2010–2019
Соңынан жоғары еру
Сәуір 2014


Соңынан жоғары еру

Біз қорқыныш сезімін шынайы сенімге ауыстырып, барлығымыз күнделікті миссионерлік жұмыста қатыса аламыз.

Алпыс төрт жыл бұрын осы қыркүйек айында мен Англиядағы миссиямнан үйге қайтып оралдым. Қайтып оралғаныма үш күн өтісімен, мен Ютадағы Университетте «Сәлем Би Күніне» досыммен бірге бардым. Ол маған сол жердегі екінші курс студенті Барбара Боуен деген әдемі қыз туралы айтып, менің сол қызбен кездескенімді қалады. Ол сол қызды шақырып, менімен таныстырған соң, біз бірге биледік.

Өкінішке орай, бұны біз әдетте «дөп биі» деп атаймыз, ол сізді басқа біреу белгілеп қоймай тұрғандағы қызбен билеген алғашқы биді білдіреді. Барбараның еті тірі, танымал болатын, менен бір минут бұрын басқа жас жігіт оны шақырғысы келер алдында мен оны бірінші болып, биге шақырып қойдым.

Мен үшін күтпеген жағдай болды. Менің миссиямның жалғасы қаншалықты маңызды екенін біле тұра, мен оның телефон нөмірін алып, келесі күні оны кездесуге шақыру үшін, оған қоңырау шалдым, бірақ ол мектепте әлеуметтік міндеттерін орындап, бос уақыты болмады. Менің бақытыма орай, миссия мені кез келген жағдайға төзімді болуға үйретті, ақыр соңында мен мерзімді белгілей алдым. Сол мерзім мені басқаға жетеледі. Қалай болғанда да, сол мерзім кездерінде оның көңілін өзіме аудару үшін, оған менің шынайы және тірі қайтып оралған жалғыз миссионер екеніме көзін жеткізе алдым. Енді 64 жыл өткен кезде, біздің ақиқатымыздың куәгерлігі ретінде тұрған жеті баламыз, көптеген немере мен шөберелеріміз бар, ол сіздің хабарыңыз қаншалықты жақсы болғанына қарамастан, сіз оны дәйексіз, тұрақты жалғасын таппай, оны істеуге мүмкіндік ала алмайсыз.

Мүмкін бүгін бұл алдыңғы екі конференцияда айтқан сөздерімді жалғастыру үшін, мен осындай айқын әсер сезімде болғаным да, осы шығар.

Қазан айындағы 2011 жылғы конференцияда, мен сіздерге Иенің: «Менің Шіркеуім соңғы заманда осылай аталуы тиіс, тек Иса Мәсіхтің Соңғы Замандағы Әулиелер Шіркеуі» 1 деген маңызды сөздерін есімізде сақтайық деп, шақырған едім.

Бұл сөздер Иеміз Оның Шіркеуінің аты жай ғана терілген сөз емес, Оның Шіркеуін өз атымен атау керектігін түсіндірді. Нақты айтылған мәліметті ескере отырып, мысалы Шіркеуді «Мормон Шіркеуі» немесе «СЗӘ Шіркеуі» сияқты өзге атаумен атамағанымыз жөн.

Мормон атауын шіркеулік мүшелігін білдіру үшін кейбір мәнмәтіндерде, мысалы Мормон пионерлері немесе Мормон Табернакіл Хоры сияқты ұйымдарда тиісті түрде пайдалануға болады. Шіркеу мүшелері мормон ретінде өте танымал, шіркеуге жатпайтын адамдармен байланыс орнатқан кезде, біз мормон деген атауды Шіркеудің толық атына қосып айтатын болсақ, біз өзімізді лайықты мормон атымен атай алатын боламыз.

Егер шіркеу мүшелері Мормон, сөзін Шіркеудің атымен бірге дұрыс пайдаланатын болса, ол біз Құтқарушы Шіркеуінің мүшесіміз және біз христиан екендігімізді баса айтып жеткізетін болады.

Бауырлар мен әпкелер, біз әрдайым Иса Мәсіхтің Соңғы Замандағы Әулиелер Шіркеуіне жататынымызды әдетке айналдырып, осыны қолға алып соңына дейін жеткізуіміз керек.

Екінші хабарлама, соңғы Бас Конференцияның сессиясында, шіркеу мүшелерін Мәсіхтің мейрамына қарсы қайта қалпына келтірілген Інжілді білгісі келетін ең болмаса бір адамды шақыру үшін, мінажат етіңдер деп, шақырған болатынмын. Көптеген адамдар Иемізден олардың миссионерлік мүмкіндігін сұрап, жауабын алған өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.

Мысалы миссиядан қайтып оралған бір миссионер тағы «бір» кімге жетсем болады деп, арнайы мінажат етеді. Колледжде бірге оқитын бір сыныптасының аты оның есіне түседі. Ол онымен Facebook арқылы байланысқа шығып, ол адамның өмір мағынасы мен мақсаты туралы дұға қылғаны туралы білді. Сол миссиядан қайтқан миссионер өз ісін соңына дейін жеткізіп, ол адам желтоқсан айында су рәсімінен өтті.

