2010–2019
Әр жағдайда ризашылық білдіру
Сәуір 2014


Әр жағдайда ризашылық білдіру

Біздің қазіргі жағдайымызға қарамастан ризашылығымызды білдіру үшін, ойланып көрмес пе едік?

Көп жылдар бойы мен жанына батып, көптеген қиындықтарды көрген адамдармен рухани кездесу мүмкіндігім болды. Сол сәттерде, мен сүйікті бауырларым мен әпкелерімді тыңдап отырып, олардың қиындықтарына ортақтас болуға тырыстым. Оларға не айтамын, қалай жұбатып, сынақтарында қайтып көмек көрсете алатынымды білу үшін, бар күшімді салып ойландым.

Жиі олардың қайғысы соңғы мәреге жеткендей болып көрінеді. Олардың кейбіреуі ежелгі қарым-қатынастың тоқтатуымен байланысты, мысалы, жақын адамның өлімі немесе отбасы мүшесінің алыстап кетуі. Кейбіреуі неке құруға, балалы болуға немесе ауруынан арылу - олардың сол үміттерінің соңы деп, ойлайды. Кейбіреуі өздерінің сенімін жоғалтып, пенделік қызықтырушылық арбаудың қарама-қайшылық дауыстың сұрағына елігіп, адасқандай болып, бір кезде білген ақиқаттан бас тарту күйіне де, түсуі мүмкін.

Ерте ме кеш пе, біздің барлық уақыт сынақтары бізді көз жасымызға дейін жеткізген кезде, біздің жалғызсыраған сезіміміз бен түңілуіміз түбегейлі ағымға айналып кететініне мен сенемін.

Бұл барлығына жақын. Ешкім де бұдан сақтанбаған.

Біз ризашылығымызды білдіре аламыз

Әркімнің жағдайы әр түрлі және әркімнің өміріндегі егжей-тегжей де, ерекше. Дегенмен, мен біздің өмірде орын алған қиындықтарды алып кете алатын бір нәрсені білдім. Біздің өмірді тәтті қылып, қуанышты, тіпті даңқты қылу үшін, бір зат бар.

Біз ризашылығымызды білдіре аламыз!

Бұл қиындықтардың қайғысына түскен адам Құдайға ризашылығын білдіруі керек деген әлемнің даналығына қарама-қайшы болып естілуі мүмкін. Бірақ сол қайғы шынысын кейінге қалдырып, оның орнына ризашылығыңызды білдіріп, жүлде шынысын көтерсеңіз, онда сауықтыру мен түсініспеушіліктің тазарту сусынын табасыз.

Мәсіхтің шәкірттері ретінде бізге; «Иеге ризашылық білдіріңдер [біздің] Құдай барлық нәрседе»,1 «Құдайға ризашылық білдіріп, ән айт» 2 және «[біздің] жүрегіміз Құдайға деген ризашылыққа толы болсын.»3

Неге біз Құдайға ризашылық білдіруіміз керек деп, өсиет етілген?

Оның баталары бізге қол жетімді болуы үшін, барлық өсиеттері берілген. Өсиеттер біздің іс-әрекетімізде пайдаланып, баталарды алу үшін берілген мүмкіндік. Біздің сүйікті Көктегі Әкеміз біледі, егер біз рухани ризашылығымызды өсіретін болсақ, ол бізге үлкен бақыт пен шынайы қуаныш сыйлайтын болады.

Әр нәрселерге ризашылық білдіру

Бірақ кейбір адамдар: «Менің тыныштығым құрдымға кеткен кезде мен неге ризашылық білдіруім керек?» деп, айтуы мүмкін.

Мүмкін біз ризашылығымызды білдіріп, біз нені дұрыс істемедік деп, назарымызды соған аударармыз. Егер біздің ризашылығымыз тек қана мөлшерлес алған батаның санына ғана жүгіну болып табылса, онда ризашылық рухын өсіру қиынға түсетіні анық. Шындап келгенде, «біздің баталарды санау» маңызды – оны жасаған адам оның қаншалықты көп екенін біледі – бірақ мен сенемін, Құдай бізден молшылық пен жеңілдік кезеңінде ғана емес, біздің сынақтан өткен кезімізде, ризашылық білдіргенімізді күтеді. Шынында, киелі жазбадағы анықтамаларда заттар үшін ризашылық туралы айтылмаған, керісінше рухқа бөленіп, ризашылық білдіру керектігін ұсынады.

