Киелі жазбалар
1‑ші Нефи 9


9‑шы тарау

Нефи жазбалардың екі жинағын жасайды. Олардың әрқайсысы Нефидің парақтары деп аталады. Үлкен парақтар зайырлы тарихты қамтыса, кішілері негізінен қасиетті істерге қатысты. Шамамен 600–592 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Міне осының бәрін әкем Лемуел аңғарындағы шатырда тұрып көрген, естіген және айтқан, сондай‑ақ бұл парақтарға жазуға болмайтын басқа да көптеген нәрселерді де.

2 Ал енді мен бұл парақтар туралы бұрын айтқанымдай, міне олар менің халқымның тарихын толық баяндайтын парақтар емес; өйткені мен өз халқым туралы толық баяндау беретін парақтарға Нефидің атын бердім; сондықтан олар Нефидің парақтары деп те аталады, менің өз атымнан кейін.

3 Соған қарамастан, мен Жаратқан Иеден осы парақтарды жасалуы керек деген өсиет алдым; арнайы халқымның қызметі туралы ойылып жазылған баяндау болмысының мақсатында.

4 Басқа парақтарда патшалардың билігі туралы және менің халқымның соғыстары мен дау‑жанжалдары туралы баяндау ойылып жазылуы керек; сондықтан бұл парақтар негізгі бөлігі қызметке арналған; ал басқа парақтардың негізгі бөлігі патшалардың билігі мен менің халқымның соғыстары мен дау‑жанжалдарын сипаттайды.

5 Сондықтан Жаратқан Ие маған бұл парақтарды өзінің даналық мақсатында жасауды бұйырды, оның мақсатын мен білмеймін.

6 Бірақ Жаратқан Ие барлық нәрсені әуел бастан біледі; сондықтан ол өзінің барлық істерін адам баласының арасында істеуге жол дайындайды; өйткені міне, ол өзінің барлық айтқан сөздерін орындауға барлық құдіретті күшке ие. Міне осылай. Әумин.