2010–2019
«Қорықпа; Мен сенің қасыңдамын»
Сәуір 2014


«Қорықпа; Мен сенің қасыңдамын»

Біздің Иемізге деген сеніміміз бен адалдығымыз арта түскен кезде, біз бата беріп, еркін болуымыз үшін, Оның күшін ала алатын боламыз.

Ата-ана болу нәзік сезімімен салыстыратын сезім аз. Онда тура көктен келген баладан қымбат та, тәтті нәрсе жоқ. Менің бауырларымның бірі сол сезімді ерекше жүрекке жылы тиетіндей бастан кешірді. Оның тұңғыш баласының күні толық жетпей, салмағы бір килограмм үш жүз грамм (1.3кг) болып туылды. Хантер өзінің бірінші екі ай өмірін жаңа туған балаларға арналған емхананың терапия бөлімінде өткізді. Сол айлар барлық отбасы үшін нәзік уақыт сезімде болып, Иеден Оның көмегін сұрап, үміт арттық.

Кішкентай Хантер сондай тәуелді болды. Ол өмір үшін қажет барлық күшті алуға тырысты. Оны жақсы көретін әкесінің күшті қолы ұлының кішкентай қолынан жиі ұстап, өзінің әлсіз кішкентай баласына қолдау көрсетті.

Бұл Құдайдың барлық балалары үшін. Біздің Көктегі Әкеміз Өзінің шексіз сүйіспеншілігімен кол ұшын береді. Бізге оның қасына қайтып оралуға, өсуге, танып білуге көмектесу үшін, Ол барлық заттар мен қалауларға билігін жүргізеді. Ол Әкеміздің қойған мақсатын анықтайды – ол «ажалсыздықты және адамның мәңгілік өмірін орнату» 1 болып табылады.

Біздің Иемізге деген сенімділігіміз бен адалдығымыз арта түскен кезде, біз бата беріп, еркін болуымыз үшін, Оның күшін ала алатын боламыз.

Мормон кітабы Оның балаларына барлық беттерде, Иенің билігі туралы әдемі тақырыпты жырлайды. Нефий оны ең бірінші тарауда еңгізді. 20-шы өлеңде: «Мінеки, мен Нефий сендерге Құдай адамдардың адалдығы үшін, оларға арылу күшіне дейін беріп, мықты қылу үшін, таңдаған кімде-кімнің барлығына Оның жомарт рақымшылығы тарайтынын сендерге көрсетемін.»2

Бірнеше жыл бұрын мен осы өлеңде жеке жолыңның ақиқаты көрсетілгеніне көзім жетті. Мен Көктегі Әкеміздің бізге жақын екендігін және қаншалықты көмектескісі келетінін білдім.

Бір күні кеш батып келе жатқанда, мен балаларыммен бірге төбеден көлікпен түсіп келе жатқан кезімде, арқасына жолқапшықты іліп алып, жолда кетіп бара жатқан баланы байқап қалдым. Оның қасынан өтіп кетіп, мен қайтып оралып, оған көмектесуім керектігін сездім. Бірақ қасына жақындасам мені бөтенсінсе, оны қорқытып аламын ба деп, қобалжып, мен жолымды жалғастыра бердім. Меніңше, мені қайтадан қатты сезім алып: «Бар да, балаға көмектес!» деген сөзді естіген сияқты болдым.

Мен көлікті артқа қарай жүргізіп, оның қасына жақындап келіп, «Саған көмек керек пе? Маған саған көмек керек сияқты болып көрінді?» деп, сұрадым.

Ол бізге қарай бұрылып, көзі жасқа толы, «Көмектесіп жібермес пе екенсіз? Маған кімде-кім көмектесер деп, мінажат етіп едім» деді.

Оның мінажатына жауап, шабытта көктен жіберіліп, маған келіп түсті. Бұл алған тәжірибемдегі рухтың берген нақты бағыты менің жүрегімде ұмытылмас із қалдырды.

Ал енді 25 жыл өткен соң, мейірімділік арқылы мен сол баламен бірнеше ай бұрын бірінші рет кездесіп қалдым. Менің байқағаным, бұл оқиға тек менікі ғана емес оның да, оқиғасы болып шықты. Дерик Нелсон енді өз отбасының әкесі. Ол да, сол тәжірибені ешқашан ұмытпайтын сияқты. Біз екеуіміз де, балаларымызды оқытқан кезде, Құдай бізді бақылап тұрғанын айтып, оқытамыз. Біз жалғыз емеспіз. Құдай біздің мінажатымызды естіп, жауап беріп, бізге сенім іргетасын қалауға көмектесті.

