Киелі жазбалар
1‑ші Нефи 4


4‑ші тарау

Нефи Лабанды Жаратқан Иенің бұйрығымен өлтіреді, содан кейін айлакерлікпен мыс парақтарын иемденеді. Зорам шөл даладағы Лихидің отбасына қосылуды таңдайды. Шамамен 600–592 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Міне дәл солай болды, мен бауырларыма былай дедім: «Иерусалимге қайта көтерілейік және Иеміздің өсиеттеріне адал болайық, енді міне ол бүкіл жер бетінен де мықты, сонда ол неге Лабан мен оның елуінен, иә, немесе тіпті оның мыңдығынан да мықты емес?

2 Сондықтан барайық; Мұса сияқты күшті болайық; өйткені ол шынымен де Қызыл теңіз суларымен сөйлесті және олар екі жаққа бөлінді, сонда біздің ата‑бабаларымыз құрғақ жерден өтіп, тұтқыннан азат етілді; ал Перғауын әскерлері соңынан еріп және Қызыл теңіз суына батып кетті.

3 Енді міне сендер мұның рас екенін білесіңдер; және періштенің сендерге айтқанын да білесіңдер; сондықтан неліктен сендер күмәнданасыңдар? Жүр көтерілейік; Жаратқан Ие ата‑бабаларымызды құтқарып алғандай, бізді де құтқарады; мысырлықтарды жойғандай, Лабанды да жойып жібереді».

4 Енді мен бұл сөздерді айтқанымда, олар әлі де ашуланып, күңкілдеуді жалғастырды; соған қарамастан, біз Иерусалимнің қабырғаларынан шыққанша олар менің артымнан ерді.

5 Ал бұл түнде болды; және мен оларға қабырғаның артына тыс жасырынуды бұйырдым. Ал олар жасырынғаннан соң мен, Нефи, қалаға үнсіз кіріп, Лабанның үйіне қарай бет алдым.

6 Ал мен не істеу керектігін алдын ала білмей, Рухтың жетегінде жүрдім.

7 Соған қарамастан мен алға бастым және мен Лабанның үйіне жақындағанымда, міне шарапқа мас болған бір адамды көрдім, ол менің алдымда жерге құлады.

8 Ал оған жақын келгенімде оның Лабан екенін білдім.

9 Ал мен оның семсерін байқадым және мен оны оның қынынан суырып алдым; және оның сабы таза алтыннан жасалғанын және оның безендіру жұмысы өте шеберлі және мен оның семсері ең қымбат болаттан жасалғанын көрдім.

10 Міне дәл солай болды, Рух мені Лабанды өлтіруге мәжбүр етті; бірақ мен жүрегімде айттым: «Мен ешқашан адамның қанын төккен емеспін». Ал мен оны өлтіргім келмей кері шегіндім.

11 Ал Рух маған тағы да айтты: «Міне, Жаратқан Ие оны сенің қолыңа тапсырды». Иә, ал ол мені де өлтіргісі келетінін білдім; иә, ал ол Жаратқан Иеміздің өсиеттеріне құлақ аспады; міне ол тағы біздің дүние‑мүлікімізді тартып алды.

12 Міне дәл солай болды, Рух маған тағы да айтты: «Оны өлтір, өйткені Жаратқан Ие оны сенің қолыңа тапсырды.

13 Міне, Жаратқан Ие өзінің әділ ниеттерін жүзеге асыру үшін зұлымдарды өлтіреді. Бір халықтың азайып, имансыз күйде құрып кеткенінен гөрі бір адамның өлгені жақсы».

14 Ал енді, мен, Нефи, бұл сөздерді естігенде, Жаратқан Иенің маған шөл далада айтқан сөздері есіме түсті, айтқаны осы: «Сенің ұрпағың менің өсиеттерімді қаншалықты орындаса, соншалықты олар уәде етілетін жерде өсіп өркендейді».

15 Иә, міне сондай‑ақ егер оларда заң болмаса, олар Мұсаның заңы бойынша Жаратқан Иенің өсиеттерін орындай алмайды деп ойладым.

16 Ал мен тағы сол заң мыс парақтарына ойылып жазылғанын білдім.

17 Ал қайтадан, мен Жаратқан Ие өсиеттері бойынша жазбаларды алуым үшін, ол Лабанды менің қолыма тапсырғанын да білдім.

