2010–2019
Рақым сыйлығы
сәуір 2015


Рақым сыйлығы

Құдайдың рақымы бүгін және мәңгілік жүрегі таза, рухани жетілген барлық адамдар үшін қол жетімді.

Қасиетті Пасха күні біз әлем тарихындағы көп күткен ұлы оқиғаны атап өтудеміз.

Бұл күн барлық нәрсені өзгертті.

Осы күн менің өмірімді өзгертті.

Сіздің өміріңіз өзгерді.

Құдайдың барлық баласының тағдыры өзгерді.

Осы бағышты күні, адамзаттың Құтқарушысы, бізді құлдықта ұстаған өлім мен күнәні өз мойынына алып, байлап тұрған шынжырды сындырып, бізді босатты.

Біздің сүйікті Құтқарушы Өзін құрбан етті, сондықтан өлім бізге билік етпейді, көр бізді жеңе алмайды,1 Ібілістің билігі жүрмейді және «біз рухани қайта туылып, …  Иса Мәсіх өлімнен қайта тірілтуімен бізді тірі үмітке кенелтті».2

Шынымен, Апостол Пауыл «біз бір-бірімізді осымен жұбата аламыз»3 деп, рас айтты.

Құдайдың Рақымы

Біз Құтқарушының Өтелуі туралы жиі айтамыз – бұл әбден дұрыс!

Жақыптың айтуынша, «Неге Құтқарушының Өтелуі туралы айтып, Ол туралы толық білімге жетпеске?»4 Бірақ «біз Мәсіх туралы айтып … Мәсіхте қуанып, …  мүмкіндік туғанда Мәсіх туралы уағыздап, Мәсіх туралы пайғамбарлық етіп»5  біз Құдайдың Ұлы жасаған мәңгілік құрбандығына үлкен ризашылығымызды білдіре,  қастерлеу сезімін ешқашан жоғалпауымыз керек.

Құтқарушының Өтелуі біздің оқулықта және біздің айтқан сөзіміз бен біздің жүрегімізде жай қарапайым көрініс болуы мүмкін емес. Ол қасиетті және киелі, өйткені сол Иса Мәсіхтің әкелген «ұлы және соңғы құрбандығы» арқылы «Оған сенген барлық адам құтқарылды».6

Құдайдың Ұлы бізді құтқару үшін төмен түскеніне таңқаламын, ал біз қаншалықты жетілмеген, арам және қателікті жиі жасап жақсылықтың қадірін де білмейміз. Мен ақыл ойыммен Құтқарушының Өтелуін түсінуге тырыстым, бірақ ойыма келгені бір ғана түсінік ол, Құдай бізді шексіз терең және мәңгілік сүйеді. Мен «Мәсіхтің сүйіспеншілігінің … кеңдігін, тереңдігін және биіктігін»7 түсінуге адамның санасы жетпейді деп, ойлаймын.

Осы сүйіспеншіліктің белгісі, ол киелі жазбаларды жиі Құдайдың рақымы деп, атайды – құдайшыл көмек пен ақтықтың күші арқылы біз арсыздық пен білімнің кемдігінен жоғарлап, қазіргі биік сезімде, «біз ақиқат пен жарықта барлық нәрсені танып, шындықтың тереңдігіне жеткенше»8 өсудеміз.

Құдайдың рақымы, ол тамаша нәрсе. Дегенмен, соны жиі теріс түсінеді.9 Әйтседе, бізге дайындаған Оның мәңгілік патшалығында ұдайы қалуды мақсат етсек, біз Құдайдың рақымы туралы білуіміз керек.

Осы мақсатта мен рақымдық туралы айтқым келеді. Әсіресе, біріншіден, рақымдық көктің қақпасын қалай ашады және екіншіден, ол көктің терезесін қалай ашады.

Біріншіден; Рақымдық көктің қақпасын ашады

Өйткені біздің баршамыз күнәға батып, «Құдайдың белгілеген ұлылығынан құр алақан қалдық»10 және «кірге малынған Құдайдың Патшалығына кіре алмайды»11 біздің әрқайсысымыз Құдайдың ұдайы қасында болуға лайық емеспіз.

