Киелі жазбалар
1‑ші Нефи 7


7‑ші тарау

Лехидің ұлдары Иерусалимге қайтып оралады, және Ысмағұл мен оның отбасын өздерімен бірге сапарға шақырады. Ламан және басқалар қарсы шығады. Нефи бауырларын Жаратқан Иеге сенуге шақырады. Олар Нефиді арқанмен байлап тастайды, және оны жоюды көздейді. Ол сенімнің күшімен босатылады. Оның бауырлары кешірім сұрайды. Лехи мен оның қасындағылар құрбандықтар мен өртелетін құрбандық шалады. Шамамен 600–592 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Ал енді мен сенің білгеніңді қалаймын, менің әкем Лехи өзінің ұрпағы туралы пайғамбарлықты аяқтағаннан кейін, міне дәл солай болды Жаратқан Ие оған тағы да тіл қатып, егер ол Лехи, тек өз отбасын шөл далаға алып жүрсе оған жараспайтынын, бірақ оның ұлдары уәде етілген жерде Жаратқан Иеге ұрпақ әкелу үшін қыздарын әйелдікке алуы керектігін айтты.

2 Міне дәл солай болды, Жаратқан Ие оған, мен, Нефи мен бауырларым қайтадан Иерусалимге түсіп, Ысмағұл мен оның отбасын шөл далаға алып келуді бұйырды.

3 Міне дәл солай болды, мен, Нефи, бауырларыммен бірге Иерусалимге бару үшін тағы да шөл далаға көтерілдік.

4 Міне дәл солай болды, біз Ысмағұлдың үйіне көтерілдік және Ысмағұлдың көз алдында рақымға бөлендік, сондықтан оған Жаратқан Иенің сөздерін айттық.

5 Міне дәл солай болды, Жаратқан Ие Ысмағұлдың және оның үйіндегілердің жүрегін жұмсартты, сондықтан олар бізбен бірге шөл далаға, әкеміздің шатырына түсті.

6 Міне дәл солай болды, біз шөл далада саяхаттап жүргенімізде, міне, Ламан мен Лемуел және Ысмағұлдың екі қызы және Ысмағұлдың екі ұлы мен олардың әулеттері бізге қарсы шықты; иә, маған Нефиге және Сам мен олардың әкесі Ысмағұлға, және оның әйелі мен тағы үш қызына қарсы.

7 Міне дәл солай болды, сол бүлікте олар Иерусалим жеріне қайтып оралғысы келді.

8 Ал енді мен, Нефи, жүректерінің қаталдығына қайғырдым, сондықтан мен оларға былай дедім, иә, тіпті Ламан мен Лемуилге де: «Міне, сендер менің ағаларымсыңдар және қалайша өз жүректеріңде сондай қаталсыңдар, әрі саналарың соншалықты соқыр, неге сендер менен, сендердің інің, сендермен сөйлесіп, сендерге үлгі көрсетуімді қажет етесіңдер?

9 Жаратқан Иенің сөзіне құлақ аспағандарың қалай?

10 Жаратқан Иенің періштесін көргендеріңді қалай ұмыттыңдар?

11 Иә, және Лабанның қолынан бізді құтқару арқылы Жаратқан Ие біз үшін жасаған ұлы істерін, сондай‑ақ біз жазбаға қол жеткізгенімізді қалай ұмыттыңдар?

12 Иә, міне егер адам оған сенетін болса, Жаратқан Ие өз еркіне сай адам баласына барлық нәрсені жасай алатынын қалай ұмыттыңдар? Сондықтан, оған адал болайық.

13 Ал егер біз оған адал болсақ, онда біз уәде етілген жерге ие боламыз; ал Иерусалимнің жойылуы туралы Жаратқан Иенің сөзі орындалатынын алдағы уақытта білетін боласыңдар; өйткені Иерусалимнің жойылуы туралы Жаратқан Иенің айтқанының бәрі орындалады.

14 Міне енді, көп ұзамай Жаратқан Иенің Рухы оларға әсер етуді тоқтатады, міне енді, олар пайғамбарлардан бас тартты, және Еремияны түрмеге жапты. Ал олар әкемнің өмірін алуға тырысқаны сонша, олар оны сол жерден кетуге мәжбүр етті.

15 Енді міне, мен сендерге мынаны айтамын: егер сендер Иерусалимге оралатын болсаңдар, олармен бірге өлесіңдер. Ал енді, егер сенің таңдағаның осы болса, сол жерге бар және мен сендерге айтқан сөздерімді естеріңе алыңдар, егер барсаңдар, сендер де өлесіңдер; өйткені Жаратқан Иенің Рухы мені осылай сөйлеуге мәжбүр етеді».

16 Міне дәл солай болды, мен, Нефи, бұл сөздерді бауырларыма айтқан кезімде, олар маған ашуланды. Міне дәл солай болды, олар маған қарсы қолдарын көтерді; міне енді, олар қатты ашуланды; және олар мені арқанмен байлап тастады, өйткені олар, мені шөл далада жабайы аңдарға жем ретінде қалдырып, мені өлтіргісі келді.

17 Бірақ дәл солай болды, мен Жаратқан Иеге жалбарындым, айтып: «Уа, Ием, менің сенімім бойынша, саған деген сенімімде, мені бауырларымның қолынан құтқара гөр; иә, тіпті мен байланған бұл байланыстарды үзуге күш бере гөр!»

18 Міне дәл солай болды, мен бұл сөздерді айтқан кезде, міне, байлау қолдарым мен аяғымнан түсіп қалды және мен бауырларымның алдында тұрдым және олармен тағы сөйлестім.

19 Міне дәл солай болды, олар қайтадан ашуланып, маған қарсы қол көтергісі келді; бірақ, міне, Ысмағұлдың бір қызы, иә, тағы оның анасы мен Ысмағұлдың ұлдарының бірі менің бауырларыма жалбарынып, олар жүректерін жұмсартты; және олар мені өлтіруге тырысуды тоқтатты.

20 Міне дәл солай болды, олар өздерінің зұлымдықтары үшін қатты өкінді, сондықтан олар менің алдымда бастарын иіп, маған қарсы жасаған істері үшін оларды кешірім етуімді өтінді.

21 Міне дәл солай болды, мен шын жүректен олардың жасаған барлық істерін кешірдім және оларды Құдай Иелерінен кешірім сұрауға шақырдым. Міне дәл солай болды, олар менің айтқанымды орындады. Ал олар Жаратқан Иеге дұға еткен соң, біз қайтадан әкеміздің шатырына қарай жолымызды жалғастырдық.

22 Міне дәл солай болды, біз әкеміздің шатырына келдік. Ал мен және менің бауырларым мен Ысмағұлдің бүкіл әулеті әкемнің шатырына келген соң, олар өз Құдайлары Жаратқан Иеге ризашылығын білдірді; және олар оған құрбандықтар мен өртелетін құрбандықтар әкелді.