Сол күні Дерик мектептен соң бір шара үшін қалып қойып, соңғы автобусты жіберіп алған. Жасөспірім ретінде, ол оны үйде жасармын деп, сенімді болып, үйге қарай жүре берген.

Ол жалғыз өзі жалғызсырап, оның жүргеніне бір сағат не бір жарым сағат болған шығар. Үйге жақын қалып, үйдің маңайын да көре алмай, ол қатты шошыған. Ол қиыршық тастың артына барып, тізерлеп отырып Көктегі Әкемізге мінажат етіп, көмек сұрады. Дерик бірнеше минут бұрын жолға қайтып оралысымен мен оның мінажатына көмек көрсету үшін, қасына келіп тоқтадым.

Қазір көп жылдар өтіп, Дерик әлі де ойланады: «Құдай мені жүдеу, алдағыны көралмаған балаға қамқорлық көрсетті. Ол дүние жүзінде болып жатқан нәрсеге қарамастан, ол менің жағдайымды біліп, маған деген сүйіспеншілігін көрсетіп, көмек жіберді. Сол қараусыз қалған жол оқиғасынан бері Иеміз менің мінажаттарыма талай рет жауап берді. Оның жауаптары кейде түсініксіз де, тез бола қоймайды, бірақ сол жалғызсыраған кеш күні сияқты Ол мен туралы хабардар екені рас. Әрдайым өмірлік қараңғылықтар менің тыныштығымды бүркеген кезде, менің үйге аман жеткенімді көру үшін, Оның жоспары әрқашанда бар екенін, мен білемін.

Дерик айтқан сияқты, әр айтылған мінажаттың жауабы тез келе қоймайды. Бірақ біздің Әкеміз бізді шынайы таниды және шын жүректен айтқан мінажатымызды естиді. Ол жеке адамның бір мінажатына сол сәтте Өз ғажайыптарын жасай алады.

Біздің жолымызда біздің қалағанымызды емес, бізге қандай көмектің керек болғанын жақсы білетін Оның көмегіне сенім арта аламыз. Оның жолы біздің жолға қарағанда дұрыс екеніне сенім артып үйренуіміз керек. Оның еркін қабылдау мүмкін қиынға түсер, бірақ Оған ұқсас болып, Оның ұсынған әлемін табу үшін, бұл бізге қажет.

Біз сезімге келіп, К. С. Луис бейнелеп бергендей: «Мен мінажат етіп, солай мен өзіме көмектесе аламын. Мен мінажат етемін өйткені маған көмек қажет. Мен мінажат етемін өйткені мен әрдайым толқын үстіндемін, сергектік пен үйқыдамын. Бұл Құдайды өзгерпейді, бұл мені өзгертеді.»3

Киелі жазбаларда адамдар Иемізге деген адал сенімін көрсетіп, Оның берген көмегін алған адамдар туралы көптеген жазба бар. Жас Давид туралы ойланып көріңіздерші, ол Құдайдың көмегімен құдіреті күшті Галиафтың қолынан болар өлімнен құтылды. Нефийді қарастырайық, оның Құдайға сенім артып, мінажат еткені, оны өлтіргісі келген бауырларынан құтылуға көмектесті. Мінажат етіп, Құдайдың көмегін іздеген жас Жозеф Смитты еске түсіріңіздер. Ол түнек билігінен босатылып, ғажайып жауап алды. Әркім шынайы өмір мен ауыр қиындықтармен кездеседі. Әркім адал әрекет етіп, Құдайға сенім артты. Әркім өз көмегін алды. Әлбетте, осы заманда, Құдайдың сүйіспеншілігі мен күші Оның балаларының өмірінде пайда болып тұрады.

Мен бұны соңғы рет Зимбабве мен Босванада сенімге толы Әулиелер өмірінде көрдім. Шағын тармақтағы тез өткен куәгерлік жиналысында; мен балалардың, жастардың және үлкеңдердің бөліскен көптеген куәгерліктеріне бойсұнып, шабыт алдым. Әрқайсысы Иеміз Иса Мәсіхке деген адал сенімін білдіріп жатты. Олар сол күнделікті кешіп жатқан айналасындағы қиындықтар мен ауыр жағдайда, Құдайға күнделікті сенім артып өмір сүреді. Олар өз өмірлерінде Оның қөмегін танып, ризашылықтарын: «Мен Құдайға ризашылығымды білдіремін» деді.

