2010–2019
Баталарды қарастырайық
Қазан 2012


Баталарды қарастырайық

Көктегі Әкеміз біздің қажеттілігімізді жақсы біледі. Егер біз Оны көмекке шақырсақ, көмектеседі.

Кұрметті бауырларым мен әпкелер, бұл 49 конференция мені 4 қазан айының 1963 жылы Он екілік Апостолдардың мүшесі ретінде қолдаған күннің белгісі. Қырық тоғыз жыл өте үлкен мерзім. Бірақ, ұзақ уақыт тым қысқа болып көрінеді. Мен осы Табернакл кафедрасында тұрып, ең алғашқы конференцияда сөз сөйлеген едім.

4 қазан 1963 жылдан бері көптеген өзгерістер болды. Біз әлем тарихындағы ғажайып кезеңде өмір сүреміз. Біз үлкен батаға ие болдық. Бірақ, кей кезде айналамыздағы ойландырмайтын еркіндіктің көптігінен қиындықтарды көруге қиындыққа соғады. Менің байқағаным, жағымсыз нәрселерге көңіл аударғанның орнына, кері бір қадам басып, біздің өмірде берілген баталарды және көзге ілінбей ұмытылып кеткен баталарды еске түсірсек, біз үлкен бақытқа ие боламыз.

Артта қалған 49 жылды қарастырып, мен бірнеше ашылымдарға келдім. Біріншіден, мен сансыз тәжірибе жинадым, оны әдеттегіден тысқарылық ретінде қарастыру міндетті емес. Шындап келгенде, олар сол кезде, қарапайым және есте қаларлықтай болып көрінбегені белгілі болды. Сонда да, өткен өміріме қарасам, олар жемісті болып менің соңғы уақыттағы жеке өмірім өз батасын алды. Мен сіздерге осы жаттығуды орындауды ұсынамын – нақты өз өмірлеріңізді түгендеп, сіздердің өмірде алған аз мөлшерде не үлкен мөлшердегі арнайы баталарыңызды қарастырыңыздар.

Мен жылдар уақытын өзім шолып бекіте отырып, біздің мінажатымыз Құдайдың құлағына жетіп жауап алғанынымызды білдім. Мормон кітабында жазылған 2 Нефийдегі ақиқат: «Сол қуанышта болған ер адамдар» бізге таныс.1Мен куәгер етемін, біздің өмірдегі көптеген куаныш Көктегі Әкемізбен мінажат арқылы байланыс орната алғанымыздың арқасында дұғамыз қабылданып, жауап келгенін мойындауымыз керек. Әрине біздің күткеніміздей болмаса да, оларды Ол естіпбізге жауап беретініне ешқандай күмән болмауы керек. Әмбе Көктегі Әкеміз бізді жақсы біледі, сүйеді және бақыт тілеп, жауабын береді. Ол бізге: «Бойсұныңдар, сонда Құдай сендерді жетектеп, мінажат етіп сұрағаныңа жауабын береді» деп, уәде еткен жоқ па еді?2

Маған берілген келесі бірнеше уақытта, менің өмірімде мінажат естіліп, болашақта менің және өзге адамдардың өміріне батасын әкелген тәжірибеммен бөліскім келеді. Жылдар бойы менің күнде толтырған күнделігім кейбір ерекшелікті қамтамасыз етуге көмектесті, мүмкін мен өзге түрде оны айталмаған шығармын.

1965 жылдың басында мен конференцияның бірінде және Тынық Мұхитының бүкіл оңтүстік бөлігіндегі аумағындағы өзге бірнеше жиналыстарда қатысуға шақырылған болатынмын. Бұл әлемнің бөлігіндегі менің бірінші қатысуым болған. Ол уақытты мен әрқашан есімде сақтаймын. Сол жиналыстарда мен жетекшілер, миссионерлер және шіркеу мүшелерімен кездескен кезде, табиғатта көптеген рухани өзгерістер пайда болды.

Біз Австралиядағы Брисбен қаласында болып, 20 -21 ақпан айының сенбі мен жексенбінің демалыс күндері Брисбен қазығында конференция отырысын жиі өткіздік. Сенбілік кездесу кезінде, мені көрші аумақтағы аудан президентімен таныстырды. Оның қолын ұстап амандасқан кезімде, онымен сөйлесіп кеңес беруім керек сияқты болып көрінген үлкен әсерге орандым. Сондықтан, соны істеу үшін, мен оған келесі күнгі таңғы жексенбілік отырысқа бірге баруды ұсындым.

