2010–2019
Пайғамбарлардың сөзімен өмір сүру
қазан 2014


Пайғамбарлардың сөзімен өмір сүру

Көктегі құдайшылдық мақсаттың жолымен үйлесімді болу үшін, біз Пайғамбарды қолдап, соның айтқан сөзімен өмір сүруіміз керек.

Біздің Көктегі Әкеміз Өзінің барлық балаларын жақсы көреді және Оның бақыт жоспарын түсініп, білгенін қалайды. Сондықтан, Ол Өз балаларын құтқару үшін, Құдайдың атынан әрекет етуге арнайы күш берілген, арналған Пайғамбарларды шақырады. Олар ақиқаттың елшілері, Иса Мәсіхтің куәгерлері және Оның Өтелуінің шексіз күші. Олар жер бетіндегі Құдайдың патшалық кілттерін ұстайды және құтқарылу рәсімдерін орындауға билік жүргізеді.

Құдайдың шынайы Шіркеуінде, «жер бетіндегі уақытта осы әулиелік кілтін ұстаған бірде бір адам жоқ».1 Біз Президент Томас С. Монсонды пайғамбар, көріпкел және әулиелікті ұстанушы ретінде қолдаймыз. Ол біздіңбүкіл Шіркеуді жетелеп, бағыттап, Құдайдың сөзін ашады. Президент  Рубен Дж. Кларк түсіндіргендей: «Шіркеу Президенті … ғана шіркеу үшін аян алуға құқылы».2

Тірі пайғамбарға қатысты, Ие Өз Шіркеуіндегі адамдарға өсиет етті.

«Менің алдымда барлық қасиеттілікте жүріп, оларды ол алған сайын, саған беретін болады, сен соныңбарлықсөздеріне және өсиеттеріне құлақ асатын боласың;

Оның айтқан сөздеріне сендер шыдамдылық танытып, сенім артып, Менің аузымнан айтылған сөз ретінде қабыл алуларың керек.

Осы нәрселерді жасасаңдар, сонда сендерді тозақ қақпасы жалмап алмас».3

Көктегі құдайшылдық мақсаттың жолымен үйлесімді болу үшін, біз Пайғамбарды қолдап, соның айтқан сөзімен өмір сүруіміз керек.

Біз тағы Президент Томас С. Монсонның кеңесшілерін және Он екілік Кворум Апостолдарын пайғамбар, көріпкел және әулиелік ұстанушы ретінде қолдаймыз. «Олар [Иенің] …  ойын және еркін Шіркеу Президентінің … рұқсатымен қана жария етуге құқылы».4 Олар Мәсіхтің атынан сөйлейді. Олар Исаның атымен пайғамбарлық етеді. Олар барлығын Мәсіхтің атына жасайды. Олардың айтқан сөзінде біз Иенің дауысын естиміз және біз Мәсіхтің сүйіспеншілігін сезінеміз. «Және Киелі Рух арқылы шабыттанып айтқанның барлығы жазбаларда ... Құдайдың күші құтқарылуға». 5 Иенің Өзі: «Менің дауысым болсын немесе Менің қызметімдегінің дауысы болсын, ол бір».6

Құдайдың рухани үйінің «апостолдары мен пайғамбарлары салған іргетасының үстінде сендер де «тірі тас»іспетті қаландыңдар және осы Үйдің негізгі және басты тасы - Иса Мәсіхтің Өзі болған Шіркеу үшін, біздің ризашылығымыз шексіз».7 Құдайдың үй, ол тәртіп үйі және біз ешқашанда сұрақтарымызға жауап іздеп, сенімсіз болып немесе қандай дауыстың соңынан еру керек деп, адаспауымыз керек. Бізге «желмен ұшып келген түрлі ілімдерге елікпегеніміз жөн».8 Құдай Өз сөзін Өзінің шақырылған қызметкерлері арқылы ашады, Соның нәтижесінде «Мәсіхтің рухани денесі өсіп, күшейе бермек. Осылайша бәріміз бірге Құдайдың рухани Ұлына сеніп, Оны жақын білу арқылы Мәсіхтің кемелдігіне сай келетін біртұтас, жетілген қауым болмақпыз».9 Біз пайғамбарлардың сөзімен өмір сүруді таңдаған кезде, біз мәіңгілік жетілудің өсиет жолына түсеміз.

Жалғыз басты жесір ана аштық мезгілінде тірі қалу үшін алысу кезінде, біз пайғамбарға қалай қолдау көрсету керек үлгісі туралы білеміз. Құдай Ишаяға Сарепта жеріне барып, жесір әйелді табуды тапсырады, Құдай ол әйелге оған қолдау көрсет деп бұйырған болатын. Ишая қалаға келген кезде, отын жинап жүрген әйелді көреді. Ол оны шақырып: «Мен ішетін су әкеп бермес пе екенсің»10 деп, сұрады.

«Және ол су әкелуге кеткен кезде, ол оны шақырып, мен житін бір тілім нан ала келмес пе екенсің деп, сұрады.

Сонда ол, Сенің Тірі Құдайың сияқты, менде ешнәрсе жоқ, тек қана бір уыс үн бар ыдыста және кішкене май бар құмырада, мен екі шөрке отын жинап, соны өзіме және ұлыма дайындаймын да соны жеп өлеміз деді».

Ишая оған: «Қорықпа, барда, өзің айтқандай жаса, бірақ алдымен маған кішкене нан дайындап әкел, содан соң өзіңе және балаңа дайында»11 деп, жауап берді.

Бір сәтке, пайғамбардың аш анаға жаса деген қиындықты елестетіп көріңіздерші. Әрине, Құдайдың Өзі, Өзінің адал қызметшісіне асты берер еді. Бірақ, Иенің атына, Ишая тапсырма бойынша, Құдайдың сүйікті қызын сынақтан өтіп, пайғамбарға қолдау көрсетуге тиіс болған.

Бірақ Ишая мойынсұнғаны үшін батасын беруді уәде етті: «Исраилдың Құдайы Иенің айтқаны; ыдыстағы үн таусылмайды, құмырадағы май бітпейді»12 Ие жесір әйелге сеніп және пайғамбардың сөзіне сеніп, өз таңдауын жасауға мүмкіндік берді.

Бұл әлемде шындық пен рухани аштығы қауыпы бар кезеңде, бізге пайғамбарды қолдау өсиет етілген. Біз құлақ асып, пайғамбарлық сөзді қорғап бекіткен сайын, біз куәгерлер болып табыламыз және Құдайдың даналығымен мерзіміне, еркіне мойынсұну үшін бізде сенім бар.

Бізге пайғамбарлық сөз жөнсіз немесе ыңғайсыз болып көрінсе де, біз оның сөзіне құлақ асамыз. Әлем үлгісі бойынша, пайғамбардың соңынан еру, саяси жаңылыс немесе әлеуметтік қолайсыз болуы мүмкін. Бірақ пайғамбардан соң барлығы дұрыс. «Аспанның жерден қаншама жоғары болатынындай, Менің жолым да сендердікінен жоғары, Менің ойым да пікірлеріңнен тым биік».13 «Өз ақыл-санаңа сүйеніп жүрме, сенім арт шын жүректен Жаратқан Иеңе».14

Иеміз пайғамбарлық сөзге құлақ асқан адамдарды жақсы көреді және батасын береді. Нәтижесінде, Серапетадағы жесір әйелдің пайғамбар Ишаяға құлақ асқаны оның өмірі мен ұлының өмірін сақтап қалды. Пайғамбар уәде еткендей, «Ишая арқылы Құдайдың сөзі айтылғандай ... ол және оның ұлы және оның үйінде көптеген күндері тамақ молынан болды».15

Құдай Оған сенім артқан адамдарды аш қалдырмайды. «Пайғамбарлық сөз біздің жанға манна сияқты».16 Біз қабыл алған кезде, батасын алып Оның қамқорлығындамыз және осы мерзімде рухани сақталамыз. Біз олардың сөзіне қанныққан кезде, қалай өмір сүру керектігін және Мәсіхке қалай келу керектігін үйренеміз.

Аға Брюс Р. Макконки жазған болатын: «Пайғамбарлар арқылы Ие құтқарудың ақиқатын ашады; ... Мәсіх арқылы құтқарылуды, және бұл кесте … мәңгілік өмірге бағыт алады.  … Әр жаста: қауіп төніп, қажеттілік туындаған уақытта, Ие өз халқына бағыт беріп, жол ашады. Әрине, жақын арадағы болатын сәттерде, көктен келіп, Иенің даналығы мен пайғамбарлық айтылған сөзден басқа ешнәрсе Оның халқын құтқара алмайды».17

Мен үшін, пайғамбардың сөздері мені оқытып, Лавр мұғалімім маған некелік байланыс өсиетке сай болу керектігін көрсетті. Пайғамбарлардың сөздері маған бақытты үйді дайындап, оны алу үшін сенім мен үміт берді. Бірте-бірте көне мен осы замандағы пайғамбарлардың ілімін оқи келе, менің жеті баламды тәрбиелеуге және өмір қиындығынан сүрінбей өтуге маған көмектесіп, қолдау көрсетті. Киелі жазбадағы пайғамбарлардың сөздері мен осы жерден айтылған сөздер баршамызды құрсауына алатын жұбаныш пен сүйіспеншілік және жақсы көңіл-күй сөздері болып табылады.

Біз пайғамбарлардың сөзіне құлақ асқан кезде, «біздің жазмыш Өтелуші, Құдайдың Ұлы, Иса Мәсіхтің «Тасында» біз өзіміздің үйімізді, өмірімізді сенімді мәңгілік іргетаста тұрғызамыз,  … сонда, ібіліс өзінің қатты желін, боранды, бұршақ пен қатты құйын жіберіп, ... мәңгілік қайғы-қасіретке төмен тартып билегісі келген кезде, сіздерге оның билігі жүрмейді сонда».18

Біздің таңдауымыз бар. Біз елемеуді немесе жеңілтектікпен қарап, қорлап, Оың шақырған қызметкерлерінің айтқан Мәсіхтің сөзіне қарсы шығуды таңдай аламыз. Бірақ Құтқарушы, теріс жолды таңдаған адам Оның ардақты халқынан кесіледі деп, ескертті.19

Біз дұға қылып, шын ниетпен пайғамбарлық қасиетті сөзді, Мәсіхке деген сеніммен танып білетін болсақ, Киелі Рух біздің ақыл ойымыз бен жүрегімізге ақиқатты ашады. Біз Құдайдың құпиясы біздің көзімізді ашу үшін, біз біздің құлағымызды есту үшін ашып, жүрегімізді түсіну үшін және ақыл ойымызды аша алар ма екенбіз.20

Мен куәгерлік етемін, Жозеф Смитті Құдайдың Өзі, Иса Мәсіхтің Інжілін және Оның әулиелігін қайта қалпына келтіру үшін, шақырған шынайы пайғамбар. Мен куәгерлік етемін, Президент Томас С. Монсон осы күнгі шынайы пайғамбар. Біз сенімімізде бірегей болып, Мәсіх сияқты таза болып, Құдай Ұлының біліміне толыққанымызша, пайғамбармен бірге болып, олардың айтқан сөзімен өмір сүруді таңдай аламыз ба. Қасиетті Иса Мәсіхтің атына, әумин.