Бірнеше жыл бұрын бір адал отбасы тармақтағы шіркеу мүшелеріне, Иеге деген сенім қандай болуы керектігін үлгі ретінде көрсетті. Арн мен Венита Катрел бақытты өмірін кешіп жатқан кезде, Арнды аяқ асты ауыр ісік аурумен емханаға жатқызды. Болжам жақсы болмады – оның өмір сүруіне бірнеше апта ғана қалған болатын. Соңғы рет отбасы уақытты бірге өткізгісі келді. Солай оның барлық балалары мен алыстағы туыстары келіп жиналды. Оларда бірге болуына тек қана қымбат 48 сағат болған еді. Катрелдар үшін ең маңызды нәрсені ғана таңдап алды – отбасы суреттері, отбасы кешкі ас, Солт Лейк Ситидегі ғибадатханада болған сессиясы. Венита: «Біз ғибадатхананың есігінен шыққан кезде, бұл өмірде екеуіміз қашанда бірге болған соңғы кезіміз» деді.

Бірақ бұл қарапайым өмірден де, олар үшін басқа үлкен нәрсе бар екеніне сенімді болды. Киелі ғибадатханалық өсиеттердің арқасында олар мәңгілік бірге болып қала бере алады. Олардың жүректеріндегі өмір Құдайдың берген уәдесіне сенеді деп, үміт артамын.

Келесі екі ай сансыз баталарға толы болды. Арн мен Венитаның Иеге деген сенімі мен сенімділігі арта түсті - оны Венитаның «Мен шыдамдылық таныттым. Мен әлемнің қарбалас кезеңі болатынын білдім» деген сөзі куәгерлік етеді. Осыдан кейін маған тыныштық оралып, өмірім жалғасын табады. Мен білемін, Ие бізді бақылап тұрады. Егер сіз Иемізге адал болсаңыз, шынымен барлық өмірлік сынақтарды жеңіп шығуға болады.

Олардың қыздарының бірі: «Біз ата-анамызды бақылап, олардың үлгісін көрдік. Біз олардың сенімін, осымен қалай орындап шыққанын көрдік. Мен ешқашан бұл сынақты сұраған емеспін, бірақ мен бұны ешқашан бермес едім. Біз Құдайдың сүйіспеншілігіне бөлендік.»

Әрине, Катрелдер үміт артқанымен Арн нәтижесінде көз жұмды. Олардың қиындықтары сенім қиындығы болған жоқ. Иса Мәсіхтің Інжілі жасап тастайтын заттардың тізімі емес; дұрысы, ол біздің жүрегімізде өмір сүреді. Інжіл «жүк емес, ол біз үшін қаққан қанат.» 4 Ол бізді алып жүреді. Соны Катрел отбасы алып жүрді. Олар дауыл кезінде тыныштық сезімінде болды. Олар бір-бірін мықтап ұстап, ғибадатханалық өсиеттерді ұстанып, орындады. Олар Иеге деген сенім қабілеттіліктерін өсіріп, Иса Мәсіхке және Оның Өтелу билігіне сенімдерін күшейтті.

Барлық біздің оқулық жолымызда, біздің қандай да, бір қиындықтарымызға қарамастан, біз жалғыз емеспіз. Сіз ұмытылған жоқсыз. Дерик, Африка әулиелері мен Катрел отбасы сияқты – біз Құдайдың қолдауымен таңдауымызды жасай аламыз. Біз Құдайға сенім артып, мінажат етіп, біздің қиындықтарымызбен бетпе-бет кездесе аламыз. Осы барыста біздің Оған деген ұқсастығымыз жақындай түседі.

Иеміз біздің әрқайсысымызға: «Қорықпа …, Мен саған жар боламын, абыржыма Мен сенің Құдайыңмын! Саған қуат беремін; ... Мен көмектесемін; Мен оң қолымды беріп, қолдау көрсетемін»5 деп, айтты.

Мен өзімнің қарапайым, нақты куәгерлігіммен бөліскім келеді, Құдай біздің Әкеміз, Ол әрқайсысымызды жеке таниды және бізге көмектесу үшін, әрдайым қолдауын көрсетеді. Тек қана Оның Сүйікті Ұлы, Иса Мәсіх арқылы біз әлемнің қиындықтарын жеңіп шығып, үйге сәтті оралатын боламыз. Мүмкін біз оған сенім артармыз, мен Иса Мәсіхтің атына мінажат етіп айтамын, аумин.

Сілтемелер

  1. Mұса 1:39.

  2. 1 Нефий 1:20.

  3. К. С. Луис мінез туралы айтқаны Уильяма Николсонның тени сүреттемесі сияқты келтірілген (1989), 103.

  4. Гарри Эмерсон Фосдик, Мінездің он екі сынағы (1923), 88.

  5. Ишая 41:10.