2010–2019
Адасқан ұлды күтіп алу
сәуір 2015


Адасқан ұлды күтіп алу

Сіздің және менің өмірімде жоғалтып алған адам болып, оған қаншалықты жақын бола алатынымызды білу үшін, аян алғанымызды тілеймін.

Құтқарушы Иса Мәсіх Өзінің жерлік рухани ілімдерінде Оның сауықтыру және құтқару күші туралы оқытты. Жаңа Өсиеттегі Лұқаның 15-ші тарауындағы оқиғаның бірінде (Лұқа 15:2). Ол шынымен дастарқан басында күнәқарлармен бірге отырған кезде, сынға алынған болатын. Құтқарушы барлығымызға тәлім беріп, теріс жолға түскен адамдарға қалай әрекет ету керектігін үйрете, сол сынды мүмкіндік ретінде пайдаланды.

Ол өз сыншыларына екі маңызды сұрақ қойып жауап берді:

«Егер араларыңдағы біреудің жүз қойы болып, солардың бірін жоғалтып алса, тоқсан тоғыз қойын далада қалдырып, жоғалып кеткенін тапқанша іздемей ме?» (Лұқа 15:4).

«Әлде он күміс теңгесі бар әйел біреуін жоғалтып алса, оны тапқанша шам жағып, үйді сыпырып, бар ынтасымен іздемей ме?» (Лұқа 15:8).

Содан Құтқарушы адасып, қайта оралған ұл туралы астарлы әңгімені айтып үйретеді. Бұл астарлы әңгіме 100 қой немесе он күміс теңге туралы емес; онда жоғалып кеткен бір қымбатты ұл туралы айтылған. Құтқарушы астарлы әңгіме арқылы бізге отбасы мүшесінің бірі жоғалып кеткен кезде, қалай әрекет ету керектігін үйретеді?

Адасқан ұл әкесінен өзіне тиісті еншісін бөліп беруін сұрайды. Ол үйін және отбасын қалдырып, пенделік өмірді іздеп кетеді (Лұқа 15:12–13қара). Құтқарушының әңгімесінде, әке балаға сүйіспеншілікпен жауап беріп, оның еншісін бөліп береді. Әрине, әке мүмкіндігінше көндіруге тырысып, оны қалдыру үшін бар күшін салған шығар. Бірақ ер жеткен ұл өз шешімін қабылдаған кезде, ақылды әке оны өз еркіне жібереді. Кейін әкесі өз сүйіспеншілігін көрсетіп, оның алдынан шығып күтіп алады (Лұқа 15:20қара).

Менің отбасым да осыған ұқсас сынақтан өтті. Менің екі бауырым мен сүйкімді әпкемді және мені үлгілі ата-ана өсіріп жеткізді. Үйде бізді Інжілге оқытты және біз оны есейген кезде де, сәтті орындадық және барлық төртеуіміз бірдей Ғибадатханада таңдаған өз жарымызбен бекітім алдық. Дегенмен, 1994 жылы біздің Сузан әпкеміздің Шіркеуден және оның кейбір Ілімдерінен көңілі қалады. Ол Шіркеудің алғашқы жетекшілерін сын астына алып, күлкі қылған адамдарға сенеді. Ол тірі пайғамбарлар мен апостолдарға деген сенімін жоғалтады. Уақыт өте, оның күмәні оның сеніміне қатты әсер етіп, ол Шіркеуден кетуді ұйғарады. Басқа адамдарға көмек болар деген үмітте, Сузан өз оқиғасымен бөлісуге маған рұқсатын берді.

Менің бауырларым, мен және біздің жесір қалған анамыз қатты күйзеліс күйінде болдық. Оны қандай жағдай өз сенімін өзгертуге әкелетінін елестете де алмадық. Әпкемнің таңдауы анамыздың жүрегін жаралаған секілді.

Мен бауырларыммен бірге епископ пен кворум президенті ретінде қызмет еттік және біз тоқсан тоғызды қалдырып біреуінің соңынан еріп, сол тармақ пен кворум мүшелігінің жетістік бақытын бастан кешірдік. Дегенмен, әпкемізді құтқару үшін және оның қайтып оралуы үшін, біздің тапжылмай істеген әрекетіміз оны тек алыстатты.

Біз оған қалайша дұрыс әрекет етуіміз керектігі туралы көктегі жетекшіліктен іздедік, бірақ айқын болғаны, біз адасқан ұл туралы астарлы әңгімеде келтірілген әкенің үлгісіне елігуіміз керек болды. Сузан өз шешімін қабылдады, сондықтан, біздің оған деген шынайы сүйіспеншілік сезімімізді білдіре отырып, жіберуіміз керек болды. Сөйтіп, сүйіспеншілік пен мейрімділікте біз қарадық және күттік.