Жексенбі күнгі қортынды отырыста біз бірге қатысуға мүмкіндік алдық. Біз оның аудан президент ретіндегі көптеген міндеттерін талқыладық. Сол уақытта менің оған миссионерлік жұмысқа қатысты және оның өзі мен шіркеу мүшелері толық күндергі миссионерлерге аудандағы олардың атқарар жұмысына қандай көмек беруге болатыны туралы нақты ұсыныстар жасауға әсер сезімі келді. Кейіннен, мен ол бауырымыз сол бағытта жетекшілік алу үшін, мінажат еткенін білдім. Оның айтуынша, біздің кездесу оның мінажаты естіліп, жауап келген ерекше куәгерлік болды. Бұл есте қаларлықтай кездесу сияқты емес еді, бірақ, ол рухтың жетекшілігімен аудан президентігін, жетекшілерді, шіркеу мүшелерінің өмірі мен миссионерлердің өмірін өзгеше қылып, табысқа әкелді.

Бауырларым мен әпкелер, біз рухтың жетекшілігіне жүгініп, біз Құдайдың мақсатын жиі орындаймыз. Меніңше, егер бізге келген шабыт пен әсерге сәйкес әрекет ететін болсақ, Құдай бізге Өз тапсырмасын сеніп тапсыратын болады.

Алдында ескертіп айтқанымдай, менің білгенім, ешқашан кейінге қалдырудың керегі жоқ. Бір күні мен Солт Лейк Сити қаласында қауызда айналып жүзіп жүрген кезімде, маған бір шабыт сезімі келіп, Университет ауруханасында жатқан жақсы досыма барып шығуым керек болды. Ол қатерлі ісікке отау жасаған соң аяғынан айырылған болатын. Сол жақсы адаммен кездесу үшін, мен тез қауыздан шығып, киініп соған қарай жүріп кеттім.

Оның бөлмесіне келген кезімде, бөлмесі бос тұрды. Сұрастырып, мен оны сол аурухананың маңайындағы жүзу қауызының қасындағы аймақтағы дене шынықтыру өткізетін орында табатынымды білдім. Сондай жағдай болды. Ол өзінің арбасын өзі жүргізіп, сол бөлмеде тұратын жалғыз адам болып шықты. Ол сол қауыздың қарама-қарсы жағының терең жерінен қашық емес соңында екен. Мен оны шақырып едім менімен кездесу үшін, ол арбасын асыға итеріп жүргізді. Біздің кездесуіміз жанға жайлы өтті. Содан соң, мен онымен бірге аурухананың бөлмесіне қайтып барып, сол жерде оған бата бердім.

Кейін мен досымнан, сол күні ол қатты мұңайып, өз өмірін аяқтағысы келгенін білдім. Ол мінажат етіп, көмек сұрады, бірақ оның мінажаты жауапсыз кеткенін сезіне бастады. Ол қауызға бір оймен ғана, ол оның азабын тоқтатату үшін, қауыздың түбіне арбаның жетекшілігімен барды. Мен дәл сол қиын сәтте келдім. Жауап ретінде, мен білетін, ол сол жоғарыдан келген шабыт болған.

Менің досым көп жыл өмір сүруге мүмкіндігі болды – бақыт пен ризашылыққа толы жылдар бойы. Мен сол қауыздың қасындағы қиын күнде Құдайдың қолындағы құрал болғаныма қуаныштымын.

Келесі жолы біз Монсон әпкей екуіміз достарымыздан қайтып оралған кезде, бір кездері біздің өңірде тұрған Зелла Томас деген жесір қарт әйелге барып шығуымыз керек деген қатты шабыт келді. Ол қала тым қашық жерде болатын. Ол кезде, ол қарт үйіндегі тұрақты тұрғыны еді. Түс аса біз оны әлсіз, тыныш өз төсегінде жатқан күйінде таптық.

Зелланның көзі көрмей қалған, бірақ біздің дауысымызды тез таныды. Ол менен бата беруімді сұрады және Құдай мені үйге қайтарып алғысы келсе, мен өлуге дайынмын деді. Бөлмеде бір жақсы да, тыныш рух болды. Біз барлығымыз оған берілген өлім уақыты қысқа болатынын түсіндік. Зелла менің қолымды ұстап, менің оған келіп бата беруімді жан тәнімен мінажат етіп, сұрадым деді. Мен оған, Құдайдан шабыт алдым, сондықтан осында келдім деп, айттым. Мен оның маңдайынан сүйдім, оның өлімін мен көрмейтінімді біле тұра. Ол солай болды, өйткені ол келесі күні қайтыс болды. Біз біздің сүйікті Зеллаға кейбір жайлылық пен тыныштықты қамтамасыз еттік, бұл ол үшін де және мен үшін де, бата болды.