Біздің өміріміздің жолы жеңіл болған кезде, ризашылықты сол нәрселер үшін білдіру оңай. Ал қалағанымызға қол жеткізе алмаған кезімізде ше, сонда не?

Мен ризашылықты бейімділік ретінде және біздің жағдайға байланыссыз өзінше тұрған жоқ өмір бейнесі ретінде көретінімізді, болжадым ба? Өзге сөзбен айтқанда, біз заттар үшін ризашылықты білдірудің» орнына, назарымызды біздің жағдайымызға бұрып, ризашылығымызды білдіре отырып, олардың бар болғанына шүкіршілік етейік.

Тапсырыс берушіден асыңыздан ләззат алдыңыз ба деп, сұраған даяшы туралы бір ескі оқиға бар. Қонақ оған, бәрі керемет болды, бірақ нанды көбірек әкелгенде одан да жақсы болар еді деп, жауап берді. Келесі күні, сол кісі қайтып келген кезде, даяшы оған екі тілім нанның орнына төрт тілім нан әкеп қойды, бірақ ол адам өзін сол күйі бақытты сезінбеді. Келесі күні даяшы нанды екі есе қылып әкелді, бірақ ол да, сәтсіз аяқталды.

Төртінші күні даяшы ол адамды шынымен де, бақытты қылғысы келді. Ол бір бүтін нанды алып, екіге бөлді де, сол тапсырыс берушіге қызмет етті. Даяшы оның жауабын асыға күтті.

Асын аяқтаған соң, ол адам басын көтеріп: «Әдеттегідей барлығы жақсы. Бірақ сіз маған тек қана екі тілім нан беру үшін, қайтып оралыпсыз» деді.

Біздің жағдайымызға ризашылық білдіру

Менің қымбатты бауырларым мен әпкелерім, таңдау өзімізден. Біз мінажат арқылы қажеттілігімізді сезініп, таңдау жасап, ризашылығымызды азайта аламыз. Немесе ешқашан жүрегінде күмән тудырмаған Нефий сияқты таңдау жасай аламыз. Ол арман еткен жерге бару үшін, құрған кемеде бауырлары оны байлап тастаған кезде, оның тобығы мен білектері қатты ауырғаны сонша, «олар қатты ісіп кетті» және қатты дауыл оны теңіз түбіне алып кететіндей қауіп төндірді. «Соған қарамастан» Нефий: «Мен шынымен Құдайға қарап, күні бойы Оны мадақтадым және мен қиындықтарым үшін, Оған наразылығымды білдірген жоқпын» 4 деді.

Біз барлығы болып, кейін барлығынан айырылған Иов сияқты таңдау жасай аламыз. Соған қарамастан Иов: «анамның құрсағынан мен тыржалаңаш шыққан едім, тыржалаңаш күйі ораламын. Жаратқан Ие берді, Жаратқан Иенің [Өзі] қайтып алады. Жаратқан Иенің есімі шапағатты болсын» 5 деп, жауап берді.

Біз мормон пионерлері сияқты болуды таңдай аламыз, олар Үлкен тұзды көлге бет алған қиын кезең жолдарында, ризашылық рухын ұстанды және Құдайдың жақсылығы туралы өлең айтып, биледі.6 Көпшілігіміз қиын қиналыста, жолдан бас тартып, наразылық білдіруге бейімбіз.

Лас Либерти абақтысында нашар жағдайдағы қамауда жатқан кездегі Пайғамбар Жозеф Смит сияқты болу үшін таңдау жасай аламыз, ол осы шабыттандыратын сөздерді: «Менің сүйікті бауырларым, біздің қолымыздан келген нәрсенің барлығын ынтамен жасайық, сонда біз әлі де тұрып, толық сенімде, Құдайдың құтқарған көмегін көре аламыз» 7 деп, жазып қалдырды.