Көптеген шақырулар туралы маған айтылған болатын, бірақ солардың арасында, мына бауырымыз жасағандай, азғанасы ғана соңына дейін жеткізілді.

Мен соңына дейін жеткізу ұстанымына сенемін. Миссионерлік нұсқауда Менің Інжілімді оқыту, делінгендей «қадағалаусыз шақыру - ол саяхатты бастап, аяқтаусыз қалдырып немесе концертке билет сатып алып, театрға бармай қалған сияқты. Аяқталмай қалдырған істің де, берген міндеттің де, мағынасы жоқ.»2

Менің Інжілімді оқыту оқулығында шақыруды қалай жасау керектігін көрсетіп қана қоймай, ол тағы, біздің шақыруларымыздың жалғасын қалай іске асыру керектігін әркімге оқытады. Миссионерлік жұмыстың шақыру мақсаты «адамдарды Мәсіхке шақырып, оларға Иса Мәсіхке және Оның Өтелуіне сену арқылы қайта қалпына келтірілген Інжілін қабыл алуға, тәубеге келуге, су рәсімін өтуге, Киелі Рухтың тартуын алуға, және бастан кешіруге көмектесу»3 ретінде белгіленеді.

Шақыру, әрине, барыстың бір бөлігі. Бірақ назар аударыңыздар, шіркеу мүшелері үшін, шақырылған адамдарды жай ғана миссионерлерге тыңдау үшін жібере салғаннан да, орасан миссионерлік жұмыс жетерлік. Оған тағы миссионерлермен бірге сенімді қатайту, тәубеге келуді уәждау, өсиет келісіміне дайындау мен ақыр соңына дейін бастан кешіру кіреді.

Бұл ұстаным Істер кітабында көрсетілген:

«Осы күндердің бірінде Петір мен Жохан бірге ғибадатханаға өрлеп бара жатты. …

«Кісілер ана құрсағынан сал болып туған біреуді күн сайын ғибадатхананың «Көрікті қақпасына» көтеріп алып келіп, қайыр сұратып отырғызып қоятын;

«Кіріп келе жатқан Петір мен Жоханды көргенде, әлгі олардан қайыр сұрайды.

«Петір мен Жоған оған көз салып: «Бізге қара!» - деді.

«Ол екеуіне қадала қарап, бір нәрсе берер деп, үміттеніп қалды.

«Бірақ Петір: Менде күміс пен алтын жоқ. Дегенмен саған барымды беремін: Назареттік Исаның атынан айтамын: орныңнан тұрып жүріп кет! – деді.

Бұл Құдайдың атынан жасалған мықты шақыру, солай емес пе? Петір шақыруды тоқтатқан жоқ. Киелі кітаптағы әңгіме, «Оның оң қолынан ұстап, еңсесін көтерді: және сол сәтте аяғы мен тізесіне күш бітіп, ол ұшып тұрып жүріп кетті» деп, бізге айтады.

«Және солармен бірге ғибадатхана ауласына кіріп, әрі-бері жүріп, секіріп, Құдайды мадақтаумен болды.»4

Өзге сөзбен айтқанда, Петір оның әулиелік күшін орындап қана қоймай, ол адамға тұрып жүруге шақырды. Және ол шақырып қана қоймай ол адамның оң қолынан ұстап, еңсесін көтеріп, ғибадатханаға бірге кірді.

Петірдің рухын келтіре отырып, әр жылы бір тоқсанда біреуді шақырып, миссионерлермен күндіз кездестіріп, біз қорқыныш сезімін шынайы сенімге ауыстырып, барлығымыз күнделікті миссионерлік жұмыста қатыса аламыз. Олар Құдайдан келген шабыт арқылы адал және шын жүректен Рухани үйретуге дайын. Біз бірге шақыруымызға жалғасын тауып, басқаларға қол ұшын беріп, оларды ғибадатханаға апаратын рухани жолда жетелеп, жоғары көтере аламыз.

Осы барыста сіздерге көмектесу үшін, мен барлық шіркеу мүшелерін олардың шақырылымына немесе Шіркеудегі белсенді дәрежесіне қарамастан Менің Інжілімді оқыту көшірмесін алуға шақырамын. Ол біздің тарату орталығы арқылы немесе ғаламтор арқылы қол жетімді. Ол миссионерлік жұмыстың жол көрсеткіші – бұл біздің баршамыз үшін жол көрсеткіш екенін білдіреді. Оны оқып таныңыздар, содан соң, сол алған білімді жандарды Мәсіхке шақыру мен жалғасын табу арқылы қалай әкелу керектігін түсініп, көмектесу үшін пайдаланыңыздар. Президент Томас С Монсон: «Қазір шіркеу мүшелері мен миссионерлердің бірігіп, Құдайдың жүзім алқабына жандарды алып келу үшін, еңбек етіп, бірге жұмыс істейтін күн туды»5 деп, айтқандай.