Мүмкін, біреудің өміріне бата әкелу жиі күтпеген жерден келеді. Бір суық сенбілік түні 1983–84 жылдың қысында, Монсон әпке екуіміз Юта штатындағы бірнеше шақырым жердегі Мидуэй таудың алқабына бардық, онда біздің үйіміз бар болатын. Ол түні ауа райы Фаренгейт бойынша минус 24 суық болатын, ал Цельсия бойынша минус 31 суық көрсеткіші болатын, сондықтан біздің үйіміздің жағдайын білгіміз келді. Біз үйді тексеріп, барлығы жақсы екеніне көзіміз жетіп, Солт Лейк Ситиге қайтып оралу үшін, көлікке отырып жүріп кеттік. Бірақ, бірнеше шақырым өтісімен көлігіміз тоқтап қалды. Біз сол жерде отырып қалдық. Мен үшін, сол түні аса сирек кездесетін суық күн болды.

Көңілсіз біз жақын арадағы қалаға қарай жүрдік, көліктер біздің жанымыздан өтіп жатты. Бір кезде, бір көлік тоқтап, жас жігіт өз көмегін ұсынды. Соңында, біз біздің көліктегі дизелді жанармай суықтан қатып қалғанын түсіндік, сондықтан бізге көлікті оталдыруға мүмкіндік болмады. Жас жігіт бізді қайта біздің Мидуэйдегі үйге апарды. Мен оның көмегінің орнын ақша беріп толтырғым келген кезде, ол одан сыпайы бас тарты. Ол орман тыңшысы болғанын және жақсылық жасағысы келгенін айтты. Мен өзімді оған таныстырып, оның жасаған көмегіне ризашылығымды білдірдім. Ол миссионерлік жаста болғандықтан, мен одан миссияға бару жоспарың бар ма деп, сұрадым. Ол оған сенімді болмағанын, бірақ оны істегісі келгенін айтты.

Келесі дүйсенбі күннің таңында, сол жас жігітке хат жазып, оның жақсылығы үшін ризашылығымды білдірдім. Хатта мен оған миссияда қызмет етуді ұсындым. Мен ол хатқа өзімнің бір кітабымның көшірмесін салып, миссионерлік қызмет туралы тарауларды сызып қойдым.

Шамамен бір апта өтісімен, жас жігіттің анасы қоңырау шалып, оның баласы танымал адам, бірақ өмірдің бір әсерінен кейін оның миссияда қызмет еткісі келген бұрыңғы қалауы сөніп қалды деп, хабарлады. Ол және оның әкесі бірге ауыз бекітіп, баласының жүрегі өзгереме деп, мінажат еткенін айтты. Олар Ютадағы Прово ғибадатханасында оның атын қағазға жазып, дұға қылуға берген. Олар қалай болса да, оның жүрегі жақсылыққа тиіп, ол миссияға өз еркімен Құдайға адал сеніммен қызмет ету қалауына оралар деп, үміттенді. Оның анасы сол суық кештегі оқиғаны олардың мінажат етіп, оның атына сұрағанына жауап ретінде қарайтынын маған айтып, ескерткісі келді. Мен оған, сізбен келісем деп, айттым.

Бірнеше ай бойы біз сол жас жігітпен хабарласып тұрдық. Нәтижесінде, Монсон әпкей екуіміз оның Канадағы Ванкувер Миссиясына кететін күні шығарып салуға барған кезімізде, қуанышымызда шек болмады.

Бұл сол желтоқсан айының қақаған қыстың күні біздің жолымыз жай ғана кездейсоқ оқиға болды ма? Мен оған сенбеймін. Керісінше, біздің кездесуіміз оны жақсы көретін ата-анасының шын жүректен сыйынған мінажатына берілген жауап деп, ойлаймын.

Қайталаймын, бауырларым мен әпкелер, Көктегі Әкеміз біздің қажеттілігімзді жақсы біледі және біз Оны көмекке шақырсақ, әрдайым көмектеседі. Мен сенемін, біздің уайымымыз кішкене немесе шамалы шығар. Бірақ, Құдай біздің өмірді ұсақ-түйегімен біледі.

Қортынды жасай отырып, мен жүздеген адамға әсер еткен жақын арада болған бір тәжерибеммен бөліскім келеді. Бес ай бұрын бұл Канзас Сити Ғибадатханасының мәдениет мейрамында болған жағдай. Біздің өмірде болған көптеген нәрселер сол кезде маған ол барлығы жұмыс істейтін тағы бір қарапайым тәжірибе күні болып көрінді. Әлбетте, мен сол ғибадатханаға арналған мейрамға байланысты кештің алдында жағдайды анықтаған кезде, мен бұл кештің орындалуы жай ғана болмағанын білдім. Керісінше, ол керемет болды.