Менің анам оны жақсы көреді және оған деген өз қамқорлығын ешқашан тоқтатқан емес. Әрдайым анамыз Ғибадатханаға барып, Сузанның атын мінажат қағазына жазып салатын және ешқашан үмітін үзген емес. Менің үлкен бауырым мен оның әйелі Калифорнияда Сузанға жақын тұратын және оны отбасындағы барлық мейрамдарға шақыратын. Олар жыл сайын Сузанның туған күнін атап, үйлерінде дастарқан жаятын. Олар Сузанмен әрдайым қарым-қатынаста болғанына сенімді және ол олардың оған деген шынайы сүйіспеншілігін біледі.

Менің кіші інім мен оның әйелі Юта штатындағы Сузанның балаларына барып, оларды өз қамқорлығына алып сүйіспеншілігін танытты. Олар оның балалары әрдайым түрлі отбасылық жиналыстарда қатысатынына көздерін жеткізді және Сузанның немереқызы су рәсімін өтетін күні, менің бауырым арнау рәсімді өткізіп сонда болды. Сузанды жақсы көретін үй мұғалімдері мен қатынас әпкелер жиі қатысып, қатынасуды ешқашан тоқтатқан емес.

Біздің балаларымыз миссия қызметін атқарып, кейін үйленген кезде де, Сузан отбасылық мейрамдарға шақырылған болатын. Біз отбасылық мейрамдарды Сузан мен оның балалары бізбен бірге болып, біз оларды жақсы көретінімізді және олар біздің отбасымыздың бір бөлігі екенін білдіру үшін, ұйымдастыруға тырыстық. Калифорнияда Сузан ғылыми дәрежені алған кезде де, оған қолдау көрсетіп, барлығымыз сонда болдық. Қалай да, оның барлық таңдауын қабылдай алмасақ та, біз сөзсіз, оны құшақтап құшағымызға алдық. Біз оны жақсы көреміз, біз қарадық, біз күттік.

Сузан Шіркеуден кеткелі 2006 жылы 12 жыл өте, біздің қызымыз Кетидің күйеуі заң сабақтарында қатысу үшін, Калифорнияға көшіп барды. Олар Сузан тұратын қалада орналасты. Жас жұп өздерінің Сузан тәтесіне көмек көрсетіп, оған өз сүйіспеншілігін білдірді. Сузан өз кезегінде, біздің екі жасар немереқызымға қарайласып, оған түнгі мінажаттарды айтуға көмектесті. Бір күні Кети маған қоңырау шалып, қалай ойлайсыз, Сузан бір күндері Шіркеуге оралады ма, деп сұрады. Мен оған сенімдімін, ол қайтып оралады деп, сендірдім және біз шыдамдылық танытуымыз керек дедім. Содан бері үш жыл өтті, сүйіспеншіліктің жалғасуында, біз қарадық, біз күттік.

Алты жыл бұрын осы демалыс күндері менің әйелім екеуіміз және Марсия осы Конференция орталығындағы бірінші қатарда отырған болатынбыз. Мен сол күні жаңа Жоғарғы Билікке қолдау алуым керек болғанмын. Әрдайым Рухани байланыстағы Марсия маған қысқа хат жазып жіберді, онда: «Менің ойымша, бұл Сузан қайтып оралатын уақыт» деп, жазылған. Менің қызым Кети сол күні мен Сузанға қоңырау шалып, Бас Конференцияны көруге шақырады деп, ойлады.

Осы екі керемет әйелдің әрекетімен мен сыртқы бөлмеге шығып, Сузанға қоңырау шалдым. Мен оның дауысты хабарын алған соң оны Бас Конференцияның сессиясын көруге шақырдым. Ол менің хабарламамды алды. Біздің қуанышымызға орай, ол Конференцияның сессиясын толық көріп шығу әсерінің үстінде болды. Ол пайғамбарлар мен апостолдардың сөзін тыңдады, ол бұрында оларды тыңдағанды жақсы көретін. Ол бұрын естімеген Президент Ухтдорф және аға Беднар, Кук, Кристоферсон, Андерсен сияқты жаңа аттарды естіді. Осы және басқа да бірегей көктің тәжірибесінде, менің қарындасым – адасқан ұл секілді өз-өзіне келді (Лұқа 15:17). Пайғамбарлар мен Апостолдардың сөздері және отбасының сүйіспеншілігінің арқасында – оның көзі ашылып, үйге оралуға қадам басты. Он бес жыл өте біздің адасқан қызымыз және әпкеміз қайта табылды. Ұзаққа созылған күту уақыты аяқталды.

