Киелі жазбалар
1‑ші Нефи 1


Нефидің бірінші кітабы

Оның билігі мен қызметі

Лехи, оның әйелі Сария және оның төрт ұлының баяндамасы (үлкенінен бастап) Ламан, Лемуел, Сам және Нефи. Жаратқан Ие Лехиге Иерусалим жерінен кетуді ескертеді, өйткені ол адамдарға олардың заңсыздықтары туралы пайғамбарлық етеді және олар оның өмірін құртуды көздейді. Ол отбасымен шөл далаға үш күндік сапарға шығады. Нефи бауырларын ертіп, еврейлердің жазбасы үшін Иерусалим жеріне оралады. Олардың азаптары туралы баяндау. Олар Ысмағұлдың қыздарын әйелдікке алады. Олар отбасыларын алып шөл далаға кетеді. Олардың шөл даладағы азаптары мен қиыншылықтары. Олардың саяхаттағы барысы. Олар үлкен суларға келеді. Нефидің бауырлары оған қарсы шығады. Ол оларды ұятқа қалдырады және кеме тұрғызады. Олар бұл жерді Молшылық деп атайды. Олар үлкен сулар арқылы уәде етілген жерге өтеді және тағы басқа. Бұл Нефидің баяндауына сәйкес; немесе басқаша айтқанда, мен, Нефи, бұл жазбаны жаздым.

1‑ші тарау

Нефи өз халқының жазбаларын бастайды. Лехи көрісте от бағанасын көреді және пайғамбарлық кітаптан оқиды. Ол Құдайды мадақтайды, Мәсіхтің келуін алдын ала болжайды және Иерусалимнің жойылуы туралы пайғамбарлық етеді. Оны Яһудилер қудалайды. Шамамен 600 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Мен, Нефи, жақсы ата‑анадан тудым; сондықтан мен әкемнің барлық тәлім‑тәрбиесін біраз меңгерген болатынмын; және мен өмірімде талай азапты көрдім, соған қарамастан, менің барлық күндерімде Жаратқан Иенің ықыласына бөлендім; иә, міне Құдайдың ізгілігі мен құпиялары туралы үлкен білімге ие болғандықтан, мен өз күндерімдегі істерімді жазып отырмын.

2 Иә, мен әкемнің тілінде, яһудилер мен мысырлықтардың тілін үйренуден тұратын жазба жазып отырмын.

3 Ал мен жазып отырған жазбаның рас екенін білемін; және мен оны өз қолыммен жазып отырмын; және мен оны өз біліміме сүйене жазып отырмын.

4 Бұл дәл солай болды, бұл Яһуда патшасы Седекиях билігінің бірінші жылының басында болды (әкем Лехи өмір бойы Иерусалимде өмір сүрді); және сол жылы көптеген пайғамбарлар пайда болды, олар адамдарға өкіну керектігін, әйтпесе ұлы Иерусалим қаласы жойылатынын пайғамбарлық етті.

5 Сондықтан дәл солай болды, менің әкем Лехи сыртқа шығып, Жаратқан Иеге шын жүректен, өз халқы үшін мінажат етті.

6 Міне дәл солай болды, ол Жаратқан Иеге мінажат етіп жатқанда, от бағанасы көтеріліп, оның алдында жартастың үстінде пайда болды; ол көп нәрсені көрді және естіді; және көргені мен естігенінен қатты дірілдеп және қалтырап кетті.

7 Міне дәл солай болды, ол Иерусалимдегі өз үйіне қайтып оралды және Рухқа бағынып көрген нәрселерінен ол төсегіне жатып қалды.

8 Ал Рухқа бағынған ол көріске еніп, ол тіпті көктің ашылғанын көрді, және ол Құдайды өзінің тағында отырғанын, оның айналасында сансыз періштелер жиналып, Құдайына ән айтып, мадақтап жатқанын көрдім деп ойлады.

9 Міне дәл солай болды, ол көктің ортасынан біреудің түсіп келе жатқанын және оның жарықтығы күндізгі күн сәулесінен де керемет екенін көрді.

10 Ал ол тағы он екі басқа адамның соңынан еріп келе жатқанын көрді, және олардың жарықтығы аспандағы жұлдыздардың жарығынан да асып түсті.

11 Ал олар төмен түсті, және жер бетімен жүрді; және біріншісі келіп, әкемнің алдында келіп тұрды да оған кітап берді және оған оқуды бұйырды.

12 Міне дәл солай болды, ол кітапты оқығанда, ол Жаратқан Иенің Рухына толды.

13 Ал ол оқып, былай деді: Ей, ей, Иерусалим, өйткені мен сенің жиіркенішті істеріңді көрдім! Иә, менің әкем Иерусалим туралы көп нәрсені оқыды: қала мен оның тұрғындары құрып; көбісі семсерден өлетін болады, ал талайы Бабылға тұтқынға әкетіледі.

14 Міне дәл солай болды әкем көптеген ұлы да ғажайып нәрселерді оқып көргенде, Жаратқан Иенің алдында көп нәрсе туралы уағыздады, сонымен қатар: сенің істерің ұлы да ғажайып, Уа, Құдіреті шексіз Құдай Ие! Сенің тағың көкте биік, ал сенің құдіретің мен ізгілігің және мейірімің жер бетіндегі барлық тұрғындарын орап алады; және сен мейірімді болғандықтан, саған келгендердің құрып кетуіне жол бермейсің!

15 Ал әкемнің Құдайды мадақтауда айтқан сөздері осындай болды; өйткені ол көрген нәрселердің арқасында, иә, Жаратқан Ие оған көрсеткендіктен, оның жүрегі толқып, жаны шексіз қуанышқа бөленді.

16 Ал енді мен, Нефи, әкемнің жазғандары туралы толық баяндау бермеймін, өйткені ол көріс пен түсінде көрген көптеген нәрселерді жазды; және ол сондай‑ақ пайғамбарлық еткен және балаларына айтқан көптеген нәрселерді жазды, мен ол туралы толық баяндау келтірмеймін.

17 Бірақ мен өз күндерімде істеген өз істерім туралы баяндау беремін. Міне мен өз қолыммен дайындаған осы парақтарға әкемнің жазбаларының қысқаша мазмұнын жазып отырмын; сондықтан, әкемнің жазбаларын қысқартқаннан кейін мен өз өмірім туралы баяндау жүргіземін.

18 Сондықтан, мен сендердің білгендеріңді қалаймын, Жаратқан Ие әкем Лехиге көптеген керемет нәрселерді көрсеткеннен кейін, Иерусалимнің жойылуына қатысты, міне ол халықтың арасына шығып, пайғамбарлық ете бастады және оларға көргені мен естігені туралы жариялай бастады.

19 Міне дәл солай болды, яһудилер оны олар туралы куәлік еткені үшін мазақ етті; өйткені ол олардың зұлымдықтары мен жиіркенішті істері туралы шынайы куәлік етті; және ол көргені мен естігендері мен сондай‑ақ кітаптан оқығаны да, Мәсіхтің келуі мен әлемнің өтелуі онда анық айтылғаны туралы куәлік етті.

20 Ал мұны естіген яһудилер оған ашуланды; иә, тіпті сол ежелгі пайғамбарларды, олар қуып, таспен ұрып өлтіргенге ұқсас және олар әкемнің өмірін көздеп, оны өлтірмек болды. Бірақ міне, мен, Нефи, сендерге Жаратқан Иенің мейірімділігі олардың сенімдері үшін, тіпті құтқару күшіне дейін құдіретті ету үшін таңдағандардың барлығына қатысты екенін көрсетемін.