2010–2019
Бірінші Өсиет
Қазан 2012


Бірінші Өсиет

Біз де Иемізге сүйіспеншілігімізді көрсететін шәкірттік адал өмір бар.

Бүкіл адамзат тарихында менің деген Исаның өлімінен кейін қалған он бір апостолдарға деген менің сүйіспеншігім сияқты сезім ешкімге болған емес шығар. Бәлкім, біз кей кезде, олардың тәжрибелері шектеулі және Исаға соншалықты тәуелді болғанын ұмытып та кетеміз. Оларға Исаның берген жауабы: «Мен көптен бері қастарыңдамын, сонда да Мені шынымен білген жоқсың ба ... ?»1

Әрине, Иса олардың қасында жеткілікті әрі ұзақ болған жоқ. Үш жыл әрине ұзақ мерзім емес, өйткені, Он екі Апостол кворумы қарапайым жаңадан Құдайға бұрылған және бұрыңғы өмірлерін өзгерткен адамдардан, және де кейін өлімге тап болған адамдардан құралып оларға деген Інжілдің кереметтігін үйрету қысқа мерзімде оңай емес. Жаңадан қаланған ағаларға деген өте қиынға соғатын бір сынақ болып шықты.

Әсіресе өмірде жалғыз қалу бөлімі. Қайта қайта Иса оларға деген олардың жанында тәнімен ұзақ қалмайтынынайтуға жиі тырысса да Апостолдар әлде Исаны түсіне алмады, немесе түсіну қиын болды. Марқаның жазғаны:

«Ол Өз шәкірттеріне тәлім беріп: «Көктен келген билеушіні адамдардың қолына ұстап береді. Олар оны өлтіреді. Бірақ содан кейінгі үшінші күні Ол қайта тіріледі» деді.

Бірақ, олар бұл сөздердің мағынасын ұғынбаса да, сұрақ қоюға батылдары бармады». 2

Содан, білу үшін аз уақыттың ішінде, дайындық жасау үшін де қысқа мерзімде, сенер емес шындық болды. Олардың Иесі және Қожайыны, олардың ақылшысы және Патшасы айқышта өлтірілді. Оның жергілікті өмірі сонымен аяқталып, және қайта тірілгеніне Оның Апостолдары куәгер болғанымен оларға бұл тек түсінбестікті қосты. Әрине, Апостолдар толығымен түсіне алмай, «Ал енді не істейміз?» деп, олар үлкен Апостол Петірге бұрылып жауап күтті.

Ал осы жерде Киелі кітаптан тыс өзімнің аззатық пікірімді қоссам сізден кешірім сұраймын. Осыған орай Петір өзінің ниеттестеріне былай деді: «Бауырлар, керемет үш жыл өтті. Ешқайсысымыз үш ай ішінде бұрын керемет бұндай ғажайыптарды елестете алмап едік. Біз шынында да Құдай Ұлымен сөйлесіп, дұға қылып, және бірге қызмет атқарып шықтық. Біз Онымен бірге жүрдік және Онымен бірге жыладық, және сол қорқынышты түннің жәйтінде менен артық басымды түсіріп, ешкім жыламаған еді. Ал енді оның бәрі аяқталды. Ол өзінің жұмысын аяқтап көрден шықты. Ол өзінің, әрі біздің құтқарушымызға жол ашты. Ал сендер сұрайсыңдар, «Ал енді не істейміз?» менің сендерге деген бұрыңғы өмірлеріне қайта куана оралудан басқа ештеңе білмеймін. Мен өзімнің ең жақсы білетін - «Мен балық аулауға бара жатырмын» деген іске ниеттенудемін. Онның алты апостолы болса да келісіп, былай деді: «Біз де барайық». Сол арада болған Жохан былай деп жазды, «Содан сыртқа шығып, қайыққа мінді».3

Алайда, бұл түні түк ұстаған жоқ. Олардың бірінші көлдегі түнінде ешқандай да балық ауланбады. Көңілдері түскен олар жағалауда бір адамның шақырып тұрғанын байқады, оларға ол: «Балалар, балықтарың бар ма? - деп,үн қатты.» Бұл Апостолдар жабырқаңқы балықшыға қарап, еш балықшы бергісі келмейтін жауапты берді. «Біз ештеңе ауламадық» деп мыңғырлап, олар «балалар» 4 деп аталғаны үшін де, сәл ашулы болды.

