Киелі жазбалар
1‑ші Нефи 15


15‑ші тарау

Лехидің тұқымы соңғы күндерде өзге ұлттардан інжілді қабылдайды. Исраилдің жиналуы табиғи бұтақтары қайтадан егілетін зәйтүн ағашына ұқсайды. Нефи өмір ағашының көрінісін түсіндіреді және зұлымдарды әділдерден ажыратудағы Құдайдың әділдігі туралы айтады. Шамамен 600–592 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Міне дәл солай болды, мен, Нефи, Рухтың жетегінде кетіп, осының бәрін көрген соң, әкемнің шатырына қайтып оралдым.

2 Міне дәл солай болды, мен бауырларымды көрдім, олар бір‑бірімен әкемнің айтқаны туралы дауласып жатты.

3 Өйткені ол оларға көптеген ұлы нәрселерді шынымен айтты, егер адам Жаратқан Иеден сұрамаған болса, түсіну қиын болар еді; ал олардың жүректері қатал болды, сондықтан олар Жаратқан Иеге қажетінше қарамады.

4 Ал енді мен, Нефи, олардың жүректерінің қаталдығынан, сондай‑ақ көрген нәрселерге байланысты қайғырдым және олар адам балаларының зор зұлымдығынан міндетті түрде орындалатынын білдім.

5 Міне дәл солай болды, мен өзімнің қайғы‑қасіретімнен әлсіреп қалдым, өйткені халқымның жойылуына байланысты менің қайғы‑қасіретім бәрінен де зор деп ойладым, өйткені мен олардың құлағанын көрдім.

6 Міне дәл солай болды, мен күш‑қуат алған соң, мен бауырларыммен сөйлесіп, олардың дауларының себебін білгім келді.

7 Міне олар былай деді: Міне, біз әкеміздің зәйтүн ағашының табиғи бұтақтары туралы, сондай‑ақ өзге ұлттар туралы айтқан сөздерін түсіне алмай жатырмыз.

8 Міне мен оларға былай дедім: Сендер Жаратқан Иеден сұрадыңдар ма?

9 Міне олар маған былай деді: Сұрамадық; өйткені Жаратқан Ие бізге бұндай нәрсені ашпайды.

10 Міне, мен оларға былай дедім: Қалайша Жаратқан Иенің өсиеттерін орындамайсыңдар? Жүректеріңнің қаталдығынан қалайша құрдымға кеткілерің келеді?

11 Жаратқан Иенің не айтқаны естеріңде жоқ па? – Егер сендер, алатындарыңа сеніп, менің өсиеттерімді ынта‑жігермен орындап және жүректеріңді қатайтпай әрі маған сенім артып сұрасаңдар, бұл нәрселер сендерге міндетті түрде белгілі болады.

12 Міне, мен сендерге айтамын, Исраил үйі біздің әкемізде болған Жаратқан Иенің Рухы арқылы зәйтүн ағашына теңестірілді; ал міне, біз Исраил үйінен бөліндік емес пе және біз Исраил үйінің бір бұтағы емеспіз бе?

13 Ал енді өзге ұлттардың толықтығы арқылы табиғи бұтақтарды егуге қатысты әкеміздің айтқысы келгені — соңғы күндерде біздің ұрпақтар имансыз болып туылған кезде, иә, Мәсіх адам балаларына тән күйінде ашылғаннан кейін, көптеген жылдар бойы және талай тұқымның кезі өтеді, содан кейін Мәсіх туралы інжілдің толықтығы өзге ұлттарға және өзге ұлттардан біздің тұқымымыздың тамтығына жетеді.

14 Міне сол күні біздің тұқымымыздың тамтығы өздерінің Исраил үйінен екенін және Жаратқан Иенің келісімін жасаған халқы екенін біледі және содан олар ата‑бабаларын біліп, танып‑білетін болады, сондай‑ақ олардың Құтқарушысының ата‑бабаларына берген інжілін біледі, сондықтан олар өздерінің Өтемшісін және оның ілімінің негізгі түйініне жетеді, сонда олар оған қалай келуге және құтқарылуға болатынын білетін болады.

15 Міне содан олар сол күні қуанбай ма және олардың мәңгілік Құдайын, олардың қорғаны мен олардың құтқарушысын мадақтамай ма? Иә, олар сол күні шынайы жүзім бұтасынан құат пен нәр алмайды ма? Иә, олар Құдайдың шынайы отарына кірмейді ме?

16 Міне, мен сендерге айтамын: иә; олар Исраил үйінің арасында қайта еске алынады; олар зәйтүн ағашының табиғи бұтағы болғандықтан, олар нағыз зәйтүн ағашына егіледі.

17 Ал әкеміздің айтқысы келгені осы: міне оның айтуынша, бұларды өзге ұлттар таратып жібермейінше келмейді; міне оның айтуынша, Жаратқан Ие өзінің құдіретін өзге ұлттарға көрсету алу үшін, бұл өзге ұлттар арқылы келеді, өйткені яһудилер немесе Исраил үйі одан бас тартады.