18 Сондықтан мен Рухтың даусына бағындым да, Лабанды шашынан ұстадым да, оның басын өз семсерімен шауып тастадым.

19 Ал оның семсерімен басын шауып алған соң, мен Лабанның киімдерін алып, өз денеме кидім, иә, тіпті ұсақ‑түйекке дейін; және мен оның сауыт‑сайманын да беліме байладым.

20 Ал мен осыны істеген соң, Лабанның қазынасына кірдім. Ал мен Лабанның қазынасына қарай шыққанымда, міне, қазынаның кілтін ұстаған Лабанның қызметшісін көрдім. Ал мен оған Лабанның дауысымен менімен бірге қазынаға баруын бұйырдым.

21 Ал ол мені өзінің қожайыны Лабан деп ойлады, өйткені ол киім мен сондай‑ақ белімді байлаған семсерді көрді.

22 Ал ол маған яһудилердің ақсақалдары туралы айтты; өйткені ол өзінің қожайыны Лабанның түнде олардың арасында болғанын білді.

23 Ал мен оған Лабан сияқты сөйледім.

24 Ал мен оған мыс парақтарына ойылған жазуларды қабырға сыртында күтіп тұрған үлкен бауырларыма апаруым керектігін де айттым.

25 Ал мен оған менің соңымнан еріп жүр деп те бұйырдым.

26 Ал ол мен шіркеудегі бауырластар туралы айтып отыр деп, және мені шынымен де сол мен өлтірген Лабан деп ойлады, сондықтан ол менің соңымнан ерді.

27 Ал мен қабырғаның сыртында тұрған бауырларыма бара жатқанда, ол маған яһудилердің ақсақалдары туралы бірнеше рет айтты.

28 Міне дәл солай болды, Ламан мені көрген кезде қатты шошып кетті, сондай‑ақ Лемуел мен Сам да. Ал олар менен қашып жөнелді; өйткені олар мені Лабан деп ойлады және ол мені өлтірді және олардың да өмірін алу үшін келді деп ойлады.

29 Міне дәл солай болды, мен олардың артынан шақырдым, және олар мені естіді; сондықтан олар менен қашуды тоқтатты.

30 Міне дәл солай болды, Лабанның қызметшісі менің бауырларымды көргенде, дірілдеп, менен қашуға даяр, сондай‑ақ Иерусалим қаласына қайтпақшы болды.

31 Ал енді мен, Нефи, үлкен бойлы адам болғандықтан, сондай‑ақ Жаратқан Иеден көп күш алған, Лабанның қызметшісін ұстап алдым және ол қашып кетпеу үшін оны ұстап тұрдым.

32 Міне дәл солай болды, мен онымен сөйлестім, егер ол менің сөздерімді тыңдаса, Жаратқан Ие қалай тірі болса, солай мен тірімін, егер ол біздің сөзімізді тыңдаса, біз оның өмірін аямаймыз.

33 Ал мен оған, тіпті ант беріп, қорқудың қажеті жоқ екенін және ол бізбен бірге шөл далаға түссе, біз сияқты еркін адам болатынын айттым.

34 Ал мен оған былай дедім: «Расында, Жаратқан Ие бізге осылай істеуді бұйырды; және біз Жаратқан Иенің өсиеттерін орындауға тырыспаймыз ба? Сондықтан, егер сен шөл далаға әкеме баратын болсаң, біздің ортамызда орын табасың».

35 Міне дәл солай болды, Зорам менің айтқан сөздеріме батылдықпен қарады. Енді бұл қызметшінің аты Зорам болды; және ол шөл далаға біздің әкемізге түсемін деп уәде берді. Иә, ол сондай‑ақ бізге осы уақыттан бастап бізбен бірге боламын деп ант етті.

36 Енді біз оның бізбен бірге болғанын осы себепті қаладық, сонда яһудилер біздің шөл далаға қашқанымызды білмейді, бізді қуып жетпейді және бізді жоймайды.

37 Міне дәл солай болды, Зорам бізге ант бергеннен кейін, оған қатысты қорқынышымыз басылды.

38 Міне дәл солай болды, біз мыс парақтарын және Лабанның қызметшісін алып, шөл далаға кеттік, және әкеміздің шатырына қарай жол тарттық.