Иса Мәсіх Өз шәкірттерін былай оқытқан:

«Оратын егін көп, бірақ жұмысшылар аз;

«Сондықтан егіннің Иесінен оны жинап алатын жұмысшылар жіберуін өтін!»6

Осы замандағы әлем тарихында Құдай осы мінажатқа жауап беріп, көптеген толық күнгі миссионерлермен толықтырды. Осы жаңа толқындағы адал жұмысшыларымен, Құдай бізге осы үлкен егіннің жандарын жинауға көмектесу үшін, тағы бір мүмкіндік берді.

Біздің тамаша миссионерлерге қолдау көрсетіп, көмектесу үшін, шіркеу мүшелерінің тәжірибелі жолдары бар. Мысалы, сіздерді Менің Інжілімді оқыту кітабымен оқытатын миссионерлер өздерінің оқулықтарында не оқып жатқанын көрсетуін сұрасаңыз болады. Сіздер толық күндергі миссионерлер мен шіркеу мүшелерінің арасындағы сенімді өсіріп, Құдай бұйырғандай, бір-біріңізбен қайтып бөлісе аласыздар:

«Әр ер адам [әйел] әлем Құтқарушының Өзі, Иеміз Құдайдың атына сөйлесін.»7

Және «Мінеки, Мен сендерді халыққа ескерту жасап, куәгерлік етіңдер деп, жібердім және әр ескерту алған адам өзінің маңайындағы адамды ескертуге тиіс.»8

Бауырлар мен әпкелер, егер отбасы мен достарың осыған қосылып, Менің Інжілімді оқытуды өздері жеке түрде үйреніп, толық күндергі миссионерлерге хат жолдағанын елестете аласыздар ма? Олардың қыздары мен ұлдары олардың миссиясында білім алып, оқытатынын жіті білген кезде, отбасыларға келген баталарды елестете аласыздар ма? Сіздер Оған кел деп, жанды шақырған кезде куәгерлік еткен адам – кейін шақыруын алып жүргендердің барлығына, жеке түрде және ұжымда да, Құтқарушының уәдесіне сәйкес өтелу рақымшылығы төгіле бастағанын түсінесіне бастай аласыздар ма?

«Сендер батасын алдыңдар, Иеміз Жозеф Смит арқылы: «сендердің куәгерліктеріңді менің періштелерім көру үшін, көкте жазылған, олар сендер үшін қуанады және сендердің күнәларың сендерге кешірілді.»9

«Сондықтан, мен осы өсиетпен сендердің күнәларыңды кешірім етемін – сондықтан бекем болып .... және әлемге естігеніңді куәгерлік ет.»10

Егер біз соңынан жоғары еріп жүретін болсақ, Құдай қолдау көрсетеді. Күллі дүние жүзі бойынша, Шіркеу мүшелерінің арасында шақырудың өзіндік бастамасы шынайы жалғасын тапқан көрсеткішпен қосалқы жүрген сөз жетпес қуанышты көрдім. Жақын арада, осы Бас Конференцияның алдында мен Аргентинадағы шіркеу мүшелеріне кімде-кімді шіркеуге шақырыңдар деп, шақырдым. Мені тыңдаған сегіз жасар Жошуа өзінің жақын досын және өзінің отбасын Буенос Айрестегі тармақтағы есіктің ашық күніне шақырды. Жошуаның шақыруы және соның жалғасын тапқан адал ісінің түсіндірмесін, мен жаңа ғана алған хаттан, сіздерге оқып беруге рұқсат етіңіздер:

Әр бірнеше минут өткен сайын [Жошуа] қақпаға қарай жүгіріп шығып, олардың келгенін күтіп, қарай берді. Ол олардың [келетінін] білдім деді.

«Кеш тым ұзаққа созылып кетті, ал Жошуаның досы келмеді, бірақ Жошуа берілмеді. Ол көше жақтағы қақпаны қайта-қайта барып қарап тұрды. Жиналатын кез келген уақытта, Жошуа біресе жоғары, біресе төмен секіріп, айғай салды «Олар осында! Олар осында! Мен басымды көтеріп, шіркеуге келе жатқан отбасыны көрдім. Жошуа алға қарай жүгіріп шығып, досын құшақтап алды. Олардың барлығы келіп, ашық есік күнінен ләззат алған сияқты болып көрінді. Олар кітапшаларды алып, кейбір жаңа достарымен танысып, уақыттарын өткізді. Осы жас баланың адал сенімін көріп, Бастапқы қоғамдағы балалары да, миссионер бола алатыны жайында білу бір керемет болды.»11

Бұл менің куәгерлігім, біз жас Жошуа сияқты сенім артып біреуді іздеп, шақырып және оған жалғасын тауып, біз бізбен бірге Соңғы Замандағы Иса Мәсіхтің Әулиелер Шіркеуінің мүшесі болатын Құдайдың мыңдаған баласын табамыз. Иеміз баршамызды Оның жұмысындағы біздің ынтамызға батасын берсін, мен бойсұнып, Иса Мәсіхтің атына мінажат етемін, аумин.