Киелі жазбалар
Жақып 7


7‑ші тарау

Шерем Мәсіхті жоққа шығарады, Жақыппен дауласады, белгіні талап етеді және Құдайдың соққысына ұшырайды. Барлық пайғамбарлар Мәсіх туралы және Оның Өтелуі туралы айтқан болатын. Нефиліктер қиыншылықта туылған және ламандықтар жек көретін кезбелер ретінде өмір сүрді. Шамамен 544–421 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Міне дәл солай болды, бірнеше жыл өткен соң, Нефи халқының арасында Шерем есімді бір адам келді.

2 Міне дәл солай болды, ол халық арасында уағыздай бастады және оларға Мәсіхтің болмысын жоққа шығарып жариялай бастады. Ол адамдарға ұнамды болатын көптеген нәрселерді уағыздады; Мұны ол Мәсіхтің ілімін жою үшін істеді.

3 Міне халықтың жүрегін баурап алу үшін аянбай еңбек еткені соншалық, талай жүректерді баурап алды; ал мен, Жақып, келе жатқан Мәсіхке сенетінімді білгендіктен, ол маған келудің көптеген мүмкіндіктерін іздеді.

4 Ал оның білімді болғаны сонша, бұл халықтың тілін жетік меңгерген; сондықтан ол шайтанның құдіретіне сәйкес көптеген мақтау сөздері мен сөздің кұдіретті күшін қолдана алатын.

5 Міне ол көптеген аяндарға және осы нәрселерге қатысты көргеніме қарамастан, мені сенімімнен тайдыруға үміттенді; өйткені мен шынымен періштелерді көрдім және олар маған қызмет етті. Міне сондай‑ақ мен Жаратқан Иенің маған анда‑санда нақты сөзбен сөйлеген даусын естідім; сондықтан мені тайдыруға мүмкін емес.

6 Міне дәл солай болды, ол маған келді және осылайша маған сөйлеп, былай деді: Жақып бауырым, мен сенімен сөйлесу үшін көп мүмкіндіктерді іздедім; өйткені мен естідім және білемін, сен талай жерді жортып, сендердің өздерің інжіл немесе Мәсіх туралы ілім деп атайтын нәрселерді уағыздап жүрсің.

7 Міне сендер бұл халықтың көбін ертіп әкеттіңдер, ал олар Құдайдың тура жолынан бұрмалап және Мұсаның заңын орындамайды, ал бұл дұрыс жол; міне Мұсаның заңын жүз жылдан кейін келеді дейтін болмысқа табынуға айналдырдыңдар. Ал енді мен, Шерем, саған айтамын, бұл Құдайға тіл тигізу; өйткені ешкім мұндай нәрселерді білмейді; өйткені ол алдағы нәрселер туралы айта алмайды. Міне осылай Шерем маған қарсы шықты.

8 Бірақ міне, Жаратқан Ие менің жаныма Өз Рухын төккені сонша, сондықтан мен оны барлық сөздерін масқара еттім.

9 Міне мен оған былай дедім: Сен келе жатқан Мәсіхті жоққа шығарасың ба? Міне ол былай деді: Егер Мәсіх бар болса, мен оны жоққа шығармас едім; бірақ мен Мәсіхтің жоқ екенін білемін, болған емес және ешқашан болмайды да.

10 Міне мен оған былай дедім: Сен жазбаларға сенесің бе? Міне ол маған былай деді: Иә

11 Міне мен оларға былай дедім: Онда сен оларды түсінбейсің; өйткені олар Мәсіх туралы шынайы куәлік етеді. Міне, енді мен саған айтамын, бірде‑бір пайғамбар осы Мәсіх туралы айтпай, жазбазған да емес, пайғамбарлық еткен де емес.

12 Міне бұл бәрі емес: бұл маған ашылды, өйткені мен естідім және көрдім; сондай‑ақ ол маған Қасиетті Рухтың құдіреті арқылы ашылды; сондықтан, егер өтеу жасалмаса, бүкіл адамзат жойылатынын білемін.

13 Міне, дәл солай болды, ол маған былай деді: Маған Қасиетті Рухтың осы күшінің белгісін көрсет, ол арқылы сендер көп нәрсені білетін.

