Киелі жазбалар
Мосия 17


17‑ші тарау

Алма Абинадидің сөзіне сенеді және жазады. Абинади отта зардап шегіп өледі. Ол өлтірушілеріне ауру мен отпен өлім туралы пайғамбарлық етеді. Шамамен 148 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Міне енді дәл солай болды, Абинади осы сөздерді айтып болған кезде, патша діни қызметкерлерге оны ұстап алып, өлім жазасына кесуді бұйырды.

2 Бірақ олардың арасында Алма есімді біреу бар еді, ол да Нефидің ұрпағы болатын. Міне ол жас жігіт еді және ол Абинадидің айтқан сөздеріне сенді, өйткені ол Абинадидың оларға қарсы куәлік еткен заңсыздықты білді; сондықтан ол патшадан Абинадиге ашуланбауын, бірақ оның тыныштықпен кетуіне рұқсат беруін өтінді.

3 Бірақ патша одан да қатты ашуланды және Алманы олардың арасынан қуып шығуды бұйырды да, оны өлтіру үшін оның соңынан қызметшілерін жіберді.

4 Бірақ ол олардан қашып, жасырынып қалды, сондықтан олар оны таппады. Міне ол көп күн бойы жасырынып жүріп, Абинадидің айтқан сөздерін түгел жазды.

5 Міне дәл солай болды, патша өз сақшыларына Абинадиді қоршап алып, оны ұстап алуды бұйырды; міне олар оны байлады да түрмеге жапты.

6 Міне үш күн өтіп, ол өзінің діни қызметкерлерімен кеңесіп, ол оны қайтадан оның алдына алып келуді бұйырды.

7 Міне ол оған былай деді: Абинади, біз саған қарсы айып таптық, ал сен өлімге лайықсың.

8 Өйткені сен Құдайдың өзі адам баласының арасына түседі деп айттың; ал енді маған және менің халқыма қатысты жаман сөздердің бәрінен бас тартпасаң, сол үшін өлім жазасына кесілесің.

9 Енді Абинади оған былай деді: Мен сендерге айтамын, бұл халыққа қатысты айтқан сөздерімнен бас тартпаймын, өйткені олар шындық; міне олардың шындығын білулерің үшін мен сендердің қолдарыңа түсіп қалуыма жол бердім.

10 Иә, мен тіпті өлгенімше азап шегемін, ал мен өз сөздерімнен бас тартпаймын, олар сендерге қарсы күә болады. Ал егер сендер мені өлтірсеңдер, сендер жазықсыз қан төгесіңдер, міне бұл да соңғы күні сендерге қарсы куә болады.

11 Міне енді Нұх патша оны босатып жібермекші болды, өйткені ол оның сөзінен қорықты; өйткені ол Құдайдың үкімі өзіне тиіп кете ме деп қорықты.

12 Бірақ діни қызметкерлер оған қарсы дауыс көтеріп: «Ол патшаға тіл тигізді», – деп айыптауға кірісті. Сондықтан бұл оған қарсы патшаның ашуын оятты, міне ол оны өлімге тапсырды.

13 Міне дәл солай болды, олар оны ұстап алды да байлап тастады, және оның терісін шыбықтармен қамшылады, иә, тіпті өлгенінше ұрғылады.

14 Ал енді жалын оны күйдіре бастағанда, ол оларға айқайлап, былай деді:

15 Міне, сендер маған істегендеріңдей, сендердің ұрпағың да осы мен тартқан азапты көпке тарататын болады, иә, бұл от өлімінің азабы; және солай болады, өйткені олар өздерінің Құдайлары Жаратқан Ие арқылы құтқарылатынына сенгендіктен.

16 Міне сонда бұл орындалады, сендер өз күнәларыңның кесірінен неше түрлі дертке шалдығасыңдар.

17 Иә, міне барлық жағынан соққыға жығыласыңдар, әрі айдалып және жан‑жаққа бытырап кетесіңдер, яғни жабайы және қаһарлы аңдар айдаған жабайы табын сияқты.

18 Міне сол күні сендер қуғын‑сүргінге ұшырайсыңдар және жауларыңның қолына түсесіңдер, ал сонда мен сияқты, сендер де от өлімінің азабын тартасыңдар.

19 Осылайша Құдай өз халқын жойғандардан кек алады. Уа, Құдайым, жанымды қабыл ал!

20 Енді Абинади осы сөздерді айтқан соң, отқа оранып өліп, құлап қалды; иә, өйткені ол Құдайдың өсиеттерінен бас тартқысы келмеді, өз сөздерінің шындығын өлімімен бекітті.