Біз барлық жан тәнімізбен Құдайға қызмет етсек те, ол жеткіліксіз; өйткені біз әлі де, «пайдасы жоқ қызметшіміз».12 Біздің көкке барар жолға деген еңбегіміз әлі сіңген жоқ; алдымызда әділдікті талап ететін кедергілерді өз күшімізбен өтуге әлсізбіз.

Бірақ әлі де кеш емес.

Құдайдың рақымы, ол біздің ұлы да мәңгілік үмітіміз.

Иса Мәсіхтің әкелген құрбандығы арқылы мейірімділік жоспары әділдік талаптарды басады13 және «адамның сенімі артып тәубеге келу үшін, жолды ашады».14

Біздің күнәміз ала қызыл болса да, аппақ қардай бола алады.15 Өйткені біздің сүйікті Құтқарушымыз «жанын құрбан етіп, соның төлемін өтеді»16 сонда Оның мәңгілік Патшалығының қақпасы айқара ашылып, оған емін-еркін кіре аласыңдар.17

Қақпа ашылды!

Бірақ Құдайдың рақымы тек біздің алғашқы кінәсіз күйімізді қалпына келтіруді ғана білдірмейді. Егер құтқарылу тек біздің қателігіміз бен күнәмізді жуып шаюды білдіретін болса, онда құтқарылу – Әкеміздің бізге қойған мақсатын толық орындамауды білдіреді –тіпті тамаша. Оның қойған мақсаты одан да жоғары: Ол Оның ұлдары мен қыздары Оған ұқсас болғанын қалайды.

Құдайдың рақымдық сыйлығындағы шәкірттік жол кері емес, тек алға жүреді.

Біз әзер дегенде түсінетін биікке жеткізеді! Біз өз жақындарымыздың арасында оның ұлылығын және оны толық танып білетін жерде, біздің Көктегі Әкеміздің «көктегі патшалығына жетелейді».18 Бізде бардың барлығы және біз Мәсіхтікіміз. 19 Әкемізде бардың барлығы бізге де беріледі.20

Сол ұлылықты мұра етіп алу үшін, бізге тек қақпаны ашып қана қоймай, одан да артығын істеу керек; бізге өзгеру үшін, сол қақпаға жүрек қалауымен кіруіміз керек – өзгерістер киелі жазбадағы сондай қайғылы бейнеленген «қайта туылу; иә, Құдайдан туылып, біздің пенделік (күнәға батқан) күйден адал күйге өзгеріп, Құдайдың өтелуінен өтіп, Оның ұлдары мен қыздары болу».21

Екіншіден:Рақымдық Көктің терезесін ашады

Құдай рақымының тағы бір жүйесі, ол Құдай батасының күші мен билігі төгілген көктің терезесін ашу керек, әлде кері жағдайда, оған жетудің ең жоғарғы шегі болуы мүмкін. Осы Құдайдың керемет рақымына жету үшін, балалар су асты ағысын және алдамшы жылжымалы құмды жеңіп, күнәдан жоғары көтеріліп, «Мәсіх сияқты мінсіз»22 бола алады.

Әрине, барлығымыздың да әлсіз жері бар, бірақ біз оны жеңіп шыға аламыз. Расында, бұл Құдайдың рақымы, егер біз мойынсұнып сенім артатын болсақ, әлсіздігіміз күшке айналады.23

Өмір бойы Құдайдың рақымы біздің өміріміздің сапасын арттырып, қабілеттілігімізді кеңейтетін уақытша берілетін батасы мен рухани сыйлықтарды тартады. Оның рақымы бізді жетілдіреді. Оның рақымы бізге бұрыннан да жақсы болуымызға көмектеседі.

Кім лайықты?

Біз Киелі кітапта Мәсіхтің Шимон Фарисейдің үйінде болғаны туралы оқимыз.

Сырт келбетінде Шимон жақсы және адал адам сияқты көрінеді. Ол әрдайым діни жұмысының міндеттері тізімін жиі тексеріп, заңға бағынатын, ондықты төлейтін, демалыс күнін сақтайтын, жиі мінажат етіп синагогаға баратын.

Бірақ Иса Шимонның қасында болған кезде, бір әйел келіп оның аяғын көз жасымен жуып шашымен сүртіп, иісмайды жағады.

Шимон ол әйелдің бойсұнып істеген қылығын ұнатпады, ол әйелдің күнәқар екенін ол білген болатын. Шимон іштей, егер Иса оның кім екенін білмесе, Ол нағыз пайғамбар емес болуы мүмкін немесе Ол бұл әйелді Өзіне жолатпас еді деп, ойлайды.

Оның ойын білген Иса Шимонға бұрылып сұрақ қояды. «Қарыз беруші бір адамның екі кісіде ақшасы болыпты ... біреуі бес жүз күміс теңгеге ... екіншісі елуге борышты екен».

Олардың [екеуінің] қарызын қайтаратын еш нәрселері болмағандықтан, сол адам екеуінің де қарызын кешіпті. Айтшы, кәні, бұлардың қайсысы оны көбірек жақсы көреді?

Шимон жауабында, көбірек қарызы кешірілгені деді.

Сонда Иса оған маңызды сабақ беріп: «Мына әйелді байқадың ба? … Оның көптеген күнәларының бәрі де кешірілді, бұл оның зор сүйіспеншілігінде көрініп тұр; ал аз кешірілсе, сол азғана жақсы көреді»24 деді.

Осы екі адамның қайсысын біз көбірек жақсы көреміз?

Біз Шимонға ұқсаймыз ба? Әлде біз өзіміз дұрыс істедік деп, біздің істеген мейірімді істерімізде сенімдіміз бе? Мүмкін біз біздің үлгіге сай өмір сүрмейтін адамдарға шыдамдылық танытпайтын шығармыз? Қимыл қозғалыста болып, жиналыстарға қатысып, Інжіл сабағының арасында есінеп, не болмаса діни ант жиналысында ұялы телефонымызды тексереміз, сонда біз автоұшақта отырғанымыз ба?

Әлде күнә жасаған, мүлде үміті үзілген осы әйел ұнайды ма?

Бізде зор сүйіспеншілік бар ма?

Біз Көктегі Әкеміздің алдындағы өз қарызымызды түсініп, Құдайдың рақымын алу үшін жалбарынып сұрадық па?

Біз мінажат ету үшін тізе бүгіп отырған кезде, біздің жеке басымыздағы адалдықтың үлкен соққысын қайталап немесе өз кемшілігімізді мойындап тәубеге келіп, керемет құтқарылу жоспары үшін көз жасымызды төгіп ризашылығымызды білдіре Құдайдың рақымын сұрадық па?25

Құтқарылуды біз мойынсұну ақшасына сатып ала алмаймыз, ол Құдай Ұлының қаны төгіліп алынған.26 Біздің ізгі ниетті істерімізде құтқарылу үшін, авиакомпаниядағы ұшаққа билет алған секілді саудаға сала алмаймыз. Әлде, сіздер жалға алған үйдің ақшасын төлеген соң, өздеріңізді жер шарының қожайынымын деп, ойлайтын шығарсыздар.

Онда неге мойынсұнасыңдар?

Егер рақым Құдайдың сыйы болып табылса, онда неге Құдайдың өсиеттеріне мойынсұну өте маңызды? Неге Құдайдың өсиеттерін ойлап уайымдаймыз - немесе не үшін тәубеге келуіміз керек? Неге күнәқар екенімізді мойындамасқа және Құдай бізді құтқармасқа?

Немесе, Пауылдың сұрағын қойып, «Оның рақымы молайсын деп, күнә жасай берейік пе? Пауыл қарапайым сөзде, анық; «Жоқ олай істеуге болмайды!»27 деп, жауап берді.

Бауырлар мен әпкелер, біз Құдайдың өсиеттеріне – Оны сүйгендіктен мойынсұнамыз!

Құдайдың рақымдық сыйлығын шын жүректе бар ақыл-оймен түсінуге тырысатын болсақ, біздің Көктегі Әкемізге мойынсұнуға және Оған деген ризашылығымызды білдіруге, сүйіспеншілігімізді молынан көрсетуге мүмкіндік береді. Шәкірттік жол бізді жетілдіріп, Оған ұқсастығымызды жақындатуға көмектеседі және ол бізді Оның ұдайы қасына қайтарады. «Иенің Рухы [біздің Құдайдың]» бізді «ұлы өзгерістерге әкеледі, … сонда біз арсыз істерден арылып, әрдайым ізгі істерді молынан істеуге ұмтыламыз».28

Сонымен, Құдайдың өсиеттеріне мойынсұнып, Құдайдың ізгілігі үшін біздің мәңгілік сүйіспеншілігіміз бен ризашылығымыз табиғи жалғасын табады. Осы шынайы сүйіспеншіліктің үлгісі мен ризашылық ғажайып түрде Құдайдың рақымын және біздің жұмыстарымызды біріктіреді. Ізгілік біздің ниетімізді безендіреді, содна біздің сенімдігіміз Құдайдың ұдайы қасында арта түседі.29

Құрметті бауырлар мен әпкелер, Інжілде өмір сүру ауыртпалық әкелмейді. Ол қуанышты жаттығу – мәңгілік ұлылықты мұра етіп алудың негізгі дайындығы. Біз Көктегі Әкемізге мойынсұнуға ұмтыламыз, өйткені біздің рухтарымыз рухани нәрселерге молынан бейімделе бастайды. Біз ешқашан қозғамаған алдағы көрініс ашық. Біз Әкенің еркін орындағанда, бізге түсінік пен білім де келеді.30

Құдайдың рақымдық сыйлығын және Көктегі Әкенің қасиетті сыйлығын алу үшін, біз жердегі пенделік өміріміздің барлық жағын қамти, Құдайдың әр өсиетіне мойынсұнуымыз керек.

Біз барлығымыз істей аламыз

Пайғамбар Нефай Құдайдың рақымын бізге түсіндіріп, ол: «Біз бар ынтамызбен еңбек етеміз … Құдаймен табыстырып Мәсіхке деген сенімін өсіру үшін, балаларымыз бен бауырларымыздың сенімін өсіріп; біз білеміз, біз барлық мүмкіндікті жасаған соң, Оның рақымымен құтқарылу мүмкіндігіне ие бола аламыз.»31

Алайда, меніңше «кейін барлығын істермін» деген сөйлемді біз дұрыс түсінбейтін сияқтымыз. Біз оны «кейін» деген «сондықтан» сөзіне теңдес емес екенін ұғуымыз керек.

Біз «сондықтан» біз істегеннің барлығын сақтай алмаймыз. Арамыздағы біреуің қолынан келерінің барлығын істеді ме? Ол өзінің құтқару рақымымен біздің өмірімізге кірісерге дейін біз бар күшімізді жұмсап болғанымызша, Құдай қарап қалады ма?

Көптеген адам сары уайымға салынады өйткені оларға жауап тез келе қоймайды. Олардың естуінше, «рух дайын болғанмен, тән осал»32  екенін біледі. Олар Нефайға қосылып, «Менің жаным менің күнәға батқаным үшін күйреді»33 деп, дауыстап айтты.

Мен сенімдімін, Нефай Құтқарушы рақымдық ететінін білді және бізге күнәмізді жеңіп шығу мүмкіндігін берді.34 Міне, Нефайдың не үшін бар күшін салып, өз балаларын және бауырларын сендіруге тырысып, «Мәсіхке сенімдерін арттырып, Құдаймен табыстыру үшін»35 зор еңбек етті.

Ақыр соңындабіздің қолымыздан келетіні осы! Және бұлбіздің пенделік міндет!

Рақымдық барлығына қол жетімді

Құтқарушы жетекшілік етіп, біз үшін істегенін ойлаған кезімде, осы бірінші Қасиетті Пасха күні мен дауыстап, «Құдайды және Оның Ұлы, Иса Мәсіхті мадақтаңдар!» деп айқай салғым келеді.

Көктің қақпасы ашылды!

Көктің терезесі ашылды!

Құдайдың рақымы бүгін және мәңгілік жүрегі таза, рухани жетілген барлық адамдар үшін қол жетімді.36 Иса Мәсіх біз жоғарыға көтерілуіміз үшін, адам ойына ешқашан келмеген игіліктерді дайындап, жолды тазартып берді.37

Біз Құтқарушының Өтелу құрбандығының мәңгілік мағынасын жаңа көзқараспен және таза жүректе көруіміз үшін дұға қыламын. Біз Құдайға деген өз сүйіспеншілігімзді көрсетіп, Құдайдың мәңгілік рақымының сыйлығына ризашылығымызды білдіре, Оның өсиеттерін сақтап және қуанышта «жаңаша өмір сүруіміз»38  үшін, мінажат етемін. Біздің қасиетті Ұстаз және Өтелуші, Иса Мәсіхтің атына айтамын, әумин.