«Торды қайықтың оң жағына салыңдар, сонда біразын ұстайсыңдар»5 деп кезбе адам тіл қатты. Сонда, олар бұл кезбе адамды тани бастады. Тек осыдан үш жыл бұрын осы апостолдар дәл осы теңізде балық аулаған еді. Сол үш жыл бұрын да киелі кітап айтылғандай, олар «түнімен аулап ештеңе ұстамаған»6 еді. Бірақ сол жағалаудағы Галилеялық апостолдарға торларын таста деп еді, судан «балықты молынан» 7шығарып, олардың торлары соншалықты балықпен ауырлағаны, кемелері суға бата бастады.

Қазіргі таңда бұл оқиға қайтып қайталана бастады. Мына «балалар,» деп дәл айтылғандай, торларын төмен түсіріп, және «балықтың көптігінен оны судан тартып шығара алмады». 8 Жақсы көретін Жохан анық айтты, «Бұл Иеміз ғой».9 Кеменің үстінен қайтпас Петір де көйлегін бауып алып, суға секірді.

Қайта тірілген Исамен қуанышты кездесуден кейін, Петірдің Құтқарушымен өткен әңгімені менің ойымша Петір сияқты үлкен жетекшіге деген үлкен, өмір өзгерісіне әкелетін әңгіме болып шықты. Сыңған кемеге, жыртылған торларына, және көз сенбес жиналған 153 балыққа қарап, Иса өзінің үлкен Апостолына айтты, «Петір, мені мына заттардан да көп сүйесің ба?» Петір айтты «Иә,Ием; өзің білерсің сүйетінімді» 10

Құтқарушы сол жауапқа жауап беріп, бірақ шәкірттерінің көздеріне қарай бере тағы былай деді, «Петір, мені сүйесің ба?» Қайталанған сұраққа тағы түсінбей шатасып тұрған балықшы жауабын екінші рет берді, «Иә,Ием; өзің білерсің сүйетінімді».11

Құтқарушы тағы да қысқаша жауап беріп, бірақ қайталанып бітпейтіндей Ол тағы үшінші рет сұрақ қояды, «Петір, мені сүйесің бе?» Енді Петір болса өзін шынында да ыңғайсыз сезе бастады. Бәлкім, тек үш күн бұрын болған Исаның деген үш рет қойылған сұрақтары жүрегінің естелігінде бар болғаны, бірақ ол кезде Петір сол дәл жауапты кішкене жағымсыз түрде берген еді. Әлде бәлкім Петір Ұстазының сұрағын түсінбедім деп ойлана бастады ма екен. Әлде Петір жүрегінде, автоматты түрде берген жауабының шындығын іздеді ма. Қайтадан Иса одан үшінші рет сұраған кезде, Петір мұңайып, үшінші рет жауабын берді: «Ия, Ием, Сізді жақсы көретінімді білесіз ғой».12

Сол жауапқа Иса жауабын, (ал енді осы жерде мен өзімнің киелі кітаптардан тыс талдауымды ұсынамын) бәлкім былай деп, берді: «Онда Петір, сен неге осы жердесің? Онда біз неге тағы сол баяғы жағалауда, сол баяғы торлардың қасында сол баяғы әңгімедеміз? Сол кезде немесе қазіргі кезде, Менің егер де балықты қалағаным да балық таба алатыным анық болмап па еді? Маған керектігі ол шәкірттер - және маған олар мәңгілікке керек. Маған менің малдарыма тамақ беретін және қозыларымды құтқаратын адам керек. Маған Менің інжілімді уағыздайтын және Менің сенімімді құтқаратын адам керек. Маған Мені сүйетін, шынайы сүйетін, және Көктегі Әкеміздің ісін сүйетін адам керек. Біздің тапсырмамыз тарих құру емес. Бұл жұмыс не көмексіз не үмітсіз емес. Бұл Құдіретті Құдайдың жұмысы, және бұл жұмыс әлемді өзгерту болып табылады. Енді, екінші рет, шынайы соңғы рет, Петір, сенен сұрайтыным осының бәрін таста да барып оқыт және куәгер ет, олар сол маған істегенін саған істегенге дейін, адал қызмет ет».

