2010–2019
Сенің төрт минутың
Сәуір 2014


Сенің төрт минутың

Өтелудің ғажайптығы, біздің жұмысымыздың кемшілігін толтыра алады.

Жақын арада өткен қысқы Олимпиадада 89 елден келіп, 98 түрлі жарысқа қатысқан спортсмендер әлемді таңқалдырды. Ең қызығы, олардың арасындағы 10 спортсмен Иса Мәсіхтің Соңғы Замандағы Әулиелер Шіркеуінің мүшесі. Олардың үшеуі марапатқа ие болғаны туралы Шіркеудің жаңалықтарында баса айтылған болатын: Кристофер Фогт, Ноэли Пикус-Пace және Торах Брайт.1Жарысқа қатысқан барлық спортшыларды құттықтаймыз. Жарайсыңдар!

Осы таңда, мен осы ойындар туралы өз ойымды айтқым келеді – сіздер, өз өмірінде, бағыт алған маңызды қиын жас кезең болмысында жүрген жастарға, жас қыздар мен жасөспірімдерге айтамын. Сіздер қайсарлық танытуларыңыз керек деп, ойлаймын.

Сіздер қайсарлық сезіміне ие болуларыңыз үшін, мен сіздермен Австралиялық Соңғы Замандағы Әулиелер спортсмені Ноэлдің оқиғасымен алғаш рет бөлісіп отырмын. Ноэлдің жағдайында, қысқа жолды өтіп, кейін шағын шанаға басымен сүңгіп мініп, спортсмендер үшін жылдамдықты өсіру болып табылады. Олардың беті жер бетінен бір дюйм ғана биік жердегі қисық жолдарды 90 милде (145 км) құрайтын жылдамдық сағатында өтіп шығуы тиіс.

Ең ғажабы, спортсмендер үшін, сансыз жаттығулар мен оқытулар әр рауындтың қарқынды 60 секунд аралығында өткен кезін, не сәттілік не өкініш ретінде қарастырылады.

Алдыңғы 2006 жылғы Олимпиадалық ойындарында ол аяғын сындырып алып, сол қайғылы оқиғадан соң, ол үшін жарыс сәтсіз аяқталған болатын. 2010 жылғы Олимпиадасында марапатқа жетуге он секунд уақыт қалған кезде, оның арманы тағы орындалдмай қалды.2

Оның 2014 жылғы Олимпиадада өзінің бірінші көрсетілімін бастау үшін, ол қаншалықты уайымдағанын елестете аласыздар ма? Жылдарғы дайындық тек сол қысқа уақыт шешеді. Жалпы төрт минут. Ол сол төрт минут үшін, өзінің өмірлік уақытын және сол туралы ойланып, неше жыл бойы жаттығуларға жұмсаған болатын.

Ноэлдің соңғы жугіруі мінсіз болды десек те болады! Біз ешқашан оның мәреге жетіп, отбасын құшақтау үшін, секіріп шығып: «Біз істедік оны!» деп, айғай салған күйін ұмытпаспыз. Жылдап өткен жаттығулары ақталды. Біз сол жас әйелге таққан күміс марапатының куәгері болдық.3

Мүмкін Ноэлдің бүкіл Олимпиадалық арманын қысқа төрт уақыт ішінде жасағанына және қиын минуттарға тәуелді болғаны әділетсіз болып көрінетін шығар. Ол соны білгендіктен дайындыққа бар күш жігерін салып, жаттықты. Ол өзінің төрт минутының маңыздылығын сезіп, оның қалған жарты өмірінің мәні боларын біліп, қайсарлық танытты.

Тағы команда мүшелігіндегі Кристофер Фогта біздің есімізде, ол боблей жарысында төрт адамның арасында қола медаліне ие болды. Ол 2010 жылғы Олимпиадада алған жарақатынан соң осы жарысқа қатысудан бас тартпай, жалғастыруды шешті. Ол көрсеткен ғажайып жарыстан соң, өз жүлдесіне қол жеткізді, сол үшін ол қатты тырысты.4

Енді сіздің мәңгілік өміріңіздегі жолдың ұқсастығын қарастырайық. Сіз мәңгіліктегі тіршіліксіз. Дүниеге келер алдында, сіздер рух ретінде тіршілік еттіңіздер. Бізді жақсы көретін Көктегі Әкеміздің қасында, сіз білім алып, дайындықтан өтіп, осы жер бетіне қысқа мерзімге келіп, өмірлік парызды орындау мүмкіндігін алдыңыз. Бұл өмір сіздің төрт минутыңыз. Осы жер бетіндегі өміріңізде мәңгілік марапатқа ие боласыз ба, жоқ па, оны сіздің істеріңіз анықтайтын болады. Амулек пайғамбар былай суреттейді: «Бұл өмір мерзімі … Құдаймен кездесуге дайындалу үшін; иә, бұл өмірдегі күнің, ... [сіздердің] еңбек ететін күнініз болып табылады.»5

Анығы, сіздің төрт минутыңыз басталып кетті. Сағат тықылдап кетті. Апостол Пауылдың: сонда оның игілігінен үлесімді алатын боламын6 деген, сөзі сәйкес көрінеді.

