2010–2019
Мәңгілік өмір – біздің Көктегі Әкемізді және Оның Ұлы, Иса Мәсіхті танып білу
қазан 2014


Мәңгілік өмір – біздің Көктегі Әкемізді және Оның Ұлы, Иса Мәсіхті танып білу

Құдай мен Мәсіх, дәлме-дәл Әке мен Ұл – бөлек, екі түрлі, жеке басты тіршілік, бірақ Олардың мақсаты бір.

Бірнеше жыл бұрын әр ұстанымдағы пайғамбарлардың куәгерлігін оқу мүмкіндігін пайдаландым. Олардың әрқайсысы Құдай Әке мен Оның Ұлы Мәсіхтің куәгерлігін жеткізеді.

Осы куәгерліктерді және оған ұқсас басқа да көптеген куәгерлікті жылдар бойы мен оқып келемін – Көктегі Әкеміздің Өз Үлкен Ұлын қаншалықты терең сүйгенін және Мәсіхтің Өз Әкесінің еркіне мойынсұнып, көрсеткен сүйіспеншілігін сезіну, әрдайым менің жүрегімде әсер қалдырады. Мен куәгерлік етемін, егер біз қажеттіні жасап, Олардың бір-біріне деген сүйіспеншілікті білген кезде, біз «Құдайдың ең керемет сыйлығына» ие боламыз – мәңгілік өмірге1. «Бұл мәңгілік өмір, Сені біледі, жалғыз шынайы Құдайды, және Сен жіберген Иса Мәсіхті»2.

Бұл сыйлық қайтып біздікі болмақшы? Ол осы таңда айтылып, оқытылған жеке өз басымыздың аяны арқылы келеді.

Естеріңізде ме, Құдайды алғашқы рет біліп, Оның сүйіспеншілігін білген кездеріңіз? Бала ретінде, мен аспандағы жұлдыздарға қарап, Оның болмысын сезініп, ойланған болатынмын. Құдайдың жаратқан дүниесінің ғажайып әдемілігін танып білуден мен тәнттімін – кішкене жәндіктен бастап биік талдарға дейін. Мен осы жердің әдемілігін қабыл алған кезден, Көктегі Әке мені жақсы көретінін білдім. Мен рухани шынайы ұрпағы екенімді және біздің баршамыз Құдайдың ұлдары мен қыздары екендігімізді білдім.

Сіздер мен оны қалай білдім? деп сұрарсыздар. Киелі жазбалар оқытады, «Кейбір адамдарға Иса Мәсіх Құдайдың Ұлы екендігі туралы білу үшін, Киелі Рух беріледі,  … және басқа адамдар адал өмір сүрсе, мәңгілік өмірге ие болатынына сеніп, олардың айтқанына сенуі ғана қалады»3. Менің ойымша, кейбір адамдар басқа адамдардың куәгерлігіне мәңгі бақи тәуелді болады дегенді білдірмейді.

Мен Көктегі Әке мен Құтқарушының ілімдерінен, ата-анамның куәгерлігінен, мұғалімдерден – мен бар ынтамды салып оқыған - киелі жазбалардан, әсіресе Киелі Рухтан менің жеке өз куәгерлігім өсті. Мен өсиеттерге адал болып, сенім артқан сайын мен оқығанның барлығы ақиқат екендігін Киелі Рух куәгерлік етті. Бұны мен өзім осылай білдім.

Осы барыста жеке аян кілттің көзі болып табылады. Нефий әрқайсысымызды: «Мәсіхтің сөздерімен қанығуға шақырады; өйткені, осы Мәсіхтің сөздері сіздерге нені жасау керектігін айтады»4.

Өзімнің сегізінші туған күніме дейін, су рәсімі туралы көбірек білгім келді. Мен киелі жазбаларды оқып, мінажат еттім. Бекітім алған кезімде Киелі Рухқа ие болатыным туралы білдім. Және Құдай мен Мәсіх дәлме-дәл Әке мен Ұл – бөлек, екі түрлі, жеке басты тіршілік, бірақ Олардың мақсаты бір екенін түсіне бастадым. «Біз (Оларды) жақсы көреміз, өйткені (Олар) бізді бірінші болып сүйді»5. Олардың бір-бірін қаншалықты жақсы көріп, біздің игілігіміз үшін бірге жұмыс істегенін мен қайта - қайта бақыладым.

Жерге келерге дейінгі өмірдің ілімінде, Көктегі Әке Иса Мәсіхті «Менің Сүйікті Ұлым, басынан бастап Менің Таңдаулы және Сүйіктім»6 деп, айтқан. Әке жерді жаратқан кезде, Ол оны (Оның) Жалғыз Ұлына жасаған болатын7.

Мәсіхтің анасы Мариям «Жаратқан Иенің Ұлын»8 дүниеге әкелемін деді. Мәсіх ер жеткен кезде, Ол анасына мен (Өзінің) Әкесінің қасында болуым керек деген болатын9. Жылдар өте, Құтқарушы су рәсімін өткен соң, Көктегі Әке көктен «Бұл Менің батамды алған Менің Сүйікті Ұлым»10 деді.

Өз шәкірттерін мінажат етуге үйрету үшін, Мәсіх мына сөздерді айтты:

«Көктегі Әкеміз! Сенің киелі есімің қастерлене берсін.

Патшалығың осында орнасын! Сенің еркің көкте орындалғандай, жер бетінде де, орындала берсін»11.

Ол Никодимге: «Өйткені Құдай адамзатты сондай сүйгендіктен, Өзінің жалғыз рухани Ұлын құрбандыққа берді»12. Ол оларға Оның ғажайыптарын түсіндіріп, былай деді: Әкесінің істегенін көрмесе, Оның Ұлы өздігінен ештеңе істей алмайды. Өйткені Әкесінің жасап жатқанын Ол да дәл солай жасайды»13.

Өтелу уақыты таяп қалғанда, Мәсіх дұға қылып: «Әке, уақыт жетті. … Рухани Ұлыңды ұлылыққа бөлей гөр, сонда Мен Сенің ұлылығыңды көрсете аламын; Маған тапсырған ісіңді аяқтап, жерде Сенің ұлылығыңды көрсеттім»14. Сонда, біздің күнәларымыз Оған ауыр болып тигенде, Ол: «О, Әке, мүмкін болса, (қаһарыңа толы) осы «тостағанды» Маған жолата көрме. Алайда Менің емес, Сенің еркіңе сай болсын!»15 деді. Айқыш ағаштағы Өзінің соңғы сәтінде Мәсіх (көктегі Әкесіне) сыйынып: «Әке, оларды кешіре гөр! Олар не істеп жатқандарын түсінбейді» деп, содан соң қатты дауыстап: «Әке, Сенің қолыңа рухымды тапсырамын!»16 деді.

Содан соң Ол Әкенің патшалығына кіру үшін, Өзінің «қайта тірілгені соң шығу күшін оларға беру үшін, рухани әлемдегі өлгендердің рухтарына барды»17. Құтқарушы қайта тірілген соң, Ол Мариям Магдаленге келіп: «Мен Әкеме, яғни сендердің де Әкелеріңе, Өз Құдайыма, яғни сендердің де Құдайларыңа көтерілемін»18 деді.

Ол Америка континентіндегі адамдарға келген кезде, Әкесі Оны таныстырып: «Мінеки, Бұл Менің Сүйікті Ұлым, Ризамын Оған, Ол менің ұлылығымды көрсетті»19. Иса Мәсіх ғибадатханадағы халыққа келіп түскен кезде, Ол өзін: «Мінеки, Мен Иса Мәсіх  … Мен … әлемнің күнәсін Өзіме алып, Әкемнің ұлылығын көрсеттім»20. Ол Өзінің іліміне оқытқан кезде, Ол түсіндірді:

«Осы ілімді маған Әкем берді; және Мен Әкем туралы куәгерлік етемін, ал Әкем мен туралы куәгерлік етеді»21.

«Әкем және Мен бірміз … бұл ақиқат»22.

Осы жазбаларда Әке мен Ұлдың куәгерлігі туралы жеке айырмашылықты байқай аламыз ба? Сонда олар қалайша бір? Олар жеке тұлға болғандықтан емес, олардың мақсаты бірдей бір болғандықтан, «адамға мәңгілік өмірді әкеліп, өлімді жоюға»23 арналған.

Мәсіх Құдай, бірақ Ол әрдайым өзін жеке тіршілік ретінде бөлек Әкесіне дұға қылып, Әкесінің еркін орындадым деді. Нефийліктер арасында қызмет еткен кезінде, Ол жалбарынып: «Әке, мен әлем үшін дұға қылып тұрған жоқпын, тек осы дүниеден берген Сенің халқың үшін … олардың арасында болуым үшін, Сен менімен болғандай, бірегей бола алуымыз үшін, солардың қасында ұлы болуым үшін»24.

Осыны ескере отырып, Інжілдің қайта қалпына келуі бір емес даңқы шыққан екі тіршіліктің пайда болуымен басталғанына таңқаларлық ештеңе жоқ. Оның бірінші көрісінен кейін, Пайғамбар Джозеф Смит: «Олардың біреуі маған қарап, атымды атап, екіншісіне көрсетіп, --«Бұл Менің Сүйікті Ұлым. Тыңда Оны!»25 деді, деп куәгерлік етті.

Жас Пайғамбар сол шағын орманға қай шіркеуге қосылу керектігін білу үшін, кірген ол, сол жерден Құдайдың жіберген Иса Мәсіх пен Құдай бір екендігіне куәгер болды және сеніміне берік болып шықты. Джозеф оған дейін болған пайғамбарлар сияқты мәңгілік өмірге әкелетін әлемдегі білімді қайта қалпына келтірудің құралы болды сол кезде.

Сіздер де, осы Бас Конференцияда және киелі жазбаларда «апостолдар мен пайғамбарлар [куәгерлік еткен] Иса»26 мен Көктегі Әкемізге арнай аласыздар. Сіздер қалай іздесеңіздер, солай таба аласыздар, сіздер Құдайдың үшінші мүшесі, біз білетін Рухани, Киелі рух арқылы ақиқатты білуіңіз үшін, Көктегі Әке сіздерге аса маңызды арнайы тәсілді қамтамасыз етеді.

Сол заттарды алған кездеріңізде, бүгінгі мен айтқанды да қоса, -- «Егер осы нәрселер шындыққа жатпаса - Мен сіздерге Құдайдан, Мәңгілік Әкеден Мәсіхтің атына сұраңыздар деп, өсиет етемін; егер сіздер шын жүректен және шын ниетпен, Мәсіхке сенім артып сұрасаңыздар, Ол сіздерге ол туралы Киелі Рух арқылы ақиқатты ашады.

Киелі Рухтың күшімен сіздер барлығыңыз біле аласыздар»27.

Бауырлар мен әпкелер, мен куәгерлік етемін, Көктегі Әкеміз осы білімдерді қазір іздеп тапқанымызды қалайды. Геламанның дауыстап айтқан сөздері: «Есте сақтаңдар, бұл біздің Мәсіх, Құдайдың Ұлы, Өтелушіміздің тасында сендер өз іргетасыңды көтеруің керек …  егер адамдар сол іргетаста орнататын болса, олар құламайды»28. Шынымен, біз қадірін кетірмейміз.

Осы берік іргетас Иса Мәсіх болып табылады. Ол «Көктегі Жазмыш»29. Біз өз үйімізді Оның атын атап салатын болсақ, жаңбыр жауып сел жүрседе, жел соқсада, біз құламаймыз. Біз беделін түсірмейміз, өйткені біздің үй және отбасымыз Мәсіхтің атымен құрылған30.

Мен куәгерлік етемін, бұл «Ұлы Үй»31. Біз сол жерде бірге жиналып, Көктегі Әкемізге Оның Сүйікті Ұлының атына мінажат етеміз. Біз сол жерде Оны мадақтаймыз және ризашылығымызды білдіреміз. Біз сол жерде Киелі рухты алдық және «Оның бізге уәде еткен мәңгілік өмірі мен Целестиал патшалығының ұлылығын да»32.

Мен куәгерлік етемін, біздің Құтқарушымыз, Иса Мәсіх тірі. Біздің Мәңгілік Көктегі Әкеміз бізді сүйеді және бізді бақылап отырады және де, осы құрылымда пайғамбарымыз бар – Президент Томас С. Монсон бізді жетелеп, бағытқа салып отыр. Білімді іздегенге Киелі рух бұл ақиқат екенін куәгер етеді. Иса Мәсіхтің атына, әумин.