Біз еш нәрсеге қарамастан, ризашылық білдіру үшін, таңдау жасай аламыз.

Бұл ризашылықтың түрі біздің айналамызда болып жатқанның барлығынан асып түседі. Бізді түңілу, уайым мен үзілген үміт артады. Ол жаздағы жылы кездегідей, ол да, әдемі болып қыстың мұз өрнегіндей өсіп-өнеді.

Біздің жағдайымызда біз Құдайға ризашылығымызды білдірген кезімізде, біз қиналыстың қызған кезінде, әлемнің нәзік сынағын сезіне аламыз. Қайғы-қасірет кезінде, біз әлі де жүрегімізді көтеріп, мадақтай аламыз. Қиындықта біз Мәсіхтің Өтелу даңқын өсіре аламыз. Суықтың қиын кезеңінде, біз көктің құшақтаған жылуын сезіне аламыз.

Кейде, біз ризашылықты біздің қиындықтарымыз шешілгеннен кейін ғана білдіреміз, бірақ алдын болжай алмайтынымыз сұмдық. Біз жаңбыр жауған үшін, Құдайға ризашылығымызды білдірер алдында кемпір қосақты күтеміз деп, қанша өмірімізді зая кетеді.

Қиын кезеңде біз ризашылығымызды білдіріп, өз жағдайымызға қуаныштымыз дегенді білдірмейді. Бұл сенім көзі арқылы қазіргі қиындықтарымыздың шегінен де, алыс көреміз дегенді білдіреді.

Бұл жай айтқан сөз емес, рухтың ризашылығы. Бұл ризашылық жүректі емдеп, санамызды кеңейтеді.

Дін Рәміздеріне ризашылық білдіру

Біздің жағдайда Құдайдың дін рәміздеріне ризашылық білдіру болып табылады. Ол бізге ақиқат болып табылатын біздің көзіміз жетпейтін нәрселерге үміт артып, Құдайға сеніңдер деп, талап етеді.8 Ризашылығымызды білдіріп, біз сүйікті Құтқарушымыздың үлгісінен үйренеміз, Ол: «Сенікі болсын, Менікі емес»9 деген.

Шынайы ризашылық үміт пен куәгерлік арқылы келеді. Бұл біз өміріміздегі сынақтарды түсінбегендіктен болады, бірақ сенімділік бір күні келеді.

Қандай жағдай болмасын, біздің ризашылығымызды білдіру сезімін толықтыратын біз білетін көптеген киелі ақиқаттардан білеміз: біздің Әкеміз Өз балаларына Үлкен бақыт жоспарын бергенін, Оның Ұлы Иса Мәсіхтің Өтелуі арқылы біз өзіміздің жақын адамдарымызбен мәңгілік өмір сүре алатынымызды, ақыр-соңында бізде даңқты, керемет, ауру мен мүгедектік ауыртпалығы жоқ ажалсыз дене болатынын және біздің қайғы мен зиян көрген көз жасымыз қуаныш пен толы бақытқа айналатынын, «Қандай өлшемді қолдансаңдар, сендерге де, сонымен өлшеп береді.»10

Бұл Құтқарушының апостолдары қорқыныш сезімі мен күмән тудыратын сезімдерінен арылып, Ұстаздың батыл да, бақытты адамдарына айналған куәгерліктің бірі. Айқыш ағашына керіп тастаған соң, бірнеше сағат өтісімен олар не болғанын ұқпай торығып, қайғы күйге түсті. Бірақ бір оқиға осының барлығын өзгертті. Олардың Иесі оларға келіп: «Қол-аяғымды қараңдар: бұл – Менің Өзім.»11 деп, жария етті.