Сондықтан, Олимпиадаға қатысқан спортсмен үшін, қысқа көрсетілімдегі қадамдарды нақты жасау өте маңызды және де, фигурист пен сноубортшы үшін де, секіру мен орағып жасау да, бұрылыстардан өтіп шығу немесе жылдамдықта қиылыстардан өтіп, төмен сырғып түсу сияқты біздің өмірде де, кейбір заттар анық қажет етеді, ол біз жер бетінде рух арқылы жылжып орындайтын - өткізетін тексеру орындар. Осы рухани белгілер Құдайдың бізге берген маңызды інжілі: су рәсімі, Киелі Рухтың тартуын алу, әулиелік, ғибадатханалық арнау рәсімдер мен апта сайын қабыл алған діни анты.

«Арнау рәсімдерде … , құдайшылдық күш-қуат пайда болады.»7

Солайша, спортсмен оның спорттық түрінде, түрлі тәсілдерді жоғары деңгейде орындауы үшін, ол өз дайындық тәртібін қатаң ұстап, дәрежесін жоғарлатады, ал өсиеттерді орындай отырып, сіз діни антын орындауға құқылы бола аласыз.

Сіз қайсарлық танытасыз ба?

Менің жас достарым, сендер өздеріңнің «төрт минуттық істеріңде» қай жердесіңдер: Мен сендерді «Мен өз марапатыма жетуім үшін, әрі қарай не істеуім керек?» деп, ойланып көріңдер деп, шақырамын. Мүмкін Конференция кезінде рух сендерге сыбырлап, бұл: сендер баяғыда алу керек болған болашақ арнау рәсімдеріңе мұқият дайындалуларың керек шығар. Не болғанда да, мүмкін сенің келесі қадамың, соны алу болар. Оны қазір жаса. Күтпе. Сіздің төрт минутыңыз ұшып жөнеледі, сонда сіз қалған мәңгілік өміріңізде, мен осы өмірде не істедім деп, ойланатын боларсыз.8

Өзіңізді ұстай білу өте қажет. Сіздің оқуыңыздың негізі - күнделікті мінажат, киелі жазбаларды оқу және шіркеуге әрдайым келу болуы тиіс. Жастардың адамгершілік атты күші кітабында табылған Құдайдың үлгісінен кейін күнделікті тәжірибеде өсиеттерге бағынып, сіз өсиеттерді әлдеқашан орындадыңыз.

Мүмкін сіздің өміріңізде кей заттар сіз үшін қауіпті болып, рухани жетістігіне жету мүмкіндігіңізді бәсеңдетіп, кедергі болып жатқанын сезінген боларсыз. Егер солай болса, онда, осы киелі жазбаның кеңесіне ілесіп: «Алдымызда тұрып, бізді тепкілеген барлық күнә мен ауыртпалықты лақтырып тастап, осы жарыста шыдамдылық танытып еңбек етіңдер» 9 деген сөзіне құлақ асыңыз.

Тәубеге келу, әліде кеш емес. Бірақ көп кешікпей кеш болуы мүмкін, өйткені, сол сіздің төрт минутыңыз қай сәтте аяқталатынын, нақты ешкім білмейді.

Енді сіз өзіңіз ойланып: «Мен әлдеқашан құртып қойдым. Менің төрт минутым құрдымға кетті. Мен әлі де, беріле алмаймын. «Егер бұл солай болса, оны ойланып басты қатыру шамалы. Өтелудің ғажайптығы, біздің жұмысымыздың кемшілігін толтыра алады. Аға Джефри Р. Холланд былай деген:

«Сол әлі де, … артта қалып қойған адамдар үшін, … Мен Құдайдың сүйіспеншілігі мен оның рақымшылығының жаңдану билігі туралы куәгерлік етемін. …

«... Ұстаз айтқандай, ешқашан кеш болмайды …уақыт бар кезде, … кейінге қалдырмағайсың.»10

Есіңізде болсын, сіздер жалғыз емессіздер. Құтқарушы бізді жетімсіретіп қалдырмаймын деп, уәде еткен.11 Сізде отбасы мүшелері, достарыңыз, сізді қолдайтын жетекшілер бар.

