2010–2019
Әділдік пен сүйіспеншілік жүрген жерде мейірімділік те кездеседі
сәуір 2015


Әділдік пен сүйіспеншілік жүрген жерде мейірімділік те кездеседі

Иса Мәсіх азап шегіп, өлді және бізді мәңгілік өмірге көтеру үшін, Ол өлімнен қайта тірілді.

Қауіпсіздік арқандыда алмай, белдіксіз не өрмелеуге арналған кез келген құралды да алмай екі ағайынды 14 жастағы Джемми және 19 жастағы Жохан (олардың шынайы аты келтірілген емес) - менің туған өңірімде оңтүстік Юта Сноу Арна Стейт Паркінде тік арнаның қабырғасын өлшеп шығуға тырысты. Шыңның жоғарғы жағына олар бар күшін салып көтеріледі, бірақ көтерілуге бірнеше қадам жер қалған кезде, олар шыңның шоқысына тіреліп жоғары көтеріле алмады. Олардың естері шығып кетеді, бірақ ешқайсысы кері шегіне алмайды. Олар қиын жағдайға түседі. Жақсы ептілік қимылының арқасында, Жохан інісін шыңның қауіпсіз жеріне көтеру үшін әжептәуір тұрақты орынды табады. Бірақ өзін көтеру үшін еш амалын таппайды. Иінтіректің не басын не аяғын табу үшін көп күш салған сайын, оның бұлшық еттерінің сіңірі тартыла бастайды. Оны үрей алып, ол өзінің өмірі үшін қауіптене бастайды.

Тым ұзақ шыдай алмай, Жохан жалғыз амалымның бірі, ол тік секіріп, төмен қарай шошайып тұрған шоқыны ұстап алуға тырысып көру керек деп, шешеді. Бәрі сәтті аяқталса, ол қолындағы бар күшті салып, өзімді қауіпсіз жерге тартармын деп ойлайды.

Оның айтқан сөзінде, ол:

«Секірер алдында, мен Джеммиге маған қарай жететін мықты ағаштың бұтағын ізде дедім, дегенмен, бұл жартастың басында сол ағашқа ұқсас ештеңе жоқ екенін білген болатынмын. Ол тек үміт артар амалдың бірі болатын. Егер мен сәтсіз секіріп түссем, бар амалым, менің құлап өлгенімді кіші інім көрмейтініне сенімді болуым керек болды.

Оның назарынан тыс болу үшін оған жеткілікті уақыт беріп, мен соңғы мінажатымды айттым - мен отбасымды жақсы көретінімді олардың білгенін қаладым және Джемми үйге амандықта өзі оралар деп, - мен секірдім. Мен секірген кездегі жинақтаған қуат жеткілікті болды, секіргенде қолым кертпештен жоғары созылып шынтағыма дейін жетті. Бірақ, мен алақаныммен бет жағын шап бергенде, қолым жалпақ тастың үстіндегі сусымалы құмнан басқа ештеңе сезген жоқ болатын. Сол сусымалы құм әлі де менің есімде, ілінетіндей ешнәрсе, ұстайтын шошақ та жоқ - не жотасы жоқ, ұстайтын еш нәрсе және барлығы түсініксіз. Менің саусақтарым сусымалы құмның үстінен ақырындап тайып бара жатқанын сездім. Менің өмірім осымен бітті деп ойладым.

«Бірақ содан соң кенеттен, жаздық найзағайдың толқынындай, жартастың шетінен екі алақан шыға келіп, жоғарыдан мықтап білегімнен ұстап алып, бар күшін салғанда оның өлшемін шынымен теріске шығарады. Менің адал кіші інім қандай да, бір жалған ағашты іздеп кеткен жоқ. Ол менің жоспарымды сезгендей, бір қадам да аттап кетпеді. Ол жай үндемей тұрып күтті, демін алып - менің секіріп көруге жеткілікті ақымақ екенімді жақсы білді. Мен соны істеген кезде, ол мені ұстап құшақтап алды да, маған құлап кетуге жол бермеді. Сол күні мен жоғарыда дәрменсіз ілініп тұрып, күмәнсіз, мен өлімге дұшар болған кезде, менің өмірімді бауырымның қолы құтқарып қалды».1