Содан Апостолдарына бұрылып, Ол мүмкін былай деп айтқан шығар: «Сендер Фарисейлер, және жазбашылар секілді, Герод және Пилат секілді ойланбай қайратты болдыңдар ма? Сендер олар сияқты, бұл жұмыстың Мені өлтірген соң тоқтатылады деп, ойладыңдар ма? Сендер олар сияқты айқыш, шегелер, және бейіттің бәрі бәр істің соңы деп ойладыңдар ма, әлде осы оқиғадан кейін бәрі ойдағыдай өз қалпына келеді дедіңдер ма? Балалар, менің өмірім және менің сүйіспеншілігім сендердің жүректеріңе бүкіл оқиғаларға қарағанда ықпал етпеді ма?

Менің сүйікті бауырларым мен әпкелерім, мен біздің сол Сот күні қандай сезімде, немесе не болатынын айта алмаймын, бірақ Құдай бізден Исаның Петірден не сұрағанын сұрамаса мен таң қалатын едім. Менің ойымша, Ол біздің жергілікті тұрақсыз және кей заттарға балалық қөз қарасымызда, бізденбірөсиетті түсініп, алғашқы және ұлы өсиетті ұмытпағанымызды қалайды - «Құдай Иеңді шын жүректен, бүкіл жан дүниеңмен, барлық ақыл-ойыңмен сүй!»13 Егер сондай сәтте біз жаңылмай «Иә,Ием; өзің білерсің сүйетінімді» деп айтсақ, мүмкін Ол бізге сүйіспеншіліктің шынайы қасиеті адалдық екенін есімізге түсірер.

«Егер де мені сүйсеңдер, өсиетерді орындаңдар»14 деп, Иса айтқан. Бізде бата беретін көршілер, қорғайтын балалар, аяқтарына көтеретін кедейлер, және қорғайтын ақиқатымыз бар. Бізде бұрысты дұрыс қылатын, бөлісетін ақиқат, жақсылық істейтін іс бар. Қысқалап айтқанда, бізде Құдайға берілген, шәкірттік өмір бар. Біз қазір тоқтап доғара алмаймыз. Құдай Ұлымен кездескеннен кейін біздің өмірімізде ештеңе де бұрыңғыдай болмайды. Исаның Өлімі, Өтеуі, және қайта тірілуі Христиандық өмірдің аяғын емес, басын баяндайды. Осы нағыз ақиқат пен шындық, Апостол болу үшін, Галилеялық балықшылары торларын екінші рет «ешқандай синагогасыз, қылышсыз»15 тастап, қазір тұрып жатқан өмірдегі әлем тарихын құру үшін ықпал етті.

Мен шын жүрегіммен, шын ниетіммен менің дауысымды естіп тұрған адамдарға куәгерлігім осы болсын - бүкіл апостолдық кілттердің бәрі Иса Мәсіхтің Соңғы Замандағы Әулиелер Шіркеуінде табылған. Егер де, араларыңда кімде кім, Мәсіхтің ісіне орай бізге қосылмаған болсаңдар, біз сіздерге, «Өтінеміз істеңіз.» Егер де, кімде кім, бұрын бізбен болып, басқа өмірді таңдаған болсаңыз, мен айтарым, «Сіз көптеген ұзақ түндер және балықсыз торға тап болып жүргеніңіз». Біздің міндетіміз адал болып қалу, Құдайды сүю және қолғабыс беру. Оралған миссионерлерді де, су рәсімі өтетін жерде тұрып, «Иса Мәсіхтің берілген билігімен» айтқанын қоса кетемін.16 Сол берілген билік жаңадан Исаға келген адамды мәңгілікке өзгерткендей, сендерді де өзгерту керек. Шіркеудің миссияға өсіп келе жатқан және ғибадатхана мен некеге ұмтылғандарға біздің айтарымыз, «Құдайды сүйіп, сен». Осы заманның қаны мен күнәсінен таза болып қал. Президент Томас С. Монсонның кешегі таңғы отырыста айтқаны ғажайып сөзіне сәйкес, сендердің істейтін ұлы жұмыстарың бар. Көктегі Әкең сендерден адалдық пен сүйіспеншілікті күтеді.

Барлықтарыңа өзімнің дауысымен, және Мәсіхтен келген дауыспен әрқайсысымыздан уақыт барда сұрайтын сұрақ, «Мені сүйесің бе?» Әрқайсымыздың атынан, менің түпкі бүкіл жанымның күшімен айтатын жауабым, «Иә, Ием, біз Сізді жақсы көреміз». «Қолымызды соқаға қойып»17 біз жұмыс аяқталғанша, Құдайға және маңайыңдағыларға деген сүйіспеншілік әлемді билегенге дейін біз артқа қарамаймыз. Иса Мәсіхтің атынан, әумин.