2010–2019
Сүйіспеншілік – ол Інжілдің мәні
Сәуір 2014


Сүйіспеншілік – ол Інжілдің мәні

Егер біздің жер саяхатындағы жолымызда, айналамызда кездескен адамдарды жақсы көрмейтін болсақ, біз шынайы сүйе алмаймыз.

Менің сүйікті бауырларым мен әпкелерім, біздің Құтқарушымыз ер адамдардың арасында қызмет еткен кезде, заң үйретуші ғұлама Одан сұрамақшы болып: «Ұстаз, заңның ең ұлы өсиеті қайсысы?»

Матайдың жазғанында, Иса жауап қатты:

«Құдай Иеңді шын жүректен, бүкіл жан дүниеңмен, барлық ақыл-ойыңмен сүй.

«Бұл – ең ұлы да басты өсиет.

«Ал екіншісе де сол сияқты маңызды: «Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй!»1

Марқа жазғанында, Құтқарушы: «Бұлардан жоғары өсиет жоқ»2 деп, жауап қатты.

Егер біздің жер саяхатындағы жолымызда, айналамызда кездескен адамдарды жақсы көрмейтін болсақ, біз шынайы сүйе алмаймыз. Бұдан басқа, егер біз баршамыздың Әкесін - Құдайды сүймейтін болсақ, біз маңайымыздағы адамдарды да, сүйе алмаймыз. Апостол Жохан бізге: «Құдайды сүйетін кісі бауырласын да сүюге тиіс!»3 Біз барлығымыз Көктегі Әкеміздің рухани балаларымыз, сондықтан, біз бауырлар мен әпкелерміз. Біз осы ақиқатты назарымызға алуды жалғастырсақ, Құдайдың барлық балаларына жеңіл болады.

Шындап келгенде, сүйіспеншілік інжілдің мәні және Иса Мәсіх бізге үлгі. Оның өмірі сүйіспеншіліктің мұрасы. Ол ауруды емдеп, қорланғанның кеудесін көтерді, күнәқарды құтқарды. Ақыр соңында ызаланған тобыр Оның өмірін алды. Соған қарамастан, қоршалған Голгоф төбесінен: «Әке оларды кешіре гөр! Олар не істеп жатқанын түсінбейді!»4- деп, сөз қатып – тәж киген өлімінде сүйспеншілігі мен аяушылығын білдірді.

Көптеген белгілер бар, ол сүйіспеншілікті білдіру, мейірімділік сияқты, шыдамдылық, қайсарлық, түсіністік пен кешірімділіктер. Біздің барлық ұйымдарда осы сияқты белгілер біздің жүрегіміздегі сүйіспеншілікті айқындауға көмектеседі.

Әдетте, біздің сүйіспеншілік күндердің күнінде біздің бір-бірімізге деген қарым-қатынаста көрсетіледі. Барған сайын біз біреудің қажеттілігін тани біліп, содан соң жауап беру қабілеттілігіміз маңызды орынды алатын болады. Мені әрдайым мына бір шумақ өлеңде айтылған сөздер шабыттандырады:

Мен түнделетіп жыладым

Өз соқырлығымнан

Қасымдағы адамның мұқтажын да көрмедім

Бірақ мен ешқашан да,

сәлде өкінген емеспін.

Кейде тым жұмсақ болғандығым үшін.5

Маған жақын арада жүректі жылы ететін сүйіспеншіліктің мейірімділігі туралы үлгі белгілі болды – бір адамның өмірінде, күтпеген жағдай орын алған. Ол 1933 жылы сол бір Үлкен Тоқыраудың кесірінен жұмысқа орналасу мүмкіндігі шектеулі болған кез болатын. Ол Құрама Штаттың шығыс жағындағы орын еді. Арлин Биесикер жаңа ғана орта мектепті бітіріп шықты. Ұзақ уақыт жұмыс іздеуде, ол әйтеуір тігін фабрикасына тігінші болып жұмысқа тұрды. Жұмысшыларға күнделікті әрбір дұрыс құрап тіккен матаға ақы төленетін. Олар көбірек тіксе, ақысы да көбірек болатын.

Бір күні Арлин заводта бастаған жұмысында оны қайта-қайта шатыстыра берген бір шарамен кездесіп қалды. Ол тігін машинасының қасында отырып, өзі істеп отырған жұмысының бірін сәтсіз аяқтағандықтан, оның бөлігін қайта таратуға тырысады. Ол жерде оған көмектесетін бірде-бір адам болмады, өйткені барлық басқа тігіншілер барын салып, көбірек жасап аяқтауға тырысқан жандар еді. Арлин өзін әлсіз сезініп, үмітін үзуге жақын қалған болатын. Ол ақырын жылап жібереді.

Арлинға қарама-қарсы Бернис Рок отырған. Оның жасы үлкен және ол шебер тігінші болатын. Арлинның ауыртпалығын байқап отырған ол, Арлинның қасына барып, оған мейірімділік таныта, көмек пен нұсқау берді. Ол сенімді болып жұмысын аяғына дейін жеткізгенше, Арлинның қасында тұрды. Содан соң, Бернис өз жұмысына оралды, егер ол қол ұшын бермегенде, көп бөліктерді тігіп тастар еді.

Осы бір кішігірім мейірмділіктің арқасында Бернис пен Арлин өмір бойы дос болып қалды. Әрқайсысы тұрмыс құрып балалы болды. Уақыт өте, Бернис Шіркеу мүшесі болғандықтан, 1950 жылы Арлин мен оның отбасына Мормон кітабының көшірмесін сыйлады. Ал 1960 жылы Арлин, оның күйеуі мен балалары су рәсімінен өтіп, Шіркеу мүшесі болды. Кейін олар ғибадатханада бекітім алды.

Көмекке мұқтаж болған танымайтын адамға Бернис бар күшін салып, көмек көрсеткен мейірімділіктің нәтижесінде, көптеген адамдар, тірісі де өлгені де, қазіргі уақытта інжілдің құтқарылу арнау рәсімдерімен пайдаланады.

Біздің күнделікті өмірімізде, айналамыздағыларға мейірімділігімізді, сүйіспеншілігімізді көрсету мүмкіндігі берілген. Бұл туралы Спенсер В. Кимбалл: «Біз есте сақтауымыз керек, біз көлік тұрағында, офисте, лифтте және басқа жерлерде кездестірген пенделер, ол Құдайдың бізге жақсы көріп, қызмет ету үшін берген адамзаттың бөлігі болып табылады. Егер біз маңайымыздағы адамдарды бауырым мен әпкем деп санамасақ, онда үлкен адамзат бауырластығы туралы айтудың еш пайдасы жоқ»6 деп, айтқан болатын.

Жиі біздің сүйіспеншілікті көрсету мүмкіндігі аяқ асты пайда болады. Осы мүмкіндік үлгі ретінде 1981 жылы газеттегі мақалада басылып шықты. Бұның маған әсер еткені қатты болғандықтан, мен сол мейірімділік пен сүйіспеншілікке байланысты газет қиындысын 30 жыл бойы сақтап келемін.

Мақалада Аляска Aйрлайнстан қонбай ұшып өтетін Анкориджа, Аляска, Сиэтлге, штат Вашингтон - 150 жолаушыларды алып жүретін –жаралы болған баланы тасымалдау үшін, Аляскадағы ұшпайтын қалаға жіберілді. Екі жасар бала үйінің жанындағы аулада ойнап жүріп, әйнектің үстіне құлап, қолының артериясына зақым келтіріп алды. Қала 450 милді жерде (725 км) Анкориджаға қарай оңтүстік жағында, әрине, ұшақ қона алатын жерде емес болатын. Сонда да, сол жердегі дәрігерлер көмек сұрап, жан-жаққа хабар жіберді, сондықтан, сол баланы Сиэтлге алып кетіп, емханаға жатқызу үшін, ұшақтың бағыты солай қарай ауысты.

Ұшақ қаланың қасына жақын жерге қонған кезде, дәрігерлер баланың халі нашар, қаны тоқтамай жатыр, сондықтан ол Сиэтлға дейін шыдамайды деп, хабарлады. Шешім тез қабылданды, оны Алясқадағы 200 (320км) шақырым жерде орналасқан Джуна қаласындағы жақын емханаға жеткізетін болды.

Баланы Джунаға жеткізген соң, ұшақ уақытынан қалса да, өз бағыты бойынша Сиэтлға бағыт алды. Бірде-бір жолаушы, кездесулері өзгертіліп, рейстерінен қалып бара жатса да, наразылық білдірген жоқ. Шындап келгенде, минуттар тықылдаған сияқты сағаттарда тықылдады, олар сол уақытта бала мен оның отбасы үшін, қомақты соманы жинап берді.

Ұшақ Сиэтлға қонар кезде, ұшқыш радио арқылы баланың денсаулығына қауіп жоқ деген кезде, жолаушылардың көңілдері көтерілді.7

Маған киелі жазбадағы: «Мейірімділік, ол Мәсіхтің таза сүйіспеншілігі, ... және соңғы күні кімде сол болса, ол әрқашан амандықта болады»8 деген сөздер келді.

Бауырлар мен әпкелер, біздің сүйіспеншілікті көрсету үшін, кейбір үлкен мүмкіндіктер біздің өз үйлеріміздің қабырғасында табылады. Сүйіспеншілік өз отбасылық өміріңнің ортасына болуы тиіс, бірақ бұл көпшілікте олай емес. Онда тым көп шыдамсыздық, тым көп талас, тым көп ұрыс пен тым көп көз жасы төгіледі. Президент Гордон Б. Хинкли: «Бұл неге солай, [сол] біз жақсы көретін [ең] көп қатты сөздерге жиі ілінетін болды? Неге кейде біз айтқан сөздер қанжар тыққандай болып көрінеді?»9 өкініш білдірген еді. Бұл сұрақтардың жауабы әрқайсысымыз үшін, әр түрлі болуы мүмкін, бірақ мәні, себеп мағынасының жоқтығында. Егер біз бір-біріңе сүйіспеншілікпен қараңдар деген өсиеттерді ұстанатын болсақ, біз бір-бірімізге мейірімділік танытып, құрметтей білетін боламыз.

Әрине, бұл жерде, ереженің орындалуы өлшемге алынады. Бірақ осы берілген кеңесті Ілім мен Өсиеттерден тауып, еске түсірейік, нақтысы, басқа адамдарды сөгіп алудың қажеттігі туындаған кезде, соңынан біз үлкен сүйіспеншілікті білдіреміз.10

Мен әрдайым, біз әрқашан айналамыздағы адамдардың ойы мен сезімдеріне және жағдайларына мұқият болып сезімімізді білдіреміз деп, үміт артқым келеді. Ешкімді қорлап, кемітпейік. Керісінше, рақымшылық білдіріп, үміттендірейік. Біз басқа адамның сенімін өз салақтықтығымыз бен жат істерімізбен бұзып алмау үшін, абай болайық.

Кешірім сүйіспеншілікпен қатар жүруі тиіс. Біздің отбасыларымызда және достарымызға деген өкпе мен кешірімсіздік болмауы керек. Қайтадан, қиындық қандай болса да, бұның үлкен маңызы жоқ. Бұл жара қалып қойып, шіріп жата беріп, түбінде құрдымға кетуге дейін жеткізбеуі керек. Кінә ашық жараға толады. Тек қана кешірім емдейді оны.

Бір сүйкімді жас әйел бұрында, бір күні маған келіп, күтпеген жерден өзінің кейбір өкініштері туралы айтып берді. Ол көп жылдар бұрын болған оқиғасы туралы айтты, онда олардың жақсы досы ретінде болған фермер көршісінің қатысы бар, онымен ол әйел күйеуі екеуі бірнеше рет келіспеген жағдайлар орын алған. Бір күні ол көршісі өз жерінің көлемін санап, солардың жері арқылы өтсем болады ма, деп сұраған. Сол сәтте маған айтқан әңгімесін тоқтата салып, дірілдеген дауысымен: «Аға Монсон, мен оған біздің меншікті өтуге рұқсат берген жоқпын, ешқашанда, ол өз меншігіне жетуі үшін, ұзақ жолды айналып жүруге тиіс болды. Менікі дұрыс болмады, қазір сол үшін өкінемін. Ол кетіп қалды, бірақ менің одан: «Кешірім сұрағым» келді. Өкінішті ақ, мен мейірімділігімді білдіру мүмкіндігімді екінші рет жіберіп алдым» деді.

Мен оны тыңдаған кезде, меніңше Джона Гринлиф Уиттиердің қайғылы байқауының; «Барлық қайғылы сөздер мен қаламның ең қайғылысы осындай: Болар еді! Егер біз, бауырлар мен әпкелер, басқа адамдарға мейірімділік пен сүйіспеншілікпен қарасақ, ондай қиындықтарды айналып өтер едік» 11.

Сүйіспеншілік көптеген танымал әдістермен беріледі, ол күлімсіреу, толқын, жақсы жылы сөздер мен қошемет сөздері. Басқа түрлері сыпайырақ болуы мүмкін, мысалы, басқа адамның іс-әрекетіне қызығушылық таныту, ұстанымдарды жылы және шыдамдылық танытып жеткізу, ауырған немесе үйіне бара жатқан адамға кіріп шығу. Осы сөздер мен іс-әрекеттер және көптеген өзгесі де, өзара әрекетте сүйіспеншілік бола алады.

Дейл Карнеги, атақты Американдық жазушы және дәріскер, оның ойынша, әр адам «жалғызсыраған немесе абдыраған адамға бірнеше алғыс сөзін шынайы білдірсе», ол өз әлемінің бақытын … үлкейте алатынына сенген болатын. Ол: «Мүмкін сіз ертең мейірім сөздерін айтуға ұмытып кетерсіз, сіз оны бүгіннен қалдырмай айтыңыз, сонда оны естіген адам өмір бойы сол сөзден ләззат алар»12 деген.

Сол күні, күллі Құдайдың балаларына, ол отбасы мүшелеріне, достарыңызға, жай ғана таныстарыңызға немесе бөтен адамға болсын, қазірден бастап, сүйіспеншілігіңізді білдіре аласыз ба. Әрдайым, таң атысымен, біздің жолда кездескен әр адамға сүйіспеншілікпен жауап беруге бағытталайық.

Менің бауырларым мен әпкелерім, одан басқа да, бізге деген Құдайдың сүйіспеншілігі бар. Сол сүйіспеншілік үшін, Ол Өз Ұлын жіберіп, біз мәңгілік өмірге ие болуымыз үшін, бізге деген сүйіспеншілігінің кеңпейілдігінен, Ол біздің орнымызды басып, өзін құрбан етті. Бұл салыстыруға келмейтін сыйлықты түсінген кезде, біздің жүрегіміз мәңгілік Әкеміз бен Құтқарушымызға және күллі адамзатқа деген сүйіспеншілікке толады. Бұл менің ыстық ықыласта Иса Мәсіхтің атына айтқан мінажатым, аумин.

Сілтемелер

  1. Maтай 22:36–39.

  2. Maрқа 12:31.

  3. 1 Жохан 4:21.

  4. Лұқа 23:34.

  5. Авторы белгісіз, Ричард Л. Эванс, «Мейірімділіктің сапасы», ImprovementEra,Мамыр 1960, 340.

  6. Спенсер В. Кимбалл оқытулары,Эдвард Л. Кимболл (1982), 483.

  7. «Жараланған бала аман жеткізілді» Ситка күнделікті күзет (Aляска), қазан. 22, 1981 қара.

  8. Moроний 7:47.

  9. Гордон Б. Хинкли, «Let Love Be the Lodestar of Your Life», Ensign, Maмыр 1989, 67

  10. Ілім мен Өсиеттер 121:43 қара.

  11. ”Мод Мюллер, «Саясат жұмысының толық жинағы Джона Гринлиф Уиттиер (1876), 206.

  12. Дейл Карнеги, мысалы, Ларри Чанг, Даналық жанға (2006), 54.