Менің сүйікті бауырларым мен әпкелерім, бүгін жексенбінің Пасхалық күні. Әйтсе де, біз әрдайым есте сақтауымыз керек болса да (апта сайын діни анты мінажатында біз істейміз деп уәде береміз), дегенмен, жылдың ең қасиетті күні бізді өлімнен, күнәдан және сәтсіздіктен, қайғы-қасіреттен құтқаруға жеткен бауырдың қолы ерекше естелік. Бұл Жохан мен Джеммидің отбасы айттып берген шынайы оқиға үшін, мен Ие Иса Мәсіх Өтеліп және Қайта тірілгені үшін ризашылығымды білдіремін және Құдайдың жоспарына жетелеген оқиғаларды мойындап, «[бізге] Исаның ұсынған сүйіспеншілігіне»2 мән беруіміз керек.

Біздің қазіргі заманның қоғамында, Адам мен Хауа немесе Еден Бағы мен олардың пенделік «бақытта күнәға батуы» туралы айту осы заманның өзгерісіне сай, сиреп барады. Сонда да, қарапайым шындық, ол біз Мәсіхтің Өтелуі мен Қайта тірілуін толығымен елестете ала алмаймыз және біз Оның дүниеге келгенін және Оның өлімінің бірегей мақсатын бағаламаймыз - басқа сөзбен айтқанда, Адам мен Хауаның күнәға батқанын немесе Еден бағынан не себептен кеткенін және олармен болған барлық салдарды түсінгенше, шынымен Мәсіх мейрамы мен Пасханы атап өткізетін басқа жол жоқ.

Мен осы ғаламшарда бұрын не болғанын толығымен білмеймін, бірақ бұл екеуі Құдайдың қолымен жаратылғанын білемін, олар бір кездері адамзаттың өлімі, не болашақ отбасы болмаған жұмақта біраз уақыт жалғыз өмір сүрді және жасаған таңдаудың нәтижесінде, олар күнәға батып, Құдайдың бұйрығымен өздерінің бағынан кетті, бірақ физикалық өлімге дейін оларға балалы болуға рұқсат етілді.3 Олардың жағдайында қайғы-қасірет пен қиындықты қосу үшін, күнәға батып олар рухани салдарды кешіп, Құдай оларды мәңгілікке алыстатты. Өйткені, біз күнәға батқан әлемде дүниеге келдік және Құдайдың заңдарына мойынсұнбағандықтан, Адам мен Хауаға кескен жазаны бізде өткереміз.

Қайғы неде! Бүкіл адамзаттың ұрпағы еркін күнәға батуда - әр ер адам, әйел адам және сәби де пенделік тұрақты өлімде, мәңгілік азапқа рухани батады. Бұл осы өмірдің мәні болғаны ма? Бұл адамзат тәжірибесіндегі жеткен орасаң мәресі ме? Біз барлығымыз басқа кеңістікте суық арнаның бір жерінде ілініп тұрмыз ба, әрқайсысымыз тірек іздейміз, ұстайтын бір жерді іздейміз - саусақтың астындағы құмнан басқа, бізді құтқаратын, бізді ұстап тұратын ештеңені сезбейміз. Біздің өмірдегі жалғыз мақсат, ол тіршіліктің бос жаттығуы – шамамыз келгенше жай ғана биікке секіріп, біздің күні бұрын жазылып қойған жылдарды санай қосып, содан соң сәтсіздікке ұшырай, мәңгі төменге құлай беру болып табылады ма?

Ол сұрақтардың жауабы екі мәнді және мәңгілік жоқ! Көне заман мен осы заманның пайғамбарларымен бірге мен куәгерлік етемін, «барлығы білгеннің даналығымен жасалған».4 Сондықтан, бірінші ата-ана Еден бағын қалдырып кеткен кезден, баршамыздың Құдайы және Әкеміз, Адам мен Хауаның шешімін күте, уақытты жарып өтіп оларға көктің періштелерін жіберіп, бұл реттілік біздің мәңгілік бақытымыз үшін жасалғанын айтты. Оның құдайшыл жоспарында Ол Құтқарушыны алдын ала қарастырған болатын, Құдайдың Ұлы Өзі – басқасы «Адам», - Апостол Пауыл Оны5 – бұл дүниелік адамдар топырақтан жаратылған Адам атаға ұқсас деп, айтар еді. Бұл Өтелу пенделік өлімді толығымен жеңу үшін қол жеткізеді, сөзсіз, бұрын туылған немесе туылатын әркімге қайта тірілу мүмкіндігі беріледі. Бақытқа орай, әркімнің жеке өзінің күнәсі үшін кешірім беріледі, Адамнан бастап әлем соңына дейін, тәубеге келу шартында құдайшыл өсиеттерге мойынсұнады.

