Киелі жазбалар
Жақып 4


4‑ші тарау

Барлық пайғамбарлар Әкеге Мәсіхтің атымен ғибадат етті. Ыбырайымның Ысқақты құрбандыққа шалуы Құдайға және Оның жалғыз Туғанына ұқсады. Адамдар өтеу арқылы Құдаймен татуласуы керек. Яһудилер ірге тасынан бас тартады. Шамамен 544–421 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Енді міне, дәл солай болды, мен, Жақып, халқыма сөз арқылы көп қызмет еттім, (және біздің сөздерімізді парақтарға ойып түсіру қиын болғандықтан мен өзімнің бірнеше сөздерімді ғана жаза аламын) және біз парақтарға жазған нәрселер сақталып қалуы керек екенін білеміз;

2 Бірақ біз парақтарға жазбағанның бәрі жойылып және жоғалып кетуі керек; бірақ біз балаларымызға, сондай‑ақ сүйікті бауырларымызға өзіміз туралы немесе олардың әкелері туралы аздаған білім беретін парақтарға бірнеше сөз жаза аламыз.

3 Енді біз осы нәрсеге қуанамыз; және біз бұл сөздерді парақтарға жазу үшін бар ынтамен еңбек етіп жатырмыз, біздің сүйікті бауырларымыз бен балаларымыз оларды шын жүректен қабылдайды деп және олар өздерінің ата‑бабалары туралы білім алу үшін қайғы немесе жек көру арқылы емес, қуанышпен қарайды деп үміттенеміз.

4 Өйткені Мәсіх туралы білгенімізді және оның даңқына оның келуінен көптеген жүз жыл бұрын үміт артқанымызды білсін деп, біз мұны осы мақсатпен жаздық; оның даңқына өзіміз ғана емес, сондай‑ақ бізден бұрынғы барлық қасиетті пайғамбарлар да бар үміт артқан болатын.

5 Міне, олар Мәсіхке сенді және Әкеге оның атымен ғибадат етті, ал біз де Әкеге Оның атынан ғибадат етеміз. Міне осы мақсатта біз Мұсаның заңын ұстанамыз, ол біздің жанымызды оған бағыттайды; ал осы себепті ол бізге әділдік үшін қасиетті, сондай‑ақ шөл далада Ыбырайым өз ұлы Ысқақты құрбандыққа шалу кезінде Құдайдың әмірлеріне мойынсұнды деп есептелгендей, бұл Құдай мен Оның Жалғыз Ұлының үлгісі болып табылады.

6 Сондықтан біз пайғамбарларды іздейміз және көптеген аяндар мен пайғамбарлық рухқа ие болдық; және осы куәліктердің барлығына ие бола отырып, біз үміт артамыз және сеніміміздің шайқалмайтыны сонша, біз шынымен Исаның атынан бұйрық бере аламыз және ағаштар да бізге бағынады, немесе таулар, немесе теңіз толқындары.

7 Соған қарамастан Құдай Жаратқан Ие біздің әлсіздігімізді көрсетеді, осылайша біз оның рақымының арқасында және оның адам баласына деген зор мейірімінің арқасында осы істерді орындауға күшіміз жетеді.

8 Міне, Жаратқан Иенің істері ұлы және ғажайып. Оның жұмбақтарының тереңдігі қандай тылсым; ал адам оның барлық жолын білуі мүмкін емес. Оның жолдары оған ашылмайынша, ешкім оны біле алмайды; сондықтан, бауырлар, Құдайдың аяндарын кемсітпеңдер.

9 Міне енді, оның сөзінің құдіреті арқылы жер бетіне адам келді, ал жер оның сөзінің құдіретімен жаратылан болатын. Сондықтан, егер Құдай сөйлей алып – міне әлем жаратылса, ал тіл қатып – міне адам жаратылса, уа, онда неге ол озіның қалауы мен ықыласына сәйкес жерге немесе оның бетіндегі қолының жұмысына әмір етпес ке?

10 Сондықтан, бауырлар, Жаратқан Иеге кеңес бермеңдер, бірақ оның қолынан кеңес алуға ұмтылыңдар. Міне өйткені ол өзінің барлық істерінде даналықпен және әділдікпен әрі зор мейіріммен кеңес беретінін өздерің білесіңдер.

11 Сондықтан, сүйікті бауырларым, оның Жалғыз Ұлы Мәсіхтің өтелуі арқылы онымен татуласыңдар, сонда Мәсіхтегі қайта тірілудің күшіне сай қайта тірілуге қол жеткізесіңдер және Мәсіхтің алғашқы жемістері ретінде Құдайға ұсынылатын боласыңдар, сенімге ие болып, ол тәнде пайда болғанға дейін оның ұлылығына деген жақсы үмітке ие боласыңдар.

12 Ал енді, сүйіктілерім, сендерге бұл сөздерді айтқаныма таң қалмаңдар; Неліктен Мәсіхтің өтелуі туралы айтпасқа және ол туралы кемелді білімге қол жеткізбеске және қайта тірілу мен болашақ дүние туралы білімге жетпеске?

13 Міне, бауырларым, кім пайғамбарлық ететін болса, ол адамдардың түсінігіне сай пайғамбарлық етсін. Өйткені Рух шындықты айтады және өтірік айтпайды. Сондықтан олар сол нәрселер туралы шын мәніндегі күйінде және сол шын мәнінде болатын нәрселер туралы айтсын; сондықтан, бұл нәрселер жанымызды құтқару үшін бізге анық көрінеді. Бірақ міне, осы нәрселерге тек біз ғана куә емеспіз; өйткені Құдай мұны көне пайғамбарларға да айтқан болатын.

14 Бірақ, міне, яһудилер қатыгез халық болған еді; міне олар айқын сөздерді менсінбеді және пайғамбарларды өлтірді әрі өздері түсінбейтін нәрселерді іздеді. Сондықтан, соқырлық белгіден тыс қарау арқылы пайда болған соқырлықтың салдарынан олар құлауға мәжбүр болды; осылайша Құдай олардан өзінің анықтығын алып тастады және оларға түсінбейтін көп нәрсені берді, өйткені олар соны қалады. Міне олар соны қалағандықтан, Құдай оларды сүрінетін етіп жасады.

15 Міне енді мен, Жақып, пайғамбарлық ету үшін Рухтың жетелеуімен жүрмін; өйткені мен ішімдегі Рухтың әрекетінен сезінемін, сүріну арқылы яһудилер өздері тұрғызатын және сенімді іргетасқа ие болатын тастан бас тартатын болады.

16 Бірақ міне, киелі жазбаларға сәйкес, бұл тас яһудилер тұрғыза алатын ұлы және соңғы және жалғыз сенімді іргетасы болады.

17 Ал енді, менің сүйіктілерім, бұл қалай болуы мүмкін, сенімді негізден бас тартқаннан кейін, соған сүйене тұрғызып, олардың бұрышының басына айналуы мүмкін бе?

18 Міне, менің сүйікті бауырларым, мен сендерге бұл құпияны ашамын; егер мен Рухтағы беріктігімнен қандай да бір себептермен шайқалып және сендерді қатты уайымдағаным үшін сүрінбесем.