Апостолдар өздерінің қайта тірілген Мәсіхті таныған кезде, олар өздерінің сүйікті Құтқарушысының қайта тірілген даңқысын көргенде - олар басқа адамға айналды. Оларды өз миссиясын орындаудан ештеңе тоқтатуы мүмкін бола алмас еді. Олардың басынан әлсіздік, қорлық, мұқтаждық, қуғын-сүргін, қысымшылық көрсе де, олардың куәгерлігі бар болғандықтан, батыл шешім қабылдады12 Олар өздерінің Иесін мадақтап, қызмет етуін тоқтатқан жоқ. Олар дүние жүзіндегі адамдардың өмірін өзгертті. Олар әлемді өзгертті.

Сіздер үшін Құтқарушыны Апостолдар сияқты көріп, сол өзгерістер сынағынан өтудің қажеті жоқ. Сіздердің Мәсіх туралы куәгерліктеріңіз Киелі Рухтан туылып, сіздерге көрінген өлімнің қайғылы аяғын айналып өтуге көмектесіп, әлемнің Өтелушісі даяр еткен жарқын болашақты көре аласыздар.

Біз аяқтау үшін жаратылған жоқпыз

Жарықта біздің мәңгілік тағдырымыз жайлы не білеміз, өмірдің қайғысы мен соңы соқтығысқанда таң қалу қажет пе, ол бізге тиімсіз бе? Ол жақта соңы болуына қарсы тұратын біздің ішкі дүниемізде бір нәрсе бар.

Неге солай? Өйткені, біз мәңгілік затынан жасалғанбыз. Біз бізге сан жетпес мәңгілік баталарды беруді уәде еткен Мәңгілік13 аты бар Құдіреті Күшті Құдайдың тірі жанды мәңгілік балаларымыз.

Біз Иса Мәсіхтің інжілі туралы танып білген сайын, осы жерде соңы мүлде жоқ екенін түсіне бастаймыз. Бұл жай ғана кідіріп қалу – бұл сенушілердің мәңгілік қуанышымен салыстырғанда, тамаша күндердің күнінде осы уақытша келген үзіліс қысқа болып көрінер.

Мен Көктегі Әкеміздің жоспарында ешқандай да, ақиқат соңының болмағанына және тек қана мәңгілік бастамасына ризашылығым шексіз.

Ризашылық білдіргендер даңқтарға бөленеді

Бауырлар мен әпкелер, біздің қазіргі жағдайымызға қарамастан ризашылығымызды білдіру үшін, ойланып көрмес пе едік?

Біз жүрегімізде «Құдайға толығымен ризашылығымызды білдіруіміз»14үшін, басқа да, көптеген себеп іздеудің қажеті бар ма?

«Әлде, бізде үлкен қуаныш үшін себеп жоқ па?»15

Егер біз өмірдің ғажайып кілемінде Құдайдың қолдауын қабыл алатын болсақ, батасын аламыз. Біздің Көктегі Әкемізге деген ризашылығымыз біздің көрінісімізді тазартып, қабылдауымызды кеңейтеді. Бұл бізге сыпайы болып, Құдайдың жаратқанына және айналамыздағы адамдарға көңіл бөліп қарауға шабыттандырады. Ризашылық барлық Мәсіхке тән, катализатор болып табылады! Шын ниетпен ризашылық танытқан барша ізгі ниеттілердің ата-анасы болып табылады.16

Иеміз бізге Өз уәдесін берген: «Кімде-кім [алған] нәрсесін ризашылық танытып алар болса, даңқтарға бөленер; және осы жердің заттары да,[соларға] қосылуы тиіс.»17

Біз «ризашылықты күнделікті білдіріп өмір сүре»18 аламыз ба – әсіресе өлімнің бір бөлігі болып табылатын соңы түсініксіз кезең болып көрінгенде. Біз өз жанымызды Көктегі Әкемізге ризашылығымызды білдіріп, ашуға мүмкіндік бере аламыз ба. Біз қашанда даусымызды шығарып, өз ризашылығымызды сөзбен және ісімізбен Көктегі Әкеміз бен Оның Сүйікті Ұлы Иса Мәсіхке көрсете аламыз ба екен. Осы үшін, мен сіздерге өз куәгерлігім мен батамды қалдырамын. Біздің Ұстаз, Иса Мәсіхтің атына, аумин.