18 Сондықтан, біздің әкеміз тек біздің тұқымымыз туралы ғана емес, сонымен бірге бүкіл Исраил үйі туралы да айтып, соңғы күндері орындалатын келісімге нұсқады; ал сол келісімді Жаратқан Иенің әкеміз Ыбырайыммен жасасқан, былай деп: Сенің тұқымың арқылы жер бетіндегі барлық тайпалар батаға ие болады.

19 Міне дәл солай болды, мен, Нефи, оларға осы жайттар туралы көп айттым; иә, мен оларға соңғы күндерде яһудилердің қайта қалпына келтірілетіні туралы айттым.

20 Міне мен оларға Ишаяның сөздерін қайталап айттым, ол яһудилердің немесе Исраил үйінің қайта қалпына келуі туралы айтқан болатын; және олар қайтып оралған соң олар енді шатаспайтыны және шашырамайтыны туралы айттым. Міне дәл солай болды, мен, бауырларыма талай сөз айттым, осылайша олар тынышталды және Жаратқан Иенің алдында кішіпейілділік танытты.

21 Міне дәл солай болды, олар маған тіл қатып, былай деді: Әкеміз түсінде көрген бұл нәрсе нені білдіреді? Ол көрген ағаш нені білдіреді?

22 Міне мен оларға былай дедім: Ол өмір ағашын білдіреді.

23 Міне олар маған былай деді: Әкеміз көрген ағашқа жетелейтін темір ұстама нені білдіреді?

24 Міне мен оларға бұл Құдайдың сөзі деп айттым; ал кім Құдай сөзіне құлақ түріп әрі оны берік ұстанса, ол ешқашан өлмейді; оларды құрдымға әкету үшін, азғыру да, жаудың отты жебелері де оларға тиіп, соқыр ете алмайды.

25 Сондықтан мен, Нефи, оларды Жаратқан Иенің сөздеріне құлақ асуға шақырдым; иә, мен оларға жан‑тәнімнің бар күшімен және менде бар барлық қабілетпен оларды Құдайдың сөзіне құлақ асуға шақырдым және әрқашан оның өсиеттерін барлық жерде сақтауларын ескерттім.

26 Міне олар маған былай деді: Әкеміз көрген су өзені нені білдіреді?

27 Міне мен оларға әкем көрген судың лас екенін айттым; сондай‑ақ оның санасы басқа нәрселермен айналысқаны сонша, ол судың ластығын көрмеді.

28 Міне мен оларға бұл зұлымдарды өмір ағашынан, сондай‑ақ Құдайдың әулиелерінен ажырататын қорқынышты шығанақ екенін айттым.

29 Міне мен оларға бұл періште айтқандай, зұлымдарға дайындалған қорқынышты тозақты бейнелейді дедім.

30 Міне мен оларға біздің әкеміз Құдайдың әділдігі зұлымдарды да әділдерден ажыратқанын көргенін айттым; ал оның жарықтығы Құдайға мәңгілікке көтерілетін және шегі жоқ бітпейтін жалындаған оттың жарығына ұқсас.

31 Міне олар маған былай деді: Бұл тәннің азаптауы сынақ күндерін білдіреді ме, әлде бұл өлім дене өлгеннен кейінгі жанның соңғы күйін білдіре ме, әлде ол өлімге әкелетін нәрселер туралы айтады ма?

32 Міне дәл солай болды, мен оларға бұл өлімнің және рухани нәрселердің бейнесі екенін айттым; өйткені олар өздерінің істері үшін үкім шығарылатын күн келеді, иә, тіпті сынақ күндерінде өлім дененің жасаған істері үшін де.

33 Сондықтан, егер олар құдайсыздықпен өлсе, олар әділдікке жататын рухани нәрселерге қатысты нәрселерден де айырылуы керек; сондықтан олар Құдайдың алдында тұрып, істеріне қарай үкім шығарылуы керек; ал егер олардың істері арам болып шықса, онда олардың өзі де арам болғаны; ал егер олар арам болса, онда олар Құдай Патшалығында өмір сүре алмайды; егер солай болса, онда Құдай Патшалығының да арам болғаны.

34 Бірақ міне, сендерге айтамын: Құдай Патшалығы лас емес және Құдай Патшалығына ешқандай арам нәрсе кіре алмайды; сондықтан арамға арналған арам орынның дайындалғаны орынды.

35 Міне дайындалған орын бар, иә, мен айтып отырған қорқынышты тозақ та бар, оның дайындаушысы шайтан; сондықтан адам жанының соңғы жағдайы не Құдай патшалығында өмір сүру, не мен айтқан әділеттілік бойынша қуылу.

36 Сондықтан зұлымдар әділдерден бас тартады және сонымен қатар жемісі барлық басқа жемістердің ішіндегі ең қымбаты және ең қажеттісі болып табылатын сол өмір ағашынан; бұл ағаштың жемісі басқа жемістерге қарағанда әлдеқайда құнды және қалаулы; иә, және бұл Құдайдың барлық сыйларының ішіндегі ең үлкені. Міне мен бауырларыммен осылай дедім. Әумин.