Оның арналған куәгері ретінде, мен бұл Пасха таңында Назареттегі Иса әлемнің Құтқарушысы болды, «соңғы Адам»6, біздің сенімнің Бастамасы мен Аяғы, мәңгілік өмірдің Альфасы мен Омегасы деп, жария етемін. «Адамда барлығы өлімді бастан кешіреді, ал Мәсіхте бәрі тіріледі»7 деп, Паул жариялады. Пайғамбар-патриарх Лихай: адамзаттың пайда болуы үшін, «Адам күәнаға батты... және Мессей адамзаттың барлық балаларының күнәларын өтеу үшін, уақыт орныққан кезде келеді»8 деген. Осының барлығынан, Мормон кітабының пайғамбары Жақып Иса Мәсіхтің Өтелуі туралы екі күндік пайғамбарлығында, «қайта тірілу … күнәнің себебімен келу керек … деп оқытқан».9

Бүгін біз қашанда бастан кешірген күнәні, біз көрген қайғы-қасіретті, әр өткерген уайым мен бір кездері кездестірген қорқынышты жеңіп шығуға берген сыйын тойлаймыз – тағы біздің күнәміз кешіріліп және өлімнен қайта тірілетінімізді де айтайық. Иерусалимде екі мың жыл бұрын секілді демалыс күні болған оқиғаның арқасында, бұл жеңіс бізге қол жетімді.

Гетсиман бағында, рухани азаптан бастап, Голгофтағы айқыш ағашта өліп, соңында жексенбінің көркем таңында қабірдің ішінде, күнәсіз, пәк және қасиетті, Құдайдың Ұлы Өзі, өлген ешкім бастан кешірмегенді және ешқашан істей алмайтынды істеді. Ол Өзінің күшімен, денесі рухынан бөлек болмауы үшін, өлімді жеңіп шықты. Ол Өз еркімен, ақ бәтеске оралып жерленді, Ол бетін бүркеген сүлгі бәтес орауышты бүктелген күйде «бөлек өз бетінше»10 қойған деп, айтылған жазбада.

Сол бірінші Пасха, Өтелу мен Қайта тірілудің жалғасы жанама түрде көрінсе де, бұл ауыр азаптың ең жомарт сыйлығы және осы әлем тарихындағы күндердің-күнінде көрсетілген ең ұлы адал сүйіспеншіліктің көрінісі болып табылады. Иса Мәсіх, Құдайдың Жалғыз Ұлы жаздық жарқыраған найзағайдың толқынындай, біз құлап бара жатқан кезде бізді Өз қолымен ұстап алып, Оның өситтеріне мойынсұнуымыз арқылы, бізді мәңгілік өмірге көтеру үшін, азаптан өтіп, өлді және өлімнен қайта тірілді.

Осы Пасха үшін мен Оған және бізге Оны берген Әкеге ризашылығымды білдіремін, Исаның аяғы жаралы болса да, Ол әлі де өлімнің үстінде тұр. Осы Пасха үшін Оған және Оны берген Әкеге деген ризашылығым шексіз, Оның алақаны мен білектері жаралы болса да Иса өзінің мәңгілік рақымын тоқтатқан емес. Осы Пасха үшін Оған және Оны берген Әкеге деген ризашылығым шексіз, біз ғажайып бос жатқан көрдің және сырылған айқыш ағаш пен тер төгілген бақтың алдында өлең айта аламыз:

Қандай ұлы, қандай жарқын, қандай толық

Өтелудің ұлы ойы,

Әділдік пен сүйіспеншілік жүрген жерде мейірімділік те кездеседі

Құдайшыл үйлесімдікте!11

Қайта тірілген қасиетті Ие Иса Мәсіхтің атына айтамын, әумин