Сузан бұл алған тәжірибесін Мормон кітабындағы Лихайдің суреттемесінде айтылғандай бейнелейді. Ол темір таянышты жіберіп, өзін қараңғылықта тапты (1-ші Нефай 8:23). Оның айтуынша, оның пенделік өміріндегі бастан кешірген өмірі мен Иенің және оның отбасы ұсынған өмірдің арасындағы көреғарлықтың айырмашылығын кеңінен ажыратып, оның сенімін жарқын жанған Мәсіхтің Жарығы оятқанға дейін, ол нені жоғалтып алғанын білмеді.

Соңғы алты жыл ғажайыптарға толы болды. Сузан Киелі кітаптың жаңа куәгерлігіне ие болды. Ол Ғибадатханалық бекітім қағазын алды. Ол Ғибадатханада арнау рәсімдердің қызметін атқарып, қазіргі уақытта ол өз тармағында Інжіл ұстанымдарын оқытуда. Көктің терезесі оның балалары мен оның немерелеріне әрдайым ашық, әрине салдары ауыр болса да, ол өзін ешқашан күтпеген сезім күйінде сезінеді.

Сіздердің араларыңызда да, Нелсонның отбасы сияқты, уақытша өз жолынан адасқан отбасы мүшесі бар шығар. Құтқарушы барлығына 100 қойың болып, біреуін жоғалтсаң, 99-ызын қалдырып қоймай, сол біреуін іздеп табуды тапсырды. Ол 10 күміс теңгесі бар адамға бір теңгені жоғалтсаң тапқанынша тыным таппа деп, тәлім берді. Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды, не бауырыңызды, не әпкеңізді жоғалтып немесе ол басқа жолды таңдар болса, біз отбасымызда не істеу керектігін білерміз, өйткені біз ол адамды жан тәнімізбен жақсы көреміз және біз қарап, дұға қылып, оны түсіну үшін Иенің қолдауын күтеміз.

Мүмкін, менің әпкем Шіркеуден алыстап кеткен соң, менің отбасым Киелі жазбаларды танып білу кезеңінде болған осы оқиға арқылы, Иеміз маған ең маңызды нәрсеге үйреткен шығар. Біз бірге жазбаларды оқыған кезде, менің ұлым Дәуіт Лұқаның 15-ші тарауын оқыған болатын. Ол адасқан ұл туралы астарлы әңгімені оқыған кезде, ол маған бұрын естігеннен өзгеше естілді. Бір себептер бойынша, әрдайым үйде қалып қоятын ұлыма жақынмын. Сол таңда Дәуіт оқыған кезде, мен өзімді шамамен адасқан ұлға ұқсаттым. Біздің барлығымыз Әкеміздің ұлылығынан құр алақан қалдық (Римдіктерге 3:23). Баршамыз Құтқарушының Өтелуінің еміне мұқтажбыз. Біз баршамыз адасып кетуіміз мүмкін және біз табылуымыз керек. Осы аян сол күні маған, менің әпкем және мен бірдей Құтқарушының сүйіспеншілігі мен Өтелуіне мұқтаж екендігімізді түсінуге көмектесті. Сузан екеуіміз шынымен үйге қайтып оралу жолын бірге басып өттік.

Астарлы әңгімедегі Құтқарушының айтқан сөзінде, әке адасқан ұлын қалай қуанып қарсы алғаны суреттелген және сенімдімін, мүмкін бұл сіз және мен Әкеміздің ұдайы қасына, көктегі үйге оралған кездегі болатын тәжірибені суреттейтін шығар. Олар бізді сол әкенің үлгісін келтіріп тәлім береді, ол жақсы көрді, сағат санап ұлын күтті. Бұл Құтқарушының сөздері: «Ол әлі де алыста келе жатқанда, әкесі баласын көріп, алдынан жүгіріп шығып, оны құшақтап бауырына басады да, бетінен сүйеді» (Лұқа 15:20).

Сіздің және менің өмірімде жоғалтып алған адам болып, оған қаншалықты жақын бола алатынымызды білу үшін, аян алғанымызды тілеймін және қажет болған кезде, Көктегі Әкеміз бен Оның Ұлы Иса Мәсіхтің шыдамдылығы мен сүйіспеншілігіне ие болып, адасқан ұлды жақсы көріп, қарап, күтуіміз керек. Иса Мәсіхтің атына айтамын, әумин.