіретті дұғаға қосылулары бұйырылды.

7 Міне дәл солай болды Алма осы ережелерді орнатқаннан кейін ол олардан, иә, Зараһемла қаласындағы шіркеуден шығып, Сидон өзенінің шығыс жағындағы Гедеон алқабына барды, онда Нехордың қолынан семсермен өлтірілген адамның атымен аталған Гедеон деп аталатын алқаптағы Гедеон қаласы деп аталатын қала салынды.

8 Міне Алма барып, ата‑бабалары айтқан аянға сәйкес сөздің ақиқатының ашылуына және оның бойындағы пайғамбарлық рухқа сәйкес, және Құдайдың Ұлы Иса Мәсіхтің куәлігіне сәйкес, ал ол өз халқын олардың күнәларынан өтеу үшін келеді және ол шақырылған киелі тәртіпке сәйкес Гедеон алқабында құрылған шіркеуге Құдай сөзін жариялай бастады. Міне осылай жазылған. Әумин.