Әлбетте, менің бүгінгі айтқан сөздерім Шіркеу жастарына, ата-аналарға, әже мен аталарға бағытталған болса да, менің сіздерге айтарым:

Жақын арада аға Дэвид А. Беднар отбасының өсиет жолындағы жетістіктерін тексеру үшін, қарапайым тәсілді ұсынды. Бар болғаны: онда «атын» және «келесі жоспарды немесі қажет арнау рәсімді» екі бағанасы бар бір парақ керек. Мен осыны жақын арада өз отбасымдағы әр мүшенің атын жазып, істедім. Олардың арасында жақын арада батасын алатын менің кіші немерем, су рәсіміне дайындалу қажет алты жасар немерем, әулиелік пен ғибадатханалық ақтық киіміне дайындалуға аз қалған 18 жасқа толған ұлымды белгіледім. Тізімдегінің барлығына куәгерліктің арнау рәсімі қажет. Осы қарапайым жаттығу Леси мен маған отбасымның әр мүшесіне өсиет жолындағы олардың әрқайсысына жоспар іс-әрекетін құрып, өзіміздің рөлімізді жетілдіруге көмектесті. Мүмкін бұл ой сіздер үшін болар, сіздердің отбасыларыңызды сұхбатқа, отбасылық кешіне, дайындықтарға және отбасылық маңызды арнау рәсімдерге жетелер. 12

Шаңғышы және сноубортшы ретінде мен Австралиялық сноубортшы Торах Брайттың өзінің төрт минутында темір дүңгіршекте орындаған жарысында, СЗӘ шіркеуінің мүшесі күміс медаліне қол жеткізгеніне таңқалдым. Ол соңғы сайыста бірінші көрсетілімі сәтсіз болған американдық сноубортшы екінші сайысына қатты қобалжып тұрғанын байқады. «Ол мені құшақтап алды» деп, еске түсіреді Кларк. Мен шындығында қобалжығанымды тоқтатып, демім өз қалпына түскенше, ол мені құшақтап тұрды. Бұл досыңнан болған құшақтаған құшағы жақсы болды. Келли Кларк та, Торах Брайт сияқты құрмет тұғырында тұрып, қола медаліне ие болады.

Одан оның күміс марапатына қауіп төндіруі мүмкін болып, өзінің қарсыласына деген осы өзгеше жағдай туралы сұраған кезде, Торах жай ғана: «Иә мен қарсыласпын – Мен барлық мүмкіндікті жасағым келеді, бірақ мен, менің әріптес қарсыластарым да, барлық күш жігерін салғанын қалаймын»13 деп, жауап берді.

Осыны ескере отырып, сіздің қасыңызда көмекке зәру болған адам бар ма? отбасы мүшесі? дос? сыныптас немесе әріптес кворум мүшесі? Сіздер олардың төрт минуттық қиындықтарында қалай көмектесе аласыздар?

Қымбатты достар, біз ең маңызды саяхат толқынның ортасындамыз. Кей жолдарда сіздер темір дүңгіршек жолымен төмен сырғып түсіп келе жатырсыздар, әмбе бұл жолда сіздер үшін әр тәсілді орындауға қиынға түсуі мүмкін. Бірақ, бұған сіздер мыңжыл бойы дайын екендеріңізді есте сақтаңыздар. Бұны сіздер орындайтын сәт келді. Бұл сіздердің төрт минуттарыңыз! Уақыт келді!

Сіздердің қабілеттіліктеріңізге мен толық сенім білдіремін. Сіздерді қолдайтын әлем Құтқарушысы бар. Егер сіз Оның көмегін іздеп және нұсқауына ерсеңіз, қалайша сіз сәтсіздікке ұшырайсыз?

Қорытынды жасай, мен мінажат етіп куәгерлік етемін, бізде тірі пайғамбар Томас С. Монсон бар; Иса Мәсіх және Құтқарушы мен Өтелуші ретінде Оның атқарған рөлі, Оның қасиетті Иса Мәсіхтің атына, аумин.

Сілтемелер

  1. Кристин Рапплей, «Мормондар Олимпиадада: 3 медалін алған СЗӘ спортсмендер Өысқы Ойындарда,» deseretnews.com/article/865597546/Mormons-in-the-Olympics-3-medals-for-LDS-athletes-at-the-Winter-Games.html

  2. Кристин Рапплей, «Мормондар Олимпиадада» қара.

  3. Сарах Петерсонды қара, “Noelle Pikus-Pace Wears LDS Young Women Necklace throughout Olympics,” deseretnews.com/article/865596771/Noelle-Pikus-Pace-wears-LDS-Young-Women-necklace-throughout-Olympics.html.

  4. Алма Доналдсонды қара, “Army, Faith Helped Push Mormon Bobsledder Chris Fogt to Olympic Success,” deseretnews.com/article/865597390/Army-faith-helped-push-Mormon-bobsledder-Chris-Fogt-to-Olympic-success.html.

  5. Alma 34:32.

  6. 1 Қорынтықтар 9:24 қара.

  7. Ілім мен Өсиеттер 84:20.

  8. Alma 34:31–33 қара.

  9. Еврейлерге 12:1.

  10. Джеффри Р. Холланд, «Жүзім алқабының жұмысшылары» Ensign немесе Лиахона, мамыр 2012,33.

  11. Жохан 14:18.

  12. Дэвид А. Беднар, автордан алған сұхбат.

  13. Видия Рао, «Сноубортшы Келли Кларк: Қарсыласы маған қола марапатын алуға көмектесті» today.com/sochi/snowboarder-kelly-clark-hug-competitor-helped-me-win-bronze-2D12108132.