14 Міне мен оған былай дедім: Өзің ақиқат деп білетін нәрсеңнің белгісін көрсету үшін Құдайды сынайтындай мен кіммін? Сонда да сен оны жоққа шығарасың, өйткені сен шайтаннансың. Дегенмен, бұл менің еркім емес; ал егер Құдай сені ұрса, бұл саған оның көкте де, жерде де күші бар екенін және Мәсіхтің келе жатқанын көрсететін белгі болсын. Уа, Жаратқан Ие, менікі емес, сенің еркің орындалсын.

15 Міне дәл солай болды, мен, Жақып, осы сөздерді айтқан кезде, оған Жаратқан Иенің құдіреті түсіп, ол жерге құлады. Міне дәл солай болды, оны көп күн бойы тамақтандырды.

16 Міне дәл солай болды, ол халыққа былай деді: Ертеңгі күні бірге жиналыңдар, өйткені мен өлемін; сондықтан мен өлмес бұрын халықпен сөйлескім келеді.

17 Міне дәл солай болды, ертеңіне қалың жұрт бірге жиналды; міне ол оларға ашық сөйлеп, оларға үйреткен нәрселерін жоққа шығарды және Мәсіх пен Қасиетті Рухтың күшін және періштелердің қызметін мойындады.

18 Міне ол оларға шайтанның құдіретіне алданып қалғанын ашық айтты. Міне ол тозақ туралы және мәңгілік туралы және мәңгілік жаза туралы айтты.

19 Міне ол былай деді: Мен кешірілмейтін күнә жасадым ба деп қорқамын, өйткені мен Құдайға өтірік айттым; өйткені мен Мәсіхті жоққа шығарып, Жазбаларға сенетінімді айттым; ал олар ол туралы шынайы куәлік етеді. Ал мен Құдайға көп өтірік айтқандықтан, тағдырым сұмдық болады ма деп қатты қорқамын; бірақ мен Құдайдың алдында мойындаймын.

20 Міне дәл солай болды, ол осы сөздерді айтқан соң ол енді сөйлей алмай қалды да ол жанын тапсырды.

21 Міне оның бұл сөздерді ол жанын тапсырғалы жатқанда айтқанына куә болған жұрт соншалықты таң қалғаны сонша; сондықтан оларға Құдайдың құдіреті түсті және олар әлсіреп, жерге құлады.

22 Енді, бұл маған Жақыпқа ұнады, өйткені мен мұны көктегі Әкемнен сұраған едім; өйткені ол менің үнімді естіп, мінажатыма жауап берді.

23 Міне дәл солай болды, адамдар арасында тыныштық пен Құдайға деген сүйіспеншілік қайтадан қалпына келтірілді; міне олар жазбаларды зерттеп, бұл зұлым адамның сөздеріне енді құлақ аспады.

24 Міне дәл солай болды, ламандықтарды ақиқат туралы білімге қайтарып және қалпына келтіру үшін көптеген құралдар ойлап табылды; бірақ мұның бәрі бекер болды, өйткені олар соғыс пен қан төккенді ұнататын және бізге, өз бауырларына мәңгілік өшпенділікпен қарайтын. Міне олар өз қаруларының күшімен бізді үнемі құртуға ұмтылды.

25 Сондықтан, Нефи халқы Құдайға және оларды құтқаратын қорғанға сенім артып, қару‑жарақпен және бар күш‑қуатымен оларға қарсы бекініс жасады; сондықтан олар әлі де жауларының жеңімпазы болды.

26 Міне дәл солай болды, мен, Жақып, қартая бастадым; ал бұл адамдар туралы жазба Нефидің басқа парақтарында сақталған, сондықтан мен бұл жазбаны аяқтаймын, өз білгенімше жазғанымды айта отырып, уақыт өтті бізбен, өміріміз де өтті, біз үшін арман сияқты болды, өйткені біз жалғыз және салтанатты халықпыз, қанғыған, Иерусалимнен қуылған, азапта, шөл далада туылған және соғыстар мен қақтығыстар тудырған бауырларымызды жек көрген халық болдық; сондықтан біз күндерімізді жоқтаумен өткіздік.

27 Міне мен, Жақып, жақын арада қабірге түсуім керек екенін көрдім; сондықтан мен ұлым Еносқа айттым: Мына парақтарды ал. Міне мен оған менің ағам Нефи маған бұйырған нәрселерді айттым және ол осы бұйрықтарға мойынсұнуға уәде берді. Міне мен өз жазбамды осы парақтарда аяқтаймын, бұл жазба қысқа болды; ал оқырманмен қоштасамын, менің сөздерімді бауырларымның көбі оқиды деп үміттенемін. Қош болыңдар, бауырлар.