Барлық мәдени ғибадатхананы арнау шараларын өткізгенге ұқсас, Миссури штатындағы ғибадатханадағы ауданда Канзас Ситидегі жастар театрланған қойылымды әр топ өз аймағында жаттығу өткізіп жатқан болатын. Жоспар бойынша, олардың барлығы жалға алынған муниципал орталығында таңғы сенбіде қойылымға кездесіп, кім қайда тұратынын, адамдардың ара қашықтарының мөлшері қанша болу керек және кім қашан кіріп, бірінші қабаттан кім шығады деген сияқты басқа ұсақ-түйектерді олар сол күні анықтап, әр түрлі қойылымның бірігуіне жауап беретін адамды да анықтап, білгісі келді. Сонда қортынды қойылым кәсіби шеберлікпен өтуі керек.

Сол күні бір ғана қиындық туындап тұрды. Барлық қойылым Джамботрон деген үлкен экранда көрсететін жазылған сегментке байланысты болды. Бұл жазылған сегменттер барлық қойылым үшін, маңызды шешім атқарады. Олар барлық қойылымдарды байланыстырып, келесі қойылымды жүргізеді. Негізін қалайтын бейне көріністен барлық қойылым тәуелді болды. Бірақ, Джамботрон бұзылып қалды.

Техниктер сол қиындықты шешу үшін, барлық күшін салып жұмыс істеді, ал жаттығуға келген жастардың уақыттары бекер кететін болды. Бұл жағдайға қараудың өзіне шыдамдылық керек.

Қойылымды қоятын режиссер Сьюзан Купер кейінірек түсіндіріп: «Жоспар бойынша біз А дан В-ға жылжитынымызды және Z жұмыс істемейтінін біз білуіміз керектігін. ... Кестеге қарап, ол біздің артымызда болатынын біз білідік, тағы біз төменгі қабатта 3,000 мықты жас сарбаздар бар екенін білдік. Біз төмен түсіп, оларға не болып жатқанын және өз сенімдеріне сенімді болуын айту керек болды».3

Бір сағат бұрын көрермендер келер алдында, 3,000 жастар бірігіп мінажат ету үшін, еденге тізе бүгіп отырды. Олар Джамботронды жасап жатқан адамдар оны жөндеу үшін, Көктегі Әкемізден шабыт алып, не істеу керектігін білу үшін және уақыттың аздығынан өздері істей алмағанды толықтыршы деп, сұрады.

Кейін бұл туралы репортаж жазған адам: «Бұл жастар ешқашан ұмытпайтын дұға болды, еден қатты болғандықтан емес, өйткені Рух олардың сүйектеріне дейін енді»4 деп, айтады.

Техниктің біреуі келіп, қиындықтықтың көзі анықталып, жөнделді деп айту үшін, келгенге дейін болған жағдай. Ол оның шешімі «сәтті» өтті деп, түсіндірді. Бірақ, жастардың барлығы оның сәттілігінің себебін жақсы білетін.

Сол кеште, біз муниципал орталығына келген кезімізде, бізге сол күннің қиындықтары болғаны сезілмеді. Тек кейіннен білдік. Сол кезде, біз ғажайып, кәсіби дайындалған қойылымның куәгері болдық. Бұл мен көргеннен ең кереметі болды. Жастардан бір жарқын, күшті рухани нұр төгіліп тұрды. Оны сол жерде болған адамдардың барлығы сезді. Олар қайда тұрып, қай жерден кіру керектігін және қойылымда қатысатын өзге адамдармен өз ара әрекетті қалай орнату керектігін білгендей болды. Олардың жаттығуы үзіліп, барлық топтардың көбі жаттығу жасай алмағанын білген кезімде, мен таң қалдым. Ешкім оны білмес еді. Расында, Құдай барлық кемшіліктердің орнын толтырды.

Құдай қалайша, Өз Патшалығын жағалай да, көлденең де уәждемей бағыттап, тағы бір адамға немесе бір мәдени мейрамға, бір Джамботронға шабыт беру үшін, уақыт табатынына мен әлі де, таң қалам. Бұл ақиқат, Ол бұны істей алатыныны, мен үшін куәгерлік.

Бауырларым мен әпкелер, Құдай біздің өмірімізді жақсы біледі. Ол бізді жақсы көреді. Бізге ол батасын бергісі келеді. Біз Оның көмегіне жүгінгенімізді қалайды. Ол бізді бағытқа салып, біздің мінажатымызды естіп, жауабын берген мезетте, біз осы жерде, Оның даяр еткен бақытын қазір табайық. Оның берген батасын қазір танып, білейік. Мен осыны қазір, осы уақытта Иса Мәсіхтің атына мінажат етем, аумин.

Сілтемелер

  1. 2 Нефий 2:25.

  2. Ілім мен Өсиеттер 112:10.

  3. Сусан Купер, Маурин Прокторден, «Құдайға бұл қиын емес: Канзас Ситидегі Мәдениет мейрамы»,Меридиан журналы, мамыр 9,2012, ldsmag.com.

  4. Проктор,Меридиан журналы, мамыр 9, 2012.