Киелі жазбалар
1‑ші Нефи 3


3‑ші тарау

Лехидің ұлдары мыс парақтарын алу үшін Иерусалимге қайтады. Лабан парақтарды беруден бас тартады. Нефи бауырларын насихаттап, жігерлендіреді. Лабан олардың мүлкін ұрлап, өлтіруге тырысады. Ламан мен Лемуел Нефи мен Самді ұрып‑соғады, ал періште оларды айыптайды. Шамамен 600–592 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Міне дәл солай болды, мен, Нефи, Жаратқан Иемен сөйлескен соң әкемнің шатырына қайтып оралдым.

2 Міне дәл солай болды, ол маған былай деді: «Міне, мен түс көрдім, онда Жаратқан Ие маған сен және бауырларың Иерусалимге оралсын деп бұйырды.

3 Міне енді, Лабанда яһудилер мен ата‑бабаларымның да жазбасы бар, және олар мыс парақтардың бетінде ойылып жазылған.

4 Сондықтан, Жаратқан Ие маған сен және сенің бауырларың Лабанның үйіне барып, және сол жазбаларды іздеп тауып, және оларды осы жерге шөл далаға алып келуді бұйырды.

5 Ал енді, міне сенің бауырларың мен олардан талап еткенім ауыр деп күңкілдеп жатыр; бірақ міне, мен мұны олардан талап еткен жоқпын – бұл Жаратқан Иенің өсиеті.

6 Ендеше балам, бара бер, сен Жаратқан Иенің рақымына бөленесің, өйткені сен наразылық білдірген жоқсың».

7 Міне дәл солай болды, мен, Нефи, әкеме айттым: «Мен барып, Жаратқан Иенің өсиеттерін орындаймын, өйткені мен білемін, Жаратқан Ие оларға алдын ала жол дайындамай адам балаларына өсиет бермейді, сонда олар оның бұйырғанын орындай алады».

8 Міне дәл солай болды, бұл сөздерді естіген әкем қатты қуанды, өйткені ол менің Жаратқан Иенің батасын алғанымды білді.

9 Ал мен, Нефи және менің бауырларым Иерусалим жеріне бару үшін шатырларымызды алып шөл далаға жолға шықтық.

10 Міне дәл солай болды, біз Иерусалим жеріне барған соң, мен және менің бауырларым бір‑бірімізбен ақылдастық.

11 Ал біз жеребе тастадық – Лабанның үйіне біздің қайсымыз баратынына. Міне дәл солай болды, жеребе Ламанға түсті; және Ламан Лабанның үйіне кіріп, және ол оның үйінде отырып, онымен сөйлесті.

12 Ал ол Лабаннан мыс парақтарда ойылып жазылған жазбаларды сұрады және онда әкемнің ата тегі тіркелген болатын.

13 Ал Міне дәл солай болды, Лабан ашуланып, оны қасынан қуып жіберді, және бұл жазбалардың оның қолына түскенін ол қаламады. Сондықтан, ол оған: «Міне, сен қарақшысың, мен сені өлтіремін», – деді.

14 Бірақ Ламан оның қасынан қашып құтылды, және Лабанның істегенін бізге айтты. Ал біз қатты қайғыра бастадық, ал менің бауырларым шөл даладағы әкеме қайтып оралмақ болды.

15 Бірақ міне мен оларға былай дедім: «Жаратқан Ие қалай тірі болса және солай біз тіріміз, біз Жаратқан Иенің бізге бұйырғанын орындамайынша, шөл далаға әкемізге қайтып түспейміз.

16 Сол себепті Жаратқан Иенің өсиеттерін орындауда адал болайық; сондықтан әкеміздің еншісіндегі елге түсейік, міне енді ол алтын мен күмісті және барлық байлықты қалдырды. Ал ол мұның бәрін Жаратқан Иенің өсиеттерін орындау үшін жасады.

17 Өйткені ол Иерусалимнің сол халықтың зұлымдықтары үшін жойылатынын білді.

18 Міне енді, олар пайғамбарлардың сөздерін жоққа шығарды. Сондықтан, егер менің әкем осы жерден кетуге бұйырық берілген соң, сол жерде отырып қалғанда, міне, ол да өлетін еді. Сондықтан, ол жерден қашуға мәжбүр болды.

19 Ал міне, осы жазбаларға қол жеткізіп, ата‑бабамыздың тілін балаларымызға сақтап қалуымыз – Құдайдың даналығы;

20 Ал сондай‑ақ оларға Құдайдың Рухы мен құдіреті арқылы жеткен барлық қасиетті пайғамбарлардың аузынан айтылған сөздерді, дүние жаратылғаннан бері, тіпті осы уақытқа дейін сақтап қалуымыз үшін».

21 Міне дәл солай болды, мен осы сөздер арқылы бауырларымды Құдайдың өсиеттерін орындауда адал болуға көндірдім.

22 Міне дәл солай болды, біз мұрагерлік жерімізге түстік, өзіміздің алтын мен күмісімізді және өз асыл заттарымызды жинап алдық.

23 Ал осы заттарды жинап болған соң, біз Лабанның үйіне қайта жоғары көтерілдік.

24 Міне дәл солай болды, біз Лабанға барып, мыс парақтарына ойылып жазылған жазбаны беруін өтіндік, сонда сол үшін біз оған алтынымыз бен күмісімізді және біздің барлық асыл заттарымызды берер едік.

25 Міне дәл солай болды, Лабан біздің мүлікімізді және оның тым үлкен екенін көріп, оған құмар болды, сондықтан ол бізді қуып жіберді және мүлкімізді алу үшін бізді өлтіруге қызметшілерін жіберді.

26 Міне дәл солай болды, біз Лабанның қызметшілерінен қаштық және біз өз дүние‑мүлікімізді қалдыруға мәжбүр болдық және ол Лабанның қолына өтті.

27 Міне дәл солай болды, біз шөл далаға қаштық, ал Лабанның қызметшілері бізді қуып жетпеді және біз жартастың қуысына жасырындық.

28 Міне дәл солай болды, Ламан маған да әкеме де ашуланды; және Лемуел де, өйткені ол Ламанның сөзіне құлақ түрді. Сондықтан Ламан мен Лемуел бізге, яғни інілеріне көп ауыр сөздер айтып, міне тіпті таяқпен де ұрды.

29 Міне, дәл солай болды, олар бізді таяқпен ұрып жатқанда, Жаратқан Иенің періштесі келіп, олардың алдында тұрды да, ол оларға былай деді: «Неге інілеріңді таяқпен ұрып жатырсыңдар? Жаратқан Иенің оны сендерге әмірші етіп таңдағанын және бұл сенің зұлымдықтарың үшін екенін білмейсіңдер ме? Міне, сендер қайтадан Иерусалимге шығасыңдар, сонда Жаратқан Ие Лабанды қолдарыңа тапсырады».

30 Ал періште бізбен сөйлескеннен кейін кетіп қалды.

31 Ал періште кеткеннен кейін, Ламан мен Лемуел қайтадан күңкілдей бастады: «Жаратқан Ие Лабанды біздің қолымызға қалай береді? Міне, ол мықты адам, ол елуге бұйрық бере алады, иә, тіпті елуді өлтіре